Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика жүйесіндегі химия-фармацевтика өнеркәсібінің қазіргі жағдайы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-258-264

Толық мәтін:

Аңдатпа

Фармацевтикалық нарықтың қарқынды дамуы оның өмірлік басымдылығымен анықталады, себебі адамзат өмірінің басынан бастап толыққанды өмірге қажетті денсаулық деңгейін сақтау үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үнемі тұтынуды талап етеді. Фармацевтикалық нарық экономикалық және әлеуметтік дамудың, халықтың әл-ауқатының критерийі ретінде кез келген елдің экономикасының маңызды саласы болып табылады. Елдің дамыған фармацевтика саласы оның экономикасының жоғары инновациялық көрсеткіші болып табылады. Фармацевтика бүгінгі күні инвесторлар үшін ең тиімді салаға айналды. Қазақстандағы фармацевтикалық нарық – Орталық Азиядағы ең ірі және құрылымды нарық. Алайда, бұл ОШЕ (Орталық және Шығыс Еуропа) нарығымен салыстырғанда іскерлік орта және оның мөлшері жағынан әлсіз. Бұл мақалада қазіргі кейбір фармацевтикалық компаниялардың қалай құрылғаны және олардың қалай жетілуіне қысқаша сипаттама берілген. Дәрі-дәрмектерді табу саласында тұтастай алғанда бірқатар қиындықтар туындайды, бұл компания ірі фармацевтикалық компания немесе жаңадан бастаған биотехникалық компания болсын тәуелсіз. Бұл зерттеудің мақсаты келесі халықаралық және отандық ұйымдардың деректері негізінде Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың қазіргі жағдайын, оның даму тарихы мен жақын болашағына қысқаша экскурсиялық талдау болып табылады. Мақалада Қазақстанның фармацевтикалық нарығы, оның ішінде негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі қарастырылады, сонымен қатар Қазақстандағы фармацевтика саласына SWOT талдау жасалады, дәрі-дәрмек нарығының тұжырымдамасы сипатталады, нарықта қолданылатын экономикалық заңдар мен оның ерекшеліктері талданады.

Автор туралы

П. Ж. Oрынбет
Халықаралық бизнес университеті
Қазақстан
докторант



Әдебиет тізімі

1. Фармацевтический рынок Казахстана: история, основные направления развития и текущее состояние. [Электронный ресурс]. – URL: http://aequitas.kz/upload/files/brochures/Обзор%20фармацевтического%20рынка%20Казахстана.pdf (дата обращения: 10.05.2020).

2. В Казахстане рост объемов производства фармпродукции составил 24,2%. [Электронный ресурс]. – URL: https://gmpnews.ru/2020/06/v-kazaxstane-rost-obemov-proizvodstva-farmprodukciisostavil-242/ (дата обращения: 15.06.2020).

3. Министерство национальной экономики РК. Комитет по статистике. Официальная статистическая информация (услуги). [Ресми сайт]. URL: http://www.stat.gov.kz (дата обращения: 23.08.2020)

4. Комплексный план развития фармацевтической и медицинской промышленности разработан в Казахстане. [Электронный ресурс]. – URL: https://www.inform.kz/ru/kompleksnyy-plan-razvitiyafarmacevticheskoy-i-medicinskoy-promyshlennosti-razrabotan-v-kazahstane_a3702767 (дата обращения: 06.10.2020).

5. В Казахстане на 34,1% вырос объем производства в фармацевтической промышленности. [Электронный ресурс]. – URL: https://finance.kz/news/v_kazahstane_na_34_1_vyros_ob_em_proizvodstva_v_farmatsevticheskoy_promyshlennosti-3944 (дата обращения: 16.09.2020).

6. Фармацевтическая отрасль РК. Куда двигаться дальше? [Электронный ресурс]. – URL: https:// kapital.kz/business/83568/farmatsevticheskaya-otrasl-rk-kuda-dvigat-sya-dal-she.html (дата обращения: 02.09.2020).

7. Зенков Д. Что ждет фармацевтическую отрасль в 2019 году? [Электронный ресурс]. – URL: https://www.if24.ru/farmatsevtika-v-2019-godu/ (дата обращения: 18.03.2020).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Oрынбет П.Ж. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика жүйесіндегі химия-фармацевтика өнеркәсібінің қазіргі жағдайы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):258-264. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-258-264

For citation:


Orynbet P.Zh. Current state of the chemical-pharmaceutical industry in the national economic system of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):258-264. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-258-264

Қараулар: 1269


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)