Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Маркетингтік стратегияларды қолданудың әлемдік тәжірибесі

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-64-72

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – маркетингтік стратегияны қалыптастыру және оны дамытудың әлемдік тәжірибесін талқылау. Стратегия компанияның ішкі ресурстарын да, сыртқы маркетингтік орта мүмкіндіктерін де барынша толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, кез-келген табысты стратегия өзгермелі жағдайларға жедел жауап беру үшін нарықты үнемі бақылауға негізделген. Осылайша, компанияның нарықтағы үлесін сақтау және арттыру үшін сауатты маркетингтік стратегияға ие болу ғана емес, сонымен қатар оны экономикалық жағдайлар өзгерген кезде дереу әртараптандыру маңызды. Кәсіпорын үшін стратегияларды таңдаудың негізгі критерийі – пайда болатын сыртқы жағдайларға байланысты ішкі мүмкіндіктерді пайдалану. Ұйымның стратегиялық міндеттерін шешуде маңызды рөлді стратегиялық жоспарлау алады, ол өзгеріп отыратын нарықтық жағдайда ұйымның мақсаттары мен мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық тепе-теңдікті әзірлеу және қолдау процесіне жатады. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты – ең төменгі шығындармен ең көп кірісті қамтамасыз ететін ұйым қызметінің перспективалы бағыттарын анықтау. «Стратегиялық жоспарлау – бұл «стратегиялық менеджмент» кеңірек тұжырымдамасының ажырамас бөлігі. Менеджмент жүйесінде оның төрт жалпы бірдей функциясы әдетте бөлінеді – жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеме және бақылау».

Авторлар туралы

М. Ж. Қоңырбеков
Тұран университеті
Қазақстан

PhD, доцент.

Алматы қ.



И. Кетебаев
Халықаралық бизнес және экономика университеті
Қытай

экономика ғылымдарының магистрі.

Пекин қ.



А. Б. Имашев
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қытай

PhD.

Нұр-Сұлтан қ.



Г. И. Абаева
Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті
Ресей

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Қостанай қ.



Әдебиет тізімі

1. Райс Эл, Траут Джек. Маркетинговые войны. – СПб: ЗАО Издательство «Питер», 2000. – 256 с.

2. Провоторова Е. Приказ на снижение // Маркетинг в России и за рубежом. – 2004. – № 3.

3. Бойетт Дж., Бойетт Д. Путеводитель по царству мудрости: лучшие идеи мастеров управления / пер. с англ. – М.: ЗАО «Олимп-бизнес», 2001. – 416 с.

4. Капустина Н.Е. Теория и практика маркетинга в США. – М.: Экономика, 1991.

5. Провоторова Е. Приказ на снижение // Маркетинг в России и за рубежом. – 2004. – № 3.

6. Томпсон-мл. А., Стрикленд А. Стратегический менеджмент: концепции и ситуации для анализа / пер. с анг. – М.: Вильямс, 2002. – 928 с.

7. Воронов А. Конкуренция в ХХI веке // Маркетинг. – 2001. – № 5. – С. 16–24.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қоңырбеков М.Ж., Кетебаев И., Имашев А.Б., Абаева Г.И. Маркетингтік стратегияларды қолданудың әлемдік тәжірибесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(2):64-72. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-64-72

For citation:


Konyrbekov M.Zh., Ketebayev I., Imashev A.B., Abayeva G.I. Global experience of applying marketing strategies. Bulletin of "Turan" University. 2021;(2):64-72. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-64-72

Қараулар: 737


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)