Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-65-71
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан–2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне көп көңіл бөледі. Қазақстанда қалыптасқан қазіргі экономикалық жағдайда аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теңсіздігі макроэкономикалық мәселелерді шешуді қиындатады. Өңірлердің тұрақты дамуы мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі болғандықтан, бұл мақаланың мақсаты – Қазақстан өңірлерінің, оның ішінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдау болып табылады. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тиімді реформалау мемлекеттің де, оның жекелеген аймақтарының да әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Сондықтан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына әсер ететін бірнеше мәселелердің ішіндегі негізгілері нарықты экономикада аймақтарды сапалы, бәсекелі басқару және реттеу, өндірістің барлық саласын жаңа талаптармен дамыту, әлеуметтік саланы басқару және қаржыландыру, т.б. Қазір біздің республикамызда нарықтық экономика қаланып қана қоймай, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін үлкен ішкі ресурстарға ие әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасуда. Біздің еліміздің аймақтарының ішінде Алматы облысы ірі өнеркәсіптік орталық, сонымен қатар көпсалалы аграрлық өндіріс құрылымы болып табылады. Осыған байланысты мақалада Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуді қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар қаралды.
Авторлар туралы
А. Н. ЖанбырбаеваҚазақстан
PhD
Алматы қ.
Л. М. Муталиева
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Нұр-Сұлтан қ.
А. И. Омарова
Қазақстан
э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Актау қ.
С. Ж. Усубалиева
Қазақстан
г.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Президент Қ. Тоқаевтың 01.09.2020 ж. Қазақстан еліне жолданған Жолдауы // www.akorda.kz/
2. Бримбетова Н.Ж. Модернизация территориального развития Казахстана: методология и приоритеты – Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2011. – С. 11–12.
3. Аймурзина Б.Т., Оразгалинова И.Т. Основные проблемы развития бюджетной системы Республики Казахстан // Вестник Академии педагогических наук Казахстана. – 2010. – № 3. – С. 87–92.
4. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики: учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті. – 2004. – С. 65–68.
5. Исаева М.Г., Нурланова Н.К. Методы и практика оценки уровня устойчивости развития регионов Казахстана. – Алматы: Институт экономики МОН РК, 2006. – С. 26.
6. Сейдахметов А.С. Кластердің экономикасы және ұйымдастыру негіздері: оқу құралы. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы: Экономика, 2011. – 372 б.
7. «Алматы облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы» талдамалы – ақпараттық журналы // http://www.almatyobl.stat.kz/
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жанбырбаева А.Н., Муталиева Л.М., Омарова А.И., Усубалиева С.Ж. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(3):65-71. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-65-71
For citation:
Zhandyrbayeva A.N., Mutaliyeva L.M., Omarova A.I., Ussubaliyeva S.D. Regulation of socio-economic development of Almaty region. Bulletin of "Turan" University. 2021;(3):65-71. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-65-71