Қазақстандағы инфляциялық үдерістің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық салдары
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-96-100
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – экономиканың құлдырауы жағдайында Қазақстандағы инфляциялық үдерістің ерекшеліктерін анықтау, ел аумағындағы инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарын негіздеу. Қазіргі жағдайда ғылым мен тәжірибе үшін «инфляция» ұғымының мазмұнын жаңаша анықтау, оның пайда болу себептерін қосымша айқындау маңызды. Экономикалық және әлеуметтік дамудағы сәйкессіздіктер инфляцияның негізгі себебі болып табылады. Өйткені олар бағаның өсуіне және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне ықпал етеді. Осыған байланысты инфляциялық өсудің нақты себептері айқындалды: мемлекеттік кірістер мен шығыстардың теңгерімсіздігі; қорғаныс қабілетін нығайтуға байланысты шығыстардың өсуі; нарық құрылымының өзгеруі; экономиканың ашықтығының өсуі. Экономика мен әлеуметтік саладағы сәйкессіздіктер өңірлер арасындағы теңсіздікті тереңдетеді. Осы жағдай соңғы 27 жылда Қазақстандағы инфляция деңгейіне теріс әсерін тигізді. Инфляциялық процестердің әлеуметтік- экономикалық салдары өте күрделі. Олар мемлекеттің ақшалай қаражатына; экономикадағы басқару мен шешімдер қабылдауға; еңбек өнімділігін арттыруға, технологиялық модернизацияға; әлсіз өңірлердің пайда болуына; сыртқы экономикалық байланыстардың тұрақсыздануына себеп болды. Инфляцияға байланысты мәселелерді дұрыс шешу үшін осы мәселені зерттеу алгоритмі ұсынылды. Ұсыныстарда экономиканың құлдырауы жағдайында ақша-несие саясаты мәселесін зерттеу қажеттігі баса айтылады. Пандемия салдарын ескере отырып, инфляцияға қарсы саясатты дұрыс құруға ерекше назар аударылады.
Автор туралы
Н. Ж. БірімбетоваҚазақстан
э.ғ.к., доцент
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Перевышина Е.А., Егоров Д.А. Причины инфляции в России // Российское предпринимательство. – 2015. – № 23. – С. 61–70.
2. Косьмин А.Д. Инфляция – от назначения к определению // Российское предпринимательство. – 2019. – № 2. – С. 471–492.
3. Мирзоев С.С. Особенности современных макроэкономических условий инфляции в Республике Таджикистан // Экономика Центральной Азии. – 2017. – №1. – С. 39–44.
4. Котова А.В., Агафонова М.С. Инфляция и ее социально-экономические последствия // Международный студенческий научный вестник. – 2014. – № 1
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бірімбетова Н.Ж. Қазақстандағы инфляциялық үдерістің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық салдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(3):96-100. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-96-100
For citation:
Brimbetova N.Zh. Features and social-economic consequences of the inflation process in Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(3):96-100. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-96-100