Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АӨК орнықты даму мақсаттарын және бәсекеге қабілетті саланы қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-143-150

Толық мәтін:

Аңдатпа

 Мақаланың мақсаты – аграрлық саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, БҰҰ-ның тұрақты даму Мақсаттарының талаптарына сәйкес болу қажеттілігі жағдайында оның экспортқа  бағдарлануы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін қарастыру. Демек, агроөнеркәсіп кешені елдің ма ңызды  компоненттерінің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен,  ауыл шаруашылығы – ел экономикасының ажырамас, маңызды саласы және мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі ұзақ мерзімді  басымдығы болып табылады. Еліміздің азық-түлікке деген қажеттіліктерін  қанағаттандыру, сондайақ азық-түлік өндірісін  ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың  маңызды міндеттері болып табылады. Елдің ішкі нарығын қамтамасыз етуден басқа, аграрлық сала өзінің бәсекеге қабілеттілігін және өз өнімін экспорттау мақсатында әлемдік нарықтарға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс. Мемлекеттік басқарудың маңызды функцияларының бірі – бұл мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің барлық түрлеріне мемлекеттің бақылау және қадағалау функциясын жүзеге асыру. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің азық-түлік және  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елдің ұлттық тәуелсіздігін  сақтауға және күшейтуге қабілетті Қазақстан Республикасының аграрлық нарығын орнықты дамытудың оңтайлы жолын іздестіру ерекше маңызға ие болуда. Алайда, бұл үшін тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық нарықтың дамуына баға беріп, оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалар мен факторларды анықтау қажет. Осыған байланысты, елдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамудың жаңа инновациялық деңгейіне өтуін қамтамасыз ету үшін саланы мемлекеттік  реттеудің жаңа тетіктері қажет.

Авторлар туралы

К. Юксел
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан

 докторант

 Түркістан қ. 



С. С. Ыдырыс
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан

 э.ғ.д., профессор 

 Түркістан қ. 



М. Нурсой
Мугла Сытки Косман Университеті
Түркия

 профессор 

 Мугла 



Б. А. Сандыбаева
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан

 Экономика ғылымының магистрі, аға оқытушы 

 Нұр-Сұлтан қ. 



Әдебиет тізімі

1. UN in Kazakhstan–URL: http://kz.one.un.org/content/unct/kazakhstan/ru/home/mdgs-sdgs/sustainabledevelopment-goals.html

2. Monitoring of SDG indicators in the CIS region 2017-2019 // Statistical abstract MOSCOW 2019 MONITORING OF SDG INDICATORS IN THE CIS REGION 2017-2019.

3. Bureau of National Statistics Agency for Strategic Planning and Reformshttp: //stat.gov.kz/

4. Republic of Kazakhstan Macroeconomic research. – URL: http://be5.biz/makroekonomika/agriculture/ca.html

5. UNECE. – URL: https://w3.unece.org/PXWe


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Юксел К., Ыдырыс С.С., Нурсой М., Сандыбаева Б.А. АӨК орнықты даму мақсаттарын және бәсекеге қабілетті саланы қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(3):143-150. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-143-150

For citation:


Yuksel K., Ydyrys S.S., Nursoy M., Sandybayeva B.A. AIC in the framework of implementing the goals of sustainable development and state policy for formation and development of a competitive industry. Bulletin of "Turan" University. 2021;(3):143-150. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-143-150

Қараулар: 543


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)