Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан республикасының туризм индустриясына инвестициялардың экономикалық тиімділігі

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-187-193

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының туризм индустриясына инвестициялардың экономикалық тиімділігін зерттеу. Мақалада Қазақстан Республикасында туризм индустриясын тиімді дамыту үшін инвестициялар тарту тетіктері және индустрияға салымдарды шоғырландыру мәселелері зерттеліп, қалыптасқан жағдайды талдау арқылы даму перспективалары айқындалды. ҚР туризм индустриясындағы инвестициялық процестің тиімділік көрсеткіштері зерттелді, COVID–19 пандемиясының салдары қаралды. Экономика мен қоғамдағы соңғы тенденцияларды ескере отырып, саланы қалпына келтіру үшін қажетті жағдайлар бағаланды. Коронавирус пандемиясы 2020 ж. басында әлемдік экономиканың барлық салаларының, соның ішінде туризм индустриясының жағдайы мен одан әрі дамуына үлкен әсер етті. Туризм индустриясындағы мұндай ауыр дағдарыс Екінші дүниежүзілік соғыстан бері байқалмаған. Дегенмен, кезкелген дағдарыс тек теріс салдарға ғана әкеле бермейді. Жүргізілген талдау туристік инфрақұрылымның дамымағандығын, туристік бизнестің оны дамытуға қаражат салуға дайын еместігін көрсетті, ал бұл жаһандық инвестицияларды қажет етеді. Мақалада туристік қызметтерді цифрландыру процестерін жеделдету, заманауи технологияларды белсенді енгізу, сондай-ақ туризмнің экологиялық аспектісін өзектендіру, бүкіл ел бойынша туристік бағыттардың географиясын кеңейту және т.б. сияқты бүкіл туристік индустрия үшін маңызды осы сынақтың қазіргі заманғы шындықтары мен инновациялық сын-қатерлері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылып, туризмдегі инвестициялық процестерді зерделеу кезінде оқу-әдістемелік материалдар ретінде қолданыла алады.

Автор туралы

Л. М. Шаяхметова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

 докторант 

Нұр-сұлтан қ. 



Әдебиет тізімі

1. Абенова Е.А. Инфраструктура туризма: учебное пособие. – Алматы, 2013. – 180 с.

2. Мырзагулова Г.Р., Тұмажанова М.О. Туризм тарихы және оның әдіснамасы. – Алматы, 2019.

3. Зорин И.В., Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма. – М.: Финансы и статистика, 2003.

4. Морозов М.А., Морозова Н.С., Карпова Г.А., Хорева Л.В. Экономика туризма. – Москва: Федеральное агентство по туризму, 2014. – 320 с.

5. ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. URL: https://primeminister.kz/ru/gosprogrammy/gosudarstvennaya-programma-razvitiya-turistskoy-otraslirespubliki-kazahstan-na-2019-2025-gody (өтініш берген күні: 19.11.2020)

6. Shayakhmetova L., Maidyrova A., Moldazhanov M. State Regulation of the Tourism Industry for Attracting International Investment. Journal of Environmental Management and Tourism, [S. l.], v. 11, n. 6, sep. 2020. – Р. 1489–1495.

7. Ішкітуризмдідамыту,онлайн-платформалардыкеңейтужәнеҚазақстандадемалатынорындардың топ-10 – Kazakh Tourism. URL: https://primeminister.kz/kz/news/interviews/razvitie-vnutrennego-turizmarasshirenie-online-platform-i-top-10-mest-dlya-otdiha-v-kazahstane-kazakh-tourism-18570


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шаяхметова Л.М. Қазақстан республикасының туризм индустриясына инвестициялардың экономикалық тиімділігі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(3):187-193. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-187-193

For citation:


Shayakhmetova L.M. Economic efficiency of investments in the tourism industry of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(3):187-193. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-187-193

Қараулар: 1180


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)