Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстандағы урбандалудың аумақтық және экономикалық аспектілері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-134-139

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы урбандалу процестерінің реттелетін белсендіру шеңберінде аумақтық-экономикалық даму мәселелерін зерттеу. Оған қол жеткізу үшін халық тығыздығы, әкімшілік-аумақтық бөліну сияқты көрсеткіштер бойынша статистикалық деректерге талдау жүргізілді, олар бойынша республикада аумақтық-экономикалық даму мен қоныстанудың, Қазақстан өңірлерінің дамуындағы елеулі сәйкессіздіктер анықталды. Авторлар өңірлік саясаттың негізгі ережелерін зерделеді, өңірлік экономикалық жүйелерді оңтайландыруда миллион халқы бар қалалардың шешуші рөлімен урбандалу орталықтарын қалыптастыруда мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттарын қарастырды. Осы тақырып бойынша зерттеулер авторларға Қазақстандағы урбандалу процесі серпінді сипатқа ие және өзінің әлеуеті әлі таусылған жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді, бұл жаңа урбандалу орталықтары мен агломерацияларды қалыптастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға негіз бола алады. Мақалада қазіргі кезеңдегі урбандалу үдерісінің негізгі тенденциялары қарастырылған, атап айтқанда урбандалу айтарлықтай жоғары деңгейге жеткен экономикалық дамыған елдерде: қала халқының үлесі баяу қарқынмен өсуде, ал дамушы елдерде урбандалу үдерісі кеңейе түсуде және стихиялық, бақыланбайтын сипатқа ие. Бұл ретте қалалардағы халық санының өсуі, әдетте, экономикалық дамудан әлдеқайда алда. Қазақстанда урбандалудың аумақтық-экономикалық ерекшеліктерін зерделеу кезінде мынадай зерттеу әдістерінің кешені қолданылды: монографиялық, бағдарламалық-мақсатты, статистикалық талдау. Жұмыста сонымен қатар салыстыру және жалпылау, ғылыми абстракция және синтез сияқты теориялық зерттеу әдістері қолданылды.

Авторлар туралы

Л. М. Бекенова
Алматы экономика және статистика академиясы
Қазақстан

э.ғ.к.., профессор

Алматы қ.



Г. Ж. Сейтхамзина
Алматы экономика және статистика академиясы
Қазақстан

э.ғ.к., профессор

Алматы қ.



Э. Х. Ахатова
Алматы экономика және статистика академиясы
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. On approval of the main provisions of the General Scheme of territory arrangement in the Republic of Kazakhstan. The Decree of the Kazakhstan Republic government dated December 30, 2013, no. 1434.

2. Preliminary data for 2020 (Statistical year-book) Almaty: Agency on Statistics of the Republic of Kazakhstan, 2020. 276 p. URL: http://stat.gov.kz

3. A list of countries by GDP per capita. A list by IMF: April, 2021.

4. Rating of the world countries by urbanization level. 2021.

5. Begimova D.K. Urbanization in Uzbekistan: problems and priorities // Bulletin of science, 2019, no. 6(15). V.3. pp. 190–192.

6. Demographic yearbook of Kazakhstan (Statistical yearbook). Almaty: Agency on Statistics of the Republic of Kazakhstan. 2020. 264 p. URL: http://stat.gov.kz

7. Koshanov A. Urbanization and social problems of territorial development // Society and economics, 2019, no. 2, pp. 64–82.

8. Bragina Ye.A. Urbanization in the developing countries: contemporary stage // Institute of RAS. 2019. pp. 202–219.

9. Kuznetsov V.V. Urbanization in Russia in XXI century: tendencies of development and topical contemporary problems // Scientific notes, 2019, no. 1(29), рр. 28–32.

10. Agashirinova V.Yu. Urbanization as a complicated complex phenomena // Innovative economics, 2019, no. 8 (42), рр.178–191.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бекенова Л.М., Сейтхамзина Г.Ж., Ахатова Э.Х. Қазақстандағы урбандалудың аумақтық және экономикалық аспектілері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):134-139. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-134-139

For citation:


Bekenova L.M., Seitkhamzina G.Zh., Akhatova E.Kh. Territorial and economic aspects of urbanization in Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):134-139. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-134-139

Қараулар: 762


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)