Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Кәсіпорында персоналдың қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-155-165

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы компания үшін тапсырмаларды орындай алатын жоғары уәжді жұмыс күшін құруға арналған. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюына әкеледі, яғни кәсіпорында еңбек ресурстарының құны артады. Нарық жағдайында персоналдың еңбек өнімділігі, уәждемесі және шығармашылық әлеуеті компанияның құндылығын арттыруға бағытталған табысты стратегияны айқындайтын бәсекелестік артықшылықтар екені белгілі. Персонал тиімділігінің жүйесі адами капиталды инвестициялау үшін басымдықтардың бірегей жиынтығын білдіреді. Зерттеудің мақсаты – компаниядағы қызметкерлердің тиімділігін арттырудың ғылыми негізделген тәсілдерін ұсыну. Авторлар сенімді, нақты статистикалық деректерді өңдеп, оларды кестелік-көрнекі материалдар мен диаграммалар түрінде ұсынды. Компанияда қызметкерлерді тиімді пайдалану көрсеткіштері, атап айтқанда еңбек өнімділігі жылдар өткен сайын төмендеп келеді. Еңбек өнімділігінің бұлай төмендеуіне қызметкерлердің еңбекақыға қанағаттанбауы, сондай-ақ олардың біліктілігінің төмендігіне байланысты кадрлардың тұрақсыздығы, сондай-ақ кәсіпорында әлеуметтік жағдай жасау сияқты әлеуметтік пакеттердің жоқтығы себеп болып отыр. Компанияда персоналды дамытудың тиімді жүйесін құру үшін персоналды басқару бөлімін құру, қызметкерлерді бағалау, оқыту қажеттіліктерін анықтау, ынталандырудың сапалы жүйесін құру және экономикалық және әлеуметтікпсихологиялық әдістердің тиімді үйлесімін пайдалану қажет. Зерттеудің мәні келесілермен сипатталады: компания қызметкерлерінің әлеуетін ұтымды пайдалану негізінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған кадр қызметін дамыту стратегиясының ұйымдық-экономикалық моделі әзірленді; нарық жағдайында компания қызметкерлерінің тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.

Авторлар туралы

А. К. Блялова
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

экономика ғылымдарының магистрі

Тараз қ.



Л. К. Ноғайбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

экономика ғылымдарының магистрі

Тараз қ.



И. Ш. Шоханова
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

экономика ғылымдарының магистрі

Тараз қ.



Г. Е. Жунисбекова
Нархоз университеті
Қазақстан

э.ғ.к.

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Экономика предприятия. – Под ред. С.Г. Фалько – М.: Кнорус, 2011. Перераб. и доп. – М.: Курс: Инфра-М., 2017. – 448 с.

2. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс. Уч. пос. – Алматы: «Дәуір», 2015. – 384 с.

3. Зимин А. Экономика предприятия. Уч. пос. – 2-е изд. – М.: Инфра-М, 2016.

4. Шеремет А.Д. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: уч. изд. – М.: Инфра-М, 2017. – 374 с.

5. Асалиев А.М. Экономика труда. Учебник. – М.: Инфра-М., 2020. – 336 с.

6. Economic efficiency of investmenrs into personnel development of Enterprises // O. Rakhovska, T. Lositska. Baltic Journal of Economic Studies. Vol. 4. No. 3. 2018.

7. Финансово-экономические отчеты ТОО «Сауле», 2019–2020 гг.

8. Seitkazieva A.M., Zhunisbekova G.E., Tazabekova A. Intellectual potential as a key factor of the region’s competitiveness // 18th IFAC Conference on Technology, Culture and International Stability TECIS 2018: Baku, Azerbaijan, IFAC PapersOnLine. Volume 51. Issue 30. 2018. P. 177–180. URL: https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S2405896318329550

9. Hilorme T., Chorna M. and others. Innovative model of Enterprises Personnel incentives evaluation. Academy of Strategic Management Journal. Volume 147. Issue 3. 2018.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Блялова А.К., Ноғайбаева Л.К., Шоханова И.Ш., Жунисбекова Г.Е. Кәсіпорында персоналдың қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(1):155-165. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-155-165

For citation:


Blyalova А.K., Nogaibayeva L.K., Shokhanova I.Sh., Zhunisbekova G.E. Ways to improve the efficiency of personnel at the enterprise. Bulletin of "Turan" University. 2022;(1):155-165. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-155-165

Қараулар: 947


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)