Интеграцияланған есептілікте ESG көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелердің өзара байланысы: ERG компаниясы (2013–2024 жж.)
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-128-140
Аңдатпа
Бұл зерттеу интеграцияланған есептілік шеңберінде ESG көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелер арасындағы өзара байланысты эмпирикалық тұрғыда бағалауға бағытталған. Зерттеу Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ESG факторларының стратегиялық рөлі мен олардың қаржылық тиімділікке ықпалын анықтаудың практикалық қажеттілігіне негізделген. Зертеуде эмпирикалық база ретінде Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 2013–2024 жж. аралығындағы тұрақты даму туралы есептері мен қаржылық есептіліктерінің мәліметтері алынды. Зертттеудегі әдістеме сипаттамалық статистика, Пирсон корреляция коэффициенттері, көптік сызықтық регрессия және динамикалық графикалық талдауды қамтиды. ESG айнымалылары ретінде CO2 шығарындылары, әлеуметтік инвестициялар және тәуелсіз директорлар үлесі алынды, ал қаржылық нәтиже ретінде таза пайда көрсеткіші пайдаланылды. Алынған нәтижелер CO2 шығарындылары мен таза пайда арасында күшті теріс байланыс бар екенін, ал әлеуметтік инвестициялар мен тәуелсіз директорлар үлесінің қаржылық нәтижеге оң әсер ететінін көрсетті. Ал көптік регрессиялық модель ESG факторларының әсер ету дәрежесін сандық түрде бағалап, корпоративтік басқару көрсеткішінің ең ықпалды екенін дәлелдеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы болып интеграцияланған есептілік қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстан жағдайында фирма деңгейінде ESG көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелер арасындағы өзара байланыстарды алғаш рет кешенді және эмпирикалық тұрғыда бағалау табылады. Біздің пікірімізше, бұл тәсіл ұлттық контексте ESG-қаржылық тәуелділіктердің жүйелі түрде зерттелуіне үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ESG көрсеткіштерін стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік тұрақтылықты арттыру үдерістеріне ғылыми негізделген, құрылымдық және қолданбалы ұсыныстар ұсынуымен айқындалады.
Авторлар туралы
М. К. КалибаевҚазақстан
PhD, доцент
Aлматы қ.
А. Еркабоев
Бірікккен Корольдік
PhD, оқытушы
Рединг қ.
Әдебиет тізімі
1. Абакумова О. Опыт государственной поддержки малого и среднего бизнеса в странах Европейского союза // Евразийский юридический журнал. – 2015. – № 10(89). – С. 62–63.
2. Аликулов Т.М. ESG көрсеткіштерінің кәсіпорындардың қаржылық нәтижелеріне әсері // Экономика және статистика. – 2022. – № 1. – Б. 35–42.
3. Ахметов С.Т., Исмагулов Ж.К. Роль внутреннего аудита в реализации устойчивого развития в Казахстане // Қаржы және аудит. – 2022. – № 15(4). – С. 45–58.
4. Әлімқұлова Г.Ж. Тұрақты даму концепциясының теориялық негіздері // Экономика және құқық мәселелері. – 2021. – № 3(19). – Б. 12–20.
5. Глобальная инициатива по отчетности (GRI). Стандарты GRI 2021. – Амстердам: Global Reporting Initiative, 2021. – 340 с.
6. Даниярова А.К. ESG-стратегия в управлении компаниями горнодобывающей отрасли Казахстана // Экономика: стратегия и практика. – 2023. – № 2. – С. 85–94.
7. Carlsson B.,Acs Z.,Audretsch D., Braunerhjelm P. Knowledge Creation, Entrepreneurship, and Economic Growth: A Historical Review // Industrial and Corporate Change. 2009. No. 18. P. 1193–1229.
8. European Commission. Corporate Sustainability Reporting Directive (CSRD). Brussels, 2022. 52 p.
9. Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы. URL: https://www.stat.gov.kz/ (өтініш берілген күн: 21.04.2024)
10. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (01.07.2021 ж. жаңа редакция). – Астана, 2021.
11. OECD. ESG Investing: Practices, Progress and Challenges. Paris: OECD Publishing, 2022. 112 p.
12. Ордабаев Д.А. Жауапты инвестициялар және тұрақты қаржыландыру // Қаржы-қаражат. – 2021. – № 4. – Б. 23–29.
13. SASB. Sustainability Accounting Standards Board: Conceptual Framework. San Francisco, 2020. 68 p.
14. TCFD. Recommendations of the Task Force on Climate-related Financial Disclosures. Basel: FSB, 2017. 33 p.
15. UNCTAD. Guidance on Core Indicators for Entity Reporting on Contribution towards Implementation of the Sustainable Development Goals. Geneva: United Nations, 2021. 94 p.
16. United Nations. Transforming our world: The 2030 Agenda for Sustainable Development. New York: UN, 2015. 41 p.
17. World Economic Forum. Measuring Stakeholder Capitalism: Towards Common Metrics and Consistent Reporting of Sustainable Value Creation. Geneva: WEF, 2020. 100 p.
18. Yermankulova G., Omarov A. ESG disclosure and firm performance in emerging markets // Journal of Sustainable Finance & Investment. 2023. Vol. 13(4). P. 721–739.
19. Zhang L., Li W. ESG and corporate financial performance: Evidence from global markets // Finance Research Letters. 2022. Vol. 47. P. 102807.
20. Zhou X., Wang S. Corporate Governance, ESG, and Firm Value: Evidence from China // Emerging Markets Review. 2021. Vol. 48. P. 100758.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Калибаев М.К., Еркабоев А. Интеграцияланған есептілікте ESG көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелердің өзара байланысы: ERG компаниясы (2013–2024 жж.). «Тұран» университетінің хабаршысы. 2026;(1):128-140. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-128-140
For citation:
Kalibayev M.K., Erkaboev А. The relationship between ESG indicators and financial performance in the context of integrated reporting: ERG company (2013–2024). Bulletin of "Turan" University. 2026;(1):128-140. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-1-128-140
JATS XML















