Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму үрдістері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-3-377-391

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) даму үрдістеріне кешенді талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты 2015–2024 жж. аралығындағы статистикалық деректер негізінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму үрдістерін кешенді талдау, оның ұлттық экономика құрылымындағы орнын бағалау және саланың негізгі институционалдық шектеулерін анықтау. Зерттеу барысында экономикалықстатистикалық талдау, салыстырмалы және құрылымдық талдау әдістері, сондай-ақ динамикалық қатарларды зерттеу тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы саласындағы ШОК субъектілерінің саны мен өндірістік белсенділігінің айтарлықтай өскенін көрсетті. 2015–2024 жж. аграрлық сектордағы ШОК өнімінің көлемі 3,6 есеге артқан, ал ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі оның үлесі 39,2%-дан 57,2%-ға дейін ұлғайған. Сонымен қатар ШОК-тың жалпы ұлттық экономика құрылымындағы ауыл шаруашылығы саласының үлесі 8,2%-дан 5,8%-ға дейін төмендегені анықталды. Бұл үрдіс экономиканың құрылымдық трансформациясымен және сауда мен қызмет көрсету секторларының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелері аграрлық сектордағы кәсіпкерліктің фермерлік модельдің басымдығымен сипатталатынын және қаржыландыру құрылымында кәсіпкерлердің меншікті қаражаты қаражыландырудың негізгі көзі болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар өңірлік талдау аграрлық кәсіпкерлік белсенділігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жоғары шоғырланғанын анықтады. Зерттеудің ғылыми құндылығы аграрлық сектордағы ШОК дамуын құрылымдық және институционалдық тұрғыдан кешенді бағалауында көрінеді. Жұмыстың практикалық маңызы агроөңдеу инфрақұрылымын дамыту, қаржылық құралдарды әртараптандыру және аграрлық кооперацияны кеңейту жөніндегі ұсынымдарымен айқындалады.

Авторлар туралы

Ж. Т. Антаев
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

докторант.

Алматы қ.



Mануель Фернандес-Грела
IDEGA – Сантьяго-де-Компостела университеті
Испания

PhD, э.ғ.д., профессор.

Сантьяго-де-Компостела қ.



Әдебиет тізімі

1. Beck T., Demirgüç-Kunt A., Maksimovic V. Financing patterns around the world: Are small firms different? // Journal of Financial Economics. 2007. Vol. 89. No. 3. P. 467–487.

2. Financing SMEs and Entrepreneurs 2024: An OECD Scoreboard / OECD. Paris: OECD Publishing, 2024. 240 p. (accessed: 15.03.2026)

3. FAO. Agricultural Value Chain Finance. Rome: FAO, 2010. URL: https://www.fao.org/3/i0846e/i0846e. pdf (accessed: 18.03.2026)

4. Agrifinance:ATooolkit forAgricultural Finance and Value Chain Development / World Bank. Washington, DC: World Bank, 2012. URL: https://openknowledge.worldbank.org/entities/publication/443fc15b-5c03-51139195-065f13bed4b3 (accessed: 19.03.2026)

5. Ali D., Deininger K., Duponchel M. Credit constraints and agricultural productivity // World Bank Policy Research Working Paper. 2014. No. 6769. P. 1–32.

6. Balana B., Oyeyemi M., Bhandari H. Credit constraints and smallholder productivity // Journal of Agriculture and Food Research. 2022. Vol. 7. P. 100–120.

7. Khan F.U. Barriers to agricultural SME financing: A systematic review // Enterprise Development and Microfinance. 2024. Vol. 35. No. 1. P. 1–15.

8. Endris E. Determinants of rural enterprise growth // Cogent Economics & Finance. 2023. Vol. 11. No. 1. P. 1–18.

9. Innovative Agricultural SME Finance Models / World Bank. Washington, DC: World Bank. 2015. URL: https:openknowledge.worldbank.org/ (accessed: 21.03.2026)

10. Agri-SME Financing Literature Review / International Growth Center. 2023. URL: https://www.theigc.org/ (accessed: 23.03.2026)

11. Мисник О.В., Кучукова Н.К., Алибекова А.Б. Состояние развития малого и среднего предпринимательства в сельском хозяйстве Казахстана // Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. – 2023. – № 3. – С. 55–66.

12. Жумашева С.Т., Омарбакиев Л.А., Низамдинова А.К. Қазақстан ауылдық жерлеріндегі кәсіпкерлік қызмет: мүмкіндіктері мен болашағы // Аграрлық нарық проблемалары. – 2023. – № 3. – Б. 70–81.

13. Касенова А.М., Дүйсенбекұлы А. Қазақстан Республикасының Алматы облысы мысалында аграрлық саладағы шағын және орта кәсіпкерлік // Аграрлық нарық проблемалары. – 2023. – № 2. – Б. 226–233.

14. Женсхан Д., Мусаева М.А., Сабырова М.Е., Алимжанова Г.Д. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кооперативтері: даму жағдайы, мәселелері және дамыту тетіктері // Тұран униврситетінің хабаршысы, ғылыми журналы. – 2025. – № 1(105). – Б. 168–180.

15. Ибрашева А.Ж., Султамуратова Н.Б., Тасмаганбетова С.Ж., Тлеубергенова М.А. Ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігінің дамуы // ҚазЭҚХСУ хабаршысы. – 2025. – № 1(58). – Б. 327–333. DOI: 10.52260/2304-7216.2025.2(59).37

16. Искакова М.С. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау // Тұран униврситетінің хабаршысы. – 2020. – № 2(86). – Б. 199–205.

17. Рахмибердинова М.У., Закимова А.М., Кабиева А.Т., Шен Бюлент. Агроөнеркәсіптік кешен өндірістік инфрақұрылымын дамтудың басымдықтары // Тұран униврситетінің хабаршысы. – 2022. – № 4(96). – Б. 64–75.

18. Бюро национальной статистики Республики Казахстан. Официальный сайт. URL: https://stat.gov.kz (дата обращения: 19.03.2026)

19. Годовые отчеты за 2015–2024 гг. / АО «Национальный управляющий холдинг «КазАгро». URL: https://www.kazagro.kz/ (дата обращения: 20.03.2026)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Антаев Ж.Т., Фернандес-Грела M. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму үрдістері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2026;(3):377-391. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-3-377-391

For citation:


Аntayev Zh.Т., Fernandez-Grela M. Trends in the development of small and medium – sized enterprises in the agricultural sector of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2026;(3):377-391. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2026-1-3-377-391

Қараулар: 17

JATS XML


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)