Ұлттық экономикада еңбек өнімділігін арттыру факторлары
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы еңбек өнімділігіне экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын анықтау үшін оны арттыруды ынталандыратын факторлар тұрғысынан талдау жасалынған. Еңбек өнімділігіне қатысты негізгі теориялық аспектілер қорытылып, еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар, сондай-ақ оның көрініс нысандарына талдау жасалынды. Тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуінің негізгі себептері талданып, тау-кен өндірісі саласы мен үй қызметшілерді жалдайтын және жеке тұтыну үшін тауарлар өндіретін үй шаруашылықтарының қызметінің еңбек өнімділігіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Адам капиталы сияқты ұзақ мерзімді перспективада еңбек өнімділігіне тигізетін жоғары деңгейдегі факторлардың әсері көрсетілген. Еңбекақы төлеудің түрлі жүйелері және олардың еңбек өнімділігі мен оны жақсарту үшін қызметкерлерді ынталандыруға әсері қарастырылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінде еңбек өнімділігін арттыру құралдарының төмендігі байқалады деген тұжырым жасалып, мәселені шешу үшін тиімді еңбекақы жүйелерін қолданумен бірге адам капиталының және техникалық инновациялардың мониторингін енгізу ұсынылады. Қазақстан экономикасының еңбек өнімділігі мәселесі елеулі өзектілікке ие болды, себебі өнімділікті арттыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрақты экономикалық өсу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Тірек сөздер
нарық,
кәсіпорын,
экономика,
дағдарыс,
бәсекеге қабілеттілік,
еңбекақы төлеу,
адам капиталы,
еңбек өнімділігі,
тау-кен өнеркәсібі,
инновациялар,
market,
enterprise,
economy,
crisis,
competitiveness,
wage system,
human capital,
labor productivity,
mining industry,
innovation,
рынок,
предприятие,
экономика,
кризис,
конкурентоспособность,
оплата труда,
человеческий капитал,
производительность труда,
горнодобывающая промышленность,
инновации
Әдебиет тізімі
1. Митрофанова М.Ю. Еңбек өнімділігі мәселесі бойынша // Чуваш университетінің Хабаршысы. - 2010. - № 1. - Б. 430-433.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтында берілген мәліметтер: www.stat.gov.kz.
3. Голованов А.И. Өнімділіктен жұмыс тиімділігіне дейін // Томск мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - 2013. - № 376. - Б. 137-141.
4. «2010-2017 жж. айлар бойынша Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері» статистикалық бюллетен (бағалау деректері). - Астана, 2017.
5. Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі «2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы». - Астана, 2017.
Дәйектеу үшін:
Нурлихина Г.Б.,
Маткаримова Л.К.
Ұлттық экономикада еңбек өнімділігін арттыру факторлары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(1):205-209.
For citation:
Nurlikhina G.B.,
Matkarimova L.K.
Factors of increasing labor productivity in the national economy. Bulletin of "Turan" University. 2019;(1):205-209.
(In Russ.)
Қараулар:
256