Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛДАУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада басқару тетіктері және олардың инновациялық үрдістерге әсерін зерттеу мәселелеріне қатысты шетелдік және отандық әдебиеттеріне талдау жүргізілді. Авторлар кәсіпкерліктегі инновациялық үдерістерді басқару тетігінің негізгі мәселелерін анықтады, аймақтың кәсіпкерлігіндегі инновациялық үдерісті басқару бойынша ұсынымдар беріледі. Қазіргі кезеңде кəсіпорындардың инновациялық дамуына көп көңіл бөлінуі керек. Аймақтың кәсіпкерліктегі инновациялық үрдістерді басқаруды зерттеу аса өзекті болып отыр. Инновациялық үрдістердің жұмыс істеуі басқару тетіктерін қалыптастыруды талап етеді. Бұл тетіктер кәсіпорындарды дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді: бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді шығару, сыртқы нарыққа шығу. Инновациялық үрдістердің жұмыс істеуі басқару тетіктерін қалыптастыруды талап етеді. Бұл тетіктер кәсіпорындарды дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді: бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді шығару, сыртқы нарыққа шығу. Инновациялық үрдістерді басқару тетігі - бұл қажетті нәтижелерді алу үшін экономикалық ортаға әсер етудің нысандары мен әдістерін үйлестіру. Берілген жұмыста отандық және шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып, инновациялық үрдістерді басқару тетіктерінің негізгі элементтеріне жүйелеу жүргізілді. Автордың ұсынған кәсіпкерліктегі инновациялық үрдістерді басқару тетіктері аймақтың басым мақсаттары мен міндеттерін шешуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өңіраралық және халықаралық нарықтарға кіруге ықпал етеді.

Авторлар туралы

А. С. Темиргалиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Б. Н. Исабеков
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

2. 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы.

3. Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

4. Исабеков Б.Н., Мухамбетова Л. Инновации и предпринимательство: учеб. пособие. - Алматы: Эверо, 2014. - 220 с.

5. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан: монография. - Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. - 254 с.

6. Куттыбаева Р.А. Моделирование устойчивого развития с учетом инновационных процессов // Инновации. - 2009. - № 4. - С. 59-68.

7. Нурланова Н.К., Киреева А.А. Методика оценки экономического и инновационного потенциалов регионов Казахстана. - Алматы: ИЭ КН МОН РК, 2014. - 108 с.

8. Сапарбаева М.М. Особенности развития инновационной деятельности в Казахстане // Научный мир Казахстана. - 2010. - № 4. - С. 244-248.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Темиргалиева А.С., Исабеков Б.Н. ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛДАУ. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):52-59.

For citation:


Temirgalieva A.S., Isabekov B.N. The analysis of the mechanisms of innovative processes management in the enterpreneurship of the East Kazakhstan region. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):52-59. (In Russ.)

Қараулар: 263


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)