Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Фитнес клубтың маркетингтік қызметін CRM технологияларының негізінде арттыру

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала CRM-технологиялары негізінде «Моменто» фитнес-клубының маркетингтік қызметін жетілдіруге арналған. Осы мақсатта автор практикалық маңыздылығы бар бірқатар іс-шараларды ұсынады: фитнес-клубтың клиенттерін сегменттеу, жіберілімді автоматтандыру, дауыспен қоңырау шалу және SMS-хабарламалар, адалдық бағдарламасын енгізу. Клиенттік базаны сегменттеу бойынша ұсыныстар фитнес-клубтың ағымдағы клиенттеріне назар аудару керек: ұйықтау, әлеуетті, суық. Әрбір сегмент үшін әртүрлі іс-шаралар ұсынылады. Мақалада тұтынушыларға жіберілімді автоматтандыру және дауыспен қоңырау шалу бойынша ұсынымдар беріліп, сатушылар мен клиенттердің барлық іс-әрекеттерін белгілеу арқылы сату көлемін арттырады. Автор финтес-клуб клиенттеріне арналған тесттік жіберулердің, акциялардың басталуы туралы SMS-хабарламалардың және дедлайн туралы еске салулардың мысалдарын егжей-тегжейлі негіздеп, келтірген. Фитнес-қызметтерді әлеуетті тұтынушылармен жұмыс істеу жөніндегі менеджердің қызметінде менеджердің лидтерді өңдеу процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі нақты іс-әрекеттері қарастырылады. Фитнес-клуб қызметін тиімді жылжыту және оның тұтынушыларын ынталандыру үшін түрлі адалдық бағдарламалары ұсынылды: жинақтаушы, бонустық, мәртебелік және жеңілдік. Клубтың тұрақты клиенттеріне арналған адалдық бағдарламасының шарттары қызығушылық тудырады, олар жеңілдіктер, сыйлықтар, абонементті ұзарту. Тегін жаттығу, қосымша қызметтер, e-mail-жіберілім, SMS-жіберілім және т.б. сияқты іс-шараларды қамтитын фитнес-клубтың әлеуетті, сондай-ақ ұйықтайтын клиенттері үшін адалдық жүйелері қызықты маркетингтік жүріс болып табылады.

Автор туралы

М. Т. Давлетова
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Общий обзор «Битрикс24» CRM: //http://www.bitrix24.kz /solutions/overview.aspx.

2. CRM - эффективная технология работы с клиентской базой: //http://www.marketer.ru/node/1032/print.

3. Гулямова Н.А. Облачные технологии в CRM-системах // Современные концепции развития науки. - 2015. - 210 с.

4. Эзау А.Н. Управление маркетингом с помощью CRM системы: //http://crm74.ru/page/marketing-crm.

5. Ким А.Д. Управление маркетингом посредством использования CRM-систем: //http://www.igate.ru/products/crm-marketing.

6. Харитонов В.И. Применение CRM-систем при принятии управленческих решений в организации // Системное управление. - 2016. - 215 с.

7. Федько В.П. Взгляд на лояльность и приверженность сквозь призму CRM-системы // Управление экономическими системами. - 2015. - № 8. - 80 с.

8. Стефан А. Бутчер. Программы лояльности и клубы постоянных клиентов. - М.: Вильямс, 2014. - 272 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Давлетова М.Т. Фитнес клубтың маркетингтік қызметін CRM технологияларының негізінде арттыру. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):95-101.

For citation:


Davletova M.T. Improving marketing activities of fitness club on the basis of CRM technologies. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):95-101. (In Russ.)

Қараулар: 375


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)