Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Еңбек әлеуеті экономикалық өсудің факторы ретінде

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада еңбек әлеуетінің кәсіпорындағы, мекемелердегі және әртүрлі ұйымдардағы экономикалық өсу динамикасына әсер ету дәрежесінің жан-жақты аспектілері қарастырылған. Нақтылы деректерді пайдалана отырып, адами капитал мен еңбек құралдарының арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері талданған. Бұдан басқа, «еңбек», «еңбек ресурстары», «еңбек әлеуеті», «адами капитал», «еңбек тиімділігі» ұғымдарының мағыналық мәндері және басқа да санаттар оларды пайдалану тиімділігіне елеулі әсер ететіндігі сыни талдауға ұшырайды. Мақалада негізінен экономикалық өсу өндіріс құралдары мен еңбек заттарын пайдаланудың арқасында емес, ең алдымен, еліміздің экономика салаларындағы еңбек әлеуетін оның барлық көріністерінде ұтымды және тиімді пайдаланудың арқасында мүмкін болатынына баса назар аударылады. Бұл ретте еңбек әлеуеті шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне және оның даму стратегиясына қатысты қаралады. Мақала авторлары еңбек әлеуетінің шешуші рөлін мойындаудың әдіснамалық негіздері, адам капиталы сияқты нақты тұлғаның біліктілігі мен білімдерінің деңгейі болып табылады деген пікірге ойысады. Еңбек әлеуетінің экономикалық өсуге әсерін тиімді пайдаланудың мәселері туралы тезисті негіздеу үшін авторлар Сингапур, Голландия, Гонконг, Израиль, Франция сияқты экономикалық дамыған мемлекеттердің нақты мысалдарына сілтеме жасайды. Бұл елдерде қызметкерлердің деңгейі өндіріс құралдарынан және техникалық прогресстен жоғары қойылады. Осылардың нәтижесінде өндірістік тәжірибеде қолдануға болатын ұсыныстар берілген.

Авторлар туралы

С. К. Какимов
Abai Myrzakhmetov Kokshetau University
Қазақстан


М. К. Тузубекова
Abai Myrzakhmetov Kokshetau University
Қазақстан


А. В. Ткачев
Abai Myrzakhmetov Kokshetau University
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Какимов С.К., Тузубекова М.К., Ткачев А.В. Еңбек әлеуеті экономикалық өсудің факторы ретінде. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):111-117.

For citation:


Kakimov S.K., Tuzubekova M.K., Tkachev A.V. THE LABOUR POTENTIAL AS A FACTOR OF ECONOMIC GROWTH. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):111-117. (In Russ.)

Қараулар: 371


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)