Жібек жолы Экономикалық белбеуі аумағындағы интеграция мүмкіндіктері
Аңдатпа
Бұл мақалада аймақтық интеграция тұжырымдамасының теориялық аспектілері функционализм, неофункционализм, либералды интерговернментализм мектептерінің негізінде талқыланады. Функционализм аймақтық интеграцияны жүзеге асыруда халықаралық агенттіктердің айрықша рөлін атап көрсетеді, мемлекет оларға өзінің бірқатар өкілеттіктерін тапсырады. Неофункционалистер өздерінен бұрын пайда болған мектептердің идеяларын дамыта отырып, мемлекет интеграцияға әсер ететін жалғыз актор емес деген тұжырымдаманы ұсынады. Бұл процеске қоғамдық элита да өз үлесін қоса алады. Либералдық интерговернментализм мектебі аймақтық интеграцияның негізі ретінде ұлттық мүдде мен экономикалық тиімділікті қарастырады. Либералдық интерговернментализм ұсынған экономикалық тиімділіктің басымдылығына сүйене отырып, бұл мақалада ҚХР-дың ауқымды бастамасы Жібек жолы экономикалық белдеуінің қатысушы елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық және интеграция саласындағы мүмкіндіктерін түсінуге талпыныс жасалды. ЖЖЭБ негізін инфрақұрылымдық инвестициялар арқасында экономикалық даму, Қытай және аймақтағы мемелекеттердің өзара тәуелділігін нығайту, «тату көршілестік дипломатия» аясында Азияға баса назар аудару сияқты қағидаттар қалайды. Ірі экономикалық серіктестер - Еуропа мен Қытай арасындағы сауданың тұрақты өсуі ЖЖЭБ дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл бастаманың сауда ағындарын қалыптастыруға және реттеуге әсері қатысушы елдер үшін экономикалық пайда әкеле алады, ал бұған қатысудан бас тартқан мемлекеттер сауда дискриминациясына ұшырауы мүмкін. ЖЖЭБ аймақты инетграциялайтын әрі үлкен экономикалық әлеуетке ие бастама ретінде қарастыру ұсынылады. Болашақта Қытайдың әлемдік нарықтағы мегатрейдер ретіндегі позициясы тек нығая түседі.
Тірек сөздер
экономический потенциал,
региональная интеграция,
торговый оборот,
функционализм,
неофункционализм,
либеральный интерговернментализм,
мегатрейдер,
экономикалық әлеует,
аймақтық интеграция,
сауда айналымы,
функционализм,
неофункционализм,
либералдық интерговернментализм,
мегатрейдер,
economic potential,
regional integration,
trading volume,
functionalism,
neofunctionalism,
liberal intergovernmentalism,
megatrader
Әдебиет тізімі
1. Mihai Alexandrescu. David Mitrany: From Federalism to Functionalism. March 2007: https://www.researchgate.net/publication/301887598_David_Mitrany_From_Federalism_to_Functionalism.
2. Гурова И., Ефремова М. Конкурирующие теории региональной экономической интеграции: сравнительный анализ // Власть. - 2013. - № 8.
3. Frank Schimmelfennig. Regional Integration Theory. March 2018: https://www.researchgate.net/publication/325392599_Regional_Integration_Theory.
4. Engine of growth: Trade turnover across China’s “One Belt, One Road” exceeds $5 trillion since 2013. December 2018: https://www.rt.com/business/447240-silk-road-thousands-jobs/
5. China-EU - international trade in goods statistics. March 2019: https://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/index.php/China-EU_-_international_trade_in_goods_statistics#EU_and_China_in_world_trade_in_goods. Аңдатпа
Дәйектеу үшін:
Ахтанова М.Д.
Жібек жолы Экономикалық белбеуі аумағындағы интеграция мүмкіндіктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):191-195.
For citation:
Akhtanova M.D.
Regional integration opportunities in the context of the Silk Road Economic Belt. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):191-195.
(In Russ.)
Қараулар:
349