Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Университеттің инновациялық әлеуетін дамыту: ұйымдастыру аспектілері және даму үрдістері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада автор Қазақстанның жоғары оқу орнындағы инновациялық әлеуетті дамытудың ағымдағы жағдайын талдауға әрекет жасады. Қазақстан Республикасының 2020 ж. дейінгі Инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің басты өлшемі құзыреттіліктің ұлттық жүйесін қалыптастыру және білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында қазақстандық жоғары білім берудің беделін арттыру болуы қажет. Бұл мақалада автор Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі «Инновациялық әлеует» бөлімі бойынша алатын орнын 2013 ж. бастап 2018 ж. дейін қарастырады, отандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстарын зерттей отырып, инновациялық әлеует пен оның құрамдас бөліктерінің ұғымдарын анықтап, елдің инновациялық дамуындағы жоғары оқу орындарынының рөлін көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлемдік университеттердің рейтингтеріндегі орны талданады және аталған университеттің инновациялық инфрақұрылымының құрылымы сызба түрінде көрсетіледі. Алынған нәтижелер дамудың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігін және жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізі мен инфрақұрылымы құрылғанын сипаттайды. Дегенмен, автор әлі де көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендігін атап, сондай-ақ үштік спираль (Triple Helix) моделін пайдалана отырып, өз шешімін ұсынады. Үштік спираль тезисі білімге негізделген қоғамдағы инновациялар мен экономикалық даму әлеуеті университеттің елеулі рөлінде және өндірістің жаңа институционалдық және әлеуметтік нысандарын құру, білімді беру және қолдану үшін университет, өнеркәсіп және үкімет сияқты элементтерді біріктіруде.

Автор туралы

Ә. Е. Абайділда
L.N. Gumilyov Eurasian National University
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. World Economic Forum, 2018: https://www.weforum.org (accessed 20.04.2019).

2. An A.Ye. Innovacionnaja dejatel’nost’ universitetov kak osnova formirovanija naukoemkoj jekonomiki. Dissertacija na soiskanie uchenoj stepeni doktora filosofii (PhD). - Almaty, 2015. - P. 14.

3. Kortov S.V. Innovative potential and innovative activity of the Ural Region universities // University management: practice and analysis. - 2004. - № 1(30). - P. 61-68.

4. Pogodaeva T. et al. // Procedia - social and behavioral sciences 214 (2015). - P. 359-367.

5. Skvortsov V.N. Development of innovative potential of the University as a condition of training a modern specialist in the system of continuing education // A.S. Pushkin LSU Bulletin. - 2014. - № 3. - P. 7-13: https://cyberleninka.ru/article/n/razvitie-innovatsionnogo-potentsiala-universiteta-kak-uslovie-podgotovki-sovremennogo-spetsialista-v-sisteme-nepreryvnogo (data obrashheniya: 01.04.2019).

6. Sitenko D.A., Yessengeldina A.S. The role of the university in a regional innovation system // The Journal of Economic Research & Business Administration. - Almaty, 2018. - № 4(126). - P. 5.

7. Stamgaliyeva N., Feoktistova Y. Innovative component of modern higher education in the Republic of Kazakhstan // Open Journal of Social Sciences. 02. - 014. - P. 46-51.

8. Kulikova O.V., Gulej I.A. Features innovative model of higher education // Modern problems of science and education. - 2014. - № 6. - P. 10.

9. OECD Reviews of innovation policy: Kazakhstan-2017: https://read.oecd-ilibrary.org/science-and-technology/oecd-reviews-of-innovation-policy-kazakhstan-2017/innovation-actors-in-kazakhstan_9789264270008-7-en#page36 (accessed 25.04.2019).

10. L.N. Gumilyov ENU website: enu.kz (accessed 20.04.2019).

11. World University Rankings: https://www.topuniversities.com/university-rankings/world-university-rankings/2019 (accessed 30.04.2019).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абайділда Ә.Е. Университеттің инновациялық әлеуетін дамыту: ұйымдастыру аспектілері және даму үрдістері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):248-253.

For citation:


Abaidilda A.Y. DEVELOPING INNOVATIVE POTENTIAL OF UNIVERSITY: ORGANIZATIONAL ASPECTS AND DEVELOPMENT TRENDS. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):248-253. (In Russ.)

Қараулар: 258


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)