Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қаржылық активтерге баға белгілеудің динамикалық модельдері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қаржылық активтердің әділ құнын белгілеу академиялық әдебиетте және нақты өмірде өзекті болып табылады. Актив құны қаржы нарығына елеулі әсер етеді. Капиталды активтердің құнын белгілеу моделі (Capital Asset Pricing Model) қазіргі заманғы портфельдік активтердің құнын белгілеу теориясы бойынша негіз қалаушы моделі болып табылады. Алайда, капиталды активтердің құнын белгілеу моделі ақиқат емес тұспалдары (модельдің статикалылығы секілді) үшін үнемі сынға түседі. Осыған байланысты көптеген экономистер аталған үлгіні жақсартуға және кеңейтуге тырысады. К. Бэк баға белгілеу теориясын екі санатқа бөлуді ұсынды: активтерге баға белгілеудің статикалық және динамикалық модельдері. Осы мақалада екі динамикалық модельдердін теориялық негіздері беріледі: капиталды активтердін уақыт аралығында құнын белгілеу моделі (Intertemporal Capital Asset Pricing Model) жане тұтыну негізінде капиталды активтердін құнын белгілеу моделі (Consumption-Based CAPM). Капиталды активтердін уақыт аралығында құнын белгілеу моделі тұтыну негізінде жасалған және инвесторлардың тәуекелдерді хеджерлеуін болжайды. Бұған қоса, бұл модельде бірқатар тұспалдар бар, соның ішінде жетілдірілген нарықтың болуы: активтер шектеулерсіз бөлінеді, инвестордың шешімі нарықтық бағаға әсер етпейді, нарық тепе-теңдікті ұстап тұр, инвесторлар барлық активтерді шектеусіз бірдей мөлшерде жалға алуға немесе жалға беруге құқылы. Тұтыну негізінде капиталды активтердін құнын белгілеу моделі бірнеше айнымалы мәндерді бір айнымалыға айналдырылған капиталды активтердін уақыт аралығында құнын белгілеу моделін кеңейту болып табылады. Автор активтердін құнын белгілеу заманауи динамикалық модельдері туралы ғылыми әдебиетке қысқаша шолу жасады.

Автор туралы

А. Н. Татибекова
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Марковиц Г. Выбор портфеля: эффективная диверсификация инвестиций. - Нью Хэйвен, CT, 1959.

2. Кэрри Бэк. Ценообразование активов и теория выбора портфеля. - Оксфорд Юниверсити Пресс, 2017. - С. 45-67.

3. Мертон Р.С. Межвременная модель ценообразования капитальных активов // Журнал «Эконометрика». - 1973. - Выпуск 41. - С. 867-887.

4. Кокрейн Дж. Ценообразование активов на основе производства и связь между доходностями акций и колебаниями экономической деятельности» // Журнал «Финансы». - 1991. - Выпуск 46. - С. 209-237.

5. Андреас Краус. Обзор моделей ценообразования активов. - Университет Бат, факультет управления, 2001. - С. 79-98.

6. Льюис M. Покер лжеца: игра на денежном рынке. - Лондон, 1989.

7. Бриден D. Межвременная модель ценообразования капитальных активов со стохастическим потреблением и инвестиционными возможностями // Журнал финансовой экономики. - 1979. - Выпуск 7. - С. 265-296.

8. Кэмпбел Дж., Маккинлэй A. // Журнал «Эконометрика финансовых рынков». - Принстон, Нью Джерси, 1997.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Татибекова А.Н. Қаржылық активтерге баға белгілеудің динамикалық модельдері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(2):259-266.

For citation:


Tatibekova A.N. Dynamic asset pricing models. Bulletin of "Turan" University. 2019;(2):259-266. (In Russ.)

Қараулар: 535


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)