Маркетинг тұрғысынан көрме қызметін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Аңдатпа
Берілген мақалада маркетинг тұрғысынан көрме қызметін ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылған. Нарықтық экономика жағдайында сауатты ұйымдастырылған көрмелер қоғамның назарын ұйымға, оның қызметіне, тауарлары мен қызметтеріне тартудың неғұрлым тиімді құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде елімізде көрме қызметін дамыту және жетілдіру ұлттық нарықтың қалыптасуының маңызды бағытының бірі болып табылады. Елімізде өндіріліп жатқан заманға сай отандық өнімдер мен қызметтерді ішкі және сыртқы нарықтарға ұсынуға аса үлкен көңіл бөлінуде. Аталған жағдайды ескерсек, елімізде көрме қызметіне қызығушылық күннен күнге артуда. Көрме - кешенді әсерге ие маркетингтік коммуникациялардың біріктірілген құралы. Кез келген кәсіпорын үшін көрмеге қатысу, олардың маркетинг қызметінің тек бір ғана құралы. Демек, кәсіпорын басшысы көрмеге қатысу туралы шешім қабылдамай тұрып, басқа маркетинг құралдарына қарағанда көрмеге қатысу және оны ұйымдастыру тиімді екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана басқарушылық шешім қабылдауы тиіс. Зерттеу барысында көрменің мәні мен орны, аталған маркетинг шарасын тиімді ұйымдастыру мен оған қатысудың маңыздылығы анықталған. Сондай-ақ, көрмені ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылған.
Кілт сөздер
көрме,
маркетинг,
жәрмеңке,
бәсеке,
нарық,
экспозиция,
өнім,
қызмет,
exhibition,
marketing,
fair,
competition,
market,
exposition,
production,
services,
выставка,
маркетинг,
ярмарка,
конкуренция,
рынок,
экспозиция,
продукция,
услуги
Әдебиет тізімі
1. Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. - Астана, 2012. - 14 желтоқсан.
2. «Жасыл» экономикаға қарсы: тұрақты даму мен кедейлікті жою жолдары. Билік құрылымдарының өкілдеріне арналған жалпылама баяндама. - ЮНЕП, 2011. - 51 б.
3. Выставочная деятельность в Казахстане. Электронды ресурс. Портал: «Выставочные стенды».
4. Встретимся на выставке: приметы эффективного стенда // Маркетолог. - 2010. - № 2. - С. 32.
5. Бердышев С.Н. Организация выставочной деятельности: учеб. пособие. - М.: Дашков и К, 2010. - 228 с.
Дәйектеу үшін:
Есбосынова А.К.
Маркетинг тұрғысынан көрме қызметін ұйымдастырудың теориялық аспектілері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):35-38.
For citation:
Yesbosynova A.K.
Theoretical aspects of the organization of exhibition activities from the point of view of marketing. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):35-38.
(In Russ.)
Қараулар: 255