Көшбасшылықтың гендерлік аспектісі: көшбасшылық позицияларда кім үздік
Аңдатпа
Бұл мақала көшбасшылық позицияларда өзін жақсы танытатындардың өзекті гендерлік көшбасшылық мәселелеріне арналған. «Көшбасшы» терминіне деген көзқарас көбіне стереотипті және адамдардың көпшілігінің санасында үстем адам бейнесін қалыптастырады. Дегенмен, уақыт өте келе басшылықтың жынысы мен тиімділігі барынша даулы және талқыланатын тақырып болып қалуда. Бүкіл дүниежүзінде гендерлік алшақтықтың қысқаруы басқарушылық, экономикалық және психологиялық көзқарастар тұрғысынан маңызды мәселелерді көтереді. Әйелдердің көшбасшылық стилі ерлерден ерекшелене ме? Әйелдер ұйымды басқаруда тиімді көшбасшы болуы мүмкін бе? Бұл зерттеудің мақсаты - көшбасшылықтың гендерлік аспектісін талдау және ұйымда ерлер мен әйелдердің басшылар ретіндегі сипаттамаларын айқындау. Көптеген зерттеулер көшбасшылықта тек қана айырмашылықтар бар екенін көрсеткенімен, гендерлік аспект туралы сөз қозғалғанда, кейбір зерттеулер көрсеткендей, қабылдау, мінез-құлық және стратегиялардағы айырмашылықтар сайып келгенде, ұйымның функционалдығын өзгертуі мүмкін. Бұл зерттеу басшылықтың әр түрлі, атап айтқанда, «PepsiCo» компаниясындағы С. Рейнемунд және И. Нуйи стилдерін салыстырмалы талдауға негізделген. Нәтижелер көрсеткендей, көшбасшы әйелдер коммуникацияға және қызметкерлермен жеке қарым-қатынастарды дамытуға көбірек көңіл бөле отырып, ұйым басшылығында тәрбие және бірге қатысушылық тәсілдерін қолданады. Ал ер адамдар негізінен міндеттер мен оларды орындау сатыларына көңіл бөледі. Алайда, тек қана гендерлік аспектілерге негізделген ешқандай ерекше, сапалық айырмашылықтар анықталған жоқ.
Кілт сөздер
management,
leadership,
gender issues,
organization,
business,
management style,
efficiency,
менеджмент,
лидерство,
гендерные вопросы,
организация,
бизнес,
стиль руководства,
эффективность,
менеджмент,
көшбасшылық,
гендерлік мәселелер,
ұйым,
бизнес,
басшылық стилі,
тиімділік
Әдебиет тізімі
1. Engen M., Leeden R. and Willemsen T. (2012). Gender, context and leadership styles: a field study // Journal of Occupational and Organizational Psychology, 74(5), p. 581-598.
2. Kim S., Shin M. (2017). The effectiveness of transformational leadership on empowerment // Cross Cultural & Strategic Management, 24(2), p. 271-287.
3. Ng L.C. (2015). Best management practices // The Journal of Management Development, 30(1), p. 93-105.
4. Phillips S.P. (2014). Defining and measuring gender: A social determinant of health whose time has come // International Journal for Equity in Health, 4, 11.
5. Powel G. (2012). The gender and leadership wars // Organizational Dynamics, 40(1), p. 1-19.
6. Niessen C., Mäder I., Stride C., Jimmieson N. (2017). Thriving when exhausted: тhe role of perceived transformational leadership // Journal of Vocational Behavior, 103, p. 41-51.
Дәйектеу үшін:
Онюшева И.В.,
Дугар Р.
Көшбасшылықтың гендерлік аспектісі: көшбасшылық позицияларда кім үздік. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):119-123.
For citation:
Onyusheva I.V.,
Dugar R.
Gender Aspect in Leadership: Who is Better in Leading PositionS. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):119-123.
(In Russ.)
Қараулар: 2773