Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың ағымдағы жағдайы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бүгінгі күні дамыған елдердің барлығы дерлік ауыл шаруашылығын экономиканы дамытудың маңызды саласы ретінде қолға алып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың маңызы ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарды, шаруа немесе фермер қожалықтарын, халық шаруашылығын дамытуға және оның өнімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуінде болып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру түрлі деңгейдегі бюджеттердің, жеке инвесторлардың қаражаттары, басқа қаржы көздерінің есебінен қаржыландырылады. Кез келген елдің экономикасында маңызды да қажетті қордың бірі инвестиция, себебі ол экономиканың өсуіне ғана емес, елдің әлуметтік дамуына да жағдай жасайды. Мақалада «инвестор», «инвестиция», «шетелдік инвестиция» ұғымдарына анықтамалар берілді. Елдер бойынша Қазақстанға шетел инвесторларынан әкелінген тікелей инвестициялардың жалпы ағыны қарастырылып, диаграмма ретінде берілді. Экономикалық қызмет түрлері бойынша шет мемлекеттерден әкелінген тікелей инвестициялардың жалпы Қазақстандағы динамикасы анықталды. Қазақстанның резидент еместерден тікелей инвестициялар бойынша алынған активтерді және міндеттемелерді резиденттердің экономикалық қызмет түрлеріне байланысты таза қабылдау көрсеткіштері қарастырылды. Қазақстан бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар динамикасы, сондай-ақ банктердің ауыл шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіпке берген кредиттер көлемі де талданды. Талдау жасау барысында ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемінің жеткіліксіз екендігі және осы салаға инвистициялық тартымдылықты әлі де арттыру қажет екендігі анықталды.

Авторлар туралы

Д. А. Қалдияров
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан


Д. . Нұрмуханқызы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан


А. М. Касенова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан


М. С. Орысбаева
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Беделбаева А.Е. ҚР Ауылшаруашылық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау: шетелдік тәжірибе // Аграрлық нарық проблемалары. - 2016. - № 4. - Б. 118-121.

2. Aсиловa A.С., Жaнтaевa A.A. Мемлекеттің инвестициялық тaртымдылығын қaмтaмaсыз ету және тaлдaу // ҚазҰУ хабаршысы. - 2016. - № 4(116). - Б. 101-106.

3. Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнің статистикалық бюллетені // Алматы: Қазақстан Республикасының ұлттық банкi. - 2018. - № 12(289). - Б. 43-47.

4. Нұрғалиева А.А., Иманбаева З.Ө., Керімбек Ғ.Е., Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені: қазіргі жағдайы және дaму болашағы // Аграрлық нарық проблемалары. - 2015. - № 2. - Б. 129-133.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қалдияров Д.А., Нұрмуханқызы Д., Касенова А.М., Орысбаева М.С. Қазақстанның ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың ағымдағы жағдайы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):174-179.

For citation:


Kaldiyarov D.A., Nurmukhankyzy D., Kasenova A.M., Orysbaeva M.S. Current conditions of investments attracted to agroculture of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):174-179. (In Russ.)

Қараулар: 348


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)