Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне қатысуы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жаһандық құн тізбектерін құру (ЖҚТ) өндірісті ұйымдастырудың жаңа формаларын қалыптастыруда. Көпкомпонентті өнімдер бір елде жобаланып, олардың құрамдас бөліктері басқа елде шығарылады да, құрастырудың соңғы тізбегі үшінші елде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда әлемдік сауданың үштен екісі ЖҚТ-ға тиесілі. Осыған байланысты ДСҰ өндіріс тізбегінің әр кезеңінде қосылған құнды барлық қатысушылардың арасында бөлісу мақсатында халықаралық сауда статистикасын қосылған құн негізінде құрастыруды ұсынды. ЖҚТ-ға қатысу деңгейін талдау үшін кері және тікелей қатысу коэффициенттерін қолдану ұсынылады. Кері қатысу коэффициенті экспортқа шығарылатын өнімнің құнына қосылған шетелдік үлесті білдіреді. Тікелей қатысу коэффициенті жергілікті өнім қаншалықты деңгейде шетелдік өнімнің құнына үлес қосқанын көрсетеді. Қазақстан кері қатысу коэффициентінің өте төмен көрсеткіштеріне (шамамен 6%-ы) және тікелей қатысу коэффициентінің (шамамен 80%-ы) жоғары деңгейіне ие. Бұны ел экономикасының шикізаттық бағытымен түсіндіруге болады. Қазақстан табиғи ресурстарды экспорттауға бағытталған экономика ретінде ЖҚТ-ның бастапқы шикізатты өндіру сегментінде орналасқан. Қазақстанға тартылған инвестициялар шикізат өндіретін секторларға шоғырланып, олардың аз бөлігі ғана ЖҚТ шеңберіндегі өндіріске бағытталды. Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібі ЖҚТ-ға енудің сәтті мысалы болып табылады. Одан арғы талдау Қазақстан ЖҚТ-ның ең төменгі тізбектер деңгейіне қатысатынын көрсетеді, экономиканың түрлі салаларын құн тізбектерінің бойымен жоғарыға қарай жылжытуға жағдай жасайтын саясаттар мен нұсқауларды қабылдау қажет.

Авторлар туралы

М. Д. Ахтанова
Университет «Туран»
Қазақстан


С. С. Таменова
Университет «Туран»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. OECD, WTO and UNCTAD. Implications of global value chains for trade, investment, development and jobs. August 2013: https://unctad.org/en/PublicationsLibrary/unctad_oecd_wto_2013d1_en.pdf.

2. World bank. Global value chain development report 2019: technological innovation, supply chain trade and workers in a globalized world. April 2019: https://www.worldbank.org/en/topic/trade/publication/global-value-chain-development-report-2019.

3. Asian Development Bank. Key indicators for Asia and the Pacific 2018. September 2018: https://www.adb.org/sites/default/files/publication/443671/ki2018.pdf.

4. https://comtrade.un.org/.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ахтанова М.Д., Таменова С.С. Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне қатысуы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):196-200.

For citation:


Akhtanova M.D., Tamenova S.S. Participation of Kazakhstan in Global Value Chains. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):196-200. (In Russ.)

Қараулар: 669


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)