Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Жарнама қызметінің дамуы және мемлекеттік реттеу мәселелері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Авторлар өз жұмысында Қазақстан Республикасындағы жарнамалық қызметтің дамуын, оны шет елдер­дегі жарнамалық бизнестің эволюциясымен салыстыра отырып, талдайды. Жарнама кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат. Жарнама мақсаттарына қол жеткізу белгілі бір міндеттерді қою және жарнама берушілер таңдаған тиісті функцияларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Жарнаманың міндеттері арасында ақпарат беру, көбейту, ескерту, ұстанымдау, ұстап қалу, имидждеу көрсетеді, ал жарнаманың маңызды функциялары: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мар­кетингтік және коммуникациялық. Маркетингтің маңызды құралы ретінде жарнаманың экономикалық функциясының мәндеріне назар аударылды. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері ашылады. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты: ұлттық мүддені қорғау; жөнсіз жарнаманың, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпы қабылданған мораль мен имандылыққа қол сұғатын жарнаманың алдын алу мен тоқтату; жо­сықсыз бәсекелестіктен қорғау. Бүгінгі күні мамандардың жарнаманың базалық технологиясын ғана емес, бәсекеге қабілеттіліктің жоғары дәрежесімен фирмалық өнімді жасау және жылжыту үшін брендингтің соңғы жетістіктерін пайдалану қажет.

Авторлар туралы

А. Т. Бекназарова
«Тұран» университеті
Қазақстан


Қ. Ж. Елшібекова
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. «Жарнама туралы» ҚР-ның 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы (21.04.2016 ж. өзгерістер мен толықтыру бойынша): // http:///online.zakon.kz.

2. Бове К.Л. Современная реклама: пер. с англ. - Тольятти: Довгань, 2010. - 134 с.

3. Васильев Г.А., Поляков В.А. Основы рекламы. - М.: Вузовский учебник, 2014.

4. ҚР-ның Кәсіпкерлік Кодексі (26.07.2016 ж. өзгерістер мен толықтыру бойынша): // http://online.zakon.kz.

5. Формирование рынка рекламы: // http://spishi.kz/838-formirovanie-rynka-reklamy.html.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бекназарова А.Т., Елшібекова Қ.Ж. Жарнама қызметінің дамуы және мемлекеттік реттеу мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):72-77.

For citation:


Beknazarova A.T., Yelshibekova K.Zh. The development of advertising activity and problems of its state regulation. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):72-77. (In Russ.)

Қараулар: 452


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)