Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Кәсіпкерлікте дизайн-ойлау әдісін қолдану

Толық мәтін:

Аңдатпа

Көптеген зерттеулер стартаптардың 90%-ы сәтсіз болатындығын көрсетеді. Бұл факт ұсынылатын тауар­лар мен қызметтердің көпшілігінің күтілетін қажеттіліктерге сәйкес келмеуіне байланысты. Осыған байланысты, дизайн-ойлау әдісін қолдану тұтынушылардың шынайы қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Эмпатия мен жинақтау арқылы біздің алдымызда тұрған міндет анықталады. Әр түрлі мамандық қа­тысушыларынан команда құру оны әр түрлі жағынан қарауға мүмкіндік береді. Дизайн-ойлау әдісін қолдана отырып, кәсіпкерлер бизнесті құру кезеңінде пайдаланушыны терең түсіну негізінде шынайы қажеттіліктер­ді анықтай алады және өзінің бизнес-идеясын ең жақсы түрде жүзеге асыра алады. Бұл мақалада дизайн-ойлау әдісі және оның кәсіпкерліктегі табысқа әсері қарастырылған. Сонымен қатар, дизайн-ойлаудың бес кезеңі зерттелді. Дизайн-ойлау - бұл пайдаланушының терең түсінігіне негізделген инновациялық шешімдерді құру процесі. Бұл әдіс, немесе өнім жасау тәсілі өте терең пайдаланушы тәжірибесіне бағытталған. Дизайн-ойлау зерттеу туралы емес, қызмет үрдісі туралы. Ең бастысы, пайдаланушыны экспериментке тарту керек. Өнімді немесе қызметті құрудың барлық үрдісі барысында кері байланыспен өзара әрекет ету кезінде клиенттің қа­жеттілігін ең жақсы түрде қанағаттандыруға болады

Авторлар туралы

Г. Б. Саханова
«Тұран» университеті
Қазақстан


А. К. Измаханова
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Тим Браун. Дизайн-мышление в бизнесе: от разработки новых продуктов до проектирования бизнес-моделей: пер. с англ. В. Хозинского. - 4-е изд. - М.: Манн, Иванов и Фербер, 2019. - 256 с.

2. Дизайн-мышление: как создать продукт, который решает проблему: https://texterra.ru/blog/dizayn-myshlenie-kak-sozdat-produkt-kotoryy-reshaet-problemu.html.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Саханова Г.Б., Измаханова А.К. Кәсіпкерлікте дизайн-ойлау әдісін қолдану. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):91-95.

For citation:


Sakhanova G.B., Izmakhanova A.K. Application of the design thinking method in entrepreneurship. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):91-95. (In Russ.)

Қараулар: 541


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)