Кәсіпкерлікте дизайн-ойлау әдісін қолдану
Аңдатпа
Көптеген зерттеулер стартаптардың 90%-ы сәтсіз болатындығын көрсетеді. Бұл факт ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көпшілігінің күтілетін қажеттіліктерге сәйкес келмеуіне байланысты. Осыған байланысты, дизайн-ойлау әдісін қолдану тұтынушылардың шынайы қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Эмпатия мен жинақтау арқылы біздің алдымызда тұрған міндет анықталады. Әр түрлі мамандық қатысушыларынан команда құру оны әр түрлі жағынан қарауға мүмкіндік береді. Дизайн-ойлау әдісін қолдана отырып, кәсіпкерлер бизнесті құру кезеңінде пайдаланушыны терең түсіну негізінде шынайы қажеттіліктерді анықтай алады және өзінің бизнес-идеясын ең жақсы түрде жүзеге асыра алады. Бұл мақалада дизайн-ойлау әдісі және оның кәсіпкерліктегі табысқа әсері қарастырылған. Сонымен қатар, дизайн-ойлаудың бес кезеңі зерттелді. Дизайн-ойлау - бұл пайдаланушының терең түсінігіне негізделген инновациялық шешімдерді құру процесі. Бұл әдіс, немесе өнім жасау тәсілі өте терең пайдаланушы тәжірибесіне бағытталған. Дизайн-ойлау зерттеу туралы емес, қызмет үрдісі туралы. Ең бастысы, пайдаланушыны экспериментке тарту керек. Өнімді немесе қызметті құрудың барлық үрдісі барысында кері байланыспен өзара әрекет ету кезінде клиенттің қажеттілігін ең жақсы түрде қанағаттандыруға болады
Кілт сөздер
кәсіпкерлік,
инновациялар,
дизайн-ойлау,
прототип,
қажеттілік,
бизнес-идея,
стартап,
предпринимательство,
инновации,
дизайн-мышление,
прототип,
потребности,
бизнес-идея,
стартап,
entrepreneurship,
innovations,
design thinking,
prototype,
needs,
business idea,
start-up
Әдебиет тізімі
1. Тим Браун. Дизайн-мышление в бизнесе: от разработки новых продуктов до проектирования бизнес-моделей: пер. с англ. В. Хозинского. - 4-е изд. - М.: Манн, Иванов и Фербер, 2019. - 256 с.
2. Дизайн-мышление: как создать продукт, который решает проблему: https://texterra.ru/blog/dizayn-myshlenie-kak-sozdat-produkt-kotoryy-reshaet-problemu.html.
Дәйектеу үшін:
Саханова Г.Б.,
Измаханова А.К.
Кәсіпкерлікте дизайн-ойлау әдісін қолдану. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(4):91-95.
For citation:
Sakhanova G.B.,
Izmakhanova A.K.
Application of the design thinking method in entrepreneurship. Bulletin of "Turan" University. 2019;(4):91-95.
(In Russ.)
Қараулар: 537