Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Разакова Дина Ибрагимовна

Разакова Дина Ибрагимовна 2001 жылы РМК «Қазақ агроөнеркәсіптік кешен, экономика және ауылды дамыту ғылыми-зерттеу институты  (АӨК және ААД ҒЗИ)» аспирантурасына түсті. 2007 жылы «Бидай мен одан жасалған өнім нарығындағы бағаның қалыптасуы» тақырыбында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2007 жылғы 22 қарашадағы №9 хаттамасының шешімімен «08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «6D051100 – Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурасына оқуға түсті. 2013 жылғы желтоқсан айында «Азық дән нарығы: оның қалыптасуының экономикалық механизмі мен даму келешегі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №532 бұйрығы негізінде «6D051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) №300 бұйрығына сәйкес (22 маусым 2023 ж.) қауымдастырылған профессор атағы берілді.

2023 жылғы 13 желтоқсаннан бастап Қазақстанның Экономикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (№048 куәлік) болып табылады.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (1.03.2024 ж. №40-02 хаттама) ретінде тіркелген.

Разакова Дина Ибрагимовна – 200-ден астам ғылыми және публицистикалық мақаланың, ҚР ҒЖБМ-нің «Бизнес және басқару» бағыты бойынша ОӘБ-ЖБТ РОӘК ұсынған 1 оқулығының, 3 оқу құралының, 5 талдамалық монографияның, 2 ғылыми-зерттеу жобасының авторы. Сонымен қатар, 5-тен астам авторлық куәлігі және Web of Science, Scopus халықаралық деректер базаларында 10-нан астам ғылыми жарияланымы бар, Хирш индексі – 4.

Оның еңбектер тізімінде «Алматы қаласының 2004–2013 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау» (2015), «Этносаясаттың анатомиясы» (2015), «Инвестициялық гайд (анықтамалық). 1-бөлім – Қазақстанның өсімдік шаруашылығы» (2015), «Жаңартылатын көздерді енгізу және қолдауды экономикалық ынталандыру» (2016), «Менеджмент» (2020), «Бірыңғай көлік жүйесі» (2020), «Инвестициялық нұсқаулық. Қазақстан Республикасының медициналық туризмі нарығын маркетингтік зерттеу» (2022), «GUESSS: студенттердің кәсіпкерлік рухын ғаламдық зерттеу. GUESSS Kazakhstan – 2021 ұлттық есебі» (2022), «Қызмет маркетингі» оқулығы (2022), «Advertising activity» оқу құралдары (2022), «Әлеуметтік маркетинг» (2023), «Маркетингті басқару» оқу құралы (2025) және басқа да еңбектер бар.

2021 жылдан бастап «Тұран университетінің Хабаршысы» ғылыми-редакциялық алқасының мүшесі болып табылады, ал 2021 жылға дейін «Аграрлық нарық проблемалары» және «Мемлекеттік аудит» журналдарының ғылыми-редакциялық алқасының мүшесі болған.

2010 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің белсенді мүшесі болып табылады. Осы қызмет аясында ол келесі республикалық жобаларды іске асыруға белсенді қатысты:

-      2016–2019 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Жас

толқын» Республикалық студенттік олимпиадасы;

-      2016–2022 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған

«Болашақ ғалымдар» атты студенттердің жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстарына арналған Республикалық байқаудағы сараптамалық топтың мүшесі;

-      2016–2022 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы

студенттік стипендиялар республикалық байқауында дарынды студенттерді іріктеу жөніндегі сараптамалық топтың мүшесі;

-      2017–2022 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған

«Science Slam – Қазақстан» республикалық байқауының бастамашысы және ұйымдастыру комитетінің мүшесі;

-      2017–2019 жылдары Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығына

арналған «Burabay Forum» аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған форумда экономика, бизнес және кәсіпкерлік бойынша секция жетекшісі;

-      2020 жылы «Назарбаев моделі – XXI ғасырдың сын-қатерлеріне

стратегиялық жауап» атты жас ғалымдардың халықаралық онлайн-форумын ұйымдастыру комитетінің мүшесі және басқа да республикалық деңгейдегі жобалар.

2017 жылдан бастап Разакова Д.И. «Тұран» университетінің ӘБҚ мүшесі болып табылады және университет алаңында келесі жобалардың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы болды:

-      2018–2021 жылдары серіктестермен бірлесіп «KAZLOGISTICS көлік

жастарының форумы» жобасын ұйымдастырды және оған қатысты;

-      2019 жылы Қазақстандағы алғашқы Apple Digital Lab цифрлық

зертханасының ашылуына бастамашы болды;

-      2019 жылы Apple Digital Lab жобасы аясында балалар мен жастарға

Apple-дің білім беру бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігін ашты, Қазақстанда Everyone Can Code (Әркім бағдарлама жасай алады) және Everyone Can Create (Әркім шығармашылықпен айналыса алады) курстары іске қосылды;

-      2019 жылы «Тұран» университеті жанындағы Еуропалық Логистикалық

Қауымдастық (ELA) құрылымына кіретін Қазақстандағы Ұлттық логистерді сертификаттау орталығын ашуға бастамашы болды. Логистерді сертификаттау бойынша Ұлттық орталық – Қазақстан Республикасындағы тұңғыш әрі жалғыз орталық болып табылады. Бұл жобаның бірегейлігі – Еуропалық Логистикалық Қауымдастық (ELA) әр елде тек бір ғана ұйым базасында өкілдік ашатындығында. Осыған орай, «Тұран» университеті жанындағы Логистерді сертификаттау ұлттық орталығы – Қазақстан мен тұтас Орталық Азия аумағындағы алғашқы және жалғыз орталық саналады.

-      2017 жылы Қазақстандық маркетинг қауымдастығы (ҚМА) зертханасын

ашу жөніндегі жұмыс тобына қатысты. ҚМА білім беру және бизнес саласына арналған түрлі іс-шаралар өткізеді. Қауымдастық жанында «Маркетингтік орта» маркетологтар клубы жұмыс істейді;

-      2020 жылы Алматы қаласындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер

палатасының, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстандық маркетинг қауымдастығының қолдауымен Кәсіпкерлік идеялар фестивалінің ұйымдастырушысы және бастамашысы болды;

-      2022 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының

бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар қауымдастығы (ОЮЛ) құрылуының бастамашыларының бірі болды және басқа да республикалық маңызы бар жобаларға атсалысты.

Ғылыми-педагогикалық белсенді қызметі үшін келесі алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды:

– ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қаныш Сәтбаев атындағы медалі (№139, 2024 жылғы 23 тамыз);

– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, куәлік №00033, 2022 жылғы 22 желтоқсан;

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы — Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамыту мен сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін (№0310, 2020 ж.);

– I дәрежелі диплом – «Қазақстан Республикасының Жылдың үздік маманы», Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған республикалық байқау (2022 ж.);

– ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының алғыс хаты (2022 ж.);

– ҚР «Атамекен» ҰКП Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы дирекциясының алғыс хаты (2020 ж.);

– «Тұран» университеті Ректорының алғыс хаты (2019 ж.);

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры басшылығының алғыс хаты (2014 ж.);

– «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз) 2013 жылдың қорытындысы бойынша үздік оқытушысы» куәлігі.

 

ORCID:  0000-0002-3573-6187

Web of Science зерттеуші идентификаторы:  AAZ-6521-2021

Scopus автор идентификаторы:  55776550900