Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Құнсыз іс-әрекеттерді азайтуда кайзен шығындарды есептеу жүйесінің тиімділігі

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-257-262

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі кездегі экономикалық және технологиялық салада болып жатқан өзгерістер мен ілгерілеулер бәсекелестікті одан әрі күшейтуде. Осылай өсіп келе жатқан бәсекелестік орта жағдайында кәсіпорындардың назары құндылық құрмайтын, яғни құнсыз іс-әрекеттерге және олардың шығындарына назар аударуда. Себебі, кәсіпорындарда құндылық құрмайтын іс-әрекеттер шығындардың өсуіне және пайданың азаюына әкеп соғуда. Құндылық құрмайтын іс-әрекеттерді кәсіпорынның барлық іс-әрекеттер процесінде көруге болады. Ол үшін кәсіпорынның қандайда бір іс-әрекетінің нәтижесінде құндылық құралмаса сол іс-әрекетке баса назар аудару керек. Кәсіпорындағы құндылық құрмайтын іс-әрекеттерді атайтын болсақ: қажетсіз материалдар мен орамдар, нашар сапа, өндірістік жоғалтулар, артық қор, керексіз тасымалдау, қосымша бақылау, өнімді емес жұмыс уақыттары және т.б. Сондықтан бұл зерттеу жұмысында, өндірістік процестегі құнсыз іс-әрекеттерді жою немесе азайтуға кайзен шығындарды есептеу жүйесінің әсері, құры шәй өндіретін кәсіпорында жартылай құрылымдалған сұхбаттасу әдісімен зерделенген. Зерттеу жұмысы барысында тек өндірістік процестегі жоғалтуларға ғана назар аударылған және өндірістік жоғалтулардан басқа құндылықты құрмайтын, яғни құнсыз іс-әрекеттер ескерілмеген. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша кайзен шығындарды есептеу жүйесінің құнсыз іс-әрекеттердің бірі болып табылатын өндірістік жоғалтуларды (ақаулы өндіріс, бұзылған өндіріс, артықтар және қалдықтар) азайтуға оң әсерін тигізеді деп айтуға болады.

Авторлар туралы

Д. Н. Келесбаев
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан


С. С. Ыдырыс
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан


Х. Б. Кожабаев
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Sakrak M. (2002). Non-Value Activities and Their Importance in Cost Management. Financial Solution Magazine. No. 61. Р. 20-27.

2. Savci M. (2012). Value Chain Analysis of Production Costs in Tea Enterprises, Kocaeli University Institute of Social Sciences, Unpublished Doctoral Thesis, Kocaeli.

3. Rof L.M. (2011). Kaizen Costing Method and Its Role in The Management of an Entity. The Young Economist Journal. Р. 104-109.

4. Hacihasanoglu T. (2014). Kaizen Costing Method in Reducing Production Costs and an Application in the Furniture Industry. Journal of Economic and Social Studies. 10(10-2). Р. 47-63.

5. Basik F.O. (2012). Cost Management in Competitive Strategy. Istanbul: Turkmen Bookstore.

6. Monden Y. & Lee J. (1993). How a Japanese Auto Maker Reduces Costs. Management Accounting. 75. Р. 22-26.

7. Bozdemir E. (2018). Comparison Of Standard And Kaizen Costing Methods In Cost Management: A Case Study. Asian Research Journal of Business Management. 4(5). Р. 1-13.

8. Karcioglu R. & Ozturk M. (2012). A Research to Determine the Reasons for Implementing and Not Implementing Cost Management Systems of Industrial Enterprises Registered with the ISE. Journal of Social Sciences Institute in Atatürk University. 16(1). Р. 477-496.

9. Cetin A. & Atmaca M. (2009). Comparative Analysis of Target and Standard Costing Systems. Journal of Economics and Administrative Sciences in Marmara University. 1. Р. 313-329.

10. Turk Z. (1999). A New Approach in Controlling Future Costs: Target and Kaizen Costing. Journal of Economics and Administrative Sciences in Dokuz Eylul University. 1. Р. 199-214.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Келесбаев Д.Н., Ыдырыс С.С., Кожабаев Х.Б. Құнсыз іс-әрекеттерді азайтуда кайзен шығындарды есептеу жүйесінің тиімділігі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):257-262. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-257-262

For citation:


Kelesbayev D.N., Ydyrys S.S., Kozhabayev H.B. The efficiency of kaizen costing system in reducing non-value activities. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):257-262. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-257-262

Қараулар: 393


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)