Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Бренд және қала брендінің түсініктерін анықтау

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-214-218

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бренд ұғымы – тұжырымдама және зерттеу тақырыбы ретінде академиялық әлемде кеңінен талқыланады. Шетел ғалымдарының көптеген ғылыми мақалалары қалалардың брендтерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар, бренд туралы сарапшылар мен зерттеушілер арасында тұжырымдама ретінде ортақ түсінік жоқ екенін атап өткен жөн. Мысалы, кейбір зерттеушілер брендті тұтынушы арасында жоғары беделге ие сауда маркасы ретінде анықтайды, ал кейбір зерттеушілер имидж түсінігін брендпен байланыстырады. Әрбір ғалым немесе маман брендтің ерекшеліктерін немесе брендтің белгілерін өз көзқарастарынша анықтағылары келеді, алайда мұның бәрі брендтің түсіндірілуін, сонымен қатар оны басқаруды қиындатады. Қалалық бренд ұғымына келгенде де осындай жағдай. Бұл тұжырымдаманың нені білдіретінін анықтайтын көптеген анықтамалар бар. Мысалы, қаланың бренді бұл қала туралы айтылған кезде, қала тұрғындары мен қонақтары арасында пайда болатын жалпы бірлестіктердің тұтастай кешені деп аталады. Алайда, қала брендін қалыптастыру – бұл қаланың белгілі бір имиджін құруға бағытталған шаралар кешені екенін атап өткен жөн. Бұл жағдайда бүкіл қаланы брендинг ету – бұл адамды немесе өнімді брендтеуден гөрі әлдеқайда күрделі және әржақты тұжырымдама болып табылады, өйткені қаланың мақсатты аудиториясы – бұл барлық азаматтар, туристер, шенеуніктер және әлеуетті инвесторлар. Осылайша, ұсынылып отырылған мақала «бренд» және «қалалық бренд» ұғымдарын анықтауға және жүйелеуге арналған. Мақала авторы маркетинг, бренд-менеджмент, экономика және халықаралық менеджмент саласындағы ғылыми басылымдарда және ғылыми журналдарда ұсынылған осы тақырыптағы терминдеріне талдау жасайды.

Автор туралы

А. П. Садуллаева
«Нархоз» университеті
Қазақстан
ғылым магистрі, докторант



Әдебиет тізімі

1. American Marketing Association (1960). Marketing Definitions: A Glossary of Marketing Terms, Chicago.

2. Crainer Stuart (1995).The Real Power of Brands: Making Brands Work for Competitive Advantage. London, Pitman Publishing.

3. Meadows Rod (1983). They consume advertising too. Admap. (July/August), p. 408–413.

4. Kapferer Jean-Noel (1992). Strategic Brand Management, London: Kogan Page.

5. Sheth J., Newman B. and Gross B. (1991). Why we buy, what we buy: a theory of consumption values // Journal of Business Research, 22, p. 159–70, five consumption values.

6. Maurya K.M. and Mishra P. (2012). What is a brand? // A Perspective on Brand Meaning European Journal of Business and Management: www.iiste.org. ISSN 2222–1905 (Paper). ISSN 2222–2839 (Online). Vol 4, No.3, 2012, 122–133 p.

7. Mommas H. (2003). City Branding, NAI Publishers, Rotterdam, the Netherlands.

8. Anholt S. (2010). Places – Identity, Image and Reputation, Palgrave Macmillan, New York, NY.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Садуллаева А.П. Бренд және қала брендінің түсініктерін анықтау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(4):214-218. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-214-218

For citation:


Sadullaeva A.P. Defining the concepts of brand and city brand. Bulletin of "Turan" University. 2020;(4):214-218. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-214-218

Қараулар: 734


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)