Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Цифрлық маркетинг және қазақстандықтардың цифрландыру дәуіріндегі тұтынушылық мінез-құлқына сандық талдау

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-1-356-371

Толық мәтін:

Аңдатпа

Цифрландыру жағдайында және қазақстандық тұтынушылардың цифрлық ортаға белсенді қатысуының өсуіне байланысты, цифрлық маркетинг құралдарының тұтынушылар мінез-құлқына әсерін зерттеу маңызды болып табылады. E-mail тарату, әлеуметтік желілер, адалдық бағдарламалары, мақсатты жарнама және жеңілдіктер арқылы брендтердің клиенттермен өзара әрекеттестігі маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттыру үшін егжей-тегжейлі талдауды қажет етеді. Бұл жұмыс цифрлық маркетингті қабылдау мен оның адалдыққа, қатысуға және қайталама сатып алуларға әсерін сандық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – цифрлық маркетингтің негізгі аспектілері мен Қазақстандағы тұтынушылар мінез-құлқы арасындағы өзара байланыстарды зерттеу. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жиілік талдау, Альфа Кронбах коэффициенті арқылы шкалалардың сенімділігін бағалау, эксплораторлық факторлық талдау (EFA), корреляциялық және регрессиялық талдау сияқты аналитикалық әдістер қолданылды. Зерттеуге арналған мәліметтер 54 сұрақтан тұратын сауалнама негізінде жиналып, e-mail маркетинг, әлеуметтік желілер, адалдық бағдарламалары, жеңілдіктер және мақсатты жарнаманың аспектілерін қамтыды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы цифрлық маркетингтің тиімділігін анықтайтын факторларды және олардың тұтынушылардың мінез-құлқына әсерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы – тұтынушылардың адалдығын нығайтуға және қайталама сатып алуларды арттыруға бағытталған, клиенттермен жеке өзара әрекеттесу страте гияларын құру бойынша брендтерге ұсыныстар беру. Зерттеудің құндылығы – мәліметтердің 87,53%-ын түсіндіретін негізгі факторларды бөліп көрсету, айнымалылар арасындағы күшті өзара байланыстарды анықтау және қайталама сатып алуларға әсер ететін предикторларды (R² = 0,886) анықтау үшін кешенді талдау әдісін қолдануда жатыр. Жұмыс қорытындылары Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімделген тиімді маркетингтік шешімдерді әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Авторлар туралы

Е. Б. Отынбай
Тұран» университеті
Қазақстан

докторант

Алматы қ.



М. Т. Давлетова
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
Ресей

э.ғ.к., ЖАК доценті, зерттеуші-профессор

Мәскеу қ.



В. В. Герасименко
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
Ресей

э.ғ.д., профессор

Мәскеу қ.



Әдебиет тізімі

1. Digital Marketing Institute. Digital marketing trends 2023. URL: https://digitalmarketinginstitute.com/blog/what-are-the-top-digital-marketing-trends-for-2023

2. Simon Kemp. Digital 2024: Kazakhstan // DataReportal. URL: https://datareportal.com/reports/digital-2024-kazakhstan

3. Nielsen. How Marketers Can Advance Personalized Marketing Across the Digital Ecosystem. 2024. URL: https://www.nielsen.com/insights/2024/how-marketers-can-advance-personalizedmarketing-across-the-digital-advertising-ecosystem/

4. Sang-Uk Jung, Valeriia Shegai. The Impact of Digital Marketing Innovation on Firm Performance: Mediation by Marketing Capability and Moderation by Firm Size // Sustainability. 2023. No. 15(7). P. 5711. URL: https://doi.org/10.3390/su15075711

5. Tungushbayeva Z. Impact of Digital Marketing on Consumer Behavior: Descriptive Study Based on Kazakhstan Customers // International Journal of Innovative Science and Research Technology. 2021. Vol. 6. Issue 8. URL: https://bit.ly/3zimGkE

6. Bureau of National Statistics. E-commerce trends and market analysis in Kazakhstan. Bureau of National Statistics of Kazakhstan. 2023. URL: https://stat.gov.kz/en/industries/economy/localmarket/publications/159348/

7. PwC. Creating loyalty in volatile times. PwC Customer Loyalty Survey. 2022. URL: https://www.pwc.com/us/en/services/consulting/business-transformation/library/customer-loyalty-survey.html

8. Котлер Ф., Картаджайа Х., Сетиаван А. Маркетинг 4.0: разворот от традиционного к цифровому: технологии продвижения в интернете. – М.: Бомбора, 2019. – 224 с.

9. IBM SPSS Statistics. «Зерттеудің негізгі бөліміне енгізілмеген егжей-тегжейлі факторлық талдау нәтижелері және қосымшалары». URL: https://drive.google.com/drive/folders/1dB8tg6Fh9VsaIryBugO3QvR44_R5LuBw?usp=sharing

10. Sharabati A.-A.A., Ali A.A.A., Allahham M.I., Hussein A.A., Alheet A.F., Mohammad A.S. The impact of digital marketing on the performance of SMEs: An analytical study in light of modern digital transformations // Sustainability. 2024. URL: https://doi.org/10.3390/su16198667

11. Athaide G.A., Jeon J., Raj S.P., Sivakumar K., Xiong G. Marketing innovations and digital technologies: A systematic review, proposed framework, and future research agenda // Journal of Product Innovation Management. 2024. URL: https://doi.org/10.1111/jpim.12741

12. James F., Durham H. 50 Shades of Digital Marketing (1st ed.). Fresh Content & Bookboon. com. 2013. URL: https://www.7boats.com/academy/wp-content/uploads/2016/10/50-shades-ofdigital-marketing.pdf

13. Fu C.-J., Silalahi A.D.K., Yang L.-W., Eunike I.J. Advancing SME performance: A novel application of the technological-organizational-environment framework in social media marketing adoption // Cogent Business & Management, 2024. URL: https://doi.org/10.1080/23311975.2024.2360509

14. Давыдова В.В., Фёдорова М.В. и др. Digital-маркетинг: главная книга интернет-маркетолога. – М.: Издательство АСТ, 2022. – 482 с.

15. Вайла П., Ворнер С. Цифровая трансформация бизнеса: изменение бизнес-модели для организации нового поколения / пер. с англ. И. Окунькова. – М.: Альпина Паблишер, 2019. – 260 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Отынбай Е.Б., Давлетова М.Т., Герасименко В.В. Цифрлық маркетинг және қазақстандықтардың цифрландыру дәуіріндегі тұтынушылық мінез-құлқына сандық талдау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2025;(1):356-371. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-1-356-371

For citation:


Otynbay Ye.B., Davletova M.T., Gerasimenko V.V. Quantitative analysis of digital marketing and consumer behavior of Kazakhstanis in the digitalization Era. Bulletin of "Turan" University. 2025;(1):356-371. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2025-1-1-356-371

Қараулар: 193


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)