Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Өнеркәсіптік кәсіпорынның кадрлық қауіпсіздік жүйесі

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада өнеркәсіптік кәсіпорынның кадрлық қауіпсіздігін қамсыздандыру сұрақтары қарастырылды. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ кадрлық қауіпсіздігінің талдауы мен аудиті жүргізілді. Кәсіпорынның кадрлық қауіпсіздігін қамсыздандыру бойынша ұсыныстар келтірілді. Персоналдың кіру бақылауының сапасын жоғарылату ұсынылды. Кәсіпорын персоналының сенімділігі оны қалыптастыру әдістерінен функция болып табылатынын ескерсек, персоналдың кіріс бақылау сапасын жоғарылату ұсынылған. Корпорацияның штатын қалыптастыруда персоналды іріктеу әдісін пайдалану ұсынылады. Персоналды басқаруда кадрлық резерв қалыптастыру, кадрларды көлденең немесе тігінен алмастыру, біліктілікті жоғарылату, жүктемені оңтайландыру мақсатында міндеттерді қайта бөлу сияқты құралдарды пайдалану ұсынылады. Кәсіпорынның кадрлық қауіпсіздігіне қатер факторларын өзектендірудің теріс салдарларының жалпы және жеке алдын алуды жүргізу бойынша ұсынымдар берілді. Кадрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы алдын алу іс-шараларының негізгі түрлері мыналар болып табылады: компанияда жұмыс істеуге үміткерлерді кәсіби және психологиялық іріктеу, топтық нұсқамалар, дәрістер мен семинарлық сабақтар, топтық тренингтер. Жеке профилактиканы жүзеге асыру кезінде мынадай әдістерді пайдалану қажет: жеке нұсқамалар мен әңгімелесулер өткізу, төтенше жағдайлардағы әрекетке қызметкерлерді жекелей үйрету, қызметкерлер арасында тәуекел тобына кіретін тұлғаларды анықтау, корпорацияның мүдделеріне нұқсан келтіретін қызметкерлермен әңгімелесу. Кадр қауіпсіздігі жүйесінің мониторингін екі көрсеткіш бойынша жүзеге асырған жөн: орташа айлық жалақы және кадрлардың ағымдылығы коэффициенті.

Авторлар туралы

А. А. Кайгородцев
Восточно-Казахстанский государственный университет им. С. Аманжолова
Қазақстан


И. В. Бордияну
Казахстанско-Американский свободный университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Buzan B., Wæver O., Wilde J. De. (1998). Security: a new framework for analysis. National bureau of economic research working paper series. - London: Lynne Rienner Publishers.

2. Бендиков М.А. Экономическая безопасность промышленного предприятия в условиях кризисного развития // Менеджмент в России и за рубежом. - 2000. - № 2. - С. 17-29.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кайгородцев А.А., Бордияну И.В. Өнеркәсіптік кәсіпорынның кадрлық қауіпсіздік жүйесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):51-56.

For citation:


Kaigorodstev A.A., Bordiyanu I.V. Personnel safety system of industrial enterprise. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):51-56. (In Russ.)

Қараулар: 374


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)