Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Басқару есебіндегі өзіндік құнды калькуляциялау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада шығындарды есепке алудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен өзіндіқ құнды калькуляциялау, оларды дәстүрлі әдістермен салыстырғандағы талдау қарастырылды. Мақала ұйымдардың өндірістің шығындарын есептеудің оңтайлы әдісін таңдау және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау проблемасына арналған. Шығындарды есепке алу және өзіндік құнды әртүрлі негіздер бойынша калькуляциялау әдістерінің жіктелуі талданды. Өзіндік құнды калькуляциялау әдістері өндірісті ұйымдастыру процессінің, есептік жүйенің және ұйымдағы құжат айналымының ажырамас бөлігі болып табылады. Нақты әдіс таңдау ұйымның шаруашылық-өндірістік қызметінің ерекшелігіне байланысты бірқатар факторларға негізделген. Басқару шешімдерінің тиімділігі мен сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - бұл өнімді өткізуде маңызды рөл атқаратын шығындарды есепке алу және калькуляциялау әдістерін таңдау, ойын жіктеу. Негізделген жіктеу өндірістік шығындарды есепке алу әдісінің мәнін анықтауға, әдістердің мәнін, олардың артықшылықтарын талдауға негізделген мүмкіндіктер қолдану қажеттілігін анықтау қажет. Шикізат біртұтас технологиялық процесстен өтетін жаппай өндіріс түрлерінде процестерге негізделген шығындарды есепке алу әдісі кеңінен таралған. Өңдеу процесі тек операцияларға ғана емес, сонымен қатар пайдаланылатын жабдықпен, технологиямен, технологиялық процесте жұмыс істейтін персоналдың мамандануымен, орналастыру орнымен ерекшеленетін қайта өңдеумен бөлінетін өндірістерде шығындарды есепке алу және калькуляциялаудың бір реттік әдісі қолданылады.

Авторлар туралы

Н. А. Бозгулова
«Нархоз» Университеті
Қазақстан


А. А. Адамбекова
«Нархоз» Университеті
Қазақстан


М. Ж. Жарылқасынова
«Нархоз» Университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Тайгашинова К.Т., Сатаев С.А., Лапбаева С.Ш. Тереңдетілген басқарушылық есебі. - Алматы, 2015. - 184 б.

2. Тайгашинова К.Т. Басқару есеп. - Алматы, 2010. - 185 б.

3. Иманбаев З.О. Басқару есебі. - Алматы, 2016. - 215 б.

4. Гаррисон Р., Норин Э., Брюэр П. Управленческий учет. - Питер, 2012. - 55 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бозгулова Н.А., Адамбекова А.А., Жарылқасынова М.Ж. Басқару есебіндегі өзіндік құнды калькуляциялау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2019;(3):219-223.

For citation:


Bozgulova N.A., Adambekova A.A., Zharylkasynova M.Zh. Comparative characteristics of costing methods in management accounting. Bulletin of "Turan" University. 2019;(3):219-223. (In Russ.)

Қараулар: 371


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)