«Тerra» қонақүйінің инновациялық қызметін жетілдіру жолдары
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-4-160-164
Аңдатпа
Мақала «Terra» қонақүйінің қонақүй бизнесінде инновациялық әдістерді енгізуге арналған. «Terra» қонақүйіндегі мейрамханаға Аpple ұсынған өнертабыс – iPad-тарды пайдалану әдеттегі ескі үлгідегі мәзірлерді алмастырып, «Теrrа» қонақүйінің мейрамханалық қызметіндегі революциялық инновация болады. Инновацияны қолдану нәтижесінде мейрамхана да, меймандар да ұтады: интерактивті электрондық мәзір олардың арасындағы байланыс арнасына айналып, «Terra» қонақүйінің әкімшілігіне тағамдар мәзірін ретке келтіріп, оған жаңа тағамдар енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Томирис» мейрамханасының жүктемесін көтерудің инновациялық әдісі QR-код болуы. QR-кодқа енгізілген «Томирис» мейрамханасының жұмыс уақыты мен байланыс ақпаратының арқасында кеңселер мен тұрғын үйлерге жеткізілуі қажет тапсырыстар көбейеді. QR-код көмегімен мейрамхана өз клиенттеріне науқандар, лотореялар, ұтыс ойындар жөнінде хабар беріп, алуан-түрлі ниеттестік бағдарламаларын іске қосып, дауыс берулер мен интерактивті сауалнамалар өткізіп, клиенттердің мейрамхана жөніндегі пікіріне тез арада қол жеткізе алатын болады. QRкод – бұл мейрамхана бизнесін ұйымдастыруда керемет нәтиже көрсететін маркетингтік инновация. Сонымен қатар екіөлшемді штрих-код шаршысы арқылы мейрамхана сайтын көрсетіп, меймандарды әлеуметтік желілердегі топтарға қосылуға, мейрамхана жаңалықтарынан тұратын ақпараттық жіберілімге жазылуға шақыруға болады. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Terra» қонақүйі жаңа ғасырдың шын мәнісінде жаңа технологияларымен, инновациялық жаңалықтарына қол жеткізеді және жоғарғы табыс көзіне бөленеді.
Әдебиет тізімі
1. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства. – М.: Академия, 2007.
2. Исмаев Д.К. Основы стратегии планирования и маркетинга в туризме. – М.: ТОО «Луч», 2007.
3. Журнал «Современный отель». Туризм. – 2013. – № 9. – С. 35.
4. Морозов М.А. Информационные технологии в социально-культурном сервисе и туризме. Оргтехника: учебник (5-е издание). – М.: Издательство «Академия», 2009. – 240 с.
Қараулар: 633