Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 

11-18 717
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – кез-келген мемлекеттің дамуында, әсіресе әлемдік экономикалық дағдарысты тереңдететін өзгерістерге байланысты маңызды рөл атқаратын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу. Автор әлемдік экономиканың дамуын белең алып жатқан пандемия жағдайында қарастырады. Әлемдік тәжірибенің бейімделуін ескере отырып, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін тереңірек көруге және әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсартуды талап ететін негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Пандемияның таралуының қазіргі жағдайында экономикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеуінің негізгі тенденциялары аналитикалық мәліметтерді зерттеу негізінде жекелеген шет елдердің экономикалық жағдайын анықтауға және әлемдік қоғамдастықтағы қазіргі жағдайдағы алдыналу әрекеттеріне салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берді. Мақалада шетелдердің мысалдары, олардың тәсілдері мен әдістері келтірілген, сондай-ақ олар қолданып отырған дағдарыс мәселелерін жан-жақты шешуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар қарастырылған. Бұл мемлекеттер ішіндегі әлеуметтік шиеленісті азайтуға, экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін туындайтын тәуекелдер мен қатерлерге байланысты әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

19-27 763
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – экономиканың құрылымдық трансформациясының практикалық аспектілерін қарастыру. Соңғы бірнеше онжылдықта барлық ұлттық экономикалар, олардың көлеміне, экономикалық құрылымына және басқа да саяси немесе экономикалық айырмашылықтарға қарамастан, құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Құрылымдардың трансформациясы көптеген факторлармен, олардың ішінде институционалдық өзгерістер, технологиялық сипаттағы өзгерістер, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін кеңінен енгізу, жаһандану және интеграциялық процестермен байланысты болды. Сонымен қатар, тіпті өзгерістер қызмет көрсету секторы үлесінің өсуінің, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуінің бірдей үрдісіне ие болғанына қарамастан барлық елдер үшін оң әсерін тигізбегенін атап өткен жөн. Бұл мақала әлемдегі құрылымдық өзгерістердің негізгі тенденциялары мен салдарын жүйелеуге әрекет болып табылады. Авторлар әлемдік экономика үшін диалектикалық маңызы бар «сервисизация» мен индустриализацияға ұмтылады деген болжам жасады. Құрылымдық өзгерістерді бағалау үшін біз 1990 ж. бастап 2019 ж. дейінгі кезеңде әлем елдерінің салалық құрылымындағы өзгерістер динамикасын зерттеу үшін Дүниежүзілік банктің деректеріне талдау жүргіздік, жаһандану бұл процестерге өте үлкен әсер етті, ол өзінің тетіктері арқылы дамыған әлемде ғана емес, дамушы елдерде де салалық пропорцияларды жылдам өзгертуге мүмкіндік берді, бұл ретте экономиканы «сервисизациялаудың» жалпы әлемдік үрдісін қалыптастырды. Авторлар Дүниежүзілік банк ұсынған әлемнің 180-нен астам елінің панельдік деректері негізінде регрессионалдық модель арқылы экономиканың әрбір секторының ЖІӨ-ге әсерін салыстырмалы талдау жасауға әрекет жасады.

28-32 507
Аңдатпа

 Мақаланың мақсаты – аймақтық еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық қоғам өмірінің ерек әрі жоспарлы сферасын зерттеу. Сонымен қатар, өндіріске тікелей қатысатын еңбек нарығын қамтығандықтан, жұмыссыздық пен еңбек қауіпсіздігі ұғымдары маңызды. Жұмыстан айырылу көптеген адамдар үшін өмір сүру сапасының төмендігі мен экономиканың тұрақсыздығын білдіреді.  Жұмысбастылық адамдардың еңбек нарығындағы мұқтаждықтарын  қанағаттандыру бойынша танылатын әлеуметтік дамудың маңызды аспектілерінің мазмұнын айқындайды. Еңбек нарығын реттеудегі  мемлекеттің негізгі саясатына табиғи жұмысбастылық деңгейін сақтайтын, циклдық жұмысбастылықтың орын алуына жол бермейтін,  барлық халықты жұмыспен қамтитын саясат жүргізу, тұрақтылық пен басқаруды сақтауға мүмкіндік беретін, ішкі және сыртқы өзгерістерге тез бейімделетін «икемді нарық» қалыптастыру екені мақалада баса  айтылған. Бұл дәстүрлі нарықпен салыстырғанда жұмысшыларды толық емес еңбек күнінде, уақытша жұмысбастылық, ауысым бойынша жұмыс істеген уақытта икемді басқаруға жағдай жасайды. Бұндай икемді  нарықта әрбір жұмыс іздеуші азамат өзінің сұранысына сай келетін жұмыс орнын табуға міндетті. Еңбек нарығында мемлекеттік саясат екі бағытта жүреді. Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету және жұмыссыздықтан арылу мақсатында белсенді оқыту және қайта оқыту. Бұған біздің елімізде бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар кіреді. Енжар – жұмысы жоқ азаматтарды  әлеуметтік төлемдер беру арқылы қолдау болып табылады. Аймақтық жұмысбастылықты қамтамасыз етудегі мемлекет қолданатын негізгі әдістеріне жаңа жұмыс орындарын құрудың басты шарты болып  табылатын, әрбір аймақтың ерекшелігіне байланысты экономикаға  инвестиция тартуды ынталандыру жатады. 

33-42 1557
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін анықтауға ықпалының теориялық және әдіснамалық тәсілдерін зерттеу болып табылады. Құрылыс объектілері, сонымен қатар тұрғын үй құрылысы объектілері жалға өткізілгеннен кейін өзінің табыстылығын жоғалтып, сатылуы қиын болады. Одан қалыптасқан сұраныстың төмендеуі жағдайды одан әрі қиындатады. Зерттеуде Қазақстан Республикасында тұрғын үймен қамтамасыз етуге талдау жүргізілді, сондай-ақ елде тұрғын үйдің қолжетімділігін айқындау бойынша есептеулер жүргізілді. Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер: нарық көлемі, Қазақстан Республикасындағы ішкі өндіріс және тұтыну қарастырылды. Тұрғын үй құрылыс индустриясын дамытуға қосатын үлес негізінен құрылыс индустриясына салынған инвестициялардан келеді. Мемлекеттік бағдарламада индустриялық үй салу технологиясын қолдана отырып, бес және тоғыз қабатты ірі панельді қаңқалы үйлер салу жөніндегі үлгілік жобаларға сәйкес жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген. Қазақстан Республикасындағы ең өткір әлеуметтік проблемалардың бірі – халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және қолжетімділігі болып қала береді. Бұл көрсеткіш халықтың табысы бойынша жоғары дәрежеде жіктелуі, елде өңірлік деңгейде тұрғын үй салу қарқынының көрінісі сияқты факторларға байланысты. Қазақстан өңірлерінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу өңірлерді дамыту 2020 Бағдарламасын және «Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылды.

43-50 493
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – интеграция жағдайында Қазақстанның машина жасау саласындағы өндірістік үдерістерді дамыту мәселелерін қарастыру, олардың дамуы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістік, ақшалай және тауарлық капиталды шоғырландыруға, инновацияларды енгізуге, жоғары құнды өнімдер шығаруға және әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Экономиканың энергия және материалдық сыйымдылығын, еңбек өнімділігі, инновацияның қалыптасу деңгейі, өнеркәсіптік өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және елдің экономикалық қауіпсіздігі деңгейлерін анықтайтын машина жасау саласының өсу ерекшеліктері талданды. Ұлттық экономиканың «күрделенуіне» және максималды мультипликативті әсер мен сапалы экономикалық өсуге мүмкіндік беретін салаларды әртараптандыруға баса назар аудару қажеттілігі анықталып, дәлелденді. Жүргізілген зерттеулер негізінде автор Қазақстанда индустрияландырудың қозғаушысы ретінде машина жасаудың инновациялық дамуын жандандыруды ұсынды. Ел экономикасын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, өңдеуші өнеркәсіптің, отын-энергетика, көлік және логистика, экономиканың өндіруші салалары мен ауылшаруашылық салаларының дамуына ықпал ететін отандық машина жасаудың өсу қажеттілігі анықталып, негізделген. Зерттеуге сүйене отырып, авторлар экономиканың басқа салалары мен секторларында және жұмыс орындарында қосымша сұраныс тудыру арқылы белгілі бір саланың немесе сектордың тұтастай экономиканың өсуіне әсер ету дәрежесін көрсететін мультипликативті әсерді бөліп көрсетуді ұсынады. Машина жасауды дамытудың табыстылығы саланы мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсынылған бағыттарда айқындалған.

51-56 645
Аңдатпа

Мақалада заманауи урбанистикалық түсініктердің негізгі ережелері қарастырылды. Мақаланың мақсаты – оларды жүйелеу және талдау, сонымен қатар қазіргі жаһандық қоғам үшін әмбебап қалаларды дамыту мен жаңғыртудың модельдері мен стратегияларын анықтау. Заманауи урбанистикалық түсініктер мен олардың жүйеленуіне жан-жақты және терең талдау жасау үшін авторлар урбанизация ұғымының өзін және қазіргі урбанизацияның негізгі принциптері мен тұжырымдамаларын зерттеді. Қазіргі кезеңдегі урбанизацияның жаһандық көрінісінің философиялық-идеологиялық, проблемалық және кеңістіктік (географиялық) негізгі аспектілері зерттелді. Сондай-ақ, жаңа урбанизация тұжырымдамасы аясында әзірленген қала құрылысының негізгі ережелері берілген. Қарастырылған негізгі ережелерді талдай келе, бұл тұжырымдама адамның өмір сүруі мен табиғатты сақтау үшін жайлы, экологиялық, эргономикалық және әлеуметтік теңдестірілген жағдай жасауға бағытталған деген қорытынды жасалды. Урбанизацияның негізгі түсініктерін зерттеу кезінде экономикалық зерттеулердің келесі әдістерінің жиынтығы қолданылды: монографиялық, мақсатқа бағытталған және логикалық. Зерттеу жұмысында салыстыру мен жалпылау, ғылыми абстракция және синтез сияқты теориялық зерттеу әдістері де қолданылды.

57-64 498
Аңдатпа

Мақалада қала брендін дамыту туралы сұрақтар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – қала брендінің өлшемдерін дамытуға ықпал ететін факторлар мен компоненттерді анықтау. Зерттеудің теориялық негізі ретінде Томас Гэдтің қалалық бренд моделі қолданылды. Бұл модель бойынша қалалық брендтің төрт өлшемі сипатталады: менталдық, рухани, әлеуметтік және функционалды. Мақала авторы жоғарыда аталған модельге тағы бір өлшем – визуалды және эстетикалық аспектілі «қалалық стиль» өлшемін сипаттап, қосуға тырысты. «Бренд» және «қалалық бренд» ұғымдарын түсіндіру мақсатында әдебиеттерге шолу жасалды. Сондай-ақ, қаланың танымалдылығына қала стилінің әсерін анықтау үшін Қазақстанның екі қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Жоғарыда аталған зерттеу қаланың брендінің қалыптасуы мен дамуына қосқан теориялық және практикалық үлесі. Зерттеу авторының Қазақстан Республикасы қалаларына арналған дизайн-кодтарды әзірлеу туралы ұсынысы тәжірибелік маңызға ие.

65-71 937
Аңдатпа

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан–2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне көп көңіл бөледі. Қазақстанда қалыптасқан қазіргі экономикалық жағдайда аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теңсіздігі макроэкономикалық мәселелерді шешуді қиындатады. Өңірлердің тұрақты дамуы мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі болғандықтан, бұл мақаланың мақсаты – Қазақстан өңірлерінің, оның ішінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдау болып табылады. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тиімді реформалау мемлекеттің де, оның жекелеген аймақтарының да әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Сондықтан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына әсер ететін бірнеше мәселелердің ішіндегі негізгілері нарықты экономикада аймақтарды сапалы, бәсекелі басқару және реттеу, өндірістің барлық саласын жаңа талаптармен дамыту, әлеуметтік саланы басқару және қаржыландыру, т.б. Қазір біздің республикамызда нарықтық экономика қаланып қана қоймай, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін үлкен ішкі ресурстарға ие әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасуда. Біздің еліміздің аймақтарының ішінде Алматы облысы ірі өнеркәсіптік орталық, сонымен қатар көпсалалы аграрлық өндіріс құрылымы болып табылады. Осыған байланысты мақалада Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуді қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар қаралды.

72-79 569
Аңдатпа

Мақаланы жазудың мақсаты – ХХ ғасырдың үшінші ширегінде Қытайда өткізілген саяси және экономикалық науқандардың мәні мен жойқын салдарын зерттеу. Автор зерттеу кезеңінде Қытайдың саясиэкономикалық және әлеуметтік дамуының көрінісін қайта құруға, Шыңжаңдағы реформаның жұмыс істеу ерекшелігін қалпына келтіруге, аймақтың өзінде де, орталық билік пен ұлттық автономия арасында қалыптасқан экономикалық, саяси және этносаралық қатынастардың өзара байланысын бақылауға тырысады. Бұл зерттеу Қытайдағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен халықтың, ең алдымен ұлттық азшылықтардың Қазақстанға жаппай көші-қоны арасындағы өзара байланысын анықтауға бағытталған. 1955 ж. бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) Синьцзян провинциясында жүргізілген түбегейлі өзгерістерді зерттеуге ерекше назар аударылды, өйткені мұнда жалпы келеңсіз салдар ұлттық ауданның байырғы халқының көші-қонына әсерін күшейтетін этно-саяси факторлармен күрделеніп отырған. Зерттелген ғылыми әдебиеттердің, сондай-ақ тарихи талдау әдісін қолданудың негізінде Қытайдың модернизациялануының бірнеше кезеңдері анықталды, олар біркелкі емес, өте ауыр сипатта болды. Әр кезеңнің ерекшеліктері терең зерттелді, жинақталған фактілер тіркелді, Қытайдың саяси және экономикалық дамуы мен 1950–1970 жж. Қытайдан Қазақстанға жаппай көші-қонның себеп-салдарлық байланыстары анықталды. Көпфактуралы кешенді тәсілді қолдану ШҰАА экономикалық өмірінің көптеген құбылыстарының сипатын және олардың саяси оқиғаларға тәуелділігін, ұлттық-мемлекеттік құрылыс, ұлтаралық қатынастар мәселелерін шешуді түсінуге мүмкіндік берді.

80-87 976
Аңдатпа

 Бұл мақала шетелдік нарықтарға шығу стратегиясына, атап айтқанда, көтерме және бөлшек сауда саласындағы әлемдік көшбасшы –  американдық «Вол-Март» компаниясының Таиланд нарығына шығуын  зерттеу мысалына арналған. Жаһандану жағдайында көптеген фирмалар шетелдік нарықтарға шығу арқылы бизнесін кеңейтуге тырысады, бұл зерттеудің өзектілігін анықтап, көптеген әлеуметтік-экономикалық артықшылықтар әкеледі. Алайда, сонымен қатар, бұл процесс елеулі тәуекелдермен байланысты болғандықтан, бизнесті сәтті іске асыру үшін белгілі бір стратегияларды әзірлеуді талап етеді. Бұл зерттеуде сыртқы бизнес-орта факторларына, сондай-ақ елдің макроэкономикалық ерекшеліктерін, тұтынушылардың өсіп келе жатқан ішкі сұранысы мен сатып алу тенденциясын, сондай-ақ тұтастай алғанда бөлшек сауда секторындағы сатылымның өсуінің оң болжамдарын ескере отырып,  «Вол-Март» пен оның Таиланд нарығына шығу шешімі туралы себеп-салдарлық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, «Вол-Март» Тайланд нарығына шығу жолдары қарастырылды, тәуекелдерді бағалау жүргізілді және тәуекелдерді басқарудың тиісті стратегиялары жасалды. Халықаралық компаниялар үшін басқа нарықтарға шықпас бұрын  сыртқы әлеуметтік-экономикалық орта мен тәуекелдерге терең талдау жүргізу маңызды, өйткені мұндай тәсіл қабылдаушы елдің ерекшеліктері, оның мәдениеті, жергілікті нарық туралы білімі және тұтынушылардың қажеттіліктері, бәсекеге қабілетті  бизнесстратегиялар және т.б. туралы толық ақпарат бере алады. 

88-95 399
Аңдатпа

 Мақаланың мақсаты – өңірлердің инвестициялық белсенділігін бағалау әдістемесін ұсыну. Аймақтың экономикалық саясатын макроэкономикалық деңгейде мемлекет өзінің басқару органдары, заң шығарушы және атқарушы билік органдары арқылы жүзеге асырады. Осы жоғары деңгейде ұлттық экономиканы және әрбір өңірді дамыту жөніндегі шешімдер ұлттық мүдделерді ескере отырып қабылданады. Сонымен бірге, ұлттық экономиканы тек бірлік ретінде ғана емес, сонымен бірге әртүрлі қатынастарда бір-бірінен ерекшеленетін және бірге жұмыс істейтін жүйе ретінде қарастыру қажет. Бұл жүйеде нақты аумаққа қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік және экономикалық әлеуетін, оның әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттық және экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бұл әскери-өнеркәсіптік кешен, бәсекеге қабілетті, ауқымды ғылыми және жоғары технологиялық өндірістер, маңызды мәдени және әлеуметтік нысандар. Бұл объектілердің дамуын реттеу – бұл мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың жоғары деңгейдегі негізгі бағыты. Өңірлік экономиканы реттеуге жалпы мемлекеттік көзқарас тұтастай алғанда елдегі әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделеріне де жауап береді. Бұл өз кезегінде әртүрлі себептермен немесе үкіметтердің шешімдерін негіздеу үшін әлеуметтік артта қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін арнайы бағдарламалар әзірлеуді талап етеді. Мұндай бағдарламалар бұрын Қазақстанның ауылдық жерлерінде әзірленген болатын, бірақ кейбіреулері олардың іске асырылуына қанағаттанбайды. 

96-100 1636
Аңдатпа

 Мақаланың мақсаты – экономиканың құлдырауы жағдайында Қазақстандағы инфляциялық үдерістің ерекшеліктерін анықтау, ел аумағындағы инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарын негіздеу. Қазіргі жағдайда ғылым мен тәжірибе үшін «инфляция» ұғымының  мазмұнын жаңаша анықтау, оның пайда  болу себептерін қосымша  айқындау маңызды. Экономикалық және әлеуметтік дамудағы  сәйкессіздіктер инфляцияның негізгі себебі болып табылады. Өйткені олар бағаның өсуіне және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне  ықпал етеді. Осыған байланысты инфляциялық өсудің нақты себептері  айқындалды: мемлекеттік кірістер мен шығыстардың теңгерімсіздігі; қорғаныс қабілетін нығайтуға байланысты шығыстардың өсуі; нарық  құрылымының өзгеруі; экономиканың ашықтығының өсуі. Экономика  мен әлеуметтік саладағы сәйкессіздіктер өңірлер арасындағы теңсіздікті  тереңдетеді. Осы жағдай соңғы 27 жылда Қазақстандағы инфляция деңгейіне теріс әсерін тигізді. Инфляциялық процестердің әлеуметтік- экономикалық салдары өте күрделі. Олар мемлекеттің ақшалай  қаражатына; экономикадағы басқару мен шешімдер қабылдауға; еңбек өнімділігін арттыруға, технологиялық модернизацияға; әлсіз өңірлердің  пайда болуына; сыртқы экономикалық байланыстардың  тұрақсыздануына себеп болды. Инфляцияға байланысты мәселелерді  дұрыс шешу үшін осы мәселені зерттеу алгоритмі ұсынылды.  Ұсыныстарда экономиканың құлдырауы жағдайында ақша-несие саясаты мәселесін зерттеу қажеттігі баса айтылады. Пандемия салдарын ескере отырып, инфляцияға қарсы саясатты дұрыс құруға ерекше назар  аударылады. 

101-107 544
Аңдатпа

Мақалада саланың тиімді жұмыс істеуі мен қарқынды дамуының ажырамас шарты болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) мемлекеттік қаржылық қолдау көлемін дұрыс бағалау мәселесі қарастырылады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері ауылшаруашылық өндірісіне тән және қолайсыз табиғи жағдайлардан туындаған тәуекелдерге тап болған сайын бұл бағалаудың өзектілігі артады. Мақаланың басты мақсаты – әртүрлі бағалау әдістерін қолдана отырып алынған Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдаудың көлеміне салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады. Мақалада Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен Тұрақты Даму Мақсаттарын (ТДМ) іске асыру барысында әзірленген мемлекеттік қолдауды бағалаудың халықаралық әдістемелерінің индикаторларын талдау нәтижелері келтірілген. Мақаланың екінші, бірақ одан кем емес маңызды мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту мақсаттарына жету үшін бюджеттік қолдау көлемінің жеткіліктілігін негіздеу. Ол үшін ауылшаруашылығын қолдауға мемлекет бөлген бюджеттік қаражаттың көлеміне баға берілді. Бұл көрсеткіш ауылшаруашылығының Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесімен салыстырылды. Мемлекеттік қаржылық қолдаудың құрылымы да қарастырылған. Бағалау нәтижелері көрсеткендей, аграрлық сектордың мемлекеттік қаржылық қолдау көлемін ұлғайтуға арналған қоры бар. Сонымен қатар, бұл зерттеудің әдістемесі мемлекеттік қаржылық қолдауды бағалаудың халықаралық әдістерін салыстырмалы, статистикалық және жүйелік талдауға негізделген.

108-115 1360
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарының сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікке әсер ететін факторлар қарастырылады. Талдауға арналған деректер 2019 ж. Қазақстан кәсіпорындарының арасында Дүниежүзілік Банктің (Business Environment and Enterprise Performance Surveys (BEEPS) «Іскерлік және кәсіпкерлік ортаның сипаттамасы» зерттеуінің аясында өткізілген сауалнамалардың нәтижелерінен алынды. Талдау нәтижелері түсім, кепілдік қамтамасыз етудің болуы, бұрын алынған несиелер сияқты факторлардың қаржы институттарының несие беру туралы шешімге оң әсер ететінін көрсетті. Алайда, талдау нәтижелері басқа елдердегі бірқатар зерттеулермен дәлелденген кәсіпорынның көлемі мен жасының несиеге қол жеткізуге статистикалық маңызды әсерін көрсетпеді. Талдау нәтижелері сонымен қатар, инновациялық өнімдерді немесе қызметтерді енгізетін кәсіпорындар үшін сыртқы қаржыландыруға қол жетімділік айтарлықтай шектеулі екенін көрсетті, бұл несие берушілердің көзқарасы бойынша осы кәсіпорындардың қауіптілігімен түсіндіріледі. Бір қызығы, талдау несиеге қолжетімділік пен әйел-басшы арасындағы статистикалық маңызды оң байланысты көрсетті, бұл Қазақстанда қарыз беру туралы шешім қабылдау кезінде гендерлік белгілер бойынша кемсітушіліктің жоқтығын дәлелдейді. Алынған нәтижелерді ШОБ үшін неғұрлым тиімді несиелендіру шарттарын әзірлеу, сондай-ақ ШОБ үшін скорингтік модельдерді жетілдіруге қолдануға болады, мұнда негізгі өлшемшарттар ағымдағы қаржылық жағдай мен кепілзаттық қамтамасыз ету емес, компанияның тарихы мен әлеуеті болуы мүмкін.

116-123 307
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – кәсіпорындардың инновациялық әлеуетіне мониторинг жүргізу мәселесін қарастыру. Қазіргі жағдайда инновациялық қызмет кез-келген кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етеді, бірақ айтарлықтай жетістіктерге инновацияларды дамыту, енгізу, сүйемелдеу және пайдаланумен мақсатты түрде айналысатын кәсіпорындар жетеді. Кәсіпорындардың инновациялық қызметіне әр түрліөзгерістерәсеретеді,осығанбайланыстыкәсіпорындардыңинновациялықәлеуетінетұрақтымониторинг пен талдау жүргізу қажет. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде авторлар мониторингтің көп мақсатты ақпараттық жүйе екенін анықтады, сондықтан оны жүзеге асырған кезде оны жүргізудің барлық ерекшеліктерін ескеріп, міндеттерді қалыптастырып, оны жүзеге асыру механизмін әзірлеу қажет. Кәсіпорынның инновациялық әлеуетін қалыптастыру, дамыту және ұтымды пайдалануды мониторингтеу тәртібі әрбір кезеңде көрсеткіштердің (индикаторлардың) жиынтығын, себептер мен туындайтын сәйкессіздіктерді талдауды, сондай-ақ нәтижелерді құжаттауды белгілей отырып, белгілі бір жүйелілікпен жүргізілуі тиіс. Мониторинг рәсімдерін орындау кезінде негізделген басқару шешімдерін жасауға ықпал ететін деректер ауқымын өңдеудің жаңа технологияларын қолдану қажет екенін айта кету керек. Мониторингтеуге қолданылатын бұл тәсіл кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін қалыптастыру, дамыту және ұтымды пайдалану бойынша басқару шешімдерінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен, кәсіпорындардың инновациялық қызметі басқарудың негізделген шешімдерін әзірлеу үшін инновациялық әлеуеттің жай-күйін мониторингтеудің заманауи әдістері мен құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.

124-132 1057
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы және ретроспективасы деңгейінде цифрлық трансформация туралы мәселені қарастыру. Қазақстан Республикасында бірнеше онжылдық ішінде болған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қалыптасуы мен дамуына талдау жүргізілді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуының негізгі кезеңдері бөлініп, әр кезеңнің ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар, цифрландыруды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді. Сонымен қатар, мақалада «цифрландыру» ұғымы қоғамды цифрлық трансформациялау үдерісінің негізгі термині ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, цифрландыру үдерісінің негізгі сипаттамалары бөліп көрсетіліп, автордың осы тұжырымдамаға берген анықтамасы ұсынылған. Мақалада мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесіне ерекше назар аударылады. Цифрлық трансформация процесінде электронды мемлекеттік қызметтер – халықтың өмір сүру сапасы мен қанағаттануының басты көрсеткіші ретінде ерекше рөл атқарады. Осы жұмыста мемлекеттік қызметтер мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қарастырылады. Электронды мемлекеттік қызметтер негізгі бағдарламалық құжаттар арқылы бақыланатын, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде көрсетілген.

133-142 7253
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін қаржы жүйесін реформалауға түрткі болған әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар қарастырылады. Меншікті және тиімді бюджет жүйесін қалыптастыру мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында даму жолында негізгі міндетке айналды. Сонымен қатар, экономикалық процестерге шектеулі әсер ету жағдайында негізгі құралдардың бірі ретінде нарық жағдайындағы бюджет жүйесінің рөлі айтарлықтай өсті. Негізгі міндет үш деңгейлі бюджеттік жүйені қалыптастыру болды: республикалық, жергілікті облыстық және жергілікті қалалық (аудандық). Осыған байланысты қабылданған ҚР Бюджет кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң жергілікті атқарушы органдардың өз бюджеттерін қалыптастыруының қазақстандық моделінің негізін қалады. Алайда, бюджет жүйесі саласындағы заңнама өзгеруді тоқтатпайды. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі модернизация, өндірістік және технологиялық бәсекелестік, шекаралары мен мүдделері ортақ мемлекеттердің экономикалық интеграциясы, сондай-ақ көптеген ішкі проблемалар жергілікті биліктен өзгерістерді және қазіргі болмысқа сәйкестікті талап етеді. Зерттеудің мақсаты – жергілікті бюджеттерді басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

143-150 507
Аңдатпа

 Мақаланың мақсаты – аграрлық саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, БҰҰ-ның тұрақты даму Мақсаттарының талаптарына сәйкес болу қажеттілігі жағдайында оның экспортқа  бағдарлануы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін қарастыру. Демек, агроөнеркәсіп кешені елдің ма ңызды  компоненттерінің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен,  ауыл шаруашылығы – ел экономикасының ажырамас, маңызды саласы және мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі ұзақ мерзімді  басымдығы болып табылады. Еліміздің азық-түлікке деген қажеттіліктерін  қанағаттандыру, сондайақ азық-түлік өндірісін  ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың  маңызды міндеттері болып табылады. Елдің ішкі нарығын қамтамасыз етуден басқа, аграрлық сала өзінің бәсекеге қабілеттілігін және өз өнімін экспорттау мақсатында әлемдік нарықтарға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс. Мемлекеттік басқарудың маңызды функцияларының бірі – бұл мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің барлық түрлеріне мемлекеттің бақылау және қадағалау функциясын жүзеге асыру. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің азық-түлік және  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елдің ұлттық тәуелсіздігін  сақтауға және күшейтуге қабілетті Қазақстан Республикасының аграрлық нарығын орнықты дамытудың оңтайлы жолын іздестіру ерекше маңызға ие болуда. Алайда, бұл үшін тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық нарықтың дамуына баға беріп, оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалар мен факторларды анықтау қажет. Осыған байланысты, елдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамудың жаңа инновациялық деңгейіне өтуін қамтамасыз ету үшін саланы мемлекеттік  реттеудің жаңа тетіктері қажет.

151-160 430
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмыс істеуіне ішкі және сыртқы орта факторларының оның даму тиімділігіне әсер ететін ең маңызды көрсеткіш – сатудан түскен пайда бойынша бағалау. Ұйымның пайда табу үшін таңдаған бизнес-стратегияларының іргелі маңызы ерекше атап  өтіледі. Мақала авторлары кәсіпорынның дамуын тек өндірістік көрсеткіштердің әсерін ғана бағалау емес, сонымен қатар қоршаған орта факторларын – нарық мөлшері, кәсіпорынның нарықтық үлесі, бағалар мен сату құрылымдарының да әсерін бағалауды ескере отырып стратегиялық талдау – кәсіпорын ресурстарын басқару сапасын едәуір жақсартады деп санайды. Сатудан түскен кірісті осындай факторлық талдаудың нәтижелері кәсіпорын менеджерлеріне пайда жоспарының негізін құрайтын болжамдарды қайта бағалауға, себептерін анықтауға және нарық мөлшерінің өзгеруінің салдарынан, кәсіпорынның нарықтық үлесін, сатылатын өнім бағаларын, іске асырудағы құрылымдық өзгерістерді болжауға, сондай-ақ кәсіпорынның даму стратегиясын қайта қарауға мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде ақпаратты алдын-ала өңдеу үшін қолданылатын дәстүрлі негізгі әдістер қолданылды: жүйелеу, экономикалық көрсеткіштерді салыстыру, динамикадағы көрсеткіштерді зерттеу, функционалдық тәуелділіктерді факторлық талдау. Сонымен қатар, ғылыми тұрғыдан алғанда, стратегиялық деңгейдегі факторлық талдау жүйесі үлкен қызығушылық тудырады. Ол пәнаралық сипатқа ие және маркетинг, стратегиялық басқару, стратегиялық жоспарлау тәжірибесінде қолданылады. Бұл жағдай өз кезегінде зерттеу мақсатын анықтады.

161-165 361
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – логистикалық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін қарастыру. Логика, тәжірибелік және ғылыми тәсілдердің қажеттілігі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің басталуымен сәйкес келді. Отандық бизнестегі логикалық тәсілдің мүмкіндіктері мен динамикасы Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайынан және экономикалық реформалардың болжамынан ажырамайды. Логистиканы басқару тәжірибесін бизнес-тәжірибеге енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жеткізілімдегі және саудадағы барлық қорларды азайтуға, айналым капиталын жеделдетуге, өндіріс және айналым шығындарын азайтуға, тауарлар мен қызметтерге тұтынушылардың толық қанағаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Логистиканы қолдану кезіндегі экономикалық эффектілердің жиынтығы осы көрсеткіштерді жақсарту әсерінің қосындысынан алынады. Бұл логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттерінің пайда болуына байланысты, яғни бүкіл жүйеге тән, бірақ оның элементтеріне тән емес қасиеттер. Бүгінгі таңда Қазақстанда логистиканың дамуы нарықтың заңдылықтары мен принциптеріне негізделген, логиканың дамуы және оның кәсіпорындарды басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Сала ұлттық әртараптандыруға және жаңа нарықтар іздеуге негізделген жақсы ойластырылған және ұзақ мерзімді өсу стратегиясын ұстануға тиіс. Олар біздің көлік және байланыс қызметтерін пайдаланады. Бұл стратегия автокөлік, туризм, қызмет көрсету, жол және күрделі құрылыс, сонымен қатар отандық тауарлардың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

166-173 845
Аңдатпа

COVID–19-дың таралуынан жарияланған пандемияның салдары бір жылдан кейін барлық саладағы, әсіресе денсаулық сақтау, экономика, білім беру, бизнес және т.б. салалардағы өзгерістерді көрсетті. Зерттеудің мақсаты – пандемияның Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына әсерін, әйелдер бизнесі қандай салдарға тап болғанын, қандай шаралар қабылданғанын және олардың қаншалықты тиімді болғанын, оның ішінде жалпы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру. Егер 2019 ж. әйелдер мен ерлер басқаратын жобаларды қаржыландыруда айырмашылық болса (2019 ж. қаржыландырудағы гендерлік алшақтық 80%-ға жуық, ал 2020 ж. 96%-ды құрады), онда алдын ала 2020 ж. жағдай дағдарысты ерлер де, әйел-кәсіпкерлер де бірдей сезінетінін көрсетеді. Әзірге 2020 ж. арналған кейбір жедел деректер бар екенін ескере отырып, экономикалық шаралардың қайсысы неғұрлым тиімді, қайсысы тиімсіз болғанын бірден анықтау қиын, бұл пандемия кезеңінің аяқталмағанымен және олардың тиімділігі республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Негізінен шаралар шағын және орта бизнес субъектілерінің жеткіліксіз хабардар болуы, қандай да бір шаралар қолданылатын санатқа түспеуі, не көрсетілетін шаралар шығындармен салыстырғанда жеткілікті елеулі болмауы себептері бойынша тиімсіз болып табылады. Тұтастай алғанда, елдер қабылдайтын мемлекеттік қолдау шаралары кең ауқымды, бірақ барынша тиімді қаржылық шараларды қамтиды.

174-179 564
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – COVID–19 пандемиясы жағдайында халықтың өмір сүру ұзақтығына әсер ететін факторларды анықтау. Бүгінде бүкіл адамзаттың және әр елдің алдында тұрған басты міндет – адам денсаулығын жақсарту және ұзарту. Денсаулық ең алдымен, адамның қалыпты өмірінің негізі болып табылады. Бұл адамдардың және жалпы елдің психикалық, физикалық және әлеуметтік-экономикалық әлауқатын көрсететін, яғни әлеуметтік, демографиялық және медициналық салаларды қамтитын көп өлшемді үрдіс. Сонымен қатар, адам денсаулығы – қоғамның, еңбек әлеуеті мен адами капиталдың ең маңызды мәселесі. Осындай мәселелерге байланысты бұл мақалада COVID–19 пандемиясы жағдайында Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығына әсер ететін факторлардың корреляциялық талдауы жүргізіледі. Бұл талдау бір жағынан халықтың өмір сүру ұзақтығы, екінші жағынан халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі мен денсаулық сақтау шығындары арасында айтарлықтай және күшті өзара байланысы бар екенін көрсетеді. Барлық мамандықтағы дәрігерлердің саны мен медициналық қызметкерлердің саны сияқты факторлар халықтың өмір сүру ұзақтығына оң әсер етті. Аурухана төсектерінің және аурухана ұйымдарының саны сияқты факторлар өзара теріс байланысты көрсетті. Сондықтан адамдардың денсаулығын жақсарту, олардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мақсатында цифрлық технологияларды, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізуді, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап етеді.

180-186 473
Аңдатпа

 Зерттеудің мақсаты – материалдар мен өнімдер қысқа уақыт ішінде ғана пайдаланылып тасталатын, содан кейін теріс әлеуметтік және экологиялық әсер ететін сызықтық экономиканың қазіргі моделіне  балама ретінде циркулярлық экономиканы зерттеу. Циркулярлық экономика – бұл өндіріс пен тұтынудың моделі, ол материалдарды экономикада ұзақ уақыт қолдануға және қалдықтардың пайда болуын азайтуға бағытталған, бұл өз кезегінде қоғам мен қоршаған ортаға зиянды азайтады. Мақала экологиялық мәселелер мен оларды  циркулярлық экономиканы енгізу арқылы шешу жолдарына арналған.  Тұрақты дамудың, жасыл экономиканың және айналма экономиканың негізгі сипаттамалары талданды, олардың міндеттері, бір-бірімен  ұқсастықтар мен айырмашылықтар егжей-тегжейлі қарастырылды. Мақалада әр түрлі саладағы халықаралық компанияларының  циркулярлық экономиканы енгізуінің нақты мысалдары келтірілген.  Заманауи компаниялар инновациялық стратегиялар мен құралдарды қолдана отырып, циркулярлық экономика принциптерін жүзеге асырады, олар да мақалада талқыланды. Циркулярлық экономика моделіне көшу шикізат шығындарын азайтады, жаңа нарық пен жаңа өнім құрады, тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады, клиенттердің адалдығын арттырады, бәсекеге қабілетті бизнес-моделін құрады және  бренд беделін жақсартады. Мақаланы дайындау кезінде талдау мен синтез әдістері қолданылды, теориялық және практикалық материалдар  жалпыланды, экономикалық және салыстырмалы талдаудың негізгі  ережелері қолданылды.  

ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ 

187-193 1174
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының туризм индустриясына инвестициялардың экономикалық тиімділігін зерттеу. Мақалада Қазақстан Республикасында туризм индустриясын тиімді дамыту үшін инвестициялар тарту тетіктері және индустрияға салымдарды шоғырландыру мәселелері зерттеліп, қалыптасқан жағдайды талдау арқылы даму перспективалары айқындалды. ҚР туризм индустриясындағы инвестициялық процестің тиімділік көрсеткіштері зерттелді, COVID–19 пандемиясының салдары қаралды. Экономика мен қоғамдағы соңғы тенденцияларды ескере отырып, саланы қалпына келтіру үшін қажетті жағдайлар бағаланды. Коронавирус пандемиясы 2020 ж. басында әлемдік экономиканың барлық салаларының, соның ішінде туризм индустриясының жағдайы мен одан әрі дамуына үлкен әсер етті. Туризм индустриясындағы мұндай ауыр дағдарыс Екінші дүниежүзілік соғыстан бері байқалмаған. Дегенмен, кезкелген дағдарыс тек теріс салдарға ғана әкеле бермейді. Жүргізілген талдау туристік инфрақұрылымның дамымағандығын, туристік бизнестің оны дамытуға қаражат салуға дайын еместігін көрсетті, ал бұл жаһандық инвестицияларды қажет етеді. Мақалада туристік қызметтерді цифрландыру процестерін жеделдету, заманауи технологияларды белсенді енгізу, сондай-ақ туризмнің экологиялық аспектісін өзектендіру, бүкіл ел бойынша туристік бағыттардың географиясын кеңейту және т.б. сияқты бүкіл туристік индустрия үшін маңызды осы сынақтың қазіргі заманғы шындықтары мен инновациялық сын-қатерлері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылып, туризмдегі инвестициялық процестерді зерделеу кезінде оқу-әдістемелік материалдар ретінде қолданыла алады.

194-200 1279
Аңдатпа

Туризмнің көптеген елдер экономикасының маңызды секторларының бірі ретінде, айтарлықтай табыс, жұмыс орындарын қамтамасыз ету, сыртқы әлемде елдің имиджі мен халықаралық қабылдауға ықпал ететін рөлі – оның қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың маңыздылығын анықтайды. Туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін қазіргі туристік дестинациялардың көпшілігі қарқынды бәсекелестікке тартылған уақытта талдау өте өзекті болып табылады. Осыған байланысты туристік дестинациялардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін айқындау мәселелері туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін айқындау жөніндегі көрсеткіштер жүйесін терең ғылыми зерделеуді және әзірлеуді талап етеді. Туризм саласындағы бәсекеге қабілеттілікті дұрыс бағалау – негізделген шешім қабылдауда маңызды аспект. Туристік дестинациялардың бәсекеге қабілеттілігін өлшеу тәсілін айқындаудың және оның сенімділігін негіздеудің күрделілігі туризм индустриясы құрылымының саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзгерістерге, оның ішінде табиғи апаттар тәуекелдеріне жоғары сезімталдығымен байланысты, мұны қазіргі кездегі COVID–19 пандемиясы да растайды. Бұл мақала туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың қолданыстағы әдістерін талдауға және туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудағы авторлық әдістеменің негізін қалайтын көрсеткіштерді анықтауға арналған. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – туризм саласындағы бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсынатын ғалымдардың ғылыми еңбектері болды. Талдау жүргізу барысында ғылыми абстракциялаудың, талдау мен синтездің жалпы ғылыми әдістері мен жүйелі тәсілдері қолданылды.

201-206 339
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Солтүстік Тянь-Шань тауларының асуларын объективті жіктеу, олар туралы барынша ақпарат жинау, бұл таудағы туристік жорықтарға қатысушылардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. КСРО-ның таулы аймақтарының асуларын жіктеу бойынша жүйелі жұмыс туризм спорт түрі ретінде қалыптасқаннан кейін бірден басталды. 1990 ж. қарай 4 мыңнан астам асулар жіктелді. КСРО ыдырағаннан кейін туристер қарқынды түрде алыс шетелдердің таулы аймақтарында спорттық жорықтар жасай бастады. 2001 ж. қарай (жаңа «Тізім...» шығарылған жыл) 5 мың асу жіктелді. 2020–2021 жж. «Биіктаулы асулар тізімін...» жаңартудың жаңа кезеңі басталды. Автор кеңес заманынан бері Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы асулары бойынша осы жұмыстарды жүзеге асыруға жауапты болды. Сондықтан, дәл осы таулы аудандар бойынша автор 10 жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан «Тұран» университетінің (Алматы қ., Қазақстан) туризм ҒЗИ күшімен қарқынды жұмыс жүргізілді. Тізімді 20 жыл ішінде (2001-ден 2021 жж. дейін) туристер жүріп өткен жаңа асулармен толықтырудан басқа, мәтінге асу нүктелерінің нақты координаттары, ізашарлардың тегі мен бірінші жүріп өткен күндері туралы барынша көп ақпаратты қосу міндеті қойылды. Сонымен қатар, асулар туралы ақпараттың дәл осы көрсетілген бөлімін нақтылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұл мақала осы мәселелерді қарастыруға арналған. Осы кезеңде автор әріптестерімен бірге тізімді 64 жаңа ақпарат сегментімен және түсіндірмелердің алты сегментімен толықтырды. Координаттар мен ізашарлар туралы сенімді ақпарат көздерін таңдауға ерекше назар аударылды.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 

207-215 457
Аңдатпа

 

Мақаланың мақсаты – Ұлыбритания, Ресей Федерациясы және Малайзияда қолданылатын бағдарламалар мен жобаларды басқарудың негізгі тәсілдерін қарастыру. Бұл шолу Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне енгізуге ықтималды ең үздік тәжірибені анықтау мақсатында өткізілді. Мақала жазудың мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең оңтайлы жүйені анықтау үшін әлемнің бірқатар дамыған елдерінің бағдарламалар мен жобаларын басқару тәсілдеріне қысқаша шолу жасау болды. Бағдарламалар мен жобаларды іске асыру кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара ұйымдық әрекеттесуі тұрғысынан шолу жүргізіліп, ағымдағы процестердің ашықтығын, жобаға мүдделі тараптарды тарту тәсілдерін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, қарастырылып отырған елдердегі жобаларды басқару стандарттарына қысқаша шолу жасалды. Мақала жазу кезінде жалпы ғылыми зерттеу әдісі, атап айтқанда, әлемнің бірқатар дамыған экономикасында жобаларды басқарудағы қарастырылып отырған тәсілдерінің салыстырмалы-салғастырмалы әдісі қолданылды. Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы тұрғысынан заңнамалық база талданды. Зерттеу нәтижесінде автор Малайзияның тәжірибесін анықтады. PEMANDU институты әзірлеген ұлттық реформалар мен жобаларды басқарудың тиімді тәсілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік дамуының жаңа көзқарасында тұжырымдалған принциптерді барынша толық көрсетеді. Автор құқықтық актілерге түзетулер енгізуге қатысты нақты ұсыныс берді.

216-222 481
Аңдатпа

Бұл зерттеуде барлық елдердегі қаржылық технологиялардың бағыттары мен тенденциялары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қаржылық технологияларды анықтау және сипаттау, олардың қазіргі жағдайда даму ерекшеліктерін көрсету және regtech, insurtech және blockchain тәжірибесін іс жүзінде қолданудың шетелдік тәжірибесін қайта қарау. Блокчейннен бастап бұлтты хостингке, тұлғаны тануға және жасанды интеллектке дейін қаржы болашағы дәл қазір қалыптасуда. 2008 ж. дүниежүзілік қаржылық дағдарыс қаржылық технологияның (Fintech) және реттеуші технологияның (RegTech) алдыңғы кезеңдерін қазіргі парадигмадан бөліп қараған бетбұрысты кезең болды. Қаржы қызметтері нарығын бөлшектеген IT және электронды коммерциялық фирмалар сияқты стартаптардың және басқа да жаңа қатысушылардың жылдам өсуімен ерекшеленетін Fintech бүгінде қарқынды өсу кезеңіне аяқ басты. Бұл жаңа дәуір реттеушілер үшін жаңа қиындықтар туғызады және неге Fintech эволюциясы RegTech-тің қатар дамуын қажет етеді. Атап айтқанда, реттеуші органдар регуляторлық құм жәшіктерін пайдалану арқылы қозғалатын инновациялар мен нарықтық сенімділікті дамытатын берік жаңа құрылымды әзірлеуі керек. RegTech-тің бірнеше әзірлемелері қаржылық реттеудің табиғатын қайта қарастырумен сипатталатын тағы бір парадигмалық ілгерілеуге жол көрсетеді. Қаржы технологияларының қарқынды дамуы, блокчейн пандемия кезеңінде қаржы нарығын өзгерте алады. Қазіргі уақытта көптеген елдерде электрондық әмиян төлем әдісі кеңінен қолданылады, бұл төлем әдісі ретінде қолма-қол ақшаны біртіндеп алмастырды. Бүгінде финтех-компаниялар тек электрондық әмияндарға қызмет етеді. Осылайша, блокчейнді қолдану қаржылық реттеушілерді қолданыстағы ережелерді қайта қарауға және олардың өзектілігін жаһандық масштабта бағалауға мәжбүр етеді. Мақалада осы күрделі құбылыстардың даму процестеріне жаңа көзқарастар берілген.

223-228 382
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – ҒЗТКЖ мен инновацияны дамытуға инвестицияларды мемлекеттік ынталандыру әдістерін қарастыру. Үлкен төрттіктің сарапшыларының зерттеулері және халықаралық ұйымдардың есептері негізінде әртүрлі елдердегі, оның ішінде Қазақстанға ұқсас экономика құрылымы бар ҒЗТКЖ мен инновацияларға инвестицияларды мемлекеттік қолдау әдістері мен шараларын қолданудағы қазіргі заманғы үрдістерге шолу жасалды. Индустрия 4.0 элементтерінің дамуы мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформациясы қазіргі инновациялық үрдістердің негізінде экономикалық өсу үшін үлкен маңызға ие. Пандемия кезінде экономикада, кәсіпкерлік субъектілерінің мінез-құлқында және адамдардың санасында дағдарыстық өзгерістер орын алуда, бұл мемлекеттің тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және пандемиядан кейінгі кезеңде тұрақты даму тенденциясын қалыптастырудағы жобалық рөлін қамтамасыз етеді. Дағдарыстар, әдетте, жойқын зардаптардан басқа, инновацияларды енгізу мен дамудың сапалы жаңа технологиялық деңгейіне өту қажеттілігі мен мүмкіндіктерін тудырады. Қазіргі кезеңдегі кәсіпорындардың табысты инвестициялық шешімдерінің негізгі факторларының бірі – жаңа цифрлық технологияларды қолдану жылдамдығы болып табылады, олар жаңа өндіріс орындарын құруға инвестициялармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шығады. Инвестициялардың қайтарымы туралы белгісіздік жағдайында автор халықаралық тәжірибеде қабылданған фискалдық шараларды ҒЗТКЖ-ға инвестицияларды ынталандыру үшін, оның ішінде Қазақстанның базалық салаларында 4.0 индустриясын дамыту үшін қолдануды ұсынады. Инвестициялық ынталандырудың қарастырылған құрылымы орта мерзімді перспективада кәсіпорындардың қаржы ағындарына және мемлекеттік бюджеттің кірістеріне оң әсер ететін тау-кен металлургия және мұнай-газ секторындағы ірі жеке және ұлттық корпорациялардың инвестициялар көлемін ұлғайту үшін қолданылуы мүмкін. Автордың тұжырымдары өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрландыру жобаларын қаржыландыру кезінде мемлекеттік уәкілетті органдар мен компания басшыларын қызықтыруы мүмкін.

229-234 666
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстанның цифрлық трансформациясы жағдайында жобаларды басқару мәселелерін қарастыру. Жаһандық дағдарыс мемлекет пен өнеркәсіптік компанияларды басымдықтарға таңдамалы қарауға және нақты нәтижелер көрсеткен табысты жобаларды қолдауға итермелейді. Экономика жоғары мектебі, ЮНЕСКО және Accenture сарапшыларының зерттеулері негізінде цифрлық деректерді басқару жүйесін құрудың маңыздылығы, цифрландыру саласындағы зерттеулердің жаһандық өзектілігі, сондайақ алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларға көшудегі өнеркәсіп пен ғылым арасындағы алшақтық атап өтілді. Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындар озық инновациялық технологияларды енгізу саласында, оның ішінде ҒЗТКЖ нәтижелерін пайдалану бөлігінде өзгеріс кезеңін бастан кешуде. Кәсіпорындар үшін инновациялық жобаларды енгізу ҒЗТКЖ-ға ұқсас, өйткені: 1) қандай да бір шешімнің қолданылуына зерттеу жүргізуді талап етеді; 2) көп жағдайда алғаш рет енгізіледі; 3) бизнес, заңнама, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, экология және т.б. талаптарын ескере отырып пысықтау қажет. Табысты жобаларды кең ауқымды ету үшін Дербес кластерлік қормен жаңа құрал – SIMP платформасы құрылды. SIMP платформасы өнеркәсіптік кәсіпорындармен 5-жылдық табысты жұмыс тәжірибесінің нәтижесі болды. Бүгінде Дербес кластерлік қор өнеркәсіптік кәсіпорындардың Индустрия 4.0-ке өтуін жеделдету арқылы Индустрия 4.0 экожүйесін дамытуға бағытталған. ҚР-да платформалық тәсіл негізінде Индустрия 4.0 экожүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру орта мерзімді перспективада ұлттық экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамытуды, қазақстандық компанияларды жаһандық құндылықтар тізбегіне енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

235-242 446
Аңдатпа

Мақалада 2018–2021 жж. цифрлық қызметтер нарығын дамытудың негізгі тенденциялары талданып, қарастырылды және көрнекі кестелер келтірілген. Мақаланың мақсаты – монополияға қарсы реттеу мен цифрлық нарықтағы бәсекелестікті дамытудың өзекті мәселесін ашу, цифрлық саланың әлемдік жай-күйінің даму қарқынын зерттеу болып табылады. Қазақстандағы, шет елдердегі цифрлық қызметтер нарығының қазіргі жай-күйіне және монополияға қарсы реттеуді дамытуға талдау жүргізу кезінде талдамалық және экономикалық-статистикалық әдістер, сондай-ақ деректерді тиімді іздеу, топтастыру, өңдеу және қорыту үшін ақпарат жинау және абстракциялау әдістері қолданылды. Қазір цифрлық қызметтер нарығы қарқынды дамуда және бүкіл әлемде интернет қолданушыларының белсенді өсуі байқалады. Онлайн-сатып алулар тұрақты түрде өсуде, ал COVID–19 коронавирус пандемиясы оның одан әрі өсуіне ықпал етіп жатыр. Тұтынушылардың, цифрлық нарық ойыншыларының, «жаңадан бастаушылардың» құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, бәсекелестіктің тең және адал жағдайларын қамтамасыз ету үшін көптеген елдердің бәсекелестік органдары қолданатын реттеу тетіктерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Жаңа қатысушылар ірі заманауи конгломераттармен тең бәсекеге түсе алатындай етіп, олардың нақты бизнес-модельдеріне назар аудару және деректерге қол жеткізуді реттеу арқылы цифрлық платформаларды қатаң реттеуді белсенді түрде орнату жүріп жатыр. «Делдалдардың» мінез-құлқына байланысты цифрлық нарықтардағы үстемдікті теріс пайдалану ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілуде. Яғни, монополияға қарсы органдардың міндеті – осы саладағы бәсекелестікті дамыту және ынталандыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

243-248 621
Аңдатпа

Клиентке бағдарланған ұйымның табысының негізгі көзі – бұл өз клиенттерін, олардың қажеттіліктерін анықтау және тұтынушыларға бағытталған стратегияны әзірлеу үшін ақпаратты қолдану. Осыған байланысты ұйымдарда менеджмент құруға қатысты барлық жерде өзгерістер байқалады. Егер бұрын ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қаржылық көрсеткіштер бойынша бағалауға болатын болса, қазір ұйымның зияткерлік әлеуеті бірінші орынға қойылады. Емделушінің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлінің белсендірілуіне байланысты, емделушінің қатысуына көбірек назар аударылып, денсаулық сақтау тақырыбы бойынша зерттеулерде орталық орынға ие бола бастады. Осыған байланысты, бүгінгі жағдайда, бірінші кезекте, емделушілердің қанағаттану дәрежесі медицинада емдеу мен кәсіби көмек көрсетудегі табыстылықтың іргетасы болып табылады. Емделушіге бағдарланған қызмет денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа парадигмасы ретінде әрекет етеді, ол негізгі ауырлықтың пациентке ауысуымен сипатталады. Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласында емделушінің қабылдауы түріндегі пациент пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас – ғылыми зерттеу әдіснамасының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты – емделуші мен дәрігер арасындағы қарым-қатынасты бағалайтын PDRQ–9 сауалнамасының зерттеу нәтижелерін шолу және талдау болып табылады. PDRQ–9 зерттеушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайында пациент пен дәрігер арасындағы қарым-қатынастың терапевтикалық аспектілеріне қысқаша баға береді. Бұл емделуші пен дәрігер арасындағы қарым-қатынасты бақылауды қамтитын ғылыми және практикалық мақсаттар үшін құнды құрал.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 

249-257 621
Аңдатпа

Мақалада кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мүмкіндігі талқыланады және оның мамандарды жоғары сапалы даярлау және еңбек нарығының сұранысына сәйкес одан әрі жұмысқа орналастыру қажеттілігі негізделеді. Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің (МЖС) тетіктерін қолдана отырып, қазіргі заманғы экономика жағдайында техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ), жоғары оқу орындарының (ЖОО) бәсекеге қабілетті түлектерін даярлаудағы жаңа үрдістерді айқындау. Зерттеу әдіснамасы жалпы ғылыми және теориялық зерттеу әдістерін қамтиды. Статистикалық құрал ретінде мәліметтерді кестелік ұсыну әдістері қолданылды. Зерттеудің бірегейлігі – қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес келетін білім беру, ғылыми-зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік, рухани-адамгершілік қызметті жүзеге асыруды көздейтін жас мамандарды даярлаудың жаңа моделін әзірлеу қажеттілігінде. Авторлар Республиканың еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрғысынан ұлттық кадрларды даярлау деңгейі мен сапасына талдау жүргізді. Қазақстанда МЖС тетіктерінің артықшылықтары олардың біліктілігін арттыру, жұмысқа орналастыру және қайта оқытуда екені анықталды. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық стандарттар мен озық технологияларға сәйкес Қазақстандағы МЖС сарапшыларының кәсіби құзыреттерін бағалау және сертификаттау жүйесін әзірлеу» АП08957434 гранттық жобасы шеңберінде әзірленді.

258-263 387
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – GUESSS жобасының нәтижелерін студенттердің мансаптық жоспарларын құру тұрғысынан бағалау. GUESSS жобасы бүкіл әлемдегі студенттердің кәсіпкерлік рухын зерттейді және әлемнің 54 елін қамтиды. Жоба материалдары әлемдегі жетекші журналдарда ғылыми жұмыстар мен жарияланымдарды орындау үшін қолданылады. Кәсіпкерлік – оқу процесінің маңызды бөлігіне айналды. Студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту қазіргі кезеңде үлкен маңызға ие. ЭЫДҰ елдері GUESSS сияқты жобалар негізінде жастардың кәсіпкерлік бағдарламаларын ескереді және дамытады. Еңбек нарығының қазіргі тенденциялары жаһандық бәсекелестік ортада «жақсы төленетін» жұмыс орындарының утопиялық модельдерін жойып жатыр. Цифрландыру, ақылды қалалар экономикасы, тұрақты даму және ортақ тұтыну, денсаулық сақтау, бөлшек сауда, бұқаралық коммуникация және туризм саласындағы жаңа тенденциялар жеке кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Әр түрлі елдердің студенттерінің мансаптық талғамдарын зерттеу барысында қазіргі жастарға тән жалпы тенденцияларды қарастыруға болады. Мақалада ЖІӨ, демографиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамалары жағынан өте ерекшеленетін бес түрлі елдің мансаптық талғамдары бағаланады. Университетті бітіргеннен кейін бірден және мансаптық тәжірибе алғаннан соң бес жылдан кейін студенттердің мансаптық қалауларының өзгеруіне бағалау жүргізілді.

264-271 499
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – білім беру саласындағы негізгі проблемаларды ашу және цифрландыру мүмкіндіктерін анықтау. Бүгінгі күнгі әлемдегі экономикалық даму кезеңі цифрлық экономика деп аталады. Негізінен, цифрландыру адам өмірінің барша салаларына өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл мақалада қазіргі уақыттағы білім беру саласының цифрландыру үрдісіне бағытталуы зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі постиндустриалды кезеңнің негіздері мен құндылықтарына бағытталған қазіргі қоғам өміріндегі білімнің ерекше маңыздылығымен анықталады. Білім беру жүйесінің жетістігі адам әлеуетінің деңгейіне, адамдардың табиғи және әлеуметтік мәселелерді шешуге дайындығына үлкен әсер етеді. Мемлекеттік білім беруді жақсарту барысында жыл сайын инновациялық технологиялық процестер маңызды рөл атқарады, оларды енгізу білім беруді жаңғырту мен дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар болашақ мамандарды даярлау сапасын арттырады және білім беруді ғылыммен жақындастырады. Сонымен бірге, мұндай технологиялық процестер білім беру қызметіне қатысты қолданыстағы тәсілдерді қайта қарауға, сондай-ақ олардың қоғамға және жеке қоғамдық топтарға әсерін талдауға арналған. Осыған байланысты білім беруді цифрландыру міндеттерін және оның әлеуметтік нәтижелерін зерделеу – академиялық зерттеулердің өте маңызды бағыты болып табылады.

272-277 1942
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – ақпараттандыру мен цифрландыру жағдайында жоғары білім беруді трансформациялау мәселесін қарастыру. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларына цифрлық технологиялардың белсенді енуімен байланысты. Іскерлік орта және әлем елдерінің үкіметтері, соның ішінде Қазақстан, жаңа әлемдік экономиканың қалыптасып келе жатқан цифрлық кеңістігінде бәсекелестік позицияға қол жеткізу мақсатында цифрландыру және экономиканы цифрлық трансформациялау үдерістерін жеделдету қажеттігін түсінді. Экономикадағы, қоғамдағы және білім берудегі үдерістер мен технологиялардың цифрлық трансформациясы – бұл орын алған факт. Жаңа шындық өмірдің барлық салаларын сөзсіз қамтып жатыр, жеке құпиялылықты өткеннің елесіне айналдыруда, адамдар арасындағы мәртебелерді, ше каралар мен қашықтықтарды толығымен бұзады, уақытты «қысады», оқуға, жұмысқа, демалысқа керек кезкелген ақпаратты қол жетімді етеді. Цифрландыру – білім алуға қолжетімділікке, әкімшілендіру мен басқаруды оңтайландыруға, білім беру мазмұнын жақсартуға жағдай жасайды. Оның үстіне, цифрландыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы факторына айналуда. Қажетті құзыреттіліктер көбінесе білім беру мекемелерінің қабырғасынан тыс жерлерде алынады, өйткені білім беру бағдарламалары көбінесе технологияның қарқынына үлгере алмайды. Оқытушы білім мен дағдыларды тасымалдаушыдан, белгілі бір білім базаларында бейімделуге көмектесетін бағыттаушыға айналады. Мұның бәрі осындай үдерісті зерттеуге, көрсетілген өзгерістерді жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге талдамалы әдісті қажет етеді. Бұл зерттеуде қазақстандық жоғары білім беру жүйесін үнемі реформалаумен байланысты өзекті мәселелер қозғалады.

ЕСТЕЛІК ҚҮНДЕР МЕН ОҚИҒАЛАР 



ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)