Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА

11-23 599
Аңдатпа

Аудит экономикалық субъектінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің элементі болып табылады, бухгалтерлік есеп құрылымы мен функцияларының күрделілігін ескере отырып, оның ақпараттық тәуекелдерін азайтады. Мақалада COBIT және ITIL сияқты арнайы халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, IТ-аудит (IТ-ақпараттық технология) жүргізудің шетелдік тәжірибесі қарастырылады, Қазақстандағы IТ-аудиттің рөлі мен даму бағытына сипаттама беріледі. IТ-аудитті апараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту мерзімдері, оның қажеттілігін негіздеу және АЖ мониторингінің бірыңғай басқару жүйесін құру туралы сұрақтарға жауап береді. Пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен технологиялардың бизнестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, АЖ мен бизнестің орны мен арақатынасы, инвестицияларды оңтайландыру жолдары, ҚР аудит жүйесін халықаралық тәжірибеге бейімдеу мәселелері қаралды. Зерттеу аясында IТ-ны оңтайлы басқаруға талдау жасалды, қолданыстағы АЖ-ны зерттеудің алдын-ала кезеңі ретінде IТ-аудиттің негізгі түрлері мен формалары қарастырылды.

24-35 560
Аңдатпа

Азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі адамдардың өмір сүруіне қажетті әлеуметтікэко номикалық факторларға тікелей әсер етеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы өзекті мәселелерге ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, оны дамытудың және тиімді ұйымдастырудың негізгі тетіктерін ұсыну. Еліміздегі өңдеуші кәсіпорындардың дамуының қазіргі жай-күйін талдау мақсатында статистикалық-экономикалық, талдамалық, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Алынған нәтижені қорытындылау мақсатында талдау, жүйелеу, монографиялық, тәсілдер қолданылды. Мақалада Қазақстанның 2016–2022 жж. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, 2016–2022 жж. әлеуметтік маңызы бар өнім түрлеріне баға талдауы жүргізілді. Жан басына шаққандағы өнім өндіру көлемі мен жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну нормасы арасындағы айырмашылықтар зерттелді. Сонымен қатар, алдағы жылдардағы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешудің мүмкін жолдары қарастырылды. Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерімен толықтай қамтамасыз ету үшін өңірлердің мамандану деңгейін ескере отырып, мемлекеттің қолдауымен қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын нығайту маңызды. Бұл ұсыныс елімізде бір мезгілде бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді: өнім сапасын арттырып, баға тұрақтылығын қалыптастырудағы бірегей құрал, ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттырып, экспорттық әлеуетті ұлғайтады, ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көзін қалыптастырады, фермерлер мен шағын шаруашылықтар үшін делдалдарсыз, өнімдерін тиімді бағада өткізудің тиімді әдісі, ауыл шаруашылығы мамандары үшін ғылым мен өндірісті байланыстырудың жоғары мүмкіндігі.

36-48 1165
Аңдатпа

Жұмыспен қамтудың негізгі тенденциялары экономикадағы құрылымдық өзгерістердің әсерінен қа-лыптасады. Осы мақаланың мақсаты республиканың жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы өзгерістерге байланысты жұмыспен қамтудың динамикасы мен құрылымын зерделеу арқылы соңғы 10 жылдағы экономиканың трансформациясы жағдайында Қазақстанның еңбек нарығының даму үрдістерін айқындау болып табылады. Зерттеудің негізгі әдістері жалпылау, салыстыру, экономикалық-статистикалық (көлденең және тік) және корреляциялық талдау. Зерттеудің статистикалық базасын Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2011, 2016 және 2021 жылдардағы экономикалық қызмет түрлері бөлінісіндегі жұмыспен қамту және жалпы ішкі өнім көрсеткіштері құр а-ды. Зерттеу барысында еңбек нарығындағы тенденциялар мен экономика құрылымындағы өзгерістер ара-сында тікелей статистикалық тәуелділік болуы айқын (көрнекті) екендігі анықталды. Қазақстанның еңбек нарығының даму тенденциялары экономика құрылымының өзгеру және трансформация үрдістеріне байл а-нысты екендігі анықталды. 2011–2021 жж. аралығында ел экономикасы трансформацияланды, атап айтқанда үшінші сектордың үлесі ұлғайды. Дәл осындай үрдіс еңбек нарығынан да байқалады. Осылайша, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар елдің ЖІӨ-нің үштен бірін құрайды. Бұл ретте осы салалардағы жұмыспен қамтылғандар саны жалпы мемлекет бойынша жұмыспен қамтылғандар санының төрттен бірін құрайды. Бұл секторлар тау-кен өнеркәсібімен қатар еңбек өнімділігінің ең жоғары көрсеткіштерін қамтиды. Жұмыспен қамтылған қазақстандықтар тарапынан қызмет көрсету саласына деген қызығушылық артып келеді, ал ауыл, орман және балық шаруашылығына деген қызығушылық төмендеуде. Зерттеу нәтижелері тиімді еңбек және жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудың ғылыми негіздемесі бола алады.

49-62 1545
Аңдатпа

Қазіргі уақытта бухгалтерлердің IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірудің жаңа бағыттарын анықтайтын бағдарламалық өнімдер бухгалтерлік жүйеде кеңінен қолданылады. Компаниялардың қаржылық ақпаратын талдау үшін қажет жаңа технологияларды зерттеу өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллектке негізделген бухгалтерлік есепте қолданылатын заманауи технологияларды зерттеу. Ғылыми мақалада жасанды интеллект ұғымы және оны бухгалтерлік есепте қолдануы тереңдетілген; есепте жаңа технологияларды қолданудың негізгі тетіктері қарастырылған; бухгалтер мамандығының даму перспективалары анықталған. Бұл зерттеуде бухгалтерлік операцияларды есепке алудағы заманауи ақпараттық-аналитикалық мәселелер зерттелді. Ғылыми мақаланы жазу кезінде әртүрлі әдістер қолданылды, атап айтқанда жүйелеу және салыстыру. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі мен құндылығы бухгалтерлік есепті автоматтандырудың заманауи тенденцияларын анықтау болып табылады. Зерттеудің жаңалығы бухгалтерлік есепті автоматтандыруды көбірек қолдану және бухгалтерлік бағдарламалық өнімдерді қолданудың негізгі мүмкіндіктері мен жағымсыз жақтарын зерттеу аясында бухгалтер мамандығы қызметінің бағыттарын дамыту перспективаларымен анықталады. Жүргізілген зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жетілдірілген және автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізу саласындағы шешімдерді әзірлеумен сипатталады. Қорытындыда бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері анықталып, жасанды интеллектті пайдаланудың оң жақтары атап өтілді.

63-75 779
Аңдатпа

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі, ең алдымен, азық-түлік нарығы мен оны қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеті болып табылатын дағдарыс пен белгісіздік жағдайында қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасы мен деңгейін қозғайды. Дәл COVID-19 жағдайында ішкі нарықтың және ең алдымен азық-түлік нарығының әлсіз жақтары анықталды. 2022 ж. тенденцияларға сүйене отырып, әлемдік нарық азық-түлікті, соның ішінде экологиялық таза және пайдалы тағамдарды жеткізуді қажет етеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, біздің еліміз аграрлық ел болып табылады және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру және өңдеу үшін жаңартылатын ресурстарға ие. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мемлекеттік азық-түлік жүйесін нығайтуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін негіз құруға және басқа елдерге, әсіресе логистика жолға қойылған шекара маңындағы мемлекеттерге азық-түліктің экспорттық жеткізілімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Пандемия кезінде 2020 жылдың сәуірінде әлемнің барлық елдеріндегі көптеген өнеркәсіптік кешендердің тоқтап қалуына байланысты мұнай бағасының рекордтық төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, азық-түлікке деген қажеттілік өсті. Әлемдегі шиеленісті геосаяси жағдай, Ресейге қатаң санкциялар енгізу, Ресейдің азық-түлік тауарларын экспорттауына тыйым салу дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар Еуропалық Одақ елдерінде де азық-түлік тапшылығы мен азық-түлік инфляциясының күрт өсуіне әкелді. Белгісіздік пен тәуекелдер жағдайында қоғамды жеткілікті өмір сүру деңгейін ұстап тұру және ел халқының өмір сүру сапасын үнемі жақсарту үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мемлекет үшін басымдық болып табылады.

76-89 539
Аңдатпа

Жалпы алғанда, экономикалық қауіпсіздік халықтың қажеттіліктерін ұлттық экономика сипатында сапалы қанағаттандыруды білдіреді. Бүгінгі таңда басым мәселелердің бірі азық-түлік қауіпсіздігі деп атауға болады. Халықты азық-түлікпен толық қамту, оның өмірлік кезеңдегі белсенділігін анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің саяси тәуелсіздігін көрсетеді. Сондықтан, егер бірде-бір мемлекет өз халқының азық-түлік қауіпсіздігін сапалы толық қамтамасыз етуге ұмтылмаса, қауіпсіздіктің басқа да мәселелері, яғни саяси, экономикалық, ұлттық қауіпсіздік туралы айтуға болмайды. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздік мәселесі халықтың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарттары болып табылады. Осы тұрғыда мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін қамтуда, азық-түлікпен қамтамасыз ету көрсеткіштерін арттыруға, халықтың азық-түлік тауарларына шығындарын азайтуға және тұтынушыларды қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоспарларды жүзеге асыруда. Бұл мақалада әлемде болған пандемияның еліміздің экономикалық және азық-түлік қауіпсіздік жағдайына әсер ететін факторлары талданады. Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері Қазақстан Республикасына айтарлықтай деңгейде әсерін тигізді. Осы қауіпсіздіктердің кез-келгені мемлекет пен бизнеске байланысты тиісті тұжырымдамалық ұсыныстарды түбегейлі талдауды және іс-шаралар әзірлеуді талап ететіндігін атап өткен жөн. Сол себепті мақаланың мақсаты экономикалық және азық-түлік қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылау және қо-рытындылар жасау болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайын, жай-күйін зерттеу негізінде жүйелік бағытқа бағытталған экономикалық, аналитикалық, статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеудің қорытындылары елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы мақсатында, пандемиямен күресу бағытындағы іс-шараларда қолданылуы мүмкін.

90-103 874
Аңдатпа

Ауыл шаруашылығын табысты жүргізуге қолайлы жағдайлардың болуына қарамастан, ауыл тұрғында-рының республиканың ірі қалаларына көші-қонының жалғасып жатқан үдерісінің қарқыны қысқарған жоқ. Мақала тақырыбының өзектілігі Қазақстанда қалыптасқан осы парадокстың себептерін анықтап, оларды жою үшін қажетті шаралар кешенін жасау қажеттілігімен түсіндіріледі. Бұл мәселенің өткірлігін ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралардың іске асырылу дең-гейінің жеткіліксіздігі күшейтеді. Зерттеудің мақсаты – ауылдық елді мекендердің демографиялық жағ-дайына әсер ететін экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейінің көрсеткіштерін талдау. Зерттеу әдістемесінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын сипаттай-тын көрсеткіштерді зерттеуге және ауыл экономикасын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың тиімділі-гін бағалауға жүйелі тәсіл қолданылады. Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында қа жетті мемлекеттік шараларды қабылдау мақсатында Қазақстандағы ауылдық елді мекендердің қазіргі жағ дайын талдау мәселелері қарастырылған. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағ дарламаларын талдау ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуында туындайтын мәсе-лелердің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды арттыруға, ауылдардағы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырудың инновациялық әдістерін қолдану арқылы ауылды дамытудағы мәселелерді шешудің жаңа жолдарын әзірлеу ұсынылады.

104-115 381
Аңдатпа

Мақалада «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-ның 2017–2021 жж. аралығындағы бухаралық есеп беру материалдары негізінде ауыл шаруашылығы субъектілерін қаржыландыратын даму институты ретіндегі қызметі талданды. Корпорацияның өзінің қаржылық жағдайына жеткілікті егжей-тегжейлі бағалау жүргізілді. Қаржылық және операциялық көрсеткіштер динамикада зерттелді, корпорацияның активтері, міндеттемелері мен капиталындағы өзгерістер, сонымен қатар корпорация қызметінің түпкілікті қаржылық нәтижелері қа-рас тырылған. Корпорацияның кірістері мен шығыстарының өзгерістері зерттелді және бағаланды, бұл оның қызметінің тиімділік деңгейін негіздеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ROA активтерін пайдалану тиім ділігінің көрсеткіштері және меншікті капиталды пайдалану тиімділігінің ROE көрсеткіші есептелді, олар жоғары мәндермен сипатталды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кредиттік ресурстарға қол-жетімділігін кеңейту үшін АӨК іс жүзінде негізінен тікелей кредиттеуді және басқа қаржы институттарына қаражат беруді пайдаланатыны атап өтілді. Қарыз алу көлемі динамикалық түрде қарастырылып, олардың саладағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру көлемін арттырудағы маңыздылығы көрсетілген. Мұндай қарыз алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге жыл сайын АӨК субъектілерін кейіннен несиелеу үшін басқа қарж ы институттарынан несие беретін корпорацияның негізгі кредиторын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл атал-ған корпорацияның ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі қаржы институты қызметін атқара беретінін көрсетеді.

116-129 310
Аңдатпа

Қазақстан Республикасының аграрлық секторы ел экономикасының маңызды саласы ретінде халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етететін ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда аграрлық секторда орын алған күрделі мәселелер көп. Ауылды аймақтардағы тұрғылықты халық қалаларға көшуге ынталы. Оған бірден-бір себеп, ауыл халқының өмір сүру сапасының және ауылды жерлердегі инфрақұрылымның төмендігі, ауыл жастары тарапынан аграрлық сектордағы еңбек нарығының қатысушысы болуға деген төменгі деңгейдегі қызығушылық, ауылды аймақтардағы кадрлардың еңбекақы деңгейі мәселесі және т.с.с. Аталған құрылымдық проблемалар аграрлық сектордың ел экономикасына қатысты қайтарымдылық көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соқты. Өз кезегінде аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттырудың бірден бір жолы ауылды аймақтардағы кадрлар әлеуетін арттыруға бағытталған мақсатты іс-шараларды жүзеге асыру қажет деп есептейміз. Технологиялық прогресс дәуірінде өмір сүргенімізге қарамастан, еңбек нарығының негізгі элементі еңбек ресурстары болып табылады.Мақаланың мақсаты – аграрлық сектордағы кадрлар әлеуетіне гендерлік тұрғыдан баға беру болып табылады. Еңбек нарығындағы кадрлар әлеуетінің құрлымына назар салатын болсақ, ауылды аймақтардағы өндірістердің басым бөлігінде ер азаматтары жұмыс істеуде. Оған себеп – ауыл шаруашылығының өндірістік саласының спецификалық ерекшеліктері (жұмыс процесінің жоғары еңбек сыйымдылығы, нормаланбаған жұмыс кестелері және т.б). Алайда, қазіргі таңда аграрлық сектордағы өнідірістік кәсіпорындардың басқарушылық персоналы ретінде немесе тікелей аграрлық өнімді өндірумен байланысты емес қызмет түрлерімен айналысатын әйелдер санының төменгі тенденциясы да байқалуда.

130-144 840
Аңдатпа

Гендерлік теңсіздікке қарсы күреске қарамастан, бұл мәселе өтпелі экономикасы бар елдерде әлі де өзекті болып табылады және одан әрі күш салуды талап етеді. Адамдардың санасында қалыптасқан дәстүрлі гендерлік стереотиптер барлық салалардағы гендерлік теңдікке кедергі келтіреді. Сонымен бірге, гендерлік біржақтылықтың экономика мен қоғам үшін салдары жеткілікті зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – Орталық Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі ерлер мен әйелдер арасындағы міндеттердің дәстүрлі бөлінуіне қатысты гендерлік стереотиптерді салыстыру. Еуропалық қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development) Дүниежүзілік банкпен (World Bank) бірлесіп жүргізген «Өтпелі кезеңдегі өмір сауалнамасы» (Life in Transition Survey) жобасы бойынша қайталама ақпараттың регрессиялық-корреляциялық талдауының нәтижелерімен расталған екі гипотеза ұсынылды. Зерттеу нәтижелері гендерлік теңсіздік бойынша зерттеулер пулына ықпал етеді және трансформациялық экономикасы бар мемлекеттерде әлеуметтік саясатты түзету бойынша ұсыныстар әзірлейді. Зерттеу әдіснамасы жалпы ғылыми әдістерді (позитивті және нормативтік тәсілдер) және қолданбалы әдістерді (сандық талдау) қамтиды. Орталық Азиядан үш мың төрт жүз бес (3405) респонденттің және Орталық Еуропадан үш мың төрт жүз алпыс төрт (3464) респонденттің жауаптары негізінде айнымалылар арасындағы корреляцияны бағалау үшін статистикалық процестер жиынтығын пайдалана отырып, регрессиялық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері Орталық Еуропадағы әйел респонденттердің Орталық Азиядан келген қатысушыларға қарағанда гендерлік стереотиптері әлсіз екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері Орталық Азиядағы жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз ету, осал жұмыспен қамтуды азайту және лайықты жұмыс мүмкіндіктерін жақсарту мәселелеріне ықпал етеді.

ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

145-156 650
Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі халықаралық туристік ағындар көлемінің тұрақты ұлғаюы жағдайында жастардың рөлі мен маңыздылығын қайта қарастыру қажеттілігімен анықталады; туристік бизнестің инновациялық ны-сандарын қалыптастыру қажеттілігі; қазақстандық туристік кәсіпорындардың бизнес үлгілерінің жұмыс істеу тиімділігін анықтайтын зерттеулердің жеткіліксіздігі. Зерттеудің мақсаты – туроператорлар мен турагенттердің ағымдағы бизнес-модельдерінің жұмыс істеу проблемаларын анықтау, сондай-ақ Қазақстандағы жастар туризмінің даму үрдістерін зерделеу. Жалпы ғылыми әдістер, соның ішінде сипаттамалық әдіс, талдау, сараптамалық сауалнама, жалпылау және құрылымдау әдістері қолданылды. Мақалада қазақстандық туризм секторында, оның ішінде жастар туризмі саласындағы қызметтерді іске асыру шеңберінде қолдануға неғұрлым жақын бизнес-модельдер анықталды; елдің туристік нарығындағы бизнес-модельдердің та-бысты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлар, сондай-ақ жастар туризмін дамытуға бөгет болатын кедергілер айқындалды. Сондай-ақ, жастар туризмінің перспективалық бағыттары мен бизнес-модельдердің инновациялық нысандары ұсынылды: B2B стартаптар; туризмнің тауашалық түрлерін дамыту; краудфандинг және краудсорсинг; үлестік меншік; интеграциялық модель; әлеуметтік желілер арқылы турларды сату; теңшелген өнімдерді әзірлеуге мамандандыру. Бұл зерттеу туроператорларға, турагенттерге, орналастыру және тамақтану объектілеріне, сондай-ақ олардың қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру үшін жас-тар туризмін дамытуға мүдделі басқа ұйымдарға пайдалы болуы мүмкін.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ

157-171 1082
Аңдатпа

«Тұрақты даму» концепциясының қабылдануы тұрақты мақсаттарға жету жолдарын іздестіру, экономикалық қатынастарды қайта құру бағыттарын анықтау, «жасыл экономика» және «жасыл қаржы» атты жаңа терминдердің пайда болуына әкелді. «Жасыл» экономикаға және «жасыл» қаржыландыруға көшу арқылы Қазақстан Үкіметі маңызды міндет – жаңа қаржы жүйесін дамытуды жүзеге асыра алады. Сондайақ жасыл жобаларды қаржыландыру қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік береді. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – бүгінгі таңда Қа зақс танның «жасыл» экономикасын қаржыландыру үшін инвестиция көздерін анықтау. Қазақстандағы жасыл қаржының ағымдағы жай-күйін бағалау және жасыл қаржының дамуындағы проблемаларды анық-тау үшін зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, деректерді статистикалық, себеп-салдарлық және салыстыр-малы талдаудың сандық әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның “жасыл” экономикаға көшу тұжырымдамасында тиісті Инвестициялар жылына шамамен 3–4 миллиард долларға немесе ЖІӨ-нің шамамен 1%-на бағаланатынын көрсетеді. Сондай-ақ, жасыл жобалар Ақмола, Атырау, Қостанай, Жамбыл облыстарында белсенді дамып келеді. Зерттеу нәтижелері экономиканың «жасыл» трансформациясы жауап-ты инвестиция (PRI) қағидаттарын жүзеге асырмайынша мүмкін емес екенін көрсетті. Зерттеудің нәтижел ері мен ұсыныстары жасыл қаржыландыру индустриясымен айналысатын кәсіпкерлер мен бизнес субъектілер іне немесе Қазақстандағы жасыл инфрақұрылымды дамытуға жауапты мемлекеттік органдарға пайдалы болады.

172-183 573
Аңдатпа

Соңғы уақытта ESG рейтингтері өзектілігін арттыруда. Олар компанияның өз қызметіндегі экология-лық, әлеуметтік және басқару факторларына қаншалықты назар аударатынын және оның қандай тәуекелдерге ұшырайтынын бақылауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі болып табылады. ESG environmental, social, governance, яғни экологиялық ортаны, әлеуметтік саясатты және басқаруды көздейтіндіктен, бұл ком-поненттер экономиканың әрбір субъектісінің қызметіне қатысты және олардың қызметінің тиімділігін және олар жүргізетін саясаттың нәтижелерін бағалау кезінде іргелі ретінде қарастырылуы керек. Көпшілік ESG факторлары және оларды енгізу тек ресурстарды пайдалану мен өндіріспен айналысатын экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға қатысты деп қателеседі. Алайда, іс жүзінде бұл критерийлерді экономиканың барлық субъектілері, соның ішінде қаржы институттары мен бірінші кезекте банктер тұ-рақты даму мақсатында енгізуі керек. Қарыз алушы клиенттерге қатысты банктер ESG рейтингтерін клиенттің несиелік қабілеттілігіне қосымша талдау ретінде қолдана алады. Осы рейтингтердің арқасында банктер бизнестің қоршаған ортаны қорғауды күшейтуіне ықпал етеді. Егер компания ауаны белсенді түрде ластаса немесе қалдықтарды шығарса, әлеуметтік және корпоративтік нормаларды сақтамаса және оның ESG рейтингі төмен болса, онда банктен несие алуы қиынырақ болады. Сол сияқты, ESG рейтингі төмен компаниялардың қызметін қаржыландыратын банктер ESG рейтингінің төмен деңгейін өздері алу қаупін тудырады, бұл банктің имиджіне және оның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, содан кейін депозиттердің кетуі және банкроттық тәуекелінің жоғарылауы пайда болады. Мақалада ESG рейтингін әртүрлі әдістермен бағалау жүргізіліп, көрсеткіштерді стандарттау және ESG рейтингінің көрсеткіштерін әмбебаптандыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

184-195 310
Аңдатпа

Әлемде COVID-19 коронавирусының таралуынан туындаған дағдарыс адамзат қызметінің барлық салаларында, соның ішінде азық-түлік өндірісі мен ауыл шаруашылығы саласында жаһандық өзгерістерге әкелді. Берілген мақалада COVID-19 коронавирус пандемиясының ШҚО-ның аграрлық өнеркәсібі кәсі-порындарының даму деңгейіне жасаған ықпалы зерттеуге салынды. Ағымдағы жылдың соңғы 11–12 ай көр-сеткіштері өткен жылдың сәйкес мерзімдегі көрсеткіштерімен салыстырылғандағы ауыл шаруашылық өнім-дерінің негізгі түрлерін натуралдық және ақшалай түрде өңдіру көлемдерінің өзгеру деңгейіне ерекше назар аударылды. Коронадағдарыстың аграрлық салаға жасаған ықпалы, оның белгілі бір мөлшердегі төмендеуіне әкелгені анықталды, алайда бұл ықпал шамамен төмен болып, тіпті кейбір өнім түрлері бойынша даму, жақсару нәтижелері де байқалғанын атап көрсету керек. Азық-түлік бағасының жоғарылауы байқалады, оның себебі кәсіпорындардың шығындарының өсуі, тұтынушылардың қалауының өзгеруіне және азық-түлік сатып алу психологиясына байланысты тұтыну нарығында болған өзгерістер. Мақалада, сонымен қатар, аграрлық өнеркәсібінің инновациялық әлеуетін және цифрлық технологияларды пайдалануға қатысты дағдарыс кезінде пайда болған жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, оларды қолданудың болжамдық бағасы берілді.

196-211 400
Аңдатпа

Мақалада ел экономикасындағы агроөнеркәсіптік кешеннің экономикалық тиімділігін бағалау моделі қарастырылады. Зерттеу саланың экономикалық тиімділігін бағалау теориясына негізделген. Саланы дамы-тудың сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау жүйесін, әдістерін қамтиды. Авторлар Қазақстан Рес-публикасының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын талдай отырып, экономикалық-математикалық құрал-дарды қолдана отырып, тұтастай алғанда саланың елдің экономикалық дамуына әсерін бағалады. Авторлар бөлінген мемлекеттік қаражаттың агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға әсерін бағалады. Зерттеу нәтижелері агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұтастай алғанда мемлекет экономикасының дамуына тікелей үздіксіз әсер ете алатындығын көрсетті. Зерттеу нәтижесі Қазақстандағы және шетелдегі барлық салалар бойынша мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бағалау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл зерттеудің негізгі үлесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың экономикалық тиімділігін бағалау үшін экономикалық-математикалық құралдарды әзірлеу болып табылады.

212-226 427
Аңдатпа

ЖЖОКБҰ бәсекеге қабілеттілігі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мақала цифрлық марке-тинг құралдарының негізінде ЖЖОКБҰ-ның бәсекеге қабілеттілігін бағалау мүмкіндігін анықтауға бағытт ал-ған. Зерттеуде ұсынылған нәтижелер мен құралдар Қазақстан нарығында қызмет көрсететін ұйымдардың басқа түрлерін бағалау үшін негіз бола алады. Авторлар цифрлық маркетингте қолданылатын талдау құралдарын пайдаланды: Google Trends, Wordstat.yandex, Similarweb, LiveDune және Popsters платформалары, сондай-ақ сайт трафигін, бет белсенділігін және басқа құралдарды талдау. Зерттеу нәтижесінде іздеу сұраныстары бойынша ең танымал университет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ екені анықталды. 2022 ж. гранттық оқуға түс-кендердің саны мен Google іздеу рейтингтерінің саны арасында өте мықты байланыс анықталды, сонымен қатар YouTube жазылушыларының саны мен QS WUP аймақтық рейтингінің көрсеткіштері арасында берік байланыс айқындалды. Бұл мақаланың құндылығы цифрлық маркетинг қызметінің белсенділігін талдау және QS WUP, WEBOMETRICS және IQAA рейтингтік ұйымдарында ұсынылған бәсекеге қабілеттілік көр-сеткіштерімен корреляциялық талдаудың заманауи құралдарын пайдалану болып табылады.

227-239 503
Аңдатпа

Дүние жүзіндегі электрондық коммерция көлемінің бұрын-соңды болмаған өсуімен қатар, жаһандық электрондық коммерция компанияларының дамушы елдерге, соның ішінде Қазақстанға енуі мемлекетіміз-дегі электрондық коммерцияны дамытуды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Бұл аспектіде мұндай саясатты нарықтағы сұраныс пен ұсынысты талдауды, оның даму үрдістерін, тұтынушылардың қалауы мен әдеттерін талдауды және электрондық коммерцияны дамыту тәжірибесіндегі аймақтық айырмашылықтарды анықтауды көрсететін аналитикалық қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Мақаланың мақсаты – электрондық коммерция нарығын оның жеткізушілері, делдалдары мен тұтыну-шы лары кескінінде сандық және сапалық талдау негізінде бөлшек сауда сегментінде электрондық коммерц ия нарығының даму үрдістерін анықтау болып табылады. Зерттеу әдістемесі жалпылау, жүйелеу, салыстыру, статистикалық және құрылымдық талдау әдістерін пайдалана отырып, электрондық коммерция нарығының даму үрдістерін зерттеуге жүйелі көзқарасты қолдануды көздейді. Зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы ҚР 2025 жылға дейінгі мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Электрондық коммерцияны дамытудың жол картасының» ережелеріне сәйкес елдің экономикалық өсу драйвері деп аталатын Қазақстандағы электрондық коммерция нарығының басым дамуымен байланысты. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы «Қазақ-стандағы электрондық коммерция нарығының институционалдық ортасын қалыптастыру, оны бағалау және даму тетігін әзірлеу (ЖТН AP14871419)» аясында дайындалған.

240-253 544
Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық әрі технологиялық секторды дамыту мақсатында, техноло-гиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Техно-кәсіптікті дамыту жаңа білімді жаңа технологияларға, өнімдер мен қызметтерге айналдыратын тиімді ұлттық инновациялық жүйенің болуын білдіреді. Инновациялық өнім көлемі төмендеп бара жатыр, негізгі себептердің бірі ғылымның өндіріспен байланысының болмауы болып табылады. Инновациялық кәсіпкер-лік төмен денгейінде дамыған, сондықтан технологиялық кәсіпкерліктің дамуы да нашарлайды. Инновация-лық пассивтілік 89,5% құрайды, бұл ішкі және сыртқы факторлардың нәтижесі. Ғылыми ортада зерттеулер-дің көпшілігі сыртқы факторларға назар аударады, бірақ бұл зерттеуде авторлар ішкі факторларды (жеке тәжірибе мен мәдени ерекшеліктер) терең зерттеудің маңыздылығына назар аударуды ұсынады. Ғылыми мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасында технологиялық кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен перспективаларын анықтау. Зерттеуді жүргізу үшін авторлар Қазақстан Республикасы Стратегиялық жос-парлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне негізделген сипаттамалық статистика әдісін пайдаланды. Авторлар деректерді талдаудың, негізгі статистиканы талдаудың және логика-лық талдаудың негізгі статистикалық рәсімдерін қолданды. Авторлар атап өткен Қазақстан Республикасын-дағы технологиялық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі аспектілері инновациялық байланыстардың дамуы, білім экономикасы және жоғары технологиялық өндіріс болып табылады. Осылайша, мақалада технологиялық кә-сіпкерлікті дамытудың негізгі аспектілеріне тежеуіш ретінде әсер ететін факторларды талдайды және оларды барынша азайтуға ықпал ететін бірқатар ұсынымдарды ұсынады.

254-266 366
Аңдатпа

Мақалада зерттеудің мақсаты кәсіпорынның даму стратегиясын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін қа-растыру болып табылады (Павлодар облысындағы жиһаз өндірісі мысалында). Атап айтқанда, зерттеудің мақсаты кеңістіктік модельді (SPACE модельді) және ішкі және сыртқы орта факторларын ескере отырып, сараптамалық бағалау әдісін пайдалануға негізделген кәсіпорынның бәсекелестік ұстанымдарын бағалау болып табылады. Кәсіпорынның даму стратегиясын қалыптастыру тәсілдері стратегияны қалыптастыру әдіс-терін және оларды қолдану нәтижелерін анықтауды қамтиды. Зерттеуде бастапқы деректерді алу барысында сауалнама негізіндегі сандық және сапалық зерттеу әдістерін қамтитын сараптамалық бағалау әдісі қол-данылған. Бастапқы деректер алты балдық шкала бойынша бекітілген сұрақтардан тұратын сауалнама арқылы жиналды, сыртқы орта параметрлері мен ішкі орта жағдайын ескере отырып, кәсіпорын үшін ең оңтайлы – даму стратегиясының түрін анықтауға мүмкіндік беретін SPACE моделі пайдаланылған. Авторлар қарқынды өсудің мынадай стратегияларын ұсынады: 1) нарық шекарасын кеңейту стратегиясы; 2) нарыққа терең ену стратегиясы.

267-278 501
Аңдатпа

Цифрлық экономиканың өсуімен электрондық логистика деп аталатын логистиканың жаңа түрі дүн ие-жүзілік логистикалық бизнесте міндетті тетік ретінде пайда болды. Сондықтан бұл тақырып бүкіл әлемдегі ғалымдар мен бизнес ортасының өкілдері арасында өзекті болып отыр. Зерттеу идеясы логистикалық орталықтарды трансформациялау бойынша әдебиеттерді талдауға негізделген. Бұл зерттеудің мақсаты-әдебиеттегі ең өзекті бағыттар мен олқылықтарды анықтау арқылы цифрлық логистикалық орталықтар тақырыбындағы заманауи әдебиеттерді сандық бағалау. Зерттеу әдістемесі Scopus деректер базасындағы ма қалаларды пайдалана отырып, библиометриялық талдауға негізделген. Жалпы, VOSviewer бағдарламасы арқылы 2019–2023 жж. аралығындағы 127 ғылыми жұмыс талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Covid-19 пандемиясынан кейін көптеген технологиялық цифрлық шешімдер пайда болды және пандемия әртүрлі ұйымдардың цифрлық технологияларды белсенді қолдануына түрткі болды. Ең өнімді елдер Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Германия және Италия болды. Зерттеу барысында келесі өлшемдер бағаланды: үздік баспагер елдер, келтірілген дәйексөз саны ең көп авторлар, кеңінен зерттелген салалар, зерттеу кластерлері және т.б. Зерттеу нәтижелері ең көп зерттелетін салалар цифрлық трансформация, индустрия 4.0 және жеткізу тізбегін басқару болса, логистикалық орталықтардың цифрлық трансформациясы және практикалық құралдарды қолдану әлі де толық зерттелмегенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары жергілікті логистикалық орталықтардың цифрлық дамуына ықпал етіп, осы саладағы әдебиеттерді кеңейтуге үлесін қоса алады.

279-296 643
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – тұрғын үй құрылысының дамуын экономикалық тұрғыдан талдау және қазіргі кезеңдегі тұрғын үйдің қолжетімділігін бағалау. Жұмыста еліміздің тұрғын үй қорының жай-күйін, оның мен шік нысандары бойынша құрылымдық құрамын, Қазақстанның аймақтары бойынша бөлінуін зерттеу нәтижелері берілген. Еліміздің аумақтық құрылымдары бойынша салыстыру жүргізіліп, жаңа тұрғын үйлер-дің пайдалануға берілуі талданды. Тұрғын үй құрылысының жеке, мемлекеттік және шетелдік сияқты ин-вестиция көздері қарастырылды. Тұрғын үй құрылысын инвестициялау көздері бойынша көрсеткіштердің сандық арақатынасын талдау нәтижелері баяндалған. Тұрғын үй бағдарламалары бойынша мемлекеттік ин вестиция есебінен салынған қолжетімді тұрғын үйлерді жыл сайын пайдалануға беру талдауы берілген. 2022 ж. қаңтар, маусым және желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі пәтерлердің таңдалған бағасы негізінде коммерциялық тұрғын үй қолжетімділігіне бағалау жүргізілді және Қазақстанның 2023 ж. дейінгі тұрғын үй бағдарламаларында орын алатын экономикалық құралдарды ескере отырып, тұрғын үй қолжетімділігіне бағалау жүргізілді. Мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын № AP09260210 ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

297-310 402
Аңдатпа

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқарудың негізгі әлеуметтік буыны болып табылады және елдің жоғары басшылығының еркін және халықтың қалың жігінің мүдделері мен қажеттіліктеріне негізделуі тиіс биліктің нормативтік белгіленген талаптарын іске асырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қыз-меті қоғамдық өмірді реттеуден тұрады, осыған байланысты мемлекеттік қызмет атқару мемлекеттік қыз-метшілердің әрқайсысына бүкіл мемлекеттік аппараттың жоғары репутациясын қамтамасыз ету үшін сақ-талуы тиіс қатаң талаптар қояды. Бұл мақалада «ұйымдық репутация» құбылысын түсінудің негізгі тәсілдері сипатталған. Сондай-ақ, мақалада мемлекеттік қызметшілердің репутациясына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Мақаланың мақсаты мемлекеттік аппараттың ұйымдық репутациясын қалып тастырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлін айқындау болып табылады. Әлеуметтік сауалнама әдісімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты мен мемлекеттік қызметшілерінің ағымдағы репута ц ияс ы айқын-далды. Жүргізілген социологиялық зерттеу мемлекеттік қызметшілердің репутациясы бүкіл мемлекет тік аппараттың репутациясына тигізетін әсерін анықтады. Мемлекеттік қызметшілердің репутациясын сақтау арқылы мемлекеттік аппараттың оң репутациясын қалыптастыру мемлекеттік аппаратты дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ұйымның оң репутациясы өз қызметін табысты жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей қасиеттері мен қабілеттеріне ие екендігінің дәлелі болып табылады.

311-324 280
Аңдатпа

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру ел басшылығы қойған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметке іріктеуді реформалау осы үрдістің ашықтығын тиісті қамтамасыз етпей объективті және сапалы рекрутингті қамтамасыз ете алмайды. Тиісті құзыреттері бар және уәждемесі жоғары үміткерлерді іздеп, қабылдау, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген қызметшілердің уәждемесін жоғарылату мәселесі бүгінгі күні ерекше өзектілікке ие. Жұмыстың басты мақсаты – қолданыстағы жүйені зерттеу негізінде, мемлекеттік қызметке персоналды іріктеу үрдісінің ашықтығы мен сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Авторлардың болжамы бойынша бақылаушылар институтының рөлін арттыру және іріктеу барысында коуч-технологияларын қол-дану кадрларды іріктеудің сапасы мен ашықтығын арттыруға көмектеседі. Мақалада авторлар мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың проблемалық мәселелерін қарастырады, оның ашықтығына ерекше назар аударады. Зерттеу барысында авторлар мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты қалыптастыратын сарап-шылармен де, оны жүзеге асырумен айналысатын мемлекеттік қызметшілермен де сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерге талдау өткізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке іріктеудің транспаренттілігін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ қа-зіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы уәждемесі жоғары қызметкерлерді анықтау және іріктеу тетігі қаралды.

325-335 295
Аңдатпа

Мобильді қосымшалардағы функционалдылықты іске қосудың табыстылығын арттыру мәселелері, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде, қоршаған ортаға технологияларды енгізу, дамыту және жетілдіру нә-тижесінде өте өткір болып табылады. Бұл уақыт кезеңі жалпы мобильді қосымшаларды пайдалану тұрғысы-нан нарық пен тұтынушылық мінез-құлықтың қаншалықты өзгергенін көрсетті. Бұл мақалада қолданбалы пайдаланушыларды тартудың анықтамалары мен мәселелері талқыланады. Қатысу процесі толықтай сип ат-талған. Теориялық тұрғыдан алғанда, алғаш рет Эрик Рис сипаттаған үнемді өндіріс концепциясы зертт еліп, талданып, кейін Avtobys мобильді қосымшасының әзірлеушісі болып табылатын Innoforce компания сында тәжірибеге енгізілді. Зерттеу әдісі ретінде сауалнама әдісі таңдалды. Сұхбат жүргізу үшін пайдаланушылар базасы жиналды. Сауалнаманы құрастыру және тестілеу үшін пайдаланушылармен бірнеше құрылымдалған сұхбаттар өткізілді. Тестілеу тобынан алынған кері байланыс кейбір сұрақтардың құрылымын өзгертуге мүмкіндік берді. Компанияның ресми ресурстарының көмегімен зерттеуге шақыру жасалынды. Зерттеудің нәтижелері түсіндіріліп, содан кейін алынған нәтижелер негізінде жаңа функционал өндіріске енгізілді. Жаңа функционалды жасау үш апта жұмыс уақытын алды. Бір айдан кейін қатысу деңгейіне, бір пайдаланушыға шаққандағы оқиғалардың санына салыстырмалы талдау жүргізілді және тұжырымдаманың тиімділігіне тал-дау жасалды. Деректер базасы мен бизнес-аналитика жүйелерінің көмегімен ұстамды өндіріс әдіснамасын қолданудың тиімділігі туралы нәтижелер алынды. Қорытынды нәтиже ретінде экономикалық нәтиже ғана емес, сонымен қатар өндірісте осы тұжырымдаманы қолданудан қатысудың, оқиғалардың және қолданудың негізгі көрсеткіштерінің артуы алынды. Бұл жұмыс бизнесте өндіріс шығындарының төмен тәуекелдермен мобильді қосымшаларда табысты функционалды іске қосуға көмектеседі.

336-348 358
Аңдатпа

Ұлттық азық-түлік проблемасын шешу негізінен АӨК-нің жүйе құраушы сегментінің астық өнімінің кіші кешенінің қарқынды дамуына байланысты. Агроөнеркәсіптік кешеннің аталған секторының басымды-ғы астықтың стратегиялық маңыздылығымен байланысты, оған әр түрлі агроазық-түлік құрылымдарының және оның негізінде халықтың азық-түлік өнімдерінің үнемі қажеттілігіне байланысты. Осыған байланысты нысаналы бағдарларға қол жеткізудің қазіргі заманғы қағидаттарын ескере отырып, астық өнімдері кіші кешенін дамытудың перспективалық бағыттарын негіздеудің объективті қажеттілігі бар. Ағымдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделілігін ескере отырып, ұлттық экономиканың неғұрлым сұранысқа ие секторларындағы астық өнімдері кіші кешені ауыл шаруашылық кластеріне кіреді. Осыған байланысты ұлттық саясаттың басым бағыты аграрлық сектордың әртүрлі салаларында құлдырауды бол-дырмау ғана емес, сонымен қатар ел ішіндегі қажеттіліктерді толық қамтамасыз ету үшін де, экспортты ұлғайту үшін де өнім шығару көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай тәсіл АӨК барлық субъектілерінің күш-жігерін біріктіруді, қызметті үйлестіруді және жоғары түпкі нәтижеге қол жет-кізуге нысаналы бағыттылықты талап етеді. Мақалада Қазақстан экономикасының салаларында өндірісті дамыту өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асырудың жаңа, неғұрлым тиімді нысандарын іздеу мен пайдалануды талап ететіні атап өтілді. Бұл мәселені шешудің негізгі әдістерінің бірі «шикізат ресурстарын өңдеу – дайын өнім шығару» технологиялық тізбегінде ұдайы өндіру циклінің барлық буындарын бірыңғай кешенде біріктіруге мүмкіндік беретін тауар өндірушілерді интеграциялау болып табылады.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ

349-361 643
Аңдатпа

Жұмыста 2021 жылғы жағдай бойынша STEM сегментінің (ғылым, технология, инженерия және мате-матика) бейіндері бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын игерген Қазақстан жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру саласында байқалған ағымдағы жағдайға талдау жасалады. Бұл зерттеудің мақсаты – STEM бағдарламалары түлектерінің жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейінгі траекториясын модельдеу және Қазақстанның ұлттық еңбек нарығы тұрғысында кадрлар ағынының ауқымын бағалау. Осы мақаланың мақсаттары үшін Ұлттық статистика бюросының еңбек нарығы және жоғары оқу орны қызметінің нәтижелері жөніндегі ресми статистикалық деректері, сондай-ақ түлектердің мансабын бастар алдындағы интеграциясының жекелеген аспектілерін сипаттайтын қосымша әдебиет көздері пайдаланылады. Талдау нәтижелері Қазақстандағы STEM түлектерінің басым көпшілігі жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін STEM бейініне қатысы жоқ жерлерде жұмысқа орналасқанын көрсетті. Сонымен қатар, оқуды бітіргеннен кейін STEM бейініне байланысты жұмысқа орналасатындардың басым көпшілігінің жұмысы алған білімінің бейініне тікелей байланысты болмаған. Еңбек нарығында бакалавриат дейіндегі, сол сияқты магистратура және PhD деңгейлеріндегі STEM бағдарламасы түлектерінің жартысынан азы ғана жыл сайынғы STEM сегментіне жұмысқа алынатыны анықталды. Статистикалық деректерді алдыңғы сапалы зерттеулердің нәтижелерімен бірге пайдалану еңбек нарығында алған дағдыларын тиімді пайдалануға бағытталған түлектердің алғышарттарын бағалауға мүмкіндік берді. STEM түлектерінің санына, олардың STEM салаларында мансапты бастауға деген ұмтылысына және жұмыс берушілердің жалдау тәжірибесіне байланысты айырмашылықтар байқалады. Деректер жиынтығындағы шектеулерді ескере отырып, STEM-мамандарды даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру саласындағы эмпирикалық зерттеулердің траекториялары ұсынылады.

362-375 470
Аңдатпа

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде жобалық менеджментке деген қызығушылық-тың арту тенденциясы білім беру функциясына байланысты өз қызметін басқару үшін және тиісті біліктілігі бар мамандарды даярлау процесінде жобалық менеджменттің озық енгізілуін қамтамасыз етуі тиіс жоғары оқу орындарына толық қатысты. Жобалық менеджментті жоғарылату саласындағы мемлекеттік саясат тиімді басқару мен білім беру саласы үшін жаңа байланысты айқындайды. Жобалық менеджмент негізінде ҚР мемл екеттік басқаруды ауқымды жаңғырту өз кезегінде ЖОО-лардың менеджмент жүйелері мен жаңғырту міндеттерін қояды. Сонымен қатар, геосаяси жағдайдың өзгерген шарттары заманауи басқару технологияла-рын қолдану қажеттілігін талап етеді. Зерттеудің мақсаты   – Қазақстанның жоғары оқу орындарында жобалық менеджменттің даму ерекшеліктерін зерделеу. Зерттеу әдістері ретінде жалпы ғылыми әдістер қолданылады – талдау, синтез, жалпылау. Зерттеудің нәтижелері жобалық менеджментті енгізу аспектілерін зерттеуге және жоғары оқу орындарына жобалық менеджментті енгізу технологиясын жасауға ықпал етеді. Зерттеу құралын жан-жақты зерделеу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының жұмысына әсер ететін элементтерді екі жақтап жүйелеу маңызды: ішкі және сыртқы. Осы міндетті шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орын-дарында жобалық менеджментті дамытудың сыртқы және ішкі факторлары тұжырымдалды, Қазақстан Рес-публикасының жобалық менеджерлер одағының жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша тәжі-рибесін жинақтау ұсынылды, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің тәжірибесі бөлінді. ЖОО-лар үшін міндеттер, ЖОО-лардың кәсіби жобалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтау университеттің даму міндеттерін түзетуге мүмкіндік береді.



ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)