Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА

9-21 759
Аңдатпа

Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан экономикасындағы орны туралы дау қазіргі геосаяси жағдайларда ерекше өзекті. Кейбір экономистер одақты экономиканың күшейткіші деп, ал басқалары экономиканың дамуын артқа тартатын балласт деп санайды. Қазақстан экономикасы ашық ел, сондықтан экспорт экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада жалпы Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға және одаққа кірмейтін елдерге экспорты қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ одақтың Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қалай әсер еткенін қарастыру мақсаты қойылған. Авторлардың осы тақырып бойынша жүргізген ғылыми әдебиеттерге шолуы Қазақстанның ЕАЭО-дағы сыртқы экономикалық байланыстарын талдауға отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде жеткілікті көңіл бөлінетінін көрсетті. Алайда авторлар бұл мәселеге қатысты өз көзқарастарын ұсынғысы келді. Біз жалпы экспорттың, сондайақ ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге экспорттың әсерімен салыстырғанда ЕАЭО-дағы экспорттың Қазақстанның ЖІӨ-не әсерін талдадық. Сондай-ақ экономикалық одақтың Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал еткенін анықтау үшін экспорт құрылымындағы өзгерістерді талдадық. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының, сондай-ақ Еуразиялық комиссияның статистикасының деректерін пайдалана отырып, салыстыру, ұқсастық, регрессиялық және факторлық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері осы тақырып бойынша қосымша зерттеулерде қолданыла алады

22-38 526
Аңдатпа

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару саласында баға белгілеу тетігін жетілдіру қалдықтарды басқарудың тұрақты жүйесіне көшу қажеттілігіне байланысты туындады. ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласындағы қазіргі жағдай созылмалы жеткіліксіз қаржыландырумен сипатталады. Осы саладағы қолданыстағы реттеуші құралдар бойынша нормативтік құжаттар ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласын қаржылық қамтамасыз етуге реттеушілік әсерді толық көлемде орындамайды. Ғылыми зерттеу және ҚТҚ-мен жұмыс істеу бойынша қызметтерге тариф белгілеу процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеу мәселесі өте өзекті. Қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызметтерге тарифті есептеу және коммуналдық қалдықтардың (КҚ) түзілуі мен жинақталу нормаларын анықтау бойынша нормативтік бастапқы көздерге сыни талдау жүргізілді. Соңғы жылдары тарифтерді есептеу мен нормаларды ретроспективада айқындаудың эксперименттік авторлық зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды, олардың динамикасында жергілікті ерекшеліктері анықталып, нормаларды анықтау кезінде іріктемелі бақылаулар жүргізуді ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ шығарылатын қалдықтардың көлемін анықтау бойынша ұсыныстар берілді. ҚТҚ жинауға және тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге қаржы құралдарына қажеттілікті есептеу, ҚТҚ бірлігіне жылдық тарифті анықтау және ҚҚ қалыптастыру мен жинақтау нормасын анықтау бойынша қолданыстағы әдістеменің проблемалық ережелері анықталды, анықталған проблемаларды жою бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді. Зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдары мемлекеттік органдарға, жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарына, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласын дамытуға мүдделі сарапшыларға пайдалы болады.

39-53 1017
Аңдатпа

Жалақы – Қазақстан халқының негізгі табыс көзі және қазақстандықтардың әл-ауқатына әсер етуші фактор. Осыған байланысты әсер етуді және негізгі көрсеткіштерді анықтауды талап ететін әртүрлі деңгейдегі еңбекақыны басқару маңызды. Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстандағы жалақыға әсер ететін факторларды,жалақының өзгеруінің негізгі тенденцияларын анықтау. Мақсатқа жетудің негізгі әдістері өсу коэффициентін және Пирсон корреляция коэффициентін есептеу арқылы экономикалық-статистикалық және корреляциялық талдау. Дереккөз базасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының 2011–2022 жж. статистикалық деректерінен тұрады. Зерттеу барысында Қазақстандағы жалақының өзгеруінің негізгі тенденциялары анықталды. Экономиканың әртүрлі салаларында жалақы өсімі байқалады. Дегенмен әр саланың жалақы деңгейі әртүрлі. Жұмысшылардың лауазымдары мен біліктіліктері арасында да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қазақстандағы жалақыға әсер ететін факторларға аймақ, жыныс, экономикалық сектор, біліктілік, ең төменгі жалақы, еңбек өнімділігі, ЖІӨ және жан басына шаққандағы ЖІӨ, орташа жылдық халық және жұмыспен қамтылғандар саны, халықтың табиғи өсімі жатады. Зерттеу нәтижелері 2029 жылға дейінгі Халық кірісін арттыру бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға ғылыми негіз бола алады.

54-69 423
Аңдатпа

Халықаралық позициясын нығайту үшін Қазақстан қабылданған ұзақ мерзімді төмен көміртекті даму стратегиясы аясында экономикалық көміртексіздендіруге көшуді өзектендіреді. Бұл мақалада атмосфераны еңқатты ластаушылардың бірі – тау-кен металлургия саласын көміртексіздендірудің өзекті мәселелері зерттелген. Зерттеуде жалпы ғылыми әдістер, соның ішінде сипаттамалық әдіс, ретроспективті және себеп-салдарлық талдау, жалпылау және ашық баспасөзде ұсынылған бастапқы статистикалық деректерді құрылымдау әдістері қолданылды. Экономикалық және саяси сын-тегеуріндердің қазіргі жағдайында жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялардың өсуі экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге емес, энергетикалық шикізатты импорттаушы елдердің энергия қауіпсіздігін арттыруға деген ұмтылысын көрсететіні анықталды. ESG қағидаттарын игеру кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамудың ішкі өндірістік мақсаттарының басымдығын қамтамасыз ететін басты факторға айналатыны негізделді. Зерттеуде өнеркәсіптік кәсіпорындардың төмен көміртекті даму стратегиясында ең жақсы қолжетімді әдістемелерді пайдалану перспективалары талданады. Авторлар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мемлекеттен энергия өндірудің негізгі көзі ретінде көмір өндіруге жүйелі көзқарас қабылдауды талап етеді деген қорытындыға келеді. Орта және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның тау-кен металлургия секторын көміртексіздендіруді ынталандыратын институционалдық шаралар энергия тиімділігін арттырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жаңартылатын энергетикаға көшуін жеделдететіні көрсетілген. Қазақстанның үлгісі көміртексіздендірудің түрлі тетіктерін игеру, орнықты даму туралы ақпаратты айқындау және ESG-тәуекелдерді есепке алу арқылы халықаралық нарықта тау-кен металлургия кәсіпорындарының қатысуын кеңейтетін елдерге пайдалы болуы мүмкін.

70-82 409
Аңдатпа

Өсу полюстері мен өсу орталықтары сияқты ұғымдар бұрын бір жағынан тұрғындардың, табиғи ресурстардың, өндіріс орындары мен қызмет көрсету салаларының шоғырлану жиынтығы деп, екінші жағынан географиялық тұрғыдан қалалар мен даму орталықтары деп түсіндірілді. Ал қазір ол еркін экономикалық аймақтар мен технополюстер деп аталады. Дүниежүзілік сұранысқа ие мұнай-газ саласы бойынша ірі компаниялар Атырау облысында орналасқанымен өңдеу өнеркәсібі әлі де дамымаған. Көмірсутегі шикізаты сияқты бірегей ресурстарды иеленіп отырған Атырау облысы экономикасындағы мұнай-газ-химия саласында инновациялық өндіріс пен қызметтің үлесін жоғарылатуда өсу полюстерін анықтап, оларды дамытудың ұйымдық-экономикалық нысандарын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Өңірлерде кластерлерді қалыптастыру инвестицияны экономикалық дамудың басым бағыттарына тартуға, инновациялық қызметті жандандыруға, экспорт әлеуетін арттыруға, өңірде құрылымдық өзгерістер жасауға ықпал етеді. Атырау облысы бойынша кластерлік құрылымдарды құру тиімділігі өзекті мәселе. Қазақстан шикізаттық бағытта ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа да өнімін ұсынып отырған болашақта инновациялық кластерлік даму бойынша нақты субъекті бола алады. Атырау облысындағы экономикалық әлеует, инновациялық әлеует және инновациялық белсенділікті зерттей келе инновациялық кластерлер құрудың алғышарттары қарастырылды. Мақала өңір экономикасының дамуында өсу полюстерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік жақтарын анықтауға арналған. Бұл зерттеудің басты мақсаты Атырау облысында инновациялық өсу полюстерін қалыптастыруды негіздеу. Авторлар Атырау облысының экономикалық әлеуетіне, сонымен қатар инновациялық әлеуетіне сандық және сапалық талдау мен бағалау жүргізіп, Атырау облысы экономикалық субъектілерінің инновациялық белсенділігін анықтады.

83-95 753
Аңдатпа

Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты зерттеу тақырыбы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі және бұл жүйені тиімді басқару халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін маңызды болғандықтан өзекті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының алдында денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджменттің теориялық негіздерін жаңарту мен дамытуды талап ететін бірқатар міндеттер мен өзгерістер тұр. Бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау және бағалау, оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын табуға ықпал ететін менеджменттің теориялық негіздерін әзірлеу және ұсыну. Қолданылған әдістердің ішінде аналитикалық (сараптамалық), статистикалық, функционалдық, жүйелік талдау, дедукция, синтез және салыстыру әдістері қолданылды. Зерттеу Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдық құрылымын, оның ішінде денсаулық сақтауды басқару мен қамтамасыз етуге жауапты негізгі мекемелердің, мекемелер мен құрылымдардың рөлі мен функцияларын анықтады. Қазақстандағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі зерттелді. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ерекшеліктерін ескеретін басқарудың жаңа теориялық негізделген модельдерін әзірлеу мақсатында денсаулық сақтауды басқарудың әртүрлі теориялық тұжырымдамалары, модельдері мен тәсілдері зерделенді. Бұл зерттеу денсаулық сақтау жүйесін жан-жақтан қаржыландыру Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін көрсетеді. Зерттеу барысында мақала аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін денсаулық саласын жақсартудың жолдарын ұсынатын ғылыми-практикалық ұсыныстар дайындалды.

96-108 309
Аңдатпа

Мақалада сандық қызмет көрсетудің сапасын бағалау кезінде Кано әдісін қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Медициналық қызметтерді цифрландыру процестері сапалық параметрлерді зерттеуді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушылардың сұраныстарын қаншалықты қанағаттандыратынын анықтауды талап етеді. Цифрлық медициналық қызмет көрсетудің сапасын неғұрлым толық бағалау үшін цифрлық қызмет көрсетудің сапа параметрлері бойынша талдау жүргізілді және олардың тұтынушылартұрғысынан маңыздылық деңгейі айқындалды. Талдау нәтижелері цифрлық медициналық қызметтерді бағалаудағы ең маңызды параметрлер көрсетілетін қызметтердің ыңғайлылығы мен жайлылығын жасауға бағытталған эргономикалық параметрлер екені анықталды. Осы зерттеуде Кано әдісі бойынша әзірленген сауалнаманың көмегімен Damumed медициналық қосымшасының тұтынушыларына сауалнама жүргізілді. Талдау тұтынушылардың қанағаттану деңгейін төмендететін, сондай-ақ арттыратын тұтынушылық сипаттамалардың тізімін анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеу негізінде Damumed медициналық қо[1]сымшасын келесідей бағыттар бойынша жақсарту ұсынылды: медициналық тексеру бойынша ақпаратты толық қамтамасыз етуді, қосымшаның барлық нұсқалары бойынша жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуді, пациенттердің деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, дәрігерге қоңырау шалу және жазылу бойынша функциялардың болуын міндетті түрде қамтамасыз етуді. Ұсынылған ұсыныстар тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға және нәтижесінде цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған.

109-120 528
Аңдатпа

Қазіргі серпінді өзгеріп жатқан әлемде шағын және орта кәсіпкерлік секторы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Шағын бизнес инновацияның катализаторы, креативті шешімдердің генераторы ретінде қызмет етеді, оның болуы елдің серпінді серпілісіне трамплин жасайды. Шағын бизнес секторы сыртқы турбулентті өзгерістерге тез жауап бере алады және ішкі және сыртқы нарықтар үшін сұранысқа ие тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік секторын қолдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен ЖІӨ құрылымындағы инновациялық өнімдердің үлесі төмен болып отыр. Ресурсқа негізделген экономикадан инновациялық экономикаға көшу шағын және орта бизнесті белсендіру арқылы мүмкін болады. Мақаланың мақсаты өзара серіктестік әрекеттесуді жандандыру арқылы шағын және орта бизнестің инновациялық қызметін арттыру үшін төрттік спираль тұжырымдамасын қолдану. Зерттеу әдістемесі мемлекеттің инновациялық дамуындағы шағын және орта бизнестің рөлін, оның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін көрсетуге негізделген. Қазақстан Республикасындағы инновацияларға салынған инвестициялардың тиімділігінің есептелген корреляциялық көрсеткіштеріне сүйене отырып, авторлар серпінді инновацияларды қамтамасыз ететін сегменттер бойынша мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі туралы қорытындылар жасады. Авторлар талдаудың жалпы ғылыми, статистикалық, корреляциялық және ретроспективті әдістерін пайдаланды. Экономика секторларын цифрландыру контекстінде шағын және орта бизнестің инновациялық қызметін арттыру үшін аймақтың цифрлық технологиялық платформаның мүдделі тараптарының өзара әрекеттесу моделі ұсынылады. Нәтижелерді мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындарының өкілдері, жұртшылық ресурстарға негізделген экономикадан инновациялық бағдарланған экономикаға көшуді қамтамасыз ету үшін пайдалана алады.

121-133 422
Аңдатпа

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс технологиясы мен ресурстарды басқару тиімділігін жетілдіру маңызды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмін қолдану оларды дамыту үшін инвестиция тарту технологиясы бойынша тиімді жолдардың бірі. МЖӘ – экономикадағы маңызды орын алатын мемлекет меншігіндегі инфрақұрлымдық объектілер, кәсіпкерлік, өндіріс, әлеуметтік саланың дамуына және экономиканың жаңғыруына әсер етеді. Сонымен қатар әлемдік нарықтағы өзгермелі жағдай мен бюджеттік ресурстардың шектеулілігін ел экономикасына инвестиция тартудың жаңа механизмі ретінде де қарастырсақ болады. Ғылыми мақалада авторлар инновациялық салада мемлекет пен кәсіпкерліктің мүдделері көп жерде сәйкес келетіндігін және тараптардың бірлескен ресурстық күші экономиканың басым салаларының өсуіне, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнімдердің шетел нарығында қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыруға болатындығын анықтауға тырысты. Осыған байланысты авторлар Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша кәсіпкерліктің инновациялық даму бағыттарын табысты шешу МЖӘ механизмі негізінде дамытуға болатындығын дәлелдеп, әдістемесі мен механизмін ұсынады. Осы айтылған ойдың, ұстанымның негізінде инновациялық саясатты іске асыру, инновациялық процестің барлық кезеңдерінде мемлекеттік және кәсіпкерлік сектордың бірлесіп, келісіп жұмыс істемесе жүзеге асыру мүмкін емес. Авторлар кәсіпкерліктің инновациялық дамуына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмінің рөлін жан-жақты зерделеп көрсеткен. Сонымен қатар мақалада қазіргі Қазақстан Республикасында қаржылық-экономикалық дағдарыс күрделенген жағдайда, МЖӘ-нің дамуында кездесетін мәселелер терең және жан-жақты теориялық-әдіснамалық тұрғыда қарастырылған. Елдің инновациялық дамуын жандандыру тетігі ретінде МЖӘ негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік құрылымдардағы инновациялық үдерістерді басқарудың жоғары деңгейі ұсынылған.

134-146 457
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы оңалту орталықтарында тиімді уәждеме және персоналды тиімді басқару мәселелері қарастырылады. Қазіргі бизнесте өзіне тән құбылмалы бәсекелестік ортада тиімді қызметті жүзеге асыру персоналды тиімді басқарусыз мүмкін емес. Социологиялық зерттеулер нәтижесінде «Көкше» оңалту орталығының медицина қызметкерлерін ынталандыру жүйесіне қанағаттанушылық дәрежесі анықталды. Деректер көрсеткендей, оңалту орталығының қызметкерлері үшін ең маңызды мотивациялық факторлар экономикалық әдістер, ал қолайлы мотивациялық әдістердің ішінде әлеуметтік-психологиялық әдіс болды. Медициналық персоналды басқару жүйесінде әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолданудың және персоналды басқару моделін қалыптастырудың маңыздылығын негіздеу үшін классикалық мотивация теорияларының әдістемелік тәсілдері қарастырылды: А. Маслоу теориясы бойынша сауалнама және Ф. Герцберг тесттері. Ұйым қызметінің тиімділігі қолжеткізілген нәтижелер мен осыған жұмсалған ресурстардың ара қатынасы мен анықталады және әртүрлі факторларды пайдалану тиімділігінен тұрады, олардың бірі – уәжді жұмыс. Денсаулық сақтау мекемелерінің, оның ішінде оңалту орталықтарының табысты болуы медицина қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін қаншалықты іске асыруына байланысты. Біз Қазақстанның медициналық персоналын ынталандыру үшін неғұрлым жетілдірілген және тиімді басқару тәсілін – KPI әдісін ұсындық, бұл бізге материалдық және материалдық емес ынталандыруды барлық денсаулық сақтау қызметкерлерінің мотивациялық әсерімен органикалық түрде үйлестіруге мүмкіндік береді. Ұсынылған есептеулер барлық медициналық қызметтер үшін KPI жүйесін пайдалана отырып, персоналды бағалауды енгізу мультипликативті нәтиже беретінін және оңалту орталықтары мен жалпы денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын көрсетті.

147-160 317
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы тікелей инвестициялық қорлар нарығының даму проблемалары ұсынылып, тікелей инвестициялық қорлар нарығының және оның негізгі қатысушыларының қолданыстағы құрылымы қарастырылған; тікелей инвестициялау қаражатының агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсері талқыланады. Ғылыми жұмыстың мақсаты – экономикалық-математикалық модельдеуді қолдану негізінде тікелей инвестициялау қорынан инвестициялаудан компанияның жұмысына әсер етудің сандық бағасын алу. Тікелей инвестициялау қорлары инвестицияланған кәсіпорынның жарғылық капиталына кіре отырып, материалдық салымдар әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар кәсіпорынды басқаруды жақсартады. Ғылыми жұмыста инвестицияланған компанияның тиімділігіне әсер ететін фактор – корпоративтік басқару тәжірибесін енгізу, тәуекелдерді жүйелі басқару, сонымен қатар адами капиталдың сапасы. Экономикалық-математикалық модельдеудің негізінде жеке капитал қорындағы кооперацияның компанияның қаржылық нәтижелеріне – операциялық кірістілік пен меншікті капиталдың табыстылығына әсер етуіне сандық баға беріледі. Инвестициядан кейінгі кезеңдегі есептік операциялық кірістілік көрсеткішінің артуы авторлардың тікелей инвестициялау қаражатының компанияның жұмысына оң әсері туралы гипотезасын растайды.

161-173 602
Аңдатпа

Қаз және үйрек шарушалығы мәселесі көптен бері экономикалық тұрғыда қарастырылмаған. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында құс шаруашылығының бұл түрін дамыту туралы мәлеметтер де жоқ. Сондықтан авторлар осы саланы дамытудың қажеттілігі мен болашағы туралы мәселені көтеріп отыр. Мақаланың мақсаты – еліміздегі қаз және үйрек шаруашылығы өндірісін кеңейтудің болашақ перспективаларын айқындап, олардың дамуын тежейтін кедергілерді анықтау. Зерттеу нәтижелерін ауыл шаруашылығы құрылымдарында, шаруа немесе фермер қожалықтарында қолдануға болады. Абстрактылы-логикалық әдіс Қазақстанның қаз және үйрек түрлері бойынша құс шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді; статистикалық әдіс авторларға басқа елдердің мысалдарын пайдалана отырып, үйректер мен қаздар нарығын дамыту нұсқаларын қарастыруға және олардың Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайын көрсетуге көмектесті. Дүниежүзілік тәжірибеде биологиялық құнды белоктар мен липидтерге бай қаз және үйрек еттері ерекше танымал. Олардың энергетикалық құндылығы жоғары, сондай-ақ оларды күту мен өсіру салыстырмалытүрде жеңіл және өнімнің сапасы жоғары. Авторлар еттің әртүрлі түрлерінің энергетикалық құндылығының салыстырмалы сипаттамасын беріп, үйдегі суда жүзетін құстардың қосымша жанама өнімдерін пайдалану нұсқаларын көрсетеді. Қаз және үйрек етінің бағасының статистикасы ұсынылып, олардың тұтынушылық қасиеттері сипатталған, сондай-ақ осы саланы дамыту бойынша ұсыныстар берілген. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші кәсіпорындардың кооперациясы арқылы нарықты кеңейту жолымен шешуге болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген несие беру, салықтарды уақытша азайту немесе алып тастау түріндегі мемлекеттік қолдау қажет.

174-187 632
Аңдатпа

Қазіргі жағдайда әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі табиғи ресурстардың сарқылуына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін сызықтық экономикалық модельден алшақтады. Олар инновациялық технологияларды пайдалануға негізделген «жасыл» өсім стратегиясын таңдады. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару Қазақстан Республикасының (ҚР) «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі болатынына қарамастан, республикада қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) саласында тиімді өндеу жүйесі жасалмаған, бұл көптеген мәселелерді тудырады. Зерттеудің мақсаты экономиканы «жасылдандыру» мақсатында Қазақстанда ҚТҚ-ны қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша инновациялық бизнес модельдерін пайдалану мүмкіндіктерін табу. Мақаланың теориялық маңыздылығы айналмалы экономиканың мәнін, принциптері мен модельдерін анықтау негізінде қалдықтар саласындағы экологиялық кәсіпкерліктің белсенді даму қажеттілігімен негізделеді. Тәжірибелік маңыздылығы – тұрмыстық қалдықтардың түзілу және қайта өңдеу жағдайын талдау негізінде ҚТҚ секторының мәселелері мен оларды шешудің негізгі жолдары, сонымен қатар осы саладағы айналым экономика жолындағы кедергілері анықталуында. Зерттеу барысында Қазақстандағы ҚТҚ секторы экологиялық кәсіпкерлікті дамытудың перспективалық тауашасы және «жасыл» бизнес айтарлықтай тиімді деген қорытындыға келді. Эко кәсіпкерлікті дамыту үшін дөңгелек экономиканың қағидаттары мен бизнес-модельдерін пайдалану, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау ұсынылады

188-199 747
Аңдатпа

Жаһандық өзгерістер аясында әлемдік ойын-сауық және медиа индустриясы жаңа қиындықтар мен мүмкіндіктерге тап болады. Бұл мақала цифрлық технологиялардың осы секторға әсерін қарастырып, мұндай өзгерістердің ел экономикасындағы креативті индустрияларды дамытудағы салдарын талдайды. Жалпы халықты жұмыспен қамту құрылымын цифрландыру және трансформациялау креативті экономика секторының өсуіне және оның дағдарыс жағдайында да ұлттық экономикадағы үлесінің артуына ықпал етеді. Болжамдарға сәйкес орта мерзімді кезеңде цифрлық технологиялардың, оның ішінде машиналық оқыту мен жасанды интеллект технологияларының дамуы қазіргі өндіріс технологияларын қолданатын жұмыс орындарының жартысына дейін қысқаруына әкеледі. Жұмыс орындарын сақтаудың және жаңаларын құрудың ең перспективалы бағыттарының бірі автоматтандыруға болмайтын адамның шығармашылық қызметіментығыз байланысты креативті индустриялар. Сонымен қатар креативті индустриялар секторы баламалы жұмыспен қамтуға, соның ішінде әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кең мүмкіндіктер ашады, бұл әсіресе экономикадағы дағдарыс кезеңінде өзекті. Креативті индустриялар секторы жоғары қосылған құнды құру әлеуетіне ие, бұл оны кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де тартымды етеді. Басты назар келесі аспектілерге аударылады: инновациялық құралдар мен платформаларды енгізу және цифрлық технологияларды қолдануға негізделген креативті индустриялардағы жаңа бизнес модельдер. Мақалада барлық технологиялық инновацияларға қарамастан, ең бастысы адами фактор – ерекше көзқарас, талант және шығармашылыққа деген құштарлық болып қала беретіндігі атап көрсетілген. Дегенмен шығармашылық салалардағы табысты дамудың кілті цифрлық құралдарды түсіну мен шебер пайдалану болуы мүмкін.

200-218 479
Аңдатпа

Өмір сүру деңгейі мен сапасы мәселелерін зерттеу әрқашан мемлекеттік бағдарламалардың, ғылыми қоғамдастығының теориялық және практикалық зерттеулерінің басты назарында. Осы зерттеулердің аясында қала дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайын диагностикалау маңызды болды, мұнда негізгі белгілер болып халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының көрсеткіштері қарастырылды. Сол себепті бұл сұрақтар бойынша білімді тереңдету – оны қалалық елді мекендердің әртүрлі типтеріне қолдануға мүмкіндік береді, әсіресе маркетингтік зерттеулерді қажет ететін шағын және моноқалалар үшін. Бұл мақалада халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы авторлармен әзірленген кешенді әдістеменің арқасында объективті және субъективті көрсеткіштердің негізінде зерттелді. Әрі қарай авторлармен ұсынылған кешенді әдістеме статистикалық ақпараттарды зерттеумен, эксперттік сауалнаманы өткізумен және Балхаш моноқаласының мысалында халықтан сауалнама алу арқылы тестілеуден өткізілді. Зерттеудің нәтижелері қала өмірінің жайлылығына әсер ететін PESTLE-талдауының негізгі факторларын бағалау негізінде алынды. Зерттеу жүргізу барысында Балхаш моноқаласының өмір сүру деңгейіне соңғы он жылда (2013–2023 жж. аралығы) жоғары деңгейде әсер еткен фактор – экономикалық фактор екендігі анықталды. Қазіргі кезеңде (2023ж.) халықтың өмір сүру сапасымен қанағаттануын талдау – оның деңгейіне саяси, әлеуметтік, технологиялық және экологиялық факторларының параметрлері әсер ететінін көрсетті. Жүргізілген талдау болашақта Балхаш моноқаласының өмір сүру деңгейіне жақын арада әсер ететін негізгі факторларды анықтайтын эксперттік бағалауды жүргізуге мүкіндік берді. Тоғыспалы зерттеу әдісінің талдау нәтижелері тиімді менеджмент үшін ресурстарды бөлу саласында және осы жердің халқына арналған жайлы қалалық өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында қолданылуы мүмкін.

219-232 288
Аңдатпа

Білім мен еңбек нарығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінде Қазақстанда қызметкерлерге, әсіресе жұмысшы мамандықтарға қатысты сұраныс бар, бірақ лайықты ұсыныс жоқ. 2021 ж. елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Бұл 450 мыңнан астам қазақстандықтың жұмысы жоқ дегенді білдіреді. Алайда экономикалық сарапшылардың пікірінше, нақты сандар әлдеқайда жоғары. Зерттеу жұмысының мақсаты мемлекеттік мекемелердің жұмысын дамыту және оларды заманауи технологиялық трансформация жағдайында әлемдік экономикаға интеграциялау бойынша теориялық ережелер мен ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Алынған жаңа нәтижелер бізге халықаралық еңбек нарығын зерделеуге және қазіргі заманғы технологиялық өзгерістердің дамуына әсерін бағалауға, еңбек нарығындағы теңгерімсіздікті еңсерудің жаңа кешенді тәсілдерін ұсынуға және оның еңбек қатынастары саласындағы жаңа бағыттарда дамуына ықпал ететін мемлекеттік саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын жазу кезінде теориялық әдіснамалар, графикалық, талдау және экономикалық болжамдар әдісі қолданылды. Сондай-ақ ғылыми журналдардың мақалалары, ақпараттық-аналитикалық мәліметтер және статистикалық мәліметтер ұсынылды. Мемлекеттік мекемелердің орны мен олардың жұмыспен қамту саласындағы жұмысына талдау жасалып, ұсыныстар әзірлеуде отандық және шетелдік тәжірибені көрсете отырып, әдіснамалық деректер пайдаланылды.

233-246 361
Аңдатпа

Мақсаты – ауылдық үй шаруашылықтарына әлеуметтік қорғау шараларының әсерін сипаттау. Әлеуметтік қорғау шараларына арналған заманауи әдебиеттердің кең сипаттамасы осы мақаланың әдістерін таңдауды ұтымды етеді. Қолданылған әдістер: диалектикалық, талдау және синтез, салыстыру, ұқсастық, дерексіз-логикалық, монографиялық, экономикалық-статистикалық. Нәтижесінде ауылдық жерлерде халықтыәлеу­меттік қорғауды іске асырудың қалыптасқан үрдістері анықталды. Талдаудың өзегі – халықты әлеуметтік қорғау экономиканың қажетті құрамдас бөлігі, сондықтан бұл саладағы реформалар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада тиімді болуы керек. Қазақстан әлеуметтік саясат саласындағы заңнамалық базаны үнемі жетілдіріп отыратыны атап өтілді. Әлеуметтік қорғаудың өзгеруіне әсер ететін факторлар көрсетілген. Ауыл халқын әлеуметтік қорғау шараларына бағалау жүргізілді. Әлеуметтік сала мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы арасындағы тікелей және жанама байланыс сипатталды. Ауылдық жерлерде әлеуметтік саланы цифрландырудың түрлі тәжірибелері белсенді түрде енгізіле бастағаны анықталды. Бұл онлайн кеңес беру, бейне кеңес беру, веб-бағдарламалар, мүгедектерді оңалтуға арналған виртуалды шындық. Әлеуметтік қызметтердің өтініш сипатынан цифрлық кеңістікке белсенді көшу жүзеге асырылуда. Авторлар ауылдың тұрақты дамуына үлес қосу арқылы әлеуметтік қорғау әлеуметтік пайда әкеледі деген қорытындыға келеді.

247-261 327
Аңдатпа

Мемлекеттің әлеуметтік мәселелерін шешудегі шағын несиенің маңыздылығы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының стратегиялық міндеттері мен нысаналы индикаторларында көрсетілген. Мақалада реттеушінің жария есептілік материалдары негізінде жеке тұлғаларға да, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне де микрокредит беруді жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарының қызметі талданады. Микрокредиттер нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаға бағалау жүргізілді, микрокредиттерді электронды түрде беру қағидаларына және қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентіне қатысты қазіргі өзгерістер қарастырылды. Қаржы секторында жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған микрокредитті дамытудың стратегиялық бағыттарына баға берілді. Авторлар Еуропаның, Африканың, Аустралияның және Азияның әртүрлі елдеріндегі микрокредит беру шарттарының әлемдік тәжірибесін зерттеп, микроқаржы ұйымдарының ең табысты әлемдік тәжірибесін, Қазақстандағы микрокредит нарығының тиімділігін арттыруға көмектесетін инновациялық өнімдер мен технологияларды атап көрсетті. Кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік ресурстарға және қаржылық қызметтерге қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар негізделген. Микроқаржы ұйымдары көрсететін қызметтер аясын кеңейту және олардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар ұсынылды. Микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру көздерін кеңейту және кредиттік ресурстардың құнын төмендету мүмкіндіктері айқындалды, бұл кейіннен жалпы ішкі өнім құрылымындағы кәсіпорындардың үлесін ұлғайтуға, нақты еңбек өнімділігінің өсуіне және бақыланбайтын экономика үлесінің төмендеуіне қызмет етеді.

262-279 579
Аңдатпа

Зерттеу тақырыбы қаржы жүйесінің кез-келген елдің тұрақты дамуының негізгі және маңызды салаларына жататындығына байланысты өзекті. Мақаланың өзектілігі екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру үшін біздің қазақстандық қаржы менеджментін (ҚМ) дамыту қажеттілігімен сипатталады. Зерттеу тақырыбының мақсаты тұрақты өсу мен оның тұрақтылығын дамытудың негізгі факторы ретінде екінші деңгейдегі банктердің қызметіндегі өзіндік қаржылық менеджменттің рөлі мен маңызын айқындау. Мақалада қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді, нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, банктер қызметінде өзінің ҚМ-ін бейімдеу мен дамытудың маңыздылығы мен құндылығы көрсетілген. Зерттеу барысында банктердің ресурстарын басқару сапасын арттыру үшін ҚМ жетілдірудің икемді тәсілдері қажет екендігі анықталды. Зерттеу барысында қаржылық талдау, синтез, дедукция, индукция, экономикалық және статистикалық бағалау және т.б. қолданылды. Ғылыми зерттеу материалдары ретінде ҚР ЕДБ және Halyk Ваnk 2018–2023 жж. арналған статистикалық деректері мен осы тақырып бойынша құқықтық құжаттар мен талдамалық есептер болды. Зерттеу ҚМ қажеттілігін дәлелдеп, персонал жұмысының сапасын және ЕДБ тұрақтылығын арттыру үшін ҚР коммерциялық банктерінде ҚМ дамыту мен бейімдеудің теориялық және қолданбалы аспектілері айқындалды. Көптеген ғалымдар ҚМ мәселелерін қарастырғанымен, бұл мәселе Қазақстан үшін толық зерттелмеген күйінде қалып отыр

280-292 344
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы арасындағы сауда-экономикалық ынты-мақтастықтың негізгі ағымдағы процестері әлемдегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа үлгісін қалыптастырудың қазіргі геосаяси жағдайында қарастырылады. Әлемдік сауданы дамытудың қолда бар болжамдарына сәйкес, орта мерзімді перспективада бүкіл әлемдік сауданың үлкен көлемі арнайы Оңтүстік-Шығыс Азия аймағына ауысады. Бұл геосаяси жағдайлардың өзгеруі, тасымалдау бағыттарының өзгеруі мен халықаралық инвесторлардың қызығушылығының артуы сияқты бірнеше факторларға байланысты. Қазақстан мұхиттарға шығу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, транзиттік ағындарды ұлғайтуға мүмкіндiкберетін Еуропалық Одақ – Оңтүстік-Шығыс Азия бағытында қолжетімді логистиканы құруға айтарлықтай күш салуы қажет. Сонымен қатар отандық кәсіпорындарды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығына шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осы зерттеу жұмысының барысында салыстырмалы артықшылықтар индексін пайдалана отырып, қазақстандық экспортты Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұлғайту мүмкіндіктері мен әлеуетіне ерекше назар аударылды. Осының нәтижесінде аймаққа үшінші елдерден келетін импортты ескере отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығында белгілі бір бәсекеге қабілеттілікке ие тауарлардың негізгі категориялары анықталады. Қазақстан көлік инфрақұрылымын жақсарту, заңнамалық базаны жетілдіру және аймақтағы іс-шараларға қатысуын арттыру арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен саудасын арттыра алады. Бұл жұмыс Қазақстанның дипломатиялық корпусының өкілдерін, мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, өз өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына шығаруға мүдделі бизнес-қоғамдастық өкілдерін де қызықтырады

ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

293-307 427
Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты аймақтарды дамытуда халықаралық туризмнің инклюзивті құралы ретінде туристік бағыттардың тұрақты даму модельдерін қалыптастыру мен туристік бағыттардың тұрақты даму моделін құру арқылы аймақтардың тұрақты даму индикаторлары арасындағы өзара байланыс дәрежесін анықтау. Жағдайды талдау мақсатында авторлар Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласын қамтитын модельді қарастырады. Зерттеу барысында туризм саласындағы аймақтарды дамытудың инклюзивті көрсеткіштері жүйесіндегі алты негізгі көрсеткіштердің тұжырымдамалық мәні мен әсеріанықталды. Әлем бойынша қызмет көрсету саласы қарқынды дамып, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтып отыр, сонымен қатар, осы саланың инклюзивті бағытта даму үдерісі халықаралық ұйымдар мен дамыған мемлекеттердің Ұлттық даму стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан жұмыстың өзектілігі халықаралық туризмді аймақтарды инклюзивті дамыту құралы ретінде зерттеуде жатыр. Зерттеудің негізгі әдістері жалпылау, салыстыру, экономикалық және статистикалық талдау болды, сонымен қатар үлес салмағының дәрежесі мен мәнін анықтауға арналған көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні, корреляциялық талдау және Пирсон сызықтық корреляция коэффициенттері қолданылды. Авторлар туристік бағыттардың тұрақты даму моделін құрудың негізі ретінде мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін басқару үдерісі мен көрсеткіштерін біріктіру және жүйелеу құралы ретінде кешенді тәсілді ұсынады. Туристік аймақтарды дамытуда тұрақтылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ету саласында механизмді қалыптастыру ұсынылады.

308-320 692
Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі бүгінгі таңда инновациялық қызметтің көптеген салаларда, соның ішінде туризмде де қажеттігімен сипатталады. Дамып келе жатқан туризм индустриясы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа тәсілдерді табуы қажет. Туристерді өз қызметіне қызықтыру мүмкіндігі тұрақты табыс пен бизнесті дамытудың кепілі, оған компанияны басқалардан ерекшелендіретін инновациялар да ықпал етеді. Инновациялық қызметтегі өзгерістердің ауқымы мен динамикасы осы саладағы ғылыми білімдер мен тәсілдерді зерттеу, жүйелеу және ретке келтіру қажеттілігін анықтады. Осылайша зерттеу нысаны туризмдегі инновациялық үрдістер болды. Жұмыстың мақсаты – инновациялық туризмнің мәні мен маңызын ашу. Ол үшін мақалада туризм индустриясындағы инновация, инновациялық белсенділік, инновациялық үдеріс, инновация терминдерін анықтаудағы қолданыстағы тәсілдерге жан-жақты талдау жасалды. Зерттеу нәтижелерінің мәселе бойынша зерттеумен айналысатын ғалымдар мен білім алушылар, туристік фирмалар инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іске асыру үшін, сондайақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Қазақстанның туристік саласын дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарларын әзірлеу мақсатында пайдаланылуы мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын айқындайды. Зерттеу теориялық талдаудың талдау және синтез, индукция және дедукция әдістеріне негізделген. Зерттеу барысында туризм индустриясындағы инновацияның негізгі ерекшеліктері анықталды. Талдау нәтижесі инновациялық туризмге берілген авторлық анықтама болды.

321-333 475
Аңдатпа

Зерттеу жүйелі тәсілді пайдалана отырып, Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмнің дамуын талдауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – осы аймақтағы экологиялық туризмді дамыту стратегиясын кешенді талдау және әзірлеу. Зерттеу барлық факторлар мен әсерлерді ескере отырып, табиғи аумақтар мен туристік инфрақұрылымның өзара байланысына негізделген. Мақсатқа жету үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Ғылыми материалдар Scopus, Web of Science, ResearchGate, Google Scholar және басқа да платформаларда ізделді. Іздеуге арналған негізгі тірек сөздер: «экотуризм», «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар», «туризм», «табиғатты қорғау», «жүйелік талдау», «Алматы облысындағы туризм». Материалдарды іздеу екі ай, 2023 жылдың ақпанынан мамырына дейінгі аралықта жүргізілді. Экологиялық туризмді дамыту тақырыбына арналған материалдардан отандық және шетелдік тәжірибе зерделенді. Сондай-ақ зерттеу барысында Алматы облысының ерекше қорғалатын аумақтарында экологиялық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау және SWOT-талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері экотуризмді дамытудағы табиғи мұраны және биологиялық әртүрлілікті сақтау әдістерін ұсынады. Олар ресурстарды тұрақты пайдаланудың, экологиялық стандарттар мен экологиялық жауапкершілік принциптерін сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Сондай-ақ мәдени мұраны сақтау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету және туристер мен жергілікті тұрғындар арасында оң өзара іс-қимыл жасау үшін жергілікті қоғамдастықтардың экотуризмді дамытуға қатысуының рөлі айқындалды.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ

334-345 455
Аңдатпа

Құрылыс нарығын шаруашылық қызметтің бір түрі ретінде алсақ, нарық объектілерді құруды, оларды қалпына келтіру шараларын қарастырады. Жобаның мақсаттары, іске асырудың алғы шарттары бар және жобаның да, құрылыс алаңының да жеке ерекшеліктерін ескереді. Жобаны тиімді және сапалы жүзегеасырудың негізі – жобаны басқарудың тиімді жүйесі. Қазіргі уақытта құрылыс индустриясының ұйымдарында басқарудың жобалық-бағдарлы тәсілі кең тараған. Көптеген құрылыс ұйымдары пайда болған өзгерістерге тез және уақтылы әрекет ету үшін жобаларды басқару процестерін стандарттау қажеттілігін түсініп жатыр. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы құрылыс компанияларының жетілу деңгейін талдау. Ол үшін Қазақстан Республикасының құрылыс компанияларындағы жобалық менеджменттің жетілгендігін бағалау үшін бейімделген Беркли моделі қолданылды, оның негізінде құрылыс жобаларында жобаны басқару процестерін қолдану қарқындылығы талданды. Мақалада шешілетін міндеттерге байланысты ғылыми абстракция әдістері, жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, жобаны басқарудың жетілу деңгейінің үлгілері, сандық сауалнама әдісі және т.б. қолданылды. Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі – Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы жобаларды басқарудың жетілуін бағалау үшін PMBOK жобалық менеджменттің халықаралық стандартының процестерімен біріктірілген Беркли жобаларын басқарудың жетілуінің бейімделген моделі.

346-359 594
Аңдатпа

Мақала демократиялық мемлекеттің дамуының маңызды тұжырымдамаларындағы азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған. Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде үкіметтік емес сектор үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) санының серпінді өсуін көрсеткен іргелі дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Сонымен қатар жаһандану жағдайында және сындарлы қоғамдық диалогты дамыту үшін мемлекет пен ҮЕҰ өзара ісқимыл тетігін жетілдіру қажет. Мақаланың мақсаты мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылының рөлін арттыру үшін халықаралық тәжірибені талдау негізінде мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының үздік тұжырымдамаларын анықтау. Зерттеудің әдіснамасы азаматтық сектормен өзара қарым-қатынас құруда барынша тәжірибесі бар әртүрлі мемлекеттердің шетелдік ғылыми мақалаларын зерделеу және Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетіктерінің қазіргі жай-күйін талдау, сондай-ақазаматтық секторды дамыту жөніндегі уәкілетті органның статистикалық деректерінен тұрады. Авторлар бұл зерттеуде үкіметтік емес сектордың елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қатысуы төмен және қоғаммен диалогтың өзара іс-қимылы кезінде мемлекеттік тетіктердің жетілмегендігі байқалатын мемлекет пен ҮЕҰ ынтымақтастығы мәселесіне назар аударады.

360-374 369
Аңдатпа

Әлемдік экономиканың негізгі секторларының бірі бола отырып, қазіргі заманғы авиациялық нарық көптеген қиындықтарға тап болады. Бұл факторлар авиакомпаниялардың технологиялық инновациялар мен экологиялық тәжірибелердің тұрақтылығына деген ұмтылыстан экономикалық және саяси дағдарыстарға дейінгі операциялық қызметіне әсер етеді. Саланың күрделілігі мен серпінділігін ескере отырып, авиакомпания ресурстарын тиімді басқару басымдыққа ие болады және бұл тұрғыда басқару есебі шешуші рөл атқарады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі бірнеше негізгі ойлармен анықталады. Ең алдымен, әлемдік дағдарыстардан, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының зардаптарынан туындаған тұрақсыз экономикалық жағдай авиациядағы дағдарысты басқару тетіктеріне жаңа талаптар қойды. Басқарушылық есеп авиакомпания менеджерлерін дағдарыс жағдайында негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Басқарушылық есеп құрылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай зерттеу әлсіз буындарды анықтауға, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және олардың бәсекеге қабілеттілігі мен сыртқы күйзелістерге төзімділігін арттыру үшін авиакомпаниялардағы басқарушылық есеп жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – бухгалтерлік есеп процедураларын оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру мақсатында дағдарысты басқару жағдайында авиакомпанияларды басқару есебінің құрылымын зерттеу. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: бұл зерттеу қазақстандық авиакомпанияларға бейімделуге немесе қолдануға болатын тәжірибелер мен әдістемелер туралы түсінік бере алады. Зерттеу әдістері: талдау, қаржылық есептілікті талдау, салыстырмалы талдау, әдебиеттерді зерттеу

375-389 377
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы әртүрлі көлік түрлерінің бәсекеге қабілеттілігі қарастырылады, экономика саласында көлік түрін таңдауына әсер ететін негізгі факторларға бағалау жасалды. Бұл зерттеудің шарықтау шегі Қазақстандағы әртүрлі көлік түрлерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын кешенді рейтингтік жүйе. Түрлі перспективалар мен аналитикалық әдіснамаларға негізделген бұл жүйе саясаткерлер мен мүдделі тараптар үшін Қазақстанның көлік жүйесін оңтайландырудағы құнды құрал. Зерттеудің мақсаты таңдалған факторлардың қайсысы Қазақстанның көлік құралдарын таңдауы бойынша шешіміне көбірек әсер ететінін тексеру. Зерттеу барысында негізгі әдебиет көздері талданды және оның негізінде қолданатын әдістеме таңдалды. Біздің әдіснамалық базамыз Eviews 10 деректерді талдау пакетінің бағдарламасын қолдана отырып, көп факторлы регрессиялық үлгілеу жасау. Зерттеу базасына Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2013–2022 жж. Ұлттық статистика бюросының деректері алынды. Есептеулер көрсеткендей, біз таңдаған факторлар әртүрлі көлік түрлеріне әртүрлі әсер етті. Зерттеу нәтижесінде көлік құралдарының әлеуетін арттыру үшін көліктік инфрақұрлым және экономикалық-әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік туғызады. Зерттеу нәтижелерін көлік компаниялары мен көлік жүйесін басқаратын мемлекеттік құрылымдар пайдалана алады.

390-402 411
Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында халықаралық экономикалық дағдарысқа байланысты ең күрделі және ұзақ мерзімді мәселелер шиеленісе түсті, оларды шешу елдің экономикалық әл-ауқаты мен оның сыртқы әсерлерге тұрақтылығы үшін стратегиялық тұрғыда маңызды. Экономикалық дамуды одан әрі дамытудың негізгі мақсаты өнеркәсіпті тұрақтандыру мен өсіру ғана емес, сонымен қатар өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Дегенмен инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесі әлі де ашық және мәселеге толы болып қала береді. Дамушы ел үшін шетелдік банктерден қарыз қаражатын тарту маңызды мәселе. Сонымен қатар валюталардың құбылмалылығы жағдайында қосымша левередж пайда болады, бұл елдің экономикалық өсуіне қатты әсер етеді. Бұл мақалада инфрақұрылымды дамытудың, Қазақстанда Исламдық қаржыны заң тұрғысынан қабылдаудың өзекті мәселелері мен оларды сукук шығару моделі түрінде шешу жолдары айқындалды. Осыған байланысты құқықтық аспектілерді қарастыру қажет, өйткені Сукук реттеуі AIFC (Astana International Financial Center) қазақстандық юрисдикцияның қолданыстағы реттеуіне сәйкес келмейді. Сукук қаржылық қызметтердің ауқымын кеңейте алады, ішкі капитал нарығын дамытуға көмектеседі және мемлекеттік бюджеттің қолдауынсыз инфрақұрылымды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл жұмыс AIFC және Қазақстанның материктік юрисдикциясында белгіленген ішкі реттеуді білдіреді

403-416 605
Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар бюджет жүйесінің қағидаттарын қарастыра отырып, оларды салыстырмалы түрде саралады және бюджетаралық қатынастардағы қаражаттардың трансферт түрінде қаражаттардың бір деңгейден екіншісіне жылжу үдерісін талдады. Сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың туындау қажеттілігі мен республика аумағында жалпы ішкі өнімнің көлемін өңірлер кескінінде талдай отырып, отандық нарықтағы ірі өндірушілер саны мен көлемі аз шоғырланған өңірлер айқындалып, ол өңірлерде бюджет кірістерінің қалыптасу үрдісі тең еместігі де аталып өтілді. Зерттеу барысында авторлар республикалық бюджеттен субвенциялар, жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қоюларды және субвенциялардың бюджеттік алуға қатынасы көлеміне де талдау жасап, субвенциялар мен алып қою тетігі республикалық бюджеттен беретін трансферттердің өсуі аясында жергілікті бюджеттердегі салық түсімдерінің үлесінің төмендеуіне әкеледі және бұл өз кезегінде жергілікті билік органдарының дербестігінің төмендеуіне ықпал етеді. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты ҚР-дағы бюджетаралық қатынастарды оңтайландыруға қатысты мемлекеттің қаржылық саясатын талдай отырып, мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру. Зерттеу нәтижесі бойынша қаржылық дербестікті кеңейту және жергілікті атқарушы органдарды өңірлік экономиканы дамытуға ынталандыру мен жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстардың іске асырылғандығы анықталды. Зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстары ҚР-ның бюджетаралық қатынастарына байланысты саясатты жүзеге асырудың ғылыми негіздемесі бола алады.

417-427 357
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты бизнестегі цифрлық трансформация процестерінің Қазақстан Республикасындағы экономикалық көрсеткіштерге және инновациялық дамуға әсерін талдау. Осы мақсатқа жету үшін 2013–2022 жж. арналған деректер пайдаланылды және статистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу әдістемесі шеңберінде кәсіпорындардың цифрлық белсенділік деңгейін талдау, сондай-ақ инновациялық белсенділік көрсеткіштерін бағалау жүргізілді. Статистикалық модельдер цифрлық трансформацияның экономика мен инновацияға әсерін зерттеу үшін қолданылды. Кәсіпорынның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейі, интернет-ресурстарға қолжетімділік, фирмалардың онлайн режимінде тапсырыстарды орналастыру мен қабылдауға қатысуы талдаудағы басты көрсеткіштер болды. Сонымен қатар жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнімнің үлесі ескерілген. Алынған нәтижелер Қазақстандағы кәсіпорындарды цифрландыру үдерісіндегі оң үрдістерді көрсетеді. ЖІӨ-мен өлшенетін цифрлық трансформацияның экономикаға әсері инновацияларға әсер етумен салыстырғанда азырақ байқалды. Цифрландырудың бизнеске статистикалық маңызды әсерін көрсететін Интернетке қол жеткізу және АКТ пайдалану сияқты негізгі көрсеткіштер анықталды. Зерттеу цифрландыру арқылы инновацияларды ынталандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды қолдау, Қазақстан Республикасында цифрлық және инновациялық дамуды қолдау бойынша мониторинг және реттеу сияқты бірқатар шараларды ұсынады

428-440 343
Аңдатпа

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қатынастар жүйесіне терең интеграцияланған. Елдегі импорт көлемінің ұлғаюы капитал мен технологияны тартатын, сондай-ақ тұтыну шығындарын арттыратын экономикалық прогрестің нәтижесі. Экономиканың тұтыну тауарларына, инвестицияларға және аралық өнімдерге деген қажеттіліктер импорттық жеткізілімдерді кеңейту арқылы қанағаттандырылады, бұл төлем балансының ағымдағы шотына біраз жүктеме түсіреді. Осы тұрғыда еліміздің даму барысында импорттың қазіргі деңгейі басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты негізделген деген сұрақ туындайды. Осы сектор өнімінің ішкі қосылған құнын ұлғайту оның экономикалық әсерін күшейтудің негізгі тәсілі. Бұл мақаланың мақсаты жеңіл өнеркәсіптің жағдайын бағалау және ішкі тауарлардың құнын арттыру үшін маркетингтік стратегияны әзірлеу. Мақала Қазақстан Республикасының (ҚР) жеңіл өнеркәсіп секторында ішкі құндылықты арттыру жөніндегі стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға арналған. Бұл стратегиялар елдің 2021 жылға қарай ішкі сатып алулардың кем дегенде 90% үлесіне жету мақсатына сәйкес келеді. Зерттеу «Қазақстан–2050» даму жоспарына енгізілген бес кепілдікке бағытталған, олар өңірлік өндірушілерді қолдауға және сақтауға арналған.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ

441-453 449
Аңдатпа

Қазіргі қоғамда жаһандану мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың белсенді процестері байқалады. Бұл жағдайда жеке және әлеуметтік, этностық, діни және басқа деңгейлердегі бірегейлік мәселесі маңызды. Оның ішінде қазіргі кезеңде азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, нығайту мәселесі мемлекеттердің күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Азаматтық бірегейлік құрылымының элементтері әр кезеңде өзгеріске ұшырап отырады және әр мемлекетте өзіндік сипатқа ие болады. Дегенмен де әр кезеңде барлығына ортақ болып азаматтыққа қатысты сезім, мемлекеттің мүшесі болуына оң немесе теріс көзқараста болу, ортақ игілікке бағытталған істер сияқты компоненттер табылады. Азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға және нығайту сонымен қатар басқа да факторлар әсер ететінін ескерген жөн. Мысалы, тіл, әлеуметтік орта, мәдениет, білім беру жүйесі, БАҚ, отбасы, құқықтық база (заңдар, ережелер және т.б.), мемлекетткегі жағдай, моральдық нормалар және т.б. Олардың әсер ету деңгейі қоғамның ерекшелігіне байланысты. Білім беру жүйесі азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың бір факторы ретінде ғылымда зерттеуді талап етеді. Өйткені, қазіргі заманғысын-қатерлер мемлекеттер өмірінің саяси, экономикалық, мәдени және басқа салаларын тұрақсыздандыруға бағытталғанын ескерсек, бұл жағдайда ең қорғалмаған топтардың бірі – жастар екенін естен шығармаған жөн. Мақалада қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға тигізетін әсері қарастылған. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы білім алып отырған жастардың азаматтық бірегейлік сезімдерінің ерекшеліктері анықталған. Адамның жас кезінде әлеуметтену үрдісі тез әрі тиімді өтетінін ескере отырып, азаматтық бірегейліктің қалыптасуын адамның жас кезінен бастау қажеттігін естен шығармаған жөн. Бұл отбасынан кейін бірінші кезекте оқу орындарындағы тәрбие мен қағидаттарды бойға сіңдіруден басталады. Осы орайда мақаланың негізгі мақсаты жастардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру процесінде оқу орындарындағы білім берудің рөлі мен маңыздылығын айқындау болып табылады.

ҒЫЛЫМИ ӨМІР

454-457 1621
Аңдатпа

Мақалада «Еуразиялық көші-қон жүйесінің болашағы» тақырыбындағы халықаралық конференцияда өткен Еуразиядағы қазіргі заманғы көші-қон процестерімен байланысты мәселелерді талқылауға талдау жасалған. «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығы ғылыми-зерттеу жобасы аясында өткізілген конференция Қазақстанның ғылыми өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Конференцияның екі күнінде сегіз секциялық отырыс өткізіліп, онда он сегіз елдің ғалымдары мен сарапшыларының отыз жеті баяндамасы тыңдалды. Баяндамалардың тақырыбы соңғы уақыттағы геосаяси өзгерістерді ашып көрсетті, кейбір зерттеушілер оны «турбуленттілік дәуірі» деп атады. Конференцияға қатысушылар Ресей, Украина және Орталық Азия елдеріндегі көші-қонға ерекше көңіл бөлді



ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)