ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА
Білім берудегі қаржылық теңсіздік – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Ол оқу нәтижелеріне әсер етіп, мүмкіндіктер, ресурстар және білім нәтижелері арасындағы теңсіздікті күшейтеді, сайып келгенде, жалпы экономикалық өсуге кері әсерін тигізеді. Бұл зерттеу мақаласында еліміздің білім беру жүйесінде орын алған қаржылық теңсіздік проблемасы қарастырылады. Аталған проблема халықтың басым бөлігінің сапалы білім алуына қолжетімділігінің шектелуімен көрініс табады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер (халықтың кірістері, білім беруге жұмсалатын мемлекеттік және жеке шығындар) мен білім беру қызметтерінің сапасы арасындағы өзара байланысты анықтау, осы негізде теңсіздікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Жұмыста білім беруді дамытудың қаржылық аспектілеріне талдау жасалып, мемлекеттік және жеке қаржылық инвестициялар, халықтың табысы және олардың білім сапасына әсері зерттелді. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығы орта мектеп түлектерін даярлау сапасын арттыру және әлеуметтік ұтқырлықты (мобильділікті) қамтамасыз ету үшін нақты ұсыныстар әзірлеуде. Ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру үшін олардың құрылымын қайта қарау, ҰБТ-ға сапалы дайындыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ білім беру нәтижелеріндегі өңірлік алшақтықты азайту мәселелерін қамтиды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының, Ұлттық білім беруді бағалау орталығының, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығы, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің материалдары пайдаланылды. Ұсынылған ұсыныстар мемлекеттік органдарға білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеуде және жеке құрылымдарға да пайдалы болуы мүмкін.
Соңғы жылдары орнықты даму шеңберiнде жасыл қаржыландыру технологияларын жетiлдiру мәселелерi, сондай-ақ оларды жаңғырту бағыттары қазiргi заманғы ғалым экономистердiң ғылыми еңбектерiнде қаралуда. Экономикасы дамыған елдерде қазiргi уақытта экологиялық таза (жасыл) облигацияларды дамытуға ықпал ететiн қазiргi заманғы инвестициялық экожүйелердi дамыту жөнiндегi жобалар табысты жүзеге асырылуда. Жұмыстың мақсаты – әлемдік үрдістерді талдау негізінде Қазақстан Республикасында жасыл қаржыландыру құралдарын дамытудың негізгі бағыттарын айқындау. Мақалада орнықты даму мақсаттарын іске асырудың халықаралық тәжірибесін талдау қаралды, соның негізінде жасыл облигациялар нарығы жасыл, әлеуметтік және орнықты облигацияларды дамыту үшін қозғаушы күш ретінде айқындалды. Жүргізілген талдау Еуропаның көптеген елдерінде орнықты даму саласында оң нәтижелер үрдісі байқалатынын, ал халықаралық ұйымдар жасыл қаржыландыру құралдарын бірлесіп шығаруды қамтамасыз ететін неғұрлым маңызды субъектілер болып табылатынын анықтады. Жүргізілген практикалық талдау негізінде мақалада Қазақстан Республикасындағы жасыл қаржыландыру нарығының ағымдағы жай-күйіне баға беріліп, жасыл және орнықты облигацияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, атап айтқанда қаржы ұйымдарының стратегиясы мен бизнес-моделіне ESG критерийлерін интеграциялау бойынша қабылданып жатқан шаралар айқындалды. Зерттеу нәтижелері авторларға Қазақстанда жасыл экономиканы қаржыландыру саласындағы нормативтік құжаттар мен мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіру жолымен орнықты даму құралдарын енгізу арқылы жасыл қаржыландыруды дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Жасыл қаржыландыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар экологиялық бағдарларға бағытталуы тиіс екенін ескеру қажет. Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін авторлар Қазақстан Республикасындағы бизнес экономикасының өзгеруі жағдайында жасыл қаржыландырудың қазіргі және болашақ үрдістерін, сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік берген ақпаратты қорыту және жүйелеу әдістерін пайдаланған. Жасыл құралдар нарығының жай-күйіне салыстырмалы талдау Climate Bond Initiativ деректер қорының параметрлері негізінде жүргізілді.
Мақалада Қазақстан Республикасының қаржы секторындағы бірігу мен жұтылу (M&A) үдерістерінің теориялық және қолданбалы аспектілері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екінші деңгейлі банктердің шоғырлануының негізгі ерекшеліктерін, себептері мен салдарын анықтау және дисконтталған ақша ағымдары (DCF) әдісін қолдана отырып синергиялық әсерді бағалау. Зерттеу жүйелі, салыстырмалы және қаржыэкономикалық тәсілдерге негізделген. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қор биржасы және халықаралық ұйымдардың (BIS, World Bank) деректері пайдаланылды. Талдау нәтижелері бірігу үдерістері банктердің капиталдануы мен тұрақтылығын арттыратынын, бірақ монополиялану мен ашықтықтың жеткіліксіздігі сияқты тәуекелдермен қатар жүретінін көрсетті. Halyk Bank–Казкоммерцбанк, Банк Центр Кредит–Eco Center Bank және Kaspi.kz– Hepsiburada мысалдары бойынша синергиялық әсердің орта мерзімді перспективада айқындалатыны анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы DCF моделін дамушы қаржы нарығы жағдайында қолдануда және консолидациялық үдерістердің институционалдық түсіндірмесін ұсынуда көрініс табады. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді қаржы секторының нормативтік және стратегиялық реттеуінде пайдалану мүмкіндігінде.
Мақаланың мақсаты – Қазақстан университеттеріндегі гранттық жобаларды басқарудағы негізгі мәселелері мен кедергілерді айқындап, олардың тиімділігі, нәтижелілігі мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу. Гранттық қаржыландыру ғылымды мемлекеттік қолдаудың аса маңызды тетігі болып табылады, алайда оны отандық университеттерде пайдалану бірқатар институционалдық және ұйымдастырушылық қиындықтармен ұштасуда. Әдебиеттерге шолу заманауи жобалық менеджмент, технология трансферті және академиялық кәсіпкерлік тұжырымдамаларын, сондай-ақ халықаралық және отандық тәжірибені қамтиды. Шетелдік университеттердің тәжірибесін Қазақстандағы жағдаймен салыстыру барысында ұйымдастырушылық құрылымдардың бытыраңқылығы, бөлімшелер арасындағы үйлестірудің әлсіздігі, ғылым мен бизнестің жеткіліксіз ықпалдасуы, инновациялық салаға бизнестің шектеулі тартылуы айқындалды. Сонымен қатар, жобаларды басқару бойынша кадрларды даярлау мен зерттеулерді қолдау инфрақұрылымының даму деңгейіндегі айырмашылықтар анықталды, оның ішінде технология трансферті орталықтары мен инкубациялық алаңдар. Эмпирикалық бөлім аралас әдістемеге негізделген: сауалнама (80 респондент) және жартылай құрылымдалған сұхбат (15 басшы). Қатысушылардың небәрі 22%-ы жобаларды басқарудың нақты құрылымы бар екенін атап өтті, 60%-дан астамы коммерцияландыру бойынша ақпараттың жеткіліксіздігін көрсетті, ал жартысына жуығы қолданыстағы ынталандыру жүйелерінің тиімділігіне күмән келтірді. Зерттеушілердің басым бөлігі академиялық нәтижелерге (мақалалар, есептер) бағдарланған, ал енгізу мен нарықтық іске асыруға көңіл аз бөлінуде. Нәтижелер гранттарды басқарудың интеграцияланған моделіне көшудің қажеттілігін дәлелдейді: университеттер жанынан жобалық офис құру, ғылымды сүйемелдеудің цифрлық платформаларын енгізу, нормативтік базаны жетілдіру және нәтижелерді тәжірибелік енгізуге бағытталған ынталандыру жүйесін қалыптастыру. Қосымша шаралар ретінде университеттер мен бизнес арасындағы желілік ынтымақтастықты дамыту, зерттеушілердің халықаралық консорциумдарға қатысуын ынталандыру және гранттық жобаларды ұзақ мерзімді мониторингтеу тетіктерін құру ұсынылады. Ұсынылған шаралар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін және ұлттық ғылыми жүйенің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің қарқынды дамуы жағдайында ұйымдардың тұрақтылығын, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ету құралы ретінде тиімді ішкі бақылау қажеттілігі артып келеді. Бұл жұмыста әлеуметтік кәсіпкерліктегі ішкі бақылаудың теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдері, оның мақсаттары, функциялары, механизмдері мен құралдары қарастырылады. Әлеуметтік-бағдарланған ұйымдарда олардың қызметінің екі жақты сипатын – коммерциялық мақсаттарды әлеуметтік миссиямен үйлестіруді ескере отырып, ішкі бақылаудың ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Тәуекелдерді бағалаудың, ішкі аудиттің және қызметтің негізгі көрсеткіштерінің мониторингінің заманауи әдістері талданады. Отандық және шетелдік тәжірибені талдау негізінде әлеуметтік кәсіпорындарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылады. Жұмыс әлеуметтік кәсіпорындардың менеджерлеріне, ішкі бақылау және кәсіпкерлік саласындағы зерттеушілерге, сондай-ақ тұрақты даму стратегияларын әзірлеумен айналысатын мамандарға пайдалы болуы мүмкін. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары әлеуметтік кәсіпкерліктегі ішкі бақылаудың теориясы мен әдіснамасы бойынша әлемдік және қазақстандық тәжірибені зерттеу болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы әлеуметтік кәсіпкерлікте ішкі бақылауды қолданудың теориялық аспектілері мен әдіснамасын дамытудың негізгі тенденцияларын анықтауда жатыр. Жұмыстың практикалық маңызы оның нәтижелерін әлеуметтік кәсіпкерліктегі ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіру барысында қолдану мүмкіндігінде көрінеді. Зерттеу нәтижелерін енгізу ішкі бақылау теориясы мен тәжірибесін қазіргі заманғы құралдар мен әдістермен толықтыруға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыстың практикалық құндылығы оның нәтижелерін әлеуметтік кәсіпкерліктегі ішкі бақылау жүйесін дамыту саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында қолдануға болатындығында жатыр.
Бұл мақала Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту саясатының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Онда еңбек нарығындағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың динамикасы сипатталып, әлеуметтік кәсіпкерліктің қазіргі даму деңгейі мен оның жұмыспен қамтуға ықпалы мазмұнды түрде талданады. Зерттеуде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салалары және олардың өңірлер бойынша орналасуы көрсетіледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің даму үрдістері халықаралық тәжірибемен салыстырыла талданып, мемлекеттік реттеу, қаржылық қолдау, салықтық жеңілдіктер және цифрлық қолдау тетіктеріндегі олқылықтар айқындалды. Зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде 2023–2025 жж. аралығындағы әлеуметтік жобалар, өңірлік бағдарламалар және ашық ресми деректер құрайды. Зерттеуде әлеуметтік кәсіпкерліктің еңбек нарығымен өзара байланысы үш негізгі бағыт бойынша қарастырылады: жаңа жұмыс орындарын құру, мүгедектігі бар азаматтар мен әлеуметтік осал топтарды тарту арқылы инклюзивтілікті кеңейту, сондай-ақ жұмыс орындарының тұрақтылығын арттыру. Зерттеу нәтижелері негізінде жұмыспен қамтуды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар ұсынылады. Атап айтқанда: жұмыс орындарын сақтау шартымен еңбекақыны шартты түрде субсидиялау; әлеуметтік кәсіпорындар реестрі негізінде ашық деректер форматындағы аналитикалық панель әзірлеп, оны eGov порталы мен еңбек нарығының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау; өңірлік деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік инновациялық орталықтар құру; оқыту ваучерлері мен дуалды-тәлімгерлік білім беру бағдарламаларын енгізу ұсынылады. Ұсынымдар жұмыспен қамтуды арттыруға, осал топтардың еңбек нарығына кіруін жеңілдетуге және жұмыс орындарының тұрақтылығын күшейтуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері саясатты дерекке негіздеуді күшейтуге мүмкіндік береді және ұлттық деңгейде тиімді болып табылады.
Мақала Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің адами капиталды қалыптастыру мен инклюзивті өсімге қосатын үлесін зерттейді. Зерттеудің мақсаты – әйелдердің бизнеске қатысуының қазіргі ландшафтын бағалау, реттеуші, институционалдық және нарықтық кедергілерді айқындау және цифрландыру мен білім экономикасына өтуде контекске бейімделген ынталандыру шараларын ұсыну. Әдістемелік тұрғыдан зерттеу гендерлік дезагрегацияланған ұлттық статистика мен реттеуші базаны халықаралық индекстермен, үздік тәжірибелер бойынша кейс-стадилермен және әйелдер кәсіпкерлігі мен өнімділік/инновация көрсеткіштері арасындағы байланыстарды эмпириялық сынаумен ұштастырады. Нәтижелер қаржыландыруға қолжетімділік пен еңбекақыда тұрақты гендерлік алшақтықтардың сақталатынын, салалық сегрегацияның орныққанын, жоғары қосылған құны бар салалар мен орта/ірі фирмаларда әйелдердің жеткіліксіз ұсынылғанын, сондайақ әйелдер басқаратын МҚК белсенділігінің өңірлік әркелкілігін көрсетеді. Зерттеудің жаңалығы гендерлік тәсілді адами капитал теориясына кіріктіруде және себеп-салдарлық механизмді формаландыруда. Сандық верификациядан өткен бұл механизм әйелдер кәсіпкерлігінің басқарушылық, қаржылық, STEM/ICT дағдылары мен кәсіби желілер тәрізді адами және әлеуметтік капиталды күшейту арқылы өнімділік пен инновацияны арттырып, түптеп келгенде инклюзивті экономикалық өсімге ықпал ететінін дәлелдейді. Практикалық мәні ұсынымдар кешенінде көрініс табады: гендерлік дезагрегацияланған мониторингті жетілдіру, нысаналы қаржы құралдарын қолдану, гендерге сезімтал сатып алуды енгізу, инкубация мен акселерацияны кеңейту, STEM/ICT құзыреттерін дамыту және күтім инфрақұрылымына инвестициялар. Бұл ұсынымдарды МҚК-ны қолдау бағдарламаларына, өңірлік саясатқа және гендерлік теңдік стратегияларына кіріктіру адами капиталды және ұзақ мерзімді өсімнің орнықтылығын күшейтеді. Алынған нәтижелер тұрақты даму саясатын, МҚК-ны қолдау бағдарламаларын және гендерлік теңдік стратегияларын қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.
Әлемдік экономиканың трансформациясы жағдайында креативті индустриялар тұрақты өсудің, инновациялық дамудың және жаңа нарықтардың қалыптасуының маңызды драйверіне айналуда. Шағын және орта бизнес (ШОБ) өзінің икемділігімен және бейімделгіштігімен осы салаларды дамытуда шешуші рөл атқарады. Осы зерттеудің мақсаты – ШОБ-тың креативті индустрияларға қатысуының қазіргі жай-күйін талдау, бар кедергілер мен өсу нүктелерін анықтау, сондай-ақ осы саладағы кәсіпкерлік белсенділікті қолдау мен дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау болып табылады. Негізгі назар келесі бағыттарға аударылады: ШОБ-тың креативті индустриялар экономикасына қосқан үлесін бағалау, дамуға әсер ететін институционалдық және инфрақұрылымдық факторларды анықтау, сондай-ақ бизнестің шығармашылық секторларға қатысуын ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы өңірлік және ұлттық деңгейлерде ШОБ-тың креативті салаларға тартылуын сипаттайтын өзекті деректерді жүйелеу және үрдістерді талдау болып табылады. Зерттеу цифрландыру, мәдени әртүрлілік және экономикалық белгісіздік жағдайында бизнестің жұмыс істеу ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы мынада: жұмыста ШОБ-тың креативті экономикадағы рөлін кешенді бағалау ұсынылған, осы сектордың тұрақтылығы мен инновациясын арттыруға қабілетті стратегиялық бағдарлар мен қолдау құралдары анықталған. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы жұмыспен қамтудың, экспорттың және мәдени бірегейліктің өсуіне ықпал ететін креативті индустрияларда ШОБ үшін қолайлы экожүйені қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік билік органдары, даму институттары және кәсіпкерлік қоғамдастық үшін әзірленген ұсынымдарда көрінеді.
Бұл мақала қазақстандық Advert Reprise Digital ЖШС (бұдан әрі – Advert Reprise Digital) кәсіпорнының мысалын пайдалана отырып, тұтынушыға саяхат картасын (CJM) зерттеуге және дамытуға арналған. Зерттеудің мақсаты тұтынушылармен қарым-қатынасты оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін цифрлық, FMCG және фармацевтика секторларындағы тұтынушылар тәжірибесінің сипаттамаларын салыстыруға бағытталған Advert Reprise Digital үшін тұтынушының саяхат картасын әзірлеу және талдау болып табылады. Зерттеу аясында авторлар кәсіпорынның құрылымын, оның қызметінің ерекшеліктерін егжейтегжейлі зерттеді, өзара әрекеттесудің негізгі нүктелерін анықтау және коммуникацияны жақсарту бағыттарын анықтау үшін тұтынушы тәжірибесіне талдау жүргізді. Жұмыстың негізгі нәтижесі – бұл кәсіпорын үшін тұтынушы саяхатының картасын жасау, ол клиенттің саяхат кезеңдерін, олардың қажеттіліктерін және ықтимал қиындықтарын бейнелейді, сонымен қатар өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру және компанияның тұтынушылар тәжірибесін оңтайландыру ұсынады. Карта жасаудың практикалық құндылығын халықаралық компанияларда қолданудың сәтті мысалдары растайды: Starbucks, IKEA, Amazon, бұл әдістің тұтынушылармен байланысты жақсарту және аудиторияның адалдығын арттырудағы тиімділігін дәлелдейді. Әдістің тиімділігін авторлардың Advert Reprise Digital жарнама агенттігінің өзі үшін де, Pladis брендінің Stopdiar (Gedeon Richter) және Smecta (Mayoly) клиенттері үшін де тұтынушылардың саяхат карталарын жасау тәжірибесі растайды. Құрылған тұтынушы саяхатының картасы тұтынушы саяхатындағы осалдықтарды анықтауға негіз болды және тұтынушылармен байланысты оңтайландыру үшін тәжірибеде қолданылған практикалық ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Мақалада бизнестің әртүрлі деңгейлері мен салаларындағы кәсіпкерлер мен менеджерлердің назарына кіретін Қазақстандағы HR-менеджменттің (Human Resources Management, HRM) даму ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл зерттеудің өзектілігі адамның ұйымдағы маңыздылығының артуы еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жалдамалы еңбекті басқаруға бағытталған HRM-ді жандандыруды көздейтіндігіне байланысты. Жаңа қызметтер мен IT-технологияларды қолдану мамандарды көп уақыт пен ақшалай шығындарды қажет ететін күнделікті жұмыстан босатып, уақытты қажет ететін HRM процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Кадрларға жаңа талаптар менталитеттің, жұмыс форматының, жұмысшылардың құндылықтары мен үміттерінің өзгеруіне байланысты туындайды. Зерттеуде ғалымдардың теориялық көздерін, осы мәселелермен айналысатын тәжірибелі басшылар мен білім алушы менеджерлердің жарияланымдарын бақылау, салыстыру және талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің практикалық бөлімінде ұйымдардың HRM қызметін зерттеу фактілері мен дәлелдері, олардың жетекшілері мен магистранттары алғашқы жұмыс дағдылары, өзін-өзі бағалауы туралы зерттеулер келтірілген. Зерттеу нәтижесі Кадрлық менеджменттің жаңа мазмұнына (КМ) құзыреттілік көзқарас тұрғысынан HRM ерекшеліктерін нақтылау; персоналды басқаруда (ҚБ) IT-технологиялардың пайда болуы мен қолданылуының өзекті трендтерін анықтау; кадрлар қызметіндегі бизнес-қатынастардың жаңа түрлерін анықтау; мамандардың қажетті құзыреттерін дамытатын шараларды анықтау; HRM жаңа функциялары нақтыланды, нақтыланды онбординг, оффбординг, геймификация және т.б. Зерттеу нәтижелері біздің еліміздегі ұйымдардың up жаңартылған мазмұны ретінде HRM интеграциясының әдіснамасы мен технологиясына үлес болып табылады.
Сүт шаруашылығын дамыту агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды бағыты болып табылады, әсіресе азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл халқының табысын арттыру контекстінде. Мал шаруашылығы саласында айтарлықтай әлеуеті бар Түркістан облысы жағдайында осы саланың дамуына әсер ететін факторларды кешенді талдаудың өзектілігі артып келеді. Зерттеудің мақсаты талдаудың сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып, өңірлік деңгейде сүт шаруашылығын дамыту факторларын бағалауға кешенді тәсілдің қажеттілігі мен практикалық маңыздылығын негіздеу болып табылады. Зерттеу гипотезасы: сандық және сапалық әдістердің интеграциясы талдаудың бір түрін қолданудан гөрі сүт өндірісінің дамуына әсер ететін факторларды дәлірек анықтауға және түсіндіруге мүмкіндік береді деп болжануда. Жұмыс шеңберінде экономикалық-статистикалық талдау әдістері, оның ішінде корреляциялық-регрессиялық модельдеу, сондайақ жеке қосалқы шаруашылықтардың, фермерлік шаруашылықтардың және жергілікті басқару органдарының өкілдерімен сараптамалық бағалау және терең сұхбат әдістері қолданылды. Мұндай аралас тәсіл объективті статистикалық тәуелділіктерді де, аймақтық контексттің субъективті ерекшеліктерін де ескеруге мүмкіндік берді. Жүргізілген талдау негізінде институционалдық қолдауды күшейту, кооперацияны ынталандыру және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді. Алынған қорытындыларды мемлекеттік басқару органдары, ғылыми мекемелер және ауыл шаруашылығы өндірушілері Қазақстанның аграрлық өңірлерінде мал шаруашылығын орнықты дамыту стратегияларын қалыптастыру кезінде пайдалана алады.
Көмірсутектерге жаһандық тәуелділік пен энергетикаға көшудің өсіп келе жатқан сын-қатерлері жағдайында экономиканы әртараптандыру және институционалдық сапа мәселелері мұнай экспорттаушы елдердің тұрақты дамуы үшін шешуші мәнге ие болуда. Бұл зерттеу 1990–2023 жж. аралығында мұнай экспорттаушы он елдің ЖІӨ өсуіне экономиканы әртараптандырудың ықпалын бағалауға бағытталған, бұл институционалдық сапаның реттеуші рөлін есепке алады. Канада, Ирак, Қазақстан, Кувейт, Нигерия, Норвегия, Ресей, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Америка Құрама Штаттарына арналған панельдік деректерді пайдалана отырып, талдау эндогенділікті шешу үшін тіркелген әсерлер үлгілері мен динамикалық жүйелі GMM пайдаланады. Нәтижелер әртараптандыру индексінің бір стандартты ауытқуға (0,168) ұлғаюы ЖІӨ өсімін 0,75 пайыздық тармаққа арттыратынын көрсетеді, бұл әсер институттары әлсіз елдерге қарағанда күшті институттары бар елдерде 2,4 есе жоғары. Мұнайға тәуелділіктің шекті деңгейі ЖІӨнің 25% деңгейінде анықталды, одан жоғары «ресурстық қарғыстың» жағымсыз салдары басым бола бастайды. Уақыт өте келе талдау әртараптандыру әсерінің уақыт бойынша ұлғаюын анықтады: 1990 жылдардағы 2,134тен 2020–2023 жылдардағы 5,234-ке дейін, бұл оның жаһандық энергетикалық ауысу контекстінде өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Әсерлердің декомпозициясы макроэкономикалық құбылмалылықтың төмендеуі жалпы әсердің 35,2%-ын, технологиялық сыртқы әсерлердің 28,7%-ын, адам капиталының дамуы 21,3%-ын және институционалдық жетілдірудің 14,8%-ын құрайтынын көрсетеді. Бұл нәтижелер ресурстарға тәуелділікті жеңу және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономикалық реформаларды институционалдық қайта құрумен біріктіру қажеттілігін көрсетеді.
Цифрлық сауда платформаларының жылдам дамуы тұтынушылардың мінез-құлқына, әсіресе туризм мен қонақ үй салаларына, түбегейлі әсер етті. Бұл зерттеу бағаның әділеттілігі, онлайн пікірлер және вебсайттың қолайлылығы сияқты негізгі басқарушылық факторлардың қабылданған құндылық, брендке сенім және қабылданған тәуекел арқылы қонақүй брондау ниетіне қалай әсер ететінін зерттейді. Зерттеудің мақсаты тұтынушылардың шешім қабылдауына цифрлық қызмет сапасының ықпалын бейнелейтін құрылымдық үлгіні құру және дәлелдеу болып табылады. Қазақстанда онлайн брондау платформаларын пайдаланатын 318 респонденттің деректері PLS-SEM әдісімен талданды. Барлық алты гипотеза расталды. Әділ баға қабылданған құндылықты арттырады, сенімді пікірлер брендке сенімді күшейтеді, ал интуитивті интерфейс тәуекелді азайтады. Бұл зерттеу теориялық және практикалық тұрғыдан құнды болып келеді. Ғылыми жағынан алғанда, зерттеу цифрлық тұтынушылық мінез-құлықты түсінуге үлес қосады. Басқарушылық тұрғыдан алғанда, тұтынушылардың сенімін арттырып, қолданушы тәжірибесін жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар береді. Бұл жұмыс онлайн коммерцияда жұмыс атқаратын, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ұмтылатын платформа әзірлеушілері мен салалық менеджерлер үшін маңызды.
Бұл мақала жұмыс орындарын құру және жою динамикасына ерекше назар аудара отырып, жасанды интеллектің (AI) еңбек нарығына әсерін зерттейді. Цифрлық экономиканың және төртінші өнеркәсіптік революцияның қарқынды дамуы жағдайында зерттеу қазіргі тенденцияларды талдауға бағытталған және АИ мен жұмыспен қамтудың болашақ өзара әрекеттесуіне болжам жасайды. Әдістеме академиялық әдебиеттерді жүйелі шолуға және Scopus дерекқорындағы саладағы жетекші зерттеушілердің жарияланымдарына, дәйексөздеріне және үлестеріне сандық талдау жасауға негізделген. Зерттеудің маңызды элементі ретінде ЖИдің еңбек нарығының әртүрлі секторларына әсерін зерттеуге мүмкіндік берген ең көп дәйексөз алған 25 жарияланымға контент-анализ жүргізілді. Талдау көрсеткендей, авторлар негізінен ЖИ-дің жоғары білікті жұмыс орындарына әсері, процестерді автоматтандыру және адами ресурстарды басқару мәселелеріне назар аударған. Нәтижелер 2016 жылдан бастап академиялық қоғамдастықта осы тақырыпқа қызығушылықтың айтарлықтай артқанын, зерттеу белсенділігінің шыңы 2022 ж. болғанын көрсетеді. Басылымдардың географиялық таралуын талдау АҚШ пен Үндістанның жетекші позицияларын анықтап, зерттеу қызметінің жаһандық сипатын атап көрсетті. Зерттеу жұмысы осы саланың дамуына елеулі әсер еткен негізгі авторларды да анықтады. Ол болашақта тұрақты экономика мен инклюзивті еңбек нарығына ықпал ететін AI мен еңбек нарығының қарым-қатынасын терең түсіну үшін одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетумен аяқталады.
Бұл зерттеу Орталық Азиядағы экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің детерминанттарын жан-жақты талдауға арналған, онда аймақтық ынтымақтастықтың рөлі мен ықтимал интеграциялық бірлестік құру мәселелеріне баса назар аударылады. Өңірде тұрақты бәсекелік артықшылықтарды қалыптастыру әдістемесін әзірлеу мен жетілдіру теориялық тұрғыдан да, қолданбалы тұрғыдан да маңызды ғылыми бағыт ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Орталық Азия мемлекеттері арасындағы кооперациялық байланыстарды нығайтудың жасырын резервтерін айқындау және олардың терең экономикалық интеграцияға ұмтылыс мүмкіндіктерін бағалау. Өңірлік экономикалық өзара іс-қимылдың балама сценарийлерін әзірлеу арқылы зерттеу Қазақстан ғана емес, көрші елдер үшін де бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын анықтайды. Арнайы көңіл қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты бәсекелік артықшылықтарын айқындауға бөлінеді, бұл ретте әлемдік экономиканың өзгермелі үрдістерінің аймақтық ынтымақтастыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне ықпалына баса назар аударылады. Зерттеудің күтілетін үлесі – сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың, көлік-логистикалық желілерді кеңейтудің және әртараптандырудың, сондай-ақ жаһандық белгісіздік жағдайында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғаудың берік теориялық негізін қалыптастыру. Мұндай нәтижелер өңірлік экономикалық жүйелердің ынтымақтастығы мен интеграциясын тереңдету арқылы аймақтың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, зерттеу жинақталған білімді жүйелеу, теория мен практиканың кемшіліктерін айқындау және тұрақты бәсекелік артықшылықтарды қалыптастырудың әдіснамалық негізін ұсыну арқылы ғылыми қорды байытады. Қолданбалы тұрғыдан алғанда, ол өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге және Орталық Азия экономикаларының стратегиялық дамуын қолдауға бағытталған нақты ұсынымдар әзірлейді.
Мақалада полицентрлі жаһандық экономикаға көшу жағдайында дәстүрлі бәсекеге қабілеттілік теорияларының әдіснамалық шектеулері қарастырылады. Төрт өлшемді талдамалық шеңбер мен жүйелік тәсіл негізінде М. Портердің парадигмасы микро деңгейде өзекті болғанымен, цифрландыру, экономикалық егемендікке ұмтылу және құн жасау тізбектерінің фрагментациясы сипаттайтын қазіргі құрылымдық трансформацияларды түсіндіруде жеткіліксіз екендігі дәлелденеді. Эмпирикалық талдау нәтижелері Портердің «ромб» детерминанттары экономикалық өсімнің өзгеруінің тек 55–60%-ын ғана түсіндіретінін көрсетеді, бұл теориялық олқылықтардың бар екендігін айғақтайды. Зерттеуде жасанды интеллект, цифрлық платформалар мен жаңа бизнес-модельдер арқылы дәстүрлі модель компоненттерінің түбегейлі қайта құрылуына алып келетін цифрлық трансформация негізгі сын-қатер ретінде атап өтіледі. Теориялық балама ретінде макроэкономикалық реттеуді, өнеркәсіптік саясатты және өңірлік ынтымақтастықты біріктіретін тұрақты бәсекелік артықшылықтар (Sustainable Competitive Advantages, SCA) тұжырымдамасы ұсынылады. ЕАЭО тәжірибесі мен Қытай және Сингапур мысалдары стратегиялық протекционизм мен индустриялық кооперацияның тиімділігін көрсетеді. Алынған нәтижелер полицентрлі әлем жағдайына бейімделген бәсекеге қабілеттілікті бағалау көрсеткіштері мен экономикалық саясат құралдарын әзірлеу үшін практикалық маңызға ие.
Елімізде цифрландыруды қарқынды енгізу жөніндегі күш-жігер адами капиталға маңызды назар аударыла отырып жаңа заманауи қоғамның құрылуына алып келеді. Цифрлық дағдылар есебінен бизнестің тиімділігі мен жылдамдығы артады, экономикалық және әлеуметтік ортада халыққа қолайлы жағдайлар жасалады, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы ашық болады. Ел Үкіметі цифрлық экономиканың негізгі элементтерінің бірі жоғары тиімді және инновациялық экономикалық өсудің факторы ретінде адами капиталды дамыту болып табылатынына назар аударады. Осылайша, цифрлық сауаттылық негізгі дағдылардың міндетті бөлігіне айналады. Бұл тақырыптың өзектілігі технологиялық серпілістің дамуы жағдайында даусыз, өйткені әлем индустрияның 4.0 жаңа кезеңіне көшуде. Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ның бірқатар елдеріндегі цифрлық әлеуеті зерттеу және талдау нысанасы бола алады. Осыған байланысты мақалада ЕАЭО елдері шеңберінде цифрлық экономиканы дамытудың басты көрсеткіштерінің бірі ретінде адам дамуының даму индексінің негізгі индикаторлары қарастырылады. ЕАЭО мемлекеттері мүшелерінің рейтингінде Қазақстан Республикасында адами әлеуеттің даму деңгейіне жүргізілген талдау және АДИ динамикасын талдау болжамдар алуға және елдің цифрлық әлеуетін айқындауға мүмкіндік береді. Осы мақаланың мақсаты елдегі АДИ даму динамикасына әсер ететін факторларды анықтау және мемлекет ішінде де, ЕАЭО бөлінісінде де болжам жасау болып табылады. Мақсатқа жету үшін экономикалық-статистикалық және факторлық детерминистік талдау қолданылды, сонымен қатар зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдауда көрсетілген. Зерттелетін индикаторлардың ақпарат көзі Қазақстан Республикасы Стратегиялық Жоспарлау және реформалар Агентігі Ұлттық статистика Бюросының статистикалық деректері, ЕЭК есептері, сондай-ақ БҰҰ-ның 2018–2024 жылдар кезеңіндегі даму бағдарламасының материалдары.
Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы адам ресурстарын басқару (АРБ) сапасына және таланттарды қолдайтын институттандырылған тәжірибелердің деңгейіне тікелей тәуелді екенін дәлелдейді. Дәстүрлі индустриялық тәсілдер креативті еңбек логикасына сәйкес келмейді; сондықтан икемді, адамға бағытталған және цифрлық негізделген АРБ моделі қажет. Зерттеудің мақсаты – креативті сектор ұйымдарында адам ресурстарын басқарудың модульдік моделін әзірлеу және оның тиімділік көрсеткіштеріне ықпалын эмпирикалық тұрғыдан дәлелдеу. Ғылыми және практикалық маңыздылығы – қызметкер тәжірибесі (EX) мен инновациялық белсенділіктің метрикаларын операцияландыруда, бұл басқарудың транзакциялық үлгісінен трансформациялық үлгіге көшуге мүмкіндік береді. Практикалық құндылығы – минималды құралдар пакетін құруда: апталық тексеріс (check-in), тоқсандық мақсаттар (OKR), тәлімгерлік, микрокурстар, мойындау рәсімдері және негізгі HR-панелі. Модельді апробациялау нәтижесінде қызметкерлердің қатысу деңгейінің өсуі, кадрлардың тұрақсыздығының төмендеуі және инновациялық процестердің жеделдеуі байқалды. Бұл адам ресурстарын басқаруда икемділік пен жүйелілікті біріктіру қажеттілігін растайды. Соңғы екі онжылдықта креативті экономика бойынша зерттеулер мәдени индустрияларды сипаттаудан адами капиталды қосылған құнның негізгі көзі ретінде талдауға ауысты. R. Florida еңбектерінде «креативті класс» ұғымы қалалық және аймақтық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырылады; ал Еуропалық комиссия зерттеулерінде креативті индустриялардың дамуы мен экономиканың инновациялық деңгейі арасындағы өзара байланыс көрсетіледі. Посткеңестік кеңістікке тән ерекшелік – институционалдық базаның баяу қалыптасуы, соның ішінде креативті кадрларды даярлау және ұстап қалу мәселелері. Ресейлік және қазақстандық зерттеушілер бұл тенденцияны атап өтеді. Сонымен бірге басым ғылыми еңбектер креативті индустриялардың жалпы экономикалық әсерін немесе мәдени саясатты сипаттайды, ал адам ресурстарын басқару аспектісін талдайтын еңбектер саны аз. Осыған байланысты зерттеудің ғылыми жаңалығы – HR жүйесінің көмекші емес, креативті бизнестің тұрақтылығының негізгі шарты ретінде қарастырылуында.
ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
Бұл мақала инклюзивті (барлығына қолжетімді) туризмді Қазақстанның тұрақты дамуының факторы ретінде зерттейді, оның ауқымдылығының институционалдық, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық алғышарттарын жүйелейді. Теориялық негізі халықаралық негіздемелер (КПИ, БҰҰ, UNWTO және OECD тәсілдері) және ұлттық стандарттар (ҚР СТ ИСО 21902-2024), ал эмпирикалық негізі Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ішкі туризм және мүгедектердің демографиясы бойынша ресми статистикасы болып табылады. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу инклюзивті туризмді дамытудың көп деңгейлі институционалдық және экономикалық моделін құруға мүмкіндік берген институционалдық және құрылымдық-функционалдық талдауға, статистикалық және аналитикалық әдістерге және проблемалықбағдарланған тәсілге сүйенеді. Кейбір инфрақұрылымды бейімдеу және қолжетімділік стандарттарын енгізу саланың кірістерін арттыруға және ЖІӨ-ге үлес қосуға, маусымдықты азайтуға, әлеуметтік интеграция мен өмір сапасын нығайтуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Негізгі кедергілер (ұлттық сертификаттаудың болмауы, кадрлар мен ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіздігі және біркелкі емес қол жетімділік) анықталды және оларды шешу жолдары ұсынылды: Қолжетімділік индексін іске қосу, нысандар мен бағыттарды сертификаттау, бизнесті ынталандыру (жеңілдіктер/гранттар), цифрлық қызмет көрсетуге интеграциялау, eVR және инклюзивті қызмет көрсету модульдері/. навигация). Ғылыми жаңалық халықаралық стандарттар мен ұлттық нормативтік-экономикалық базаны саясат пен басқару шешімдері үшін қолайлы бір қолданбалы үлгіге біріктіруде.
Бұл мақалада халықаралық тәжірибелерді талдау негізінде гастрономиялық кино мен тамақ өнеркәсібінің өзара әрекеттесуі зерттеледі. Сондай-ақ, мұндай тәжірибені Қазақстанда, оның ішінде аумақтық брендинг процесінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Гастрономиялық кино туралы әртүрлі авторлардың пікірлерін сараптау нәтижесінде оның анықтамасы ұсынылып, бұл жанрдың тамақ мәдениеті, тағам дайындау процесі, сондай-ақ тағамның адамдарға әсері, олардың қарым-қатынасы, дәстүрлері мен дүниетанымы туралы баяндайтыны тұжырымдалады. Мақалада гастрономиялық киноның тарихы мен дамуына ерекше назар аударылады. Гастрономиялық фильмдердің жіктелуі ұсынылып, көруге ұсынылатын фильмдердің тізімі жасалды. Гастрономиялық киноның тамақтану индустриясына әсері қолданбалы талдау негізінде қарастырылады: танымал фильмдер мен сериалдарда тағам мен оны дайындау басты орын алады, сондай-ақ маркетингте аспаздық сюжеттерді қолданудың халықаралық тәжірибесі зерттеледі. Қазақстандық тәжірибеге ерекше назар аударылып, кино және гастрономия интеграциясының жергілікті кейстері талданады. Зерттеудің мақсаты – гастрономиялық киноның тамақтану индустриясының дамуына әсерін, әлемдік тәжірибенің ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ бұл құбылыстың Қазақстанда қалай көрініс табатынын және кино мен тамақтану индустриясының синергиясы негізінде креативті индустрия үшін қандай перспективалар бар екенін талдау. Қазақстандық ғылыми салада осы тақырып бойынша зерттеулердің аздығын ескере отырып, ұсынылған жұмыс одан әрі зерттеулер үшін база қалыптастыру мүмкіндігімен маңызды теориялық мәнге ие. Практикалық тұрғыдан алғанда, зерттеу нәтижелері тамақ өнеркәсібі мен кино өндірісінің креативті өкілдері үшін пайдалы болуы мүмкін. Мақалада Қазақстанда гастрономиялық туризмді дамыту үшін қонақжайлылық инфрақұрылымын жылжытудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін кешенді тәсіл мен пәнаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі атап көрсетіледі.
Медициналық туризм (МТ) жаһандық индустрия ретінде тұрақты өсім көрсетіп отыр: 2024 ж. оның көлемі 100 млрд АҚШ долларынан асып, 2035 жылға қарай 278,2 млрд долларға жетеді деп болжануда. Бұл үрдіс демографиялық өзгерістермен, технологиялық инновациялармен және қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметтерге деген сұраныстың артуымен байланысты. Мақалада Қазақстан Республикасының осы нарықтағы бәсекеге қабілетті позициялары ғылыми жарияланымдар, статистикалық есептер, өзекті дереккөздер мен медициналық туризм нарығын маркетингтік зерттеу нәтижелеріне негізделген кешенді талдау арқылы қарастырылады. Зерттеу барысында елдің негізгі артықшылықтары айқындалды: ТМД аумағындағы жетекші орын, заманауи медициналық инфрақұрылым, баға қолжетімділігі және JCI халықаралық аккредитациясынан өткен бірегей клиникалар (2020 ж. – 6 мекеме, 2025 ж. – 9 мекемеге дейін өсуі күтілуде). Сонымен қатар, әлсіз жақтар да анықталды: заңнамалық олқылықтар, жоғары технологиялық қызметтердің тапшылығы, халықаралық деңгейде танылудың төмендігі және әлемдік медициналық рейтингтерде болмауы (мысалы, Medplaneta.kz нұсқасы бойынша 2025 ж. МТ елдерінің ТОП-5 қатарына кірмеген). Зерттеу әдістемесі 2010–2025 жж. жарияланған дереккөздердің сапалық контент-талдауына негізделген және дәстүрлі емес медицинаны интеграциялау, халықаралық көрмелерге қатысу сияқты жаңа тенденцияларды қамтиды. Ұсынылған институционалдық реформаларды, соның ішінде маркетингті цифрландыру мен аккредитацияны кеңейтуді іске асырған жағдайда, 2030 жылға қарай шетелдік пациенттер ағынының 200 мың адамға дейін өсу әлеуеті болжануда.
Мақалада Қазақстан аймақтарындағы туристік сектордың дамуына әсер ететін факторлардың кешенді эконометриялық зерттеу нәтижелері келтірілген. Жұмыстың өзектілігі аймақтық экономиканы әртараптандыру қажеттілігінен және кеңістіктік диспропорциялардың күшеюі жағдайында өсу ошақтарын анықтаудан туындайды. Әдіснамалық негіз ретінде 2001–2023 жж. үшін елдің 17 аймағы бойынша панелдік деректерді талдау қолданылды. Туристік қызметтер көлеміне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің әсерін сандық бағалауға мүмкіндік беретін көптеген регрессиялық модель құрылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан аймақтарының дамуында айтарлықтай диспропорция бар екенін көрсетеді. Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен дамыған туристік инфрақұрылымы бар жетекші аймақтар, сондай-ақ өз әлеуетін ашу үшін басым назар мен инвестицияларды қажет ететін аймақтар анықталды. Регрессиялық модельдің нәтижелері туризмді дамыту детерминанттарын талдау үшін таңдалған айнымалылардың жеткіліктілігін растай отырып, модельдің жоғары түсіндірме қабілетін (R² = 0,824) көрсетеді. Халықтың тұтыну табыстары (β = 0,385, p < 0,001) және туристік инфрақұрылымды дамыту (β = 0,294, p < 0,001) ең маңызды оң әсерге ие екендігі анықталды. Сонымен қатар, әлеуметтік теңсіздік (β = -0,187, p < 0,001) және жұмыссыздық (β = -0,157, p < 0,001) статистикалық маңызды тежеуші әсер көрсетті. Зерттеудің практикалық маңыздылығы туризмді дамытудың аймақтық саясаты үшін халықтың табысын арттыру, инфрақұрылымдық даму және әлеуметтік-экономикалық диспропорцияларды азайту бойынша шараларды басымдықтауды қамтитын нақты ұсыныстарды әзірлеуде жатыр. Алынған нәтижелерді мемлекеттік басқару органдары Қазақстан аймақтарында кеңістіктік даму стратегияларын және туристік саланы қолдау бағдарламаларын қалыптастыру кезінде пайдалана алады.
ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ
Исламдық қаржы әлемдік қаржы секторындағы ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Исламдық қаржыландыру мен тұрақты даму арасындағы байланысты зерттеуге қызығушылықтың артуы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік жауапты шешімдерді іздеуде жаңа көкжиектерді ашады. 2015 ж. ТДМ-ның қабылдануымен исламдық қаржы әрбір транзакцияны негізгі активтермен қамтамасыз ету, сонымен қатар әлеуметтік әсерді қамтамасыз ету арқылы нақты экономиканы қолдау қағидаттарына негізделген тұрақты дамуды қаржыландырудың тиімді тәсілі ретінде қайта жанданды. Исламдық қаржыландыру мен ТДМ арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ тұрақты исламдық қаржыландыру туралы әдебиеттердің өсіп келе жатқанына қарамастан, исламдық қаржы құралдары жайында білімнің айтарлықтай жетіспеушілігі бар. Бұл зерттеудің мақсаты ТДМ-на қол жеткізуге ықпал ете алатын исламдық қаржыландыру құралдарының жұмысын талдау болып табылады. Бұл зерттеу исламдық қаржыландырудың ТДМ-на сәйкестігін бағалау үшін жан-жақты әдебиеттерді шолуды және тақырыптық талдауды, сонымен қатар статистикалық деректерді талдау әдістерін пайдаланады. Бұл зерттеу жүйелі түрде исламдық қаржы құралдарының кең ауқымын қамти отырып, соның ішінде зекет, уақф, садақа/инфак, қард әл-хасан, сукук, мушарака және мудараба, және исламдық микроқаржыландыруды құралдарын тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкестендіру арқылы жаңа үлес қосады. Бұл құралдар әртүрлі секторлар бойынша ТДМ-на қол жеткізуде өміршең құралдар ретінде үлкен әлеуетке ие, әсіресе қаржылық инклюзия және этикалық инвестициялық тәжірибелер әлеуметтік әл-ауқат пен экономикалық тұрақтылыққа дамушы елдерде елеулі үлес қоса алады. Мақаланың ғылыми маңыздылығы оның ТДМ-ын ілгерілетудегі исламдық қаржыландыру құралдарының рөлі туралы білімді кеңейтуге қосқан үлесінде. Жұмыстың ерекшелігі концептуалды талдауды контекстік қолданумен үйлестіруде жатыр, осылайша жаһандық даму күн тәртібін ілгерілету үшін исламдық қаржыландыруды пайдаланудың теориялық негізін және әрекет ету жолдарын қамтамасыз етеді.
Бұл мақала Түркістан облысының өндірістік секторына инвестиция тарту мен оны тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарын талдауға арналған. Зерттеу өзектілігі өңірдің табиғи, еңбек және инфрақұрылымдық әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – өндіріс саласына инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру және аймақтың экономикалық өсімін қамтамасыз ететін басым бағыттарды анықтау болып табылады. Жұмыста экономикалық-математикалық модель құрастырылып, инвестициялық саясатты жетілдірудің негізгі компоненттері – кластерлік тәсіл, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сандық инвестициялық платформа және мультипликативті әсерді бағалау әдісі ұсынылады. Нәтижелер Түркістан облысының инвестициялық белсенділігі 2021–2024 жж. тұрақты өсімге ие екенін, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы сияқты салалардың инвестициялық әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Ғылыми тұрғыдан алғанда, мақала аймақтық инвестициялық процестерді басқарудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін ұсынуымен құнды. Практикалық маңызы – ұсынылған модельді пайдалану арқылы инвестицияларды қамтуды ұлғайту мүмкіндігі. Зерттеу нәтижелері өңірлік даму стратегияларын тиімді бөлу, аймақтың ЖӨӨ мен экспорттық әлеуетін арттыру және жұмыспен әзірлеуде, инвестициялық саясатты жетілдіру мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруде қолдануға болады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дамуына ықпал ететін негізгі макроэкономикалық факторларды айқындау және олардың әсерін эконометрикалық тұрғыда негіздеу – зерттеудің мақсаты болып табылады. Тақырыптың өзектілігі елдің қаржы жүйесін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде сақтандыру институттарының рөлін арттыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу нысаны – 2014–2024 жж. аралығындағы Қазақстанның сақтандыру нарығы, ал зерттеу пәні – сақтандыру сыйлықақылары көлемі мен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, орташа жалақы, халықтың экономикалық белсенділік деңгейі, инфляция, жұмыссыздық, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына мемлекеттік шығыстар сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы сақтандыру сыйлықақылары көлемінің қалыптасуына жекелеген факторлардың үлесін сандық тұрғыда бағалауға мүмкіндік беретін корреляция-регрессиялық талдау әдістерін қолдану. Талдау нәтижесінде орташа жалақы мен денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың сақтандыру сыйлықақыларының динамикасына оң әсер ететіні, ал жұмыссыздық деңгейінің теріс корреляцияға ие екендігі анықталды. Алынған нәтижелер ұлттық экономиканың трансформациясы жағдайында сақтандыру секторының даму заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің ғылымға қосар үлесі ретінде макроэкономикалық факторлардың сақтандыру секторына әсерін көрсететін эконометриялық үлгі құру, апробациялау негізінде алдағы болжамдар мен ұсынымдар жасау. Жұмыстың практикалық мәні – алынған нәтижелер сақтандыру секторының тұрақтылығын арттыруға және макроэкономикалық өзгерістерге бейімделу қабілетін күшейтуге бағытталған даму стратегияларын әзірлеуге негіз бола алады.
Жасанды интеллект (ЖИ) пен машиналық оқытуды (МО) қаржылық тәуекелдерді басқаруға интеграциялау әлемдік деңгейде де, Қазақстанда да қарқын алуда. Бұл технологиялар болжаудың дәлдігін арттырып, негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар модельдердің ашықтығы, шешімдердің этикасы және реттеуші қадағалау бойынша жаңа сын-қатерлер туындатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген сауалнамаға сәйкес, қаржы секторы ұйымдарының шамамен 31%-ы (оның ішінде банктердің 60%-ы) ЖИ қолданады, алайда тек 4%-ы оны ішкі тәуекелдерді басқару үрдістерінде толық операцияландырған [1]. Бұл зерттеу PRISMA қағидаттарына негізделген 2010–2025 жылдардағы жүйелі әдеби шолу болып табылады және ЖИ/МО-ды қаржылық тәуекелдердің сан алуан санаттарына (несиелік, нарықтық, операциялық, алаяқтық/AML) қолдану жөніндегі халықаралық дәлелдемелерді Қазақстан контекстімен ұштастырады. Библиометриялық және тақырыптық талдау 2015 жылдан кейін жарияланымдардың күрт өскенін, күрделі архитектуралардың (терең нейрондық желілер, ансамбльдік әдістер) кең тарағанын және түсіндірмелі ЖИ-ға (XAI) қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Қазіргі МО алгоритмдері дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда тәуекел болжамдарының дәлдігін, жылдамдығын және сенімділігін айтарлықтай жақсартатыны анықталды [2], алайда интерпретациялану және өндірістік деңгейде енгізу мәселелері сақталуда. Шешімдердің операциялық орнықтылығы MLOps тәжірибелерін талап етеді (нұсқаларды басқару, бағдарламалық қамтама мен модельдерді продакшн ортаға автоматтандырылған енгізу, модельдерді мониторингілеу және валидациялау). Зерттеудің ғылыми құндылығы – жаһандық практикаларды жергілікті ерекшеліктермен ықпалдастыру; практикалық маңызы – пәнаралық AI governance комитеттерін құру, шешімдердің ашықтығын арттыру үшін XAI құралдарын енгізу және ұлттық реттеуді халықаралық стандарттармен үйлестіру жөніндегі ұсынымдар.
Мақалада Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі логистикалық шығындар жан-жақты талданып, олардың сандық бағалары, өңірлік ерекшеліктері, кәсіпорындар деңгейіндегі есепке алу тәсілдері, ABC-costing әдісін қолдану және цифрландыру үдерістері қарастырылды. Зерттеу үш негізгі өңірдегі (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары) 15 агроөнеркәсіп кәсіпорнының анкеталық сауалнамасы мен сұхбаттары, сондай-ақ ресми статистикалық деректер негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 27% кәсіпорынның цифрлық шешімдерді енгізгені, ал 73%-ында логистикалық шығындар бойынша жекелеген есеп жүргізілмейтіні анықталды. Ең үлкен шығын үлесі шаруашылық ішіндегі тасымалдауға (24,6%) және қойма операцияларына (21,8%) тиесілі. ABC-costing әдісі тиеу-түсіру жұмыстары мен бос тұрудан болатын шығындардың шекті деңгейден асып түсетінін көрсетті. Цифрландыру бойынша эмпирикалық мысалдар келтірілді: Eurasia Group компаниясының SAP/4HANA платформасын енгізуі шығындарды 22%-ға, ал «Атамекен–Агро» АҚ-ның ішкі тасымалдауды цифрлық бақылауы логистикалық шығындарды 63%-ға қысқартты. Нидерланды, Германия және Бразилия секілді елдер тәжірибесімен салыстыру Қазақстанның жүйелі TMS-платформалар орнына оқшау цифрлық шешімдерді қолданатынын көрсетті. ERP, ABC-costing және IoT құралдарының интеграциясы арқылы логистикалық шығындарды азайту туралы гипотеза расталды. Мемлекеттік цифрлық бағдарлама, есеп стандарттары, кадр даярлау және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірленді. Жұмыс жүйелілігімен, сандық дәлелдермен және өңіраралық қамтумен ерекшеленетін ғылыми-практикалық жаңалыққа ие.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін мониторингтеу мен талдауда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану тәжірибелері мен келешегі қарастырылады. Мемлекеттік сектордың жедел цифрлануы жағдайында ЖИ басқару процестерінің ашықтығын, объективтілігін және нәтижелілігін арттыратын маңызды құралға айналуда. Зерттеудің мақсаты – ЖИ-ды мемлекеттік кадрларды бағалау саласына енгізу мүмкіндіктерін талдау және тиімді іске асыруға ықпал ететін жағдайларды анықтау. Жұмыста институционалдық, технологиялық, құқықтық және этикалық кедергілерге назар аударылды: мониторинг стандарттарының жоқтығы, нормативтік базаның жеткіліксіздігі, білікті мамандардың тапшылығы, деректерге қолжетімділіктің шектеулігі және енгізуге қажетті жоғары шығындар. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – дәстүрлі KPI көрсеткіштері мен ЖИ алгоритмдері арқылы алынған сапалық метрикаларды біріктіретін тиімділікті бағалау формуласының ұсынылуында. Жұмыстың практикалық маңызы – осы үлгіні мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін, мотивациясын, әлеуетін, мінез-құлқын және қызмет нәтижелерін автоматты түрде бағалау үшін пайдалану мүмкіндігінде. Ұсынылған жүйе аттестация, өзіндік бағалау және мониторинг рәсімдерінде қолданылып, кадр саясатының әділдігін, икемділігін және ашықтығын қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер мемлекеттік қызметті цифрлық трансформациялау тәсілдерін дамытуға ықпал етеді және персоналды бағалау тетіктерін жетілдіру аясында қолданылуы мүмкін.
Бұл мақалада цифрлық трансформация жағдайында шағын және орта бизнес (ШОБ) маркетингінің ерекшеліктері қарастырылады. Экономиканың жаһандық цифрлануы және ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігі үшін цифрлық маркетингтің өсіп келе жатқан маңыздылығы зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан мысалында және халықаралық тәжірибе негізінде ШОБ маркетингіне цифрлық технологияларды енгізумен байланысты негізгі үрдістерді, мәселелерді және мүмкіндіктерді талдау. Қазақстанда халықтың 90%-дан астамы интернетті пайдаланады, ал әлеуметтік желілердің аудиториясы қарқынды өсуде; бұл тауарлар мен қызметтерді онлайн ілгерілету үшін қолайлы негіз қалыптастырады. Жұмыста соңғы жылдардағы ғылыми жарияланымдар, статистикалық деректер мен есептерге талдау және жинақтау әдістері қолданылды. Цифрлық трансформация ШОБ-қа маркетингтің жаңа арналарын (әлеуметтік желілер, электронды коммерция, т.б.) пайдалануға мүмкіндік беріп, нарық шекарасын кеңейтуге және клиенттермен өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасайды, әрі бұл салыстырмалы түрде аз шығынды талап етеді. Сонымен бірге бірқатар шектеулер анықталды: қаржылық және адами ресурстардың тапшылығы, цифрлық дағдылардың жеткіліксіздігі, киберқауіпсіздік мәселелері және т.б., бұл цифрлық құралдарды тиімді игеруді қиындатады. Зерттеудің практикалық маңызы цифрлық дәуірде ШОБ маркетингінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды жинақтаумен анықталады. Шағын кәсіпкерлердің цифрлық құзыреттерін одан әрі дамыту және шағын бизнестің цифрлануына мемлекеттік қолдау көрсету оның орнықты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігі туралы қорытынды жасалды. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кедергілерді еңсеру және ШОБ секторында цифрлық маркетингті тиімдірек пайдалану мақсатында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар әзірленді.
Цифрлық трансформация курьерлік логистиканы қайта құрудың негізгі факторы болып табылады, әсіресе Қазақстан сияқты дамушы елдерде. Мақалада IoT, жасанды интеллект (маршруттауға арналған), Big Data және платформалық бизнес үлгілерін енгізудің Алматы мен Астанадағы «соңғы миль» жеткізулердің тиімділігі мен орнықтылығына әсері зерттеледі. Деректер көзі ретінде World Bank (2023) LPI индексі, OECD (2023) есептері және қазақстандық ғалымдардың мақалалары қолданылды. Әдістемелік негіз ретінде әдебиеттерді жүйелі шолу, салыстырмалы талдау және сипаттамалық корреляция қолданылды. Нәтижелер цифрлық құралдарды енгізу мен LPI субиндекстерінің жақсаруы арасындағы оң байланысты дәлелдейді. Алайда ауқымдауды тежейтін кедергілер анықталды: ІКТ инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, деректер стандарттарының бытыраңқылығы және шағын және орта кәсіпорындар үшін ынталандырудың болмауы. Ұсынылған шаралар: қалалық микрохабтарды енгізу, ашық API-стандарттар, МСП қолдауы және экологиялық көлік құралдарын ынталандыру.
Бұл мақалада логистика саласындағы тұрақты дамуды басқарудың өзектілігі қарастырылады. Қазіргі әлемде экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық аспектілерді (ESG) ескеру логистикалық жүйелердің ұзақ мерзімді тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі шартына айналып отыр. Зерттеудің басты мақсаты – логистикадағы тұрақты даму қағидаттарын шетелдік және отандық тәжірибелер негізінде салыстырмалы түрде талдау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, Қазақстан жағдайында тиімді қолдану жолдарын ұсыну. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – логистикалық жүйелерді тұрақты даму тұрғысынан қарастыру арқылы ESG қағидаттарын енгізудің кешенді тәсілін ұсынуында. Бұл зерттеу логистика мен тұрақты даму түйісетін салада теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды үлес қосады. Amazon және Toyota сияқты шетелдік компаниялар көміртегі шығарындыларын азайту, «жасыл» көлік түрлерін енгізу, автоматтандыру және «Lean logistics» әдістері арқылы логистикадағы тұрақтылықты тиімді жүзеге асыруда. Ал Қазақстанда ESG қағидаттарын енгізу процесі жаңа қалыптасып келеді. PwC деректері бойынша, кейбір ірі компаниялар мен мемлекеттік органдар экологиялық стандарттарды сақтау, энергия үнемдеу және цифрлық шешімдерді қолдану арқылы оң нәтижелерге жетуде. Мақалада шетелдік тәжірибені бейімдеудің отандық логистика жүйесін жетілдірудегі маңызы көрсетіледі. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Қазақстанның БҰҰның Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) қол жеткізуіне ықпал ететінін дәлелдейді. Жұмыстың құндылығы – халықаралық тәжірибені талдап, оны Қазақстанның экономикалық және инфрақұрылымдық жағдайына бейімдеу мүмкіндігін көрсетуінде. Зерттеу нәтижелері логистикалық компаниялар, мемлекеттік органдар мен сарапшылар үшін практикалық мәнге ие, себебі оларды стратегиялық жоспарлау, ESG есептілігін жетілдіру, экологиялық тиімділікті арттыру және халықаралық стандарттарға бейімделуде қолдануға болады.
Қазақстан «Жібек жолын» қоса алғанда, көлік жолдарының қиылысында орналасқан. Осы мақаланың негізгі мақсаты – теміржол жүк тасымалының бизнес-процестері аудитінің рөлін және оның әдіснамасын жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету. Міндеттер темір жол секторындағы бизнес-процестер аудитінің рөлін, аудит әдіснамасын және темір жол жүк тасымалдарының бизнес-процестерінің аудитін жетілдірудің ықтимал бағыттарын қарауды көздейді. Нақты мақсаттарға теміржол секторындағы бизнес-процестердің аудитінің рөлін, аудит әдістемесін және теміржол жүк тасымалдауындағы бизнес-процестердің аудитін жетілдірудің ықтимал бағыттарын қарастыру кіреді. Зерттеудің негізгі мазмұны теміржол жүк тасымалдарының бизнес-процестерін аудиттеу әдістемесінің халықаралық және отандық тәжірибесін талдауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми құндылығы теміржол жүк тасымалдарының бизнес-процестерін аудиттеу әдістемесінің дамуындағы негізгі бағыттарды анықтауда көрінеді. Зерттеу барысында алынған қорытындылар ұйымдық процедураларды құру және жетілдіруде, сондай-ақ теміржол жүк тасымалдарының бизнес-процестерін аудиттеу әдістемесін жетілдіру барысында практикалық түрде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерін енгізу заманауи құралдар мен әдістемелер арқылы аудиттің теориялық және практикалық негізін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл теміржол жүк тасымалдарының бизнес-процестерін аудиттеу әдістемесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Алынған нәтижелер теміржол жүк тасымалдарының аудиттеу әдістемесін жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды қалыптастыру мен енгізуде қолданылуы мүмкін.
Қазақстандағы аймақтық теңсіздік пен денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейі тұрақты дамуға тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тиімділігін арттыру, қоғамдық маңызы бар ұйымдардың жұмысын жетілдіру және аймақтардағы денсаулық сақтау көрсеткіштерін көтеруге бағытталған ауқымды құрылымдық реформалар жүзеге асырылды. Бұл өзгерістер аймақаралық айырмашылықтарды азайту, халықтың денсаулығын жақсарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жүйелі талдауды қажет етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты аймақтық тұрақты даму индексі (SDI) негізінде Қазақстан аймақтарында денсаулық сақтау жүйесінің дамуын жан-жақты бағалау және аймақаралық айырмашылықтардың себептері мен салдарын анықтау болып табылады. Зерттеу әдістемесі денсаулық сақтау көрсеткіштерін (дәрігерлер саны, төсек орын саны, денсаулық сақтау шығындары) HCI формуласы арқылы салыстырмалы түрде нормалау, аймақтарды кластерлік талдау (k-орталықтар әдісі) арқылы үш топқа бөлу, SDI мен денсаулық сақтау көрсеткіштері арасындағы байланысты көптік сызықтық регрессия және статистикалық әдістер арқылы бағалауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері аймақтардың денсаулық сақтау көрсеткіштері мен тұрақты даму индексі арасындағы маңызды корреляциялар бар екенін көрсетті. Жоғары деңгейлі аймақтардағы көрсеткіштер экономикалық белсенділікпен және кадрлық қамтамасыз ету деңгейімен тығыз байланысты болып, тұрақты даму саясатының тиімділігін көрсетеді. Ғылыми жаңалығы зерттеу алғаш рет Қазақстан аймақтарын SDI негізінде денсаулық сақтау жүйесінің дамуын сандық түрде бағалап, аймақаралық айырмашылықтарды анықтады. Алынған нәтижелер аймақтық саясатты жетілдіруге, ресурстарды тиімді бөлуге және денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдауға практикалық ұсыныстар береді.
Ауылдық жерлерді жастар кәсіпкерлігі арқылы дамыту нәтижесінде ұзақ перспективада тұрақты дамуға қол жеткізуге болады. Зерттеу жұмысының мақсаты – ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігінің динамикасын зерттеп, даму тенденциясын талдап, ішкі және сыртқы факторларын есепке ала отырып, жас кәсіпкерлерді қолдаудың стратегиялары мен ұсыныстарын әзірлеу. Зерттеу мақсатына жету үшін сандық және сапалық әдістер қолданылды. Соның ішінде статистикалық деректер бойынша Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендеріндегі жастар кәсіпкерлігінің соңғы үш жыл ішіндегі динамикасына талдау жүргізілді. Осы статистикалық деректер негізінде Global Entrepreneurship Monitor (GEM) TEA (Total Early-Stage Entrepreneurial Activity) индексі әдістемесіне сүйене отырып, облыстың ауылдық жерлеріндегі жастар кәсіпкерлігі белсенділігінің индексі есептелінді. SWOT-талдау барысында ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігінің күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері талқыланды. TOWS-талдау нәтижесінде ішкі және сыртқы факторлардың үйлесімі арқылы стратегиялар әзірленді. Авторлар жастар кәсіпкерлігін дамыту стратегияларын құрастыру барысында кәсіпкерлік субъектілерінің, яғни осы зерттеу шеңберінде жастардың тұлғалық және кәсіби сипаттамаларын ескеру қажеттігін көрсетеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызмет іске асырылатын жердің ерекшеліктері, яғни ауылдық елді мекендер мен қалалық аймақтар арасындағы бірқатар айырмашылықтарға ерекше назар аударылуы тиіс екенін негіздейді. Зерттеу нәтижесінде жас кәсіпкерлердің тұлғалық және кәсіби сипаттамаларына және ауылдық жерлердің ерекшеліктеріне бейімдей отырып, дифференциацияланған және жалпы кешенді стратегиялар құрастырылды. Зерттеудің нәтижелері жастар кәсіпкерлігі, ауылдық жерлерде жастар бизнесін дамыту мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарда, сондай-ақ, оқу орындарында кәсіпкерлік білім беруде қолданыла алады.
Бұл мақалада әйелдердің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі және олардың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі қарастырылады. Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректері негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті әйел субъектілерінің құрылымы, олардың салалар мен өңірлер бойынша бөлінуі, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейі талданды. Әйелдер көшбасшыларының жоғары шоғырланған салаларына, сондай-ақ олардың өкілдігі ең аз болып қалатын секторларға ерекше назар аударылады. Зерттеу көрсеткендей, әйелдер кәсіпкерлігі негізінен білім беру, денсаулық сақтау, сауда және қызмет көрсету сияқты әлеуметтік бағдарланған және капиталды аз қажет ететін салаларда шоғырланған. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға әйел кәсіпкерлердің рөлі мен үлесін айқындау, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығы, гендерлік теңдік және орнықты даму стратегиялары арасындағы өзара байланысты айқындау. Қойылған міндеттерді орындау барысында жалпы ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдері пайдаланылды, оның ішінде салыстырмалы талдау, сипаттамалық статистика және трендтерді талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің пәні әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, салалық құрылымы, аймақтық ерекшеліктері және әйелдер көшбасшылығының шағын және ортакәсіпкерлікті дамуына және экономиканың тұрақтылығына стратегиялық әсері. Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасында әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындар. Мақалада инклюзивті экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылық үшін әйелдер көшбасшылығын дамытудың стратегиялық маңыздылығы көрсетілген. Сондай-ақ әйелдердің бизнестегі жолындағы бар кедергілер қарастырылады және олардың экономикаға қатысуын күшейту бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылады.
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ
Қазақстанда үкіметтік шешімдер деңгейінде жұмыспен қамтуды және халыққа білім беруді ынталандыру жөнінде елеулі қадамдар жасалып жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, қазіргі заманғы процестер еңбек нарығында және жоғары білім нарығында (бұдан әрі LM&HEM) теңгерімсіздікке тап болады. Еңбек және жоғары білім саласындағы тез өзгеретін үрдістер жағдайында мәселе енді олардың тетіктерінің өзара ісқимылында ғана емес, сонымен бірге елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын арттыру үшін халықтың жұмыспен қамтуға сандық және сапалық қанағаттануына қол жеткізілген кезде олардың интеграциясында жатыр. Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және оны қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндігі өзекті болып табылады. Мақала авторлары LM&HEM өзара әрекеттесуінің сәтті шетелдік модельдерін талдауға тырысты. Шетелдік модельдерді қолдану арқылы нарықтардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері анықталды, бұл оның қатысушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер етеді. ЖОО түлектері мен жұмыс берушілердің пікірін талдау арқылы түпкілікті тұтынушылардың оларды қолдануының нәтижелілігіне баға берілді. Зерттеудің эмпирикалық әдісі экономикалық және статистикалық талдау құралдарын қолдана отырып, теориялық ғылыми материалды талдауға негізделген, зерттеудің статистикалық базасы ЭЫДҰ көрсеткіштерін құрады. LM&HEM өзара әрекеттесуінің зерттелген халықаралық тәжірибесі ынталандырушы қаржылық механизмдерді пайдаланудың жоғары рөлін анықтады. Алайда, отандық тәжірибеде шетелдік модельдерді сәтті жүзеге асыру үшін қаржылық және ұйымдастырушылық шектеулерді, халықаралық тәжірибелерді бейімдеу мүмкіндігін ескеру қажет. Алынған нәтижелер авторларға LM-ді Білім беру саясатына тартудың негізгі ынталандырушы бағыттарын жүйелеуге мүмкіндік берді, олардың тәжірибесі Қазақстанда қолданылуы және бейімделуі мүмкін.
ISSN 2959-1236 (Online)














