ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 
Қаржылық технологияның заманауи дамуы ұлттық төлем жүйелерінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай қаржылық операцияларды жылдам жүзеге асырудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісін қамтамасыз ететін электрондық ақшаның таралуына және белсенді қолданылуына әкеледі. Осы басты артықшылықтың арқасында электронды ақшаны қолдану қысқа мерзімде кеңінен тарады. Цифрлық төлем құралдары пайдаланушыларға транзакцияларды кез келген уақытта және кез келген жерде жасауда икемділік пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бірақ сонымен бірге электрондық ақша айналымының дамуы да кейбір қиындықтармен және оларды реттеуді жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Заманауи технологиялық дәуір бізге қаржылық операцияларға қатысты жаңа міндеттер қойды. Сауданың жалпы, сондай-ақ интернет арқылы дамуы төлемнің жаңа, жылдам және тиімді құралдарын іздеуге әкелді, атап айтқанда, бұл тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерге қатысты. Қазіргі уақытта электронды ақшаның пайдасына қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тартатындар көбейіп келеді, бұл электронды ақша түсінігінің танымал болуына әкеледі. Мақаланың мақсаты – блокчейн, цифрлық әмиян және криптовалюта сияқты жаңа технологиялардың ұлттық төлем жүйесіндегі электрондық ақшаның жұмыс істеуіне әсері мен ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу пәні – электрондық экономикалық қатынастар жүйесін құрайтын ұлттық төлем жүйесінде қолданылатын электрондық ақша мен қаржылық технологиялар.
Қазақстанда қаржы технологиялары индустриясының (Fintech) пайда болып, қарқынды дамуы оны еліміздің барлық қаржы секторларындағы ең жылдам дамып келе жатқан салалардың біріне айналдырды. Ол қаржылық транзакциялар көлемі мен оның қызметтерімен соңғы пайдаланушыларға қол жеткізу сияқты әртүрлі көрсеткіштер бойынша жетекші орынды алады. Елдің цифрлық дамуы мен интернет технологиясы пандемия салдары үлес қосқан саланың дамуына ықпал етеді. COVID-19 туындаған барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан экономикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, әсіресе цифрландырудың арқасында үлкен өсу қарқыны байқалатын банктік ортада финтех-технологиялардың жедел дамуына байланысты. Мақалада цифрландыру саласындағы ең жылдам дамып келе жатқан және жетекші банктердің бірі Kaspi көрсеткіштері ұсынылған. Мақаланың мақсаты – Kaspi Bank мысалында елдің қаржы технологиялары нарығының қазіргі жай-күйін талдау арқылы Қазақстанның даму тәжірибесін анықтап, банктердегі финтехтехнологияларды дамытудың жаңа заманауи бағыттарын зерттеу. Сонымен қатар жұмыста Финтех тұжырымы мен оның заманауи әлемдегі негізгі даму бағыттары ұсынылды. Зерттеу статистикалық талдау, жүйелік талдау, теориялық деректерді жүйелеу және экономикалық процестерді бақылау сияқты әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.
Ұлттық жүйелік маңызы бар банктер (D-SIBs) үшін ережелер әзірленгеннен бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, жүйелік маңызы бар банктерді (ЖМБ) сәйкестендіру және оларды реттеу мәселелері бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Әсіресе аймақтық экономикалық бірлестіктер шеңберінде жүйелі маңызы бар банктерді сәйкестендірудің бірыңғай критерийлерін қалыптастыру мүмкіндігі ерекше қызығушылық танытады. Зерттеу кластерлеу тәсілі арқылы қатысушы елдердің (Қазақстан, Беларусь, Ресей) банктерін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) деңгейіндегі ЖМБ санатына жатқызу үшін бірыңғай критерийлер құрудың алғы шарттары мен іргелі мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған. Евклидтік қашықтық метрикаларын және Хамминг модельдерін қолданумен кластерлеу әдіснамасы ЕАЭО Одағының ЖҚБ үшін бірыңғай өлшемшарттарды әзірлеуге қатысты қатысушы елдердің әлеуетінің болуы туралы бастапқы зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді. Талдау нәтижелері қатысушы елдердің одақ шеңберінде бірыңғай критерийлерді әзірлеу үшін әлеуеті мен кейбір алғы шарттары бар екенін көрсетті. Алайда қатысушы елдердің жүйелі маңызды банктері деңгейлерді жиі өзгертетіні анықталды, өйткені критерийлер тұрақты емес. Сондықтан бірыңғай критерийлерді қалыптастыру кезінде осы сәтті ескеріп, бір-бірінен алшақ, бірақ ұқсас белгілері ерекшеленетін критерийлерді әзірлеу керек. Зерттеу екі бөлімнен тұрады, бұл жұмыстың бірінші бөлімі.
Салық комитеттері көбінесе есептелген салық төлемдерінің мөлшерін талдайды және олардың динамикасын салық регистрлері, қаржылық және салық есептілігі бойынша анықтайды. Салық міндеттемелеріне талдау жасай отырып, салық міндеттемелерін төлемеудің әртүрлі себептері сияқты салық базасының қалыптасуына әсер ететін факторлар анықталады. Салық базасы ҚР Салық кодексіне сәйкес қалыптастырылады, өйткені салықтың әрбір түрі бойынша салық базасын дұрыс анықтау қажет. Аналитикалық жұмыс кезең-кезеңмен, есепті жыл ішінде жүзеге асырылады. Мұндай жұмыс салық міндеттемелерінің пайда болу дина микасын бақылауға, міндеттемелердің төленбеген сомаларын анықтауға, салық саясатындағы өзгерістерді бақылауға, салық өзгерістерінің салық жүктемесіне қалай әсер еткенін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар талдаушылардың барлық жұмысы салықтық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өткен жөн. Талдау көздері ретінде бухгалтерлік есептің бастапқы деректерін, салық тіркелімдері түріндегі салық есебінің деректерін, қаржылық және салық есептілігін пайдалануды ұсынамыз. Салықтық талдау компания бюджетке қандай көлемде салық төлейді деген сұраққа жауап беру үшін қажет. Салықтық талдау деректері негізінде әрбір басшы оңтайлы салық жүктемесін дербес айқындайды және осыған байланысты салықтық жоспарлау бойынша шаралар қабылдайды. Салықтық талдау нәтижелері бойынша қандай салықтар уақытылы өтелетінін анықтауға және қажет болған жағдайда салық жүктемесін азайту үшін нақты шараларды әзірлеуге болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында салықтық талдауды зерттеудің өзектілігі алдын ала анықталды. Жалпы мақалада кәсіпорынның салықтық талдауының мәні, мақсаты мен міндеттері қарастырылды; салықтық талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің сипаттамасы берілді; салықтық талдау көрсеткіштерінің жүйесі зерттеліп, ұсынылды.
Еңбек нарығы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын және олардың тиімді өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасалған сала ретінде көптеген ғасырлар бойы зерттеушілердің назарын аударды. Әртүрлі мектептердің экономистері ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамды халықтың, жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздардың санына әсер ететін факторларды зерттеді. Еңбек нарығының барлық аспектілерін зерделеу және олардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін талдау – тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің және әлеуметтік дамудың осы кезеңінде мемлекет алдына қойған әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудің кілті. 2001–2021 жж. аралығында ел экономикасында өзгерістер болды. Ең байқалатын тенденциялардың бірі қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар үлесінің артуы, бұл негізінен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен электрондық коммерцияның, сондай-ақ басқа да салалардың дамуымен байланысты. Бұл динамика еңбек нарығында айқын көрінеді. Сонымен қатар еңбек нарығында басқа да елеулі өзгерістер орын алуда. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жоғарыда ұсынылған жіктемеге сәйкес жұмыспен қамтылған халық негізінен қызмет көрсету саласында шоғырланған деген қорытынды жасауға болады. Жұмыспен қамтудың басым бөлігі білім беру, көлік және қойма, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында шоғырланған. Одан кейін білім беру, көлік және қойма секторы, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу. Жұмыспен қамту саласы да пандемия және қаржылық дағдарыс сияқты дағдарыс кезеңдерінде айтарлықтай өзгерістер мен ауытқуларға ұшырады, мұны А. Оукен заңы бойынша жүргізілген талдаудың нәтижелері дәлелдейді.
Бұл мақалада авторлар Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесін зерттейді. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде Үкімет инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде. Осы органдардың қызметі мүгедек адамдарды тиімді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін шараларды іске асыруда көрінеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, коммерциялық емес сектор мүгедектерді еңбек нарығына бейімдеуде де маңызды рөл атқарады. Мақалада Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың соңғы 5 жылдағы еңбек нарығының жай-күйіне талдау жасалған. Авторлар Қазақстан өңірлері бөлінісінде мүгедектігі бар адамдар санының құрылымын, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде дағдарыстық және шұғыл мәртебелерді көрсетті. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік саламаттылығы деңгейінің параметрлері келтірілді. Зерттеу салалар бойынша мүгедектігі бар жұмыспен қамтылғандардың құрылымын, сондай-ақ мүгедектерді жұмысқа орналастыру процесіне теріс әсер ететін факторларды айқындады. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруды мемлекеттік қолдау көптеген факторларға, соның ішінде белгілі бір елдің әлеуметтік-мәдени, экономикалық және заңнамалық ерекшеліктеріне байланысты. Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттарына мыналар жатады: тең мүмкіндіктер қағидаты, жеке көзқарас қағидаты, инклюзия, серіктестік және консультация қағидаты және басқалар. Авторлар Швецияның және басқа да дамыған елдердің мемлекеттік әлеуметтік саясатының мысалын біздің еліміз үшін әлеуметтік саясаттың дамуының мысалы ретінде ұсынды. Сонымен қатар мақалада мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары ұсынылған.
Оң ұлттық бренд елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты оның әлемдік экономикалық ортада ілгерілеуіне қатысты мәселелерді зерттеудің рөлі артып келеді. Бұл мақаланың мақсаты – негізгі мәселелік аспектілерді анықтау және оны ілгерілетуге байланысты ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі брендінің ағымдағы жай-күйін зерттеу. Қазақстан брендін жаһандық кеңістікте ілгерілетудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу үшін талдау, синтездеу, сараптамалық сауалнама, экстраполяция және графикалық бейнелеу әдістері пайдаланылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан брендінің құрылымдық атрибуттары нақтыланды, оның моделі С. Айнхольт алтыбұрышының тұжырымдамасы негізінде айқындалды. Мемлекеттің тартымдылығын өлшеудің ең оңтайлы құралы ретінде әлемдік рейтингтері нәтижелерін талдау Қазақстанның позициясының әртүрлі бағытын белгілеуге мүмкіндік берді. Соңғы бес жылдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің салыстырмалы талдауы мемлекет экономикасына инвестициялардың тартымдылығын анықтайтын факторлар бойынша елдің ұстанымдарының жақсарғанын көрсетті. Бренд-менеджмент эволюциясын зерттеу, сараптамалық сауалнама және Қазақстанның ұлттық брендін жаһандық кеңістікте ілгерілетуге жасалған SWOT-талдау нәтижелері бойынша ұлттық брендті қалыптастырудағы негізгі мәселелер айқындалды. Олардың бастысы – ұлттық брендті ілгерілетудің бірыңғай стратегиясының болмауы. Сондай-ақ цифрлық технологиялар саласындағы танымал брендтер, туристік брендтер, елдің тартымды имиджін жасауға азаматтардың жұмылдырылуының әлсіздігі де әсер етеді. Қазақстанның ұлттық брендін оның бірегейлігін анықтау және қолдау негізінде құрастыру кезеңдері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік органдардың Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету стратегиясын әзірлеуінде пайдаланылуы мүмкін.
Мақала Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жас мамандар санының қыс қаруы мәселесін шешуге арналған. Қазіргі уақытта мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында дарынды және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту міндеті басым және стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Бұл, біріншіден, мемлекеттік қызмет қызметінің көптеген салаларында білікті мамандар тапшылығының артуына, екіншіден, жас және дарынды кадрлар үшін еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуына байланысты. Мұндай жағдайларда мемлекеттік органдар қызметкерлерді жалдау кезінде жиі тартымды қаржылық жағдайларды ұсынатын жеке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен бәсекелесуге мәжбүр. Осыған байланысты, осы үрдістердің ықтимал теріс салдарын еңсеру үшін, сондай-ақ талантты кадрларды мемлекеттік қызметке тиімді тарту және ұстап қалу мақсатында Мемлекеттік қызметке кіру бойынша озық тәсілдерді енгізуді ғана емес, сонымен қатар онда болудың тартымды жағдайларын жасауды көздейтін кешенді жұмыс қажет. Бұл зерттеудің мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тартуды ынталандыру бойынша отандық тәжірибені талдау, сондай-ақ талантты жастар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу. Зерттеуде қарастырылып отырған мәселелер бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасалды, жастарды мемлекеттік қызметке тартудың қолданыстағы моделі тал данды, мемлекеттік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері және жастардың мансаптық қалауы анықталып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және дарынды жас кадрлардың кетуіне жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірленді.
Аймақтардың ресурстық әлеуетін басқарудың жүйелі тәсілін жүзеге асыру арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аймақтық менеджменттің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі. Карталау әдісі әртүрлі өлшем масштабтарын қамтитын бірнеше дерек көздерін біріктіруге мүмкіндік беретін тәсіл ретінде белгілі. Зерттеудің мақсаты аймақтардың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін оларды ресурстармен қамту картасын әзірлеуге бағытталған. Зерттеудің құндылығы оның пәнаралық көзқарасымен анықталады, бұл картография ғылымының құралдары арқылы аймақтардың ESG міндеттеме критерийлерін біріктіруге мүмкіндік берді. Әдістеме ресурстық қамтылған картасын жасау бойынша әрекеттер тізбегі түрінде ұсынылған. Әзірленген әдістеменің ғылыми және қолданбалы негізділігі оның Батыс Қазақстан облысының картасын дайындау мысалында сынақтан өтуімен расталады. Ғылыми жұмыстың нәтижелері Қазақстан аймақтарын ресурстық қамтамасыз етудің кешенді карталарын құру мәселелерін одан әрі зерттеу перспективаларына дәлелденген аргументтерді қамтиды. Картографияның негізгі тәсілдері аймақтардың табиғи, еңбек, қаржылық, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін және экологиялық тәуекелдерді бағалауды көрсететін ресурстық әлеуетті ескере отырып, аймақтық өзара әрекеттесу негізінде басқару шешімдерін қабылдауда ұқсас карталарды пайдалану бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Әзірленген ұсыныстарды тестілеу Microsoft Power BI және SuperMap (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Геоақпараттық картография» зертханасы) арқылы жүргізілді.
Энергетикалық сектор кез-келген мемлекеттің экономикалық құрылымының негізгі элементі, оның тұрақтылығын, бәсекеге қабілеттілігін және инновацияға қабілеттілігін анықтайды. Осы тұрғыда көмірсутектердің, энергия көздерінің және жаңартылатын қасиеттердің айтарлықтай қоры бар Қазақстан энергетикалық саясат, инновациялар және тұрақты даму мәселелерінің тоғысқан жерінде тұр. Электр энергетикасы саласы елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті басым ресурс болып көрінеді. Бұл елдегі өсіп келе жатқан сұранысты қолдау және электр энергиясын өндіруді арттыру үшін өнеркәсіп өндірісі мен демографияның қарқынды өсуі аясында өзекті. Бұл ғылыми жұмыстың мақсаты – электр энергиясын өндіру мен тұтынуды экономикалық талдауға, сондай-ақ кемшіліктерді анықтауға және Қазақстанның энергетикалық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар ұсынуға бағытталған. Талдаудың ғылыми әдісін қолдана отырып, зерттеу елдегі электр энергиясын тұтыну деңгейін анықтайтын тенденцияларды анықтауға, сондай-ақ осы саланы тұрақты және тиімді дамыту үшін ұсыныстар беруге бағытталған. Мақала елдің энергетикалық жүйесін нығайту мен жаңғыртуға құнды үлес қосады. Зерттеу нәтижелері: Ресейге қарсы санкциялар, энергия тасымалдаушыларға бағаның өсуі және жаһандық белгісіздік аясында Қазақстан энергетикасының қазіргі жағдайы ашылды; электр энергиясын өндіруге салыстырмалы талдау жүргізілді; 2015 жылдан 2023 жылға дейін энергияны бастапқы және түпкілікті тұтынуды экономикалық бағалау жүзеге асырылды; өнеркәсіптік және тұтынушылық сұраныстың өсуі тұрғысынан электр энергиясын өндіру мен тұтынудың өзгеру себептері негізделді; республикада электр энергиясын дамыту мен тұтынуды жетілдіру бойынша кемшіліктер ашылып, ұсыныстар берілді. Алынған нәтижелер Қазақстанның энергетикалық секторында белгілі бір өзгерістерге бастама жасау үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Жұмыс Қазақстанның энергетика саласындағы теория мен практиканың дамуына үлес қосатын ғылыми еңбек. Бұл зерттеу ұзақ мерзімді перспективада оның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, энергия тұтынуды одан әрі дамытуға және елдің энергетикалық инфрақұрылымын жетілдіруге ықпал етеді.
Бұл мақала Орталық Азия елдеріндегі ауылшаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдаятын талдауға арналған. Зерттеу өңірдің аграрлық секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын анықтау мақсатында жүргізілді. Авторлар ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және тұтыну көлемін, нарық құрылымын, баға динамикасының тенденцияларын, сондай-ақ аграрлық өнімге ішкі және сыртқы сұранысты талдады. Ауылшаруашылық секторын дамытуда кәсіпкерлердің халықаралық ынтымақтастығы мен кооперациясының рөліне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері Орталық Азия елдерінде аграрлық саланы дамыту стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты — ауылшаруашылық өнімдерінің оңтайлы ассортиментін анықтау, осы елдердегі ауылшаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдаятын талдау жүргізу негізінде Орталық Азия елдері кәсіпкерлерінің кооперациясы шеңберінде тиімді өндірістік тізбекті құру мақсатында оларды дайын өнімге қайта өңдеу нұсқаларын зерттеу. Ауылшаруашылық өнімдеріне ішкі және сыртқы сұранысты талдау экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайту және инвестиция тарту стратегияларын әзірлеуге көмектеседі. Зерттеу нәтижелерін Орталық Азия үкіметтері ауылшаруашылық саясаты мен кәсіпкерлікті қолдау саласына негізделген шешімдерді қабылдау үшін пайдалана алады. Сонымен қатар зерттеулер халықаралық ынтымақтастық пен аймақ кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі, бұл ауылшаруашылық саласының тұрақты дамуына әкеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық салаларында белгілі бір трансформациялық үрдістер жүріп жатыр. Елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі серпінді өсіп келе жатқан қажеттілік ауыл шаруашылығының орнықты дамуын мемлекеттік реттеу мәселесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Ауылдық аймақтардың функциялары әртүрлі және экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да өте маңызды. Олар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек ресурстарын молайту, дәстүрлер мен ұлттық мәдениетті сақтау, табиғи ресурстарды игеру сияқты маңызды міндеттерді орындайды. Ауылдық аймақтар – ойын-сауық, туризм, серуендеу, емдеу-сауықтыру, курорттық, саябақтық, спорттық, халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету сияқты ерекше орындар. Ауылдық аймақтар өндірістерді орналастыру және инженерлік коммуникацияларға (жолдар, электр беру желілері, мұнай және газ құбырлары) қызмет көрсетудің негізі. Осыған байланысты ауыл шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие және шұғыл жақсартуды қажет етеді. Бұл талдау аграрлық секторды мемлекеттік реттеу мен қолдауды жақсарту қажеттіліктері мен тетіктерін зерттеуге арналған. Осы зерттеуге сәйкес аграрлық сектордың орнықты дамуын мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту үшін аймақтық деңгейдегі ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы мен үрдістерінің өзара байланысын пайдалана отырып, тұжырымдамалық модель ұсынылды. Бұл модель (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, техникалық-технологиялық, ұйымдастырушылық, биологиялық, динамикалық) ауыл шаруашылығының жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттеріне байланысты нақты құрылымға ие экономиканың аграрлық секторына мемлекеттік ықпал етудің ұтымды деңгейіне қол жеткізуде тиімді шаралар кешенін іске асыру мүмкіндігін береді.
Мақаланың мақсаты – сүт өндіруші жеке қосалқы шаруашылықтардағы кооперациялық байланыс негізінде құрылатын инновациялық «сүт өңдеу-сату кооперативін» құрудың үлгілерін зерттеу, ұсыныс беру. Ел ішінде сүт өңдеу және сату бойынша сүт өндіруші жеке қосалқы шаруашылықтардағы сүт өңдеу кооперативтерін құру – олардың үлкен әлеуетін пайдалану мен сүт өнімдеріне деген тәуелділікті қысқартудан тұрады. Еліміздің сүт шаруашылығындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы негізінде сүт өңдеу кооперативтерін құрудың үлгілері мен нұсқалары ұсынылды: 1) Жеке қосалқы шаруашылықтар арасында кооперациялық байланыс негізінде «инновациялық сүт өңдеу-сату кооперативін» құру; 2) Түркістан облысының жеке қосалқы шаруашылықтарымен жасалған кооперативтік келісім негізінде сүт өңдейтін инновациялық «FoodMaster-Shimkent» ЖШС компаниясының қызметі қаралды; 3) Кооперация үрдісі негізінде аудандағы елді мекендерде тауарлы-сүт фермасы бар сүт өндіру кооперативтерін құру ұсынылды. Себебі, сүт өңдеу және өткізу кооперативтері өздері мүше болған жеке қосалқы шаруашылықтардың сүтін жинау, өңдеу, сатумен қатар жер телімдерін өңдеу, жем-шөп дайындау, асыл тұқымды жас малдарды қамтамасыз ету, өндірістік-техникалық қызмет көрсету міндеттерін өз мойнына алады. Жеке қосалқы шаруашылықтар құрудың негізіне айналған «Сүт өндіруші кооперативтер» арқылы мемлекеттік қолдау (субсидиялар, салықтар мен несиелер бойынша жеңілдіктер) жеке қосалқы шаруашылықтарды сүт өндіруші және сүт өңдеуші кооперативтер көмегімен жүзеге асырады.
Жаһандық дамудың жаңа кезеңі деректердің ұлттық шекарадан асуымен сипатталады, соның нәтижесінде коммерцияның келбеті мен үлгілері өзгереді. Көптеген жылдар бойы электрондық коммерцияның болғанына қарамастан, бұл операциялардың қазіргі ауқымы бұрынғылармен салыстыруға келмейді. Сонымен қатар онлайн платформалардың (маркетплейстердің) пайда болуы коммерцияны жүргізу үдерістерінде трансформацияны тудыратын ойын ережелерін түбегейлі өзгертті. Зерттеудің мақсаты – оптимистік, пессимистік және базалық сценарийлердегі Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемдеріндегі өзгерістердің болжамдық үлгісін құрастыру. Болжамдық үлгілер корреляциялық және көп регрессиялық талдау нәтижесінде қалыптастырылды. Сценарийлік болжамдар экономиканың ағымдағы жағдайлар негізінде елдегі бөлшек сауда көлемінің өзгеруін ескере отырып құрастырылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығының дамуына оң және теріс әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бірінші топқа бөлшек сауданың жалпы көлемінің өсуі, 16–74 жас аралығындағы интернет пайдаланушылар үлесі, төлемдердің жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі, екіншісіне – қолма-қол ақшалай төлемдер көлемінің өсуі жатқызылды. Алынған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы факторлар жиынтығының бөлшек электрондық коммерция нарығы көлемінің өзгеруіне әсерін негіздеуде жатыр. Алынған нәтижелерді уәкілетті органдар жеке факторларға әсер ету арқылы электрондық коммерцияны дамытуда зерттелетін нарықты реттеу үшін пайдалана алады.
Соңғы жылдары нарықтық экономиканың дамуына қазіргі қоғамның өміріне тез енген электрондық коммерция маңызды рөл атқара бастады. Жыл сайын оның әсері өсіп, айналадағы нарықтық инфрақұрылымды және адамдардың жаңа цифрлық сауда жағдайларына қатынасын өзгертеді. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының электрондық коммерциясын дамытудың ерекшеліктері мен перспективаларын айқындау. Зерттеу нысаны ретінде отандық онлайн сату нарығы қарастырылады. Жұмыста e-commerce нарығының ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізіліп, оның дамуының негізгі тенденциялары мен перспективалары айқындалды. 2016–2022 жж. кезеңінде электрондық сауданың даму серпіні ұсынылды, цифрландырудың жоғары деңгейі, қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығында жаңа цифрлық технологиялардың дамуы және басқалар сияқты электрондық коммерцияның өсуіне оң әсер ететін негізгі факторлар қаралды. Отандық онлайн-сату нарығына теріс әсер ететін факторлар анықталды: логистикалық инфрақұрылымның дамымауы, инфляцияның өсуі, интернет-сауданы реттеудің және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жеткіліксіз тиімді тетігі. E-commerce нарығы аз дамыған өңірлердегі тұтынушылардың мінез-құлқын бағалау үшін Абай облысының тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді, бұл осы нарықтың даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді. Логистикалық инфрақұрылымды дамыту және саланың өсуіне ықпал ететін жеткізудің инновациялық әдістерін енгізу бойынша іс-шаралар ұсынылды. Жұмыс нәтижелері электрондық коммерция нарығын дамытуды ынталандыру және оның инфрақұрылымын жақсарту саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Демографиялық өткел әдістемесін зерттеудің өзектілігі оның халық динамикасын, қоғамның қартаю мәселелерін, туу, өлім-жітім және көші-қон өзгерістерін түсіну және талдау үшін, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалаудағы маңыздылығында. Бұл зерттеудің халықты басқару, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы ұлттық саясатты әзірлеу үшін, сондай-ақ қоғам дамуының тенденцияларын және оның ұзақ мерзімді перспективада тұрақтылығын болжау үшін маңызды практикалық мәні бар. Зерттеудің мақсаты – демографиялық өткел әдістемесіне арналған әртүрлі дереккөздерді, соның ішінде мемлекеттің тұрақты дамуына әсер ету тұрғысынан талдау жасау. Авторлар осы тақырып бойынша зерттеулерде қолданылатын негізгі тәсілдерді анықтауға, олардың тиімділігін бағалауға және осы салада алынған ең маңызды нәтижелерді анықтауға ұмтылады. Зерттеу әдістемесі әдебиеттерге жүйелі шолу жасауды және демографиялық көшу әдістемесіне арналған әртүрлі дереккөздерді талдауды қамтиды, оның негізінде бес негізгі көзқарас қалыптасты, олардың драйверлері мен механизмдері айқындалды, осы саладағы кейнгі зерттеулерге ұсыныстар әзірленіп, ұсынылды. Авторлар зерттеушілер бетпе-бет келіп отырған қазіргі тенденцияларды талқылап, демографиялық өткел әдіснамасының елдің тұрақты дамуына ықпалы туралы болашақ зерттеулердің перспективалық бағыттарын атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы 14 қарашадағы жедел деректеріне сәйкес, Қазақстан халқы 20 000 000 адамды құрады. Соңғы жылдары бұл көрсеткіштің өсуі байқалғанымен, елде демографиялық мәселелердің бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Халық саны бойынша әлемдік рейтингте 242 елдің ішінде Қазақстан 61-орында тұр. Мамандардың пікірінше, халық тығыздығы 1 км²-қа 7,3 адамды құрайтындықтан, елдің жер көлеміне сәйкес халық санын арттыру үшін бұл көрсеткішті екі есе арттыру қажет. Қазақстан Республикасындағы халық санының жыл сайынғы орташа өсімі 1,2–1,3% болғандықтан, халық санының екі есе ұлғаюы үшін 70 жылдан астам уақыт қажет. Елдегі демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі көрсеткіштерге халық саны, оның құрамы, туу және өлім көрсеткіштері, некелесу және ажырасу деңгейі, сондай-ақ көші-қон жатады. Осыған орай, бұл көрсеткіштерді терең зерттеп, елдегі демографиялық жағдайды оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды қабылдау маңызды деп есептейміз. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайына, оның ішінде гендерлік аспектіге терең талдау жүргізу негізінде елдегі халық санын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Сатып алу үрдісі – кәсіпорындағы материалдық ағындардың қозғалысын басқаруға бағытталған логистиканың маңызды функционалдық бағыттарының бірі. Әрбір кәсіпорын сатып алуды, сондай-ақ алынған затты жүзеге асыруды жоспарлайды, бірақ оларға әрдайым жеткілікті көңіл бөлінбейді, ал бұл өз кезегінде материалдарды ұтымсыз пайдалануға да, шикізатты сатып алу құнының өсуіне де әсер етеді. Сондықтан жеткізу рәсімдерін жүйелі талдау және қызметтің осы түріне мониторинг жүргізу қажет. Шығындарды азайтуға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорынның сатып алу нәтижелерін бағалау тәсілдері өзекті. Жеткізу тізбегі жұмысының тиімділігін арттыру үшін келесі зерттеу әдіснамасын қолдану ұсынылады: жақсы ұйымдастырылған сатып алу үрдісі – кәсіпорынның табыстылығы мен кірістілігін арттыруы десек те болады. Жабдықтауды ұйымдастыру үшін қолданылатын әдістердің ішінде осы мәселені зерттеу қажеттілігін көрсететін жеткізудің үздіксіздігі қағидаттары қарастырылды. Авторлар «А» компаниясының мысалын пайдалана отырып, сұранысты есептеуге байланысты тауарларды жеткізуді реттеуге мүмкіндік беретін әдістер талданады деген қорытындыға келеді.
ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ 
Туристік бизнес экономикалық дамудың, табыс табудың, ұлттық және халықаралық экономиканы дамытудың құралы ретінде қарқынды даму үстінде. Өйткені туристік бизнес жұмыс орындарын құруға, инвестициялар мен өнімдерді арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты Алматы қаласындағы туристік бизнестің қазіргі даму жағдайын анықтау және негізгі мәселелер мен перспективаларға SWOT талдау жасау болды. Зерттеу барысында Scopus және WoS деректер базасына кіретін әдебиеттерге шолу жасалып негізгі тұжырымдарға түйін жасау арқылы сауалнама сұрақтары әзірленді. Сауалнама Алматы қаласындағы туристік бизнестің даму деңгейін анықтау үшін жүргізілді және оған 523 кәсіпорынның иелері мен менеджерлері ерікті түрде қатысты. Зерттеудің дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында, 3 айға созылған іріктеуден кейін, 510 респонденттің жауаптары іріктеліп алынды. Сауалнама жауаптарын талдау нәтижесін де, туристік бизнес өкілдерінің 72,7%-ында арнайы туристік білімі жоқ екендігі; ал, 32,9%-ында қызметкерлермен келісімшарттардың болмауы анықталды. Алайда, оң перспективалар ретінде: респонденттердің өз бизнесін дамытуға деген ынтасы, Covid-19 пандемиясының салдары мен дағдарысын жеңуге деген ұмтылысы және 29% респонденттердің жас кәсіпкерлер болуы қуантады. Сонымен қатар, SWOT талдау нәтижесінде Алматы қаласында туристік бизнесті дамытудың күшті мен әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері белгілі болды. Осылайша, бұл зерттеу Алматының туристік инфрақұрылымын дамытуға, сервистік қызмет көрсетуді жетілдіруге, туристік бизнесті тұрақты дамытуға кедергі болатын мәселелерді шешуде көмекші құралы бола отырып болашақ зерттеулердің перспективалы бағыттарын айқындауға көмектеседі.
Зерттеліп отырған мақаланың мақсаты – инклюзивті экономикалық өсудегі креативті туризмнің әсерін зерттеу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ТМД елдері мен басқа мемлекеттердің зерттеушілерінің ғылыми жұмыстарын талдау негізінде инклюзивті даму мен креативті өсу мағыналарына авторлық сипаттама беріледі. Зерттеу барысында аталған ұғымдардың тұжырымдамасы мен көрсеткіштердің әсер ету шамасы және инклюзивті экономикалық өсу бағытына әсер ететін басым көрсеткіштердің деңгейі анықталады. Сонымен қатар, инклюзивті экономикалық өсудің даму бағыттарын зерттеуде креативті туризмді дамытуға қажетті реттеу тетіктері ұсынылады. Мақаланың өзектілігі – әлем елдерінің инклюзивті экономикалық өсудегі туризмнің қарқынды дамуы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Әлемдік банк және әлем зерттеушілерінің басты тақырыптарына айналып отырғандығында. Креативті туризмнің дамуы мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінің үлесінің артуына әкеледі. Осыған орай, 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы да креативті экономика бағытындағы креативті туризмнің инклюзивті жолымен дамуын қолға алды. Мақаланы зерттеу барысында түрлі тұрақтылық көрсеткіштерін талдау, зерттеліп отырған көрсеткіштердің орташа арифметикалық бағасы мен олардың үлес салмағының маңыздылығы, экономикалық және статистикалық талдау, жалпылау, салыстыру әдістері қолданылды. Қорытындылай отырып, бірнеше көрсеткіштердің жалпы тұрақтылыққа әсерінің әртүрлілігі анықталып, туризмді дамытуда инклюзивті көрсеткіштердің басымдылық салмағы анықталады. Алынған нәтижелер арқылы туризмді дамытуда қажетті деңгейді қамтамасыз етуде біріктіру және жүйелеу құралы ретінде кешенді тәсілдер ұсынылады.
ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 
Зерттеу деглобализация мәселелеріне жауап ретінде Орталық Азия елдерінің экономика мен саясат са ласындағы стратегиялық жоспарларды іске асыру ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы және көршілес елдердегі интеграциялық үдерістердің тиімділігі мен бағыттарын талдау, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және әлемдік аренада Орталық Азия өңірінің бәсекеге қабілеттілі гін арттыру үшін осы елдерде қолданылатын негізгі идеялар мен тәсілдерді анықтау. Зерттеу жүйелі әдебиет терге шолу, мета-анализ, аналитикалық синтез, салыстырмалы және сыни талдау сияқты ғылыми әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – бұл көп қырлы құбылысты терең түсінуге мүмкіндік беретін Орталық Азия елдерінің аймақтық интеграциялық үрдістерге қатысуы арқылы олардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларын жүйелеу мен сыни талдау. Жұмыстың практикалық маңыздылығы аймақта тиімді экономикалық ортаны құру үшін маңызды интеграциялық үрдістерді оңтайландыру бойынша ұсыныстарды қалыптастырудан байқалады. Зерттеу нәтижелері академиялық қауымдастық, саясаткерлер, аймақтық интеграция мәселелерімен және жалпы халықаралық экономикалық қатынастармен айналысатын сарапшылар үшін құнды. Мақалада ұсынылған ұсыныстарды мемлекетаралық қарым-қатынастың тиімді тетіктерін әзірлеу және тұрақты экономикалық саясатты қалыптастыру үшін пайдалануға болады.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді салықтық реттеудің шетелдік тәжірибесіне және оның қазақстандық экономикаға бейімделу мүмкіндігіне талдау жасалды. Жаһандық даму мәселелерін шешуде тарихи өзара әрекеттесетін ортақ саяси және экономикалық мүдделері бар Еуропа елдеріндегі негізгі салықтарда айтарлықтай ұқсастықтар анықталды. Әртүрлі елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына ҚҚС, акциздер, ұйымдардың пайдасына салынатын салық және жеке тұлғалардың кірістеріне салынатын салық сияқты салықтардың реттеуші әсер ету тетіктері зерттелді. Салық салудың әлемдік тәжірибесінде қол данылатын салық жеңілдіктері мен преференцияларының, салық салуды ұйымдастыру принциптерінің артық шылықтары мен кемшіліктері анықталды. Салық жүйелері салықтардың саны мен олардың құрылымы, ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар, жаһандық даму мәселелерін шешуде тарихи өзара іс-қимыл жасайтын ортақ саяси және экономикалық мүдделері бар, бір-біріне аумақтық жақын елдердегі негізгі салықтардың айтарлықтай ұқсастығын ескермеуге болмайды. Тарихи тәжірибені зерттеу, сәнді тауарларды тұтынуға қолданылатын ҚҚС сияқты салықтардың әлеуметтік маңыздылығын растауға мүмкіндік береді. Бұл тауарларға салық салу халықтың ауқатты топтарының кірістерін ішінара алып, оларды белгілі бір дәрежеде әлеуметтік теңестіруге қызмет ететін қайта бөлуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тарихи, географиялық және экономикалық – жаһандану факторларынан туындаған әртүрлі елдердегі әлеуметтік-экономикалық процестерді салықтық реттеу құралдарының айтарлықтай ұқсастығын растайды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстандағы шетелдік тәжірибенің артықшылықтарын пай далануға, оның жекелеген элементтерін отандық жағдайларға бейімдеуге және ұлттық экономиканың даму ерекшеліктері мен мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастыру жағдайларының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Қалаларды бағалау – қаланың даму динамикасын түсіну, жақсарту бағыттарын анықтау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мақсатты саясатты қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл зерттеу Қазақстанның мегаполистерін қаржылық-экономикалық жай-күй, бизнестің дамуы және өмір сүру деңгейі бойынша топтастырылған тоғыз көрсеткіш бойынша бағалауға бағытталған. Салыстырмалы талдау және саралау әдістерін қолдана отырып, зерттеу бюджеттік қаражатты, халықтың динамикасын, өнеркәсіптік өсуді және стратегиялық инвестициялардың қала құрылысына әсерін бағалайды. Қазіргі экономикалық және демографиялық тенденцияларға сүйене отырып, зерттеу қалалардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлін зерттейді және әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктерді жоюдың маңыздылығын көрсетеді. Әдебиеттерге шолу жасай отырып, зерттеу урбанизация және экономикалық даму туралы кеңірек дискурстағы нәтижелерді контексттейді, бұл аймақтық айырмашылықтарды жою үшін егжей-тегжейлі стратегиялардың қажеттілігін көрсетеді. Әдістемелік тұрғыдан алғанда, 2010 жылдан 2022 жылға дейінгі сандық көрсеткіштерге негізделген рейтингтік жүйе жұмыс істейді, жылу картасының визуализациясы әртүрлі көрсеткіштер бойынша қала рейтингтерін көрсету үшін қолданылады. Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша жинақталған деректерді пайдалана отырып, қалалар үш санатқа жіктелді: жоғары дәрежелі, орта дәрежелі және төмен дәрежелі. Зерттеу Қазақстанның қала құрылысын тереңірек түсінуге ықпал етеді және оның мегаполистерінің тұрақты және инклюзивті өсуіне ықпал етуге бағытталған саясатты тұжырымдау үшін ақпарат береді. Қала рейтингін талдау Қазақстан қалаларындағы әртүрлі экономикалық ландшафтты көрсетеді. Жоғары рейтингке ие қалалар кедейліктің төмен деңгейімен, жоғары орташа жалақымен және белсенді бөлшек саудамен жоғары экономикалық көрсеткіштерді көрсетеді, бұл бизнестің жарқын болашағын меңзейді. Орташа рейтингке ие қалалар әртүрлі көрсеткіштерді көрсетеді, ал төмен рейтингке ие қалалар кедейліктің жоғарылауы, жалақының төмендеуі және сауданың төмендеуі сияқты экономикалық қиындықтарға тап болады.
Зерттеудің мақсаты – компаниялардағы стратегиялық ойлауды дамытудың негізгі себептерін анықтай тын жүйелі әдебиетке жүйелі шолу жасау. Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын ескере отырып, стратегиялық ойлауды тиімді дамыту тек шағын және орта бизнес үшін ғана емес, сонымен қатар терең реформаларды қажет ететін ірі компаниялар үшін де қажет екені белгілі. Зерттеудің әдіснамалық негізін басқару және стратегиялық менеджмент саласындағы экономикалық теорияның принциптері құрайды. Зерттеу шеңберінде жүйелі әдебиеттерді шолу және библиометриялық талдау әдістерін қолдану арқылы классикалық ғалымдар мен қазіргі зерттеушілердің стратегиялық ойлау саласындағы негізгі еңбектеріне талдау жасалды. Пайдаланылған әдеби дереккөздердің жалпы саны – 30. Зерттеу нәтижесінде стратегиялық ойлауды дамытудың төрт негізгі факторы (антецеденттері) анықталды, олар шетелдік зерттеулерде жиі айтылып, талдаудың ғылыми әдістері арқылы негізделеді: көзқарас, креативтілік, корпоративтік мәдениет және білімді басқару. Бұл зерттеудің маңыздылығы нарықтағы бәсекелестік артықшылыққа айналуы мүмкін стратегиялық ойлауды дамытудағы осы факторлардың маңыздылығын анықтауда және негіздеуде жатыр.
Қазіргі заманғы болжау әдістемесі жеткілікті икемді және көп қырлы. Форсайт құралдарын басқарудың әртүрлі иерархиялық деңгейлерінде кеңінен қолдануға болады. Жүйелі тәсілді Foresight технологияларымен үйлестіре пайдалану ауылдық аумақтарды олардың экономикалық және әлеуметтік құрамдастарын жақсарту тұрғысынан дамытудың стратегиялық жоспарларын жасауға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуды стратегиялық жоспарлауда Foresight әдістемесін қолданудың ғылыми негіздерін құру. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Foresight әдістемесі негізінде ауылды дамытуды стратегиялық жоспарлау алгоритмін жасаумен және ауылдық жерлерде басқарудың аймақтық деңгейінде Foresight құралдарын қолдану бойынша практикалық ұсыныстар кешенін қалыптастырумен айқындалады. Біздің зерттеуімізде біз ауылды басқару мен дамытуды болжауда қолданылатын Foresight жобалары мен бағдарламаларын дәйекті түрде талдадық. Ауылдық аумақтардың дамуын болжау мен жоспарлауда әртүрлі елдерде Foresight әдістемесін қолдану қарастырылған. Зерттеуде ауылды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың Foresight алгоритмі және оны жергілікті деңгейде жүзеге асыру механизмі ұсынылған. Процедураның негізгі құрамдас бөліктері ауылды дамытудың баламалы сценарийлерін кешенді Foresight талдауының нәтижесінде қалыптастырылды. Біз Foresight технологияларын ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асырудың жүйелі құралы ретінде пайдалану керек деп түйіндедік. Зерттеудің негізгі нәтижелеріне мыналар жатады: ауылды дамытудың Форсайттық зерттеулерінің тәжірибесін жалпылау; Foresight әдістемесі негізінде ауылды дамытуды стратегиялық жоспарлау алгоритмін әзірлеу; өңірлік деңгейде ауылдық аумақтарды дамытудың баламалы сценарийлерін қалыптастыру. Foresight әдістемесін пайдалана отырып әзірленген ауылды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік тәсілдері мен ережелері ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жол карталары мен стратегиялық жоспарларын құруда пайдаланылуы мүмкін.
Мақалада авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайын, атап айтқанда сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін қарастырады. Осы көрсеткіштерді талдау жұмыс берушілердің еңбек ресурстарын пайдалану процесінде кездесетін негізгі проблемалары мен қиындықтары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдау негізінде авторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы салалық бәсекелестік мүмкіндіктеріне әсер ететін басты проблемаларының бірі – еңбек ресурстарының біліктілігі. Жоғары басқару деңгейінде сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге де байланысты. Бірақ орта буын мамандары мен жұмысшы мамандықтары жеткіліксіз. Авторлар жас мамандардың ауыл шаруашылығында қалуға қызықпайтынын, сондықтан кадрлар жетіспейтінін атап өтті. Авторлар төртінші өнеркәсіптік революция технологияларының, соның ішінде цифрландыру, автоматтандырудың қарқынды дамуы саладағы мамандар мен жұмысшылардың онын басатын ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талаптарды өзгертетін қозғаушы күштер деп тұжырымдайды. Демек еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін олардың еңбегін алмастыра алмайтын жаңа құзыреттер мен дағдыларды игеру қажет. Машиналармен бәсекелестікте жеңіске жету үшін әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін және командада жұмыс істеу қабілетін дамыту, мәселелерді шешуге дайындықты және жан-жақты ойлауға деген ұмтылысты дамыту қажет. Бұл қызметтің барлық кәсіби салалары үшін әмбебап құзыреттер.
Тәуекел мен белгісіздік жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету оқшаулау, қауіпсіздік және денсаулық талаптарын ескере отырып, азық-түлік ортасындағы жеткізу тізбегі жүйесіне өзгерістер енгізуді талап еді. Зерттеудің мақсаты – тәуекел жағдайында, атап айтқанда, COVID-19 пандемиясы жағдайында агроазық-түлік нарығының азық-түлік тауар өткізгіш тізбегінің жұмыс істеу жағдайларын, факторларын бағалау. Жеткізу тізбегі элементтерінің құрылымын көрсететін тұжырымдамалық негізді қорытындылау үшін әдебиеттерді жүйелі шолу және жалпылау әдісі; азық-түлік жеткізу тізбегіне қатысушыларға сарап-тамалық сауалнама әдісі қолданылды. Талдау барысында технологиялық, қаржылық, экономикалық, инсти-туционалдық, әлеуметтік, эпидемиологиялық, географиялық азық-түлік тауар өткізу тізбегінің жұмыс істеу ортасы мен шарттары анықталды. Азық-түлік өткізгіш тізбектің жұмыс істеу ортасы мен жағдайларының қауіп факторлары және жеткізу тізбегіне ықтимал әсерлер бағаланды. Тәуекелдерді азайту және жеткізілімдердің агроазық-түлік өткізгіш тізбектерінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды. Нәтижелер жеткізілім тізбегіне қатысушыларды болашақта азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақты тізбектерін құру үшін қажетті шаралар туралы хабардар ету үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Мақалада Қазақстанның ғылыми инфрақұрылымының құрылысын зерттеуге жүйелі көзқарас қолданылады, оның ғылым мен техника саласындағы кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын ұйымдардың үйлесімді желісі ретіндегі рөлі аталып ұсынылған. Негізгі мақсат – оның құрамдас элементтерін, елдегі ғылымның жалпы жай-күйін, оның ғылыми, ғылыми-техникалық және адами әлеуетін қамтитын Қазақстанның ғылыми инфрақұрылымын жан-жақты бағалау. Сонымен қатар мақалада әртүрлі ғылыми салалардағы жағдайларды мұқият зерттеу жүргізіледі. Осы талдау арқылы мақалада ғылыми инфрақұрылымға олардың әртүрлілігін, сапасын және оның дамуындағы әртүрлі рөлдерді жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретін жүйелік атрибуттар беретін байланыстардың күрделі желісі анықталады. Бір қызығы, автор мемлекеттің ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудағы негізгі рөлін атап өтеді, өйткені оның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі ресурстарды біріктіру мүмкіндігі бар. Бұл экономикада жүйелі инновацияларды енгізу үшін қажет, осылайша шаруашылық жүргізуші субъектілерді жаңа жетістіктерге ынталандырады. Сонымен қатар бұл мақалада Қазақстанның ғылыми инфрақұрылымын жүйелі зерттеу ұсынылады, оның ғылыми-техникалық зерттеулерді инновациялауға және коммерцияландыруға ықпал ететін фактор ретіндегі маңыздылығын аталды.
Мақаланың мақсаты – елдегі транзиттік инфрақұрылым мен көліктік байланыстарды дамытуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін бағалау. Талдаудың мақсаты – еліміздің транзиттік қызметіндегі негізгі артықшылықтар мен мәселелік аспектілерді анықтау, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік хаб ретінде экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүддесінде транзиттік секторды жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Транзиттік әлеует ұғымы жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдау үшін белгілі бір көлік бағытын немесе көлік инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігін бағалауды білдіреді. Транзиттік әлеуетті бағалау географиялық орналасу, қолжетімділік, инфрақұрылым, көлік қызметтеріне сұраныс және бәсекелестік артықшылықтар сияқты факторларды талдауды қамтиды және көлік бағытын немесе инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін анықтауға, ықтимал мәселелер мен кедергілерді анықтауға және транзит жүйесін жақсарту үшін стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл мақала Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін талдамалық зерттеуден тұрады. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы транзиттік тасымалдар көлеміне тасымалдау көлемі мен әртүрлі факторлар арасындағы байланысты зерттеу әдістерінің бірі – корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізілді. Алынған нәтижелер Қазақстанның транзиттік секторының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік береді.
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 
Қарқынды технологиялық прогресс пен әлеуметтік өзгерістермен ерекшеленетін дәуірде тұрақты дамуға деген ұмтылыс әлемдік қоғамдастық үшін басты қажеттілікке айналды. Жаһандық күн тәртібі аясында тұрақты даму қағидаттарына сай мәдениетті қалыптастыру үшін жас ұрпаққа және жалпы академиялық салаға терең әсер еруші университеттер бүгінде шешуші рөл атқара бастады. Осы академиялық институттардың жалғасы болатын түлектер қауымдастығы да ерекше орын алады. Олар академиялық әлем мен жалпы қоғам арасындағы алшақтықты жоятын маңызды арналар ретінде әрекет етеді. Мақалада университеттердің түлектер қауымдастығына ерекше назар аударылды. Терең сұхбат пен сараптамалық бағалауды қамтитын сапалы зерттеу әдісін қолдана отырып, бұл зерттеу тұрақты түлектер қауымдастығының негізгі критерийлерін анықтауға бағытталған. Мұқият математикалық талдаумен қамтамасыз етілген нәтижелер түлектер қауымдастығының сәтті даму критерийлерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар олардың тұрақты дамуға қосқан үлесін арттыру бойынша тиімді ұсыныстар ұсынады. Қазақстан университеті контекстінде жүргізілген зерттеу бүкіл әлем бойынша университеттер үшін прецедент құра отырып, академиялық саланың экономикалық және басқарушылық құрылымына орнықты дамуды интеграциялау үшін құнды перспективалар мен практикалық стратегияларды ұсынады.
Мақаланың мақсаты – қандастардың өзін-өзі анықтауы мен қазақ қоғамына интеграциялануындағы тіл мен білімнің рөлін анықтау. Зерттеу тарихи материалдарды талдауға, осы тақырып бойынша статистикалық деректер мен ғылыми еңбектерді салыстыруға, сондай-ақ кандастармен нарративті-өмірбаяндық сұхбат секілді далалық зерттеулердің талдауына негізделген зерттеу жұмыстары Қазақстанның 3 облысында: Алматы облысы, Есік; Шығыс Қазақстан облысы, Шығыс ауылы; және Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка ауылында жүргізілді. Бұл далалық зерттеулер 2023 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстандағы қандастардың бейімделу және интеграциялану мәселелеріне арналған «Қазақстандық қоғамға қандастарды интеграциялаудың идентификациялық аспектілері» жобасы бойынша жүргізілді. Мақалада орыс тілін білу деңгейінің жеткіліксіздігі, кандастардың өзін-өзі анықтауына және әлеуметтік-мәдени бейімделуіне, экономикалық интеграциясына тіл мәселесінің әсері сияқты тіл мәселелеріне қатысты әртүрлі аспектілер қарастырылады. Мақалада оралмандардың білім деңгейіне байланысты экономикалық мүмкіндіктер де қарастырылған. Жас оралмандарға мемлекет тарапынан қандай білім беру бағдарламалары ұсынылғаны қарастырылған. Қорытындылай келе, мақалада жинақталған нәтижелер негізінде тілдік және мәдени дайындықты күшейту сияқты интеграциялық механизмдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген; кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу; жұмысқа орналасуға және құжаттарды алуға байланысты бюрократиялық процедураларды жеңілдету; оралмандарға ақпараттық қолдау мен консультациялық қызмет көрсетуді жетілдіру. Бұл зерттеу кандастардың бейімделу үрдісін түсіну және қолдау, олардың қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық интеграциясына қолайлы жағдай жасау үшін маңызды. Зерттеу нәтижелерін қандастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру үшін пайдалануға болады. Мақалада ұсынылған ұсынымдар интеграциялық механизмдерді жақсартуға және қандастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі. Мақаланың ғылыми маңыздылығы оның репатрианттарды интеграциялау процестері туралы білімдерін кеңейту және осы процестерді жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар беру мүмкіндігінен байқалады. Қорытындылай келе, мақалада жиналған нәтижелер лингвистикалық аспектілерді ескере отырып, Қазақстандағы репатрианттардың интеграциялық механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Бұл зерттеу кандастардың бейімделу үрдісін түсіну мен қолдау және олардың қазақ қоғамына интеграциялануына қолайлы жағдай жасау үшін маңызды.
Бұл мақалада қатаң бәсекелестік жағдайындағы Қазақстан жастарының білім беру көші-қон мәселесі қарастырылады. Зерттеулер нәтижесінде Қазақстандағы білім беру көші-қонының қазіргі кездегі трендке айналғаны анықталды, оның оң және теріс жақтары бар, атап айтқанда: белгілі шетелдік жоғары оқу орнының дипломын алу – бұл беделдің, жеке табыстардың өсуіне көмектеседі, бірақ сонымен бірге үлкен қауіп бар-шетелден оралған адамдардың нақты санын айту өте қиын. Біз білім көші-қонының жағдайы мен болашағын зерттеуді қажет ететін бұл сандарды таппадық. Зерттеудің нәтижесінде қазақстандықтардың студенттік көші-қонының ең танымал және қолжетімді бағыттары Ресей, Қытай, Чехия және Түркия сияқты елдер, танымал, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер аз емес екені анықталды. Мақалада білім беру көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат тақырыбы қозғалады және мемлекеттік саясаттың білім беру жүйесіне әсері мәселелері SWOT талдау ретінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ның басқа елдеріне студенттерді жеткізуші ел болып табылатынын және сонымен бірге Өзбекстаннан, Үндістаннан және Ресейден білім алушыларды қабылдайтынын растайтын факторлар сипатталған. Зерттеудің ақпараттық базасы ашық дереккөздер болды: нормативтік және құқықтық актілердің мамандандырылған базалары, Scopus Preview деректер базасының ресми интернет-сайттары, олар бар проблемаларды да көрсетті: студенттерді бейімдеу мәселелері, ең өзекті – заңды жұмысқа орналасу мүмкіндігі, тұрғын үйдің жоғары құны және тұрмыстық жағдайдың нашарлығы. Мемлекет тарапынан ағынның төмендеуі жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы, оның әлеуетін қолдану және оны ел өңірлерін дамыту мүддесінде пайдалану үшін жағдай жасауды талап етеді.
Мақалада жоғары білім беру қызметтеріндегі тенденцияларды дамытудың озық тәжірибелері талқыланады. Білім беру реформасы елдің басым міндеттерінің қатарына кіреді және дәл солай тұрақтылықты сақтап келеді. Бірақ реформалау бойынша ауқымды күш-жігерге қарамастан, білім беру нарығының барлық деңгейлеріндегі білім беру қызметтері мен корпустың ПОҚ сапасы соңғы онжылдықтарда шамалы ғана өсті. Қазақстандағы Covid-19-бен байланысты Карантин – білім берудегі осы кемшіліктерді нақты анықтаған және бұрын жүргізілген реформалар траекториясының қателігін көрсеткен объективке айналды. Бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылғанын түсіну үшін көп уақыт қажет болды. Пандемия білім беру жүйесіндегі ең әлсіз жерлерді анықтады. Педагогтердің көпшілігінің онлайн-форматта жұмыс істеу мүмкіндігі біздің цифрландыруға және білім беру саласындағы жаһандану дәуірінде бұрын-соңды болмаған ауқымды өзгерістерге көшуге дайын емес екенімізді растады. Әлеуметтік алыстау және пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру нарығын одан әрі дамыту перспективаларын бөлу өте өзекті. Халықаралық білім беру талаптарының қазіргі жағдайында қазақстандық жоғары білім нарығы дамудың көптеген өзекті бағыттары мен перспективаларына ие болды, бірақ бүгінгі таңда көптеген әдістер, нысандар, тетіктер, құралдар, ұйымдық-құрылымдық қайта құрулар ұлттық ерекшеліктері бар білім беру саласындағы мемлекеттік басымдықтарды, ғалымдардың ғылыми зерт теулерін, тұтынушылардың сұранысын, негізгі бағыттарын ескере отырып, оларды жақсартуды және түзетуді талап етеді. Жұмыс берушілердің ұсыныстары мен сұраныстары көбінесе жоғары оқу орындарының тепе-теңдік сұранысы мен ұсынысына сәйкес келмейді, сондықтан бұл зерттеу бүгінгі таңда өзекті және Қазақстандағы білім беру трендтерін іске асыру бойынша одан әрі зерттеулер мен мәселелерді шешуді қажет етеді.
ISSN 2959-1236 (Online)