Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

«Тұран» университетінің хабаршысы» – қазіргі заманғы экономикалық проблемалар, білім беру саласын, туризмді дамыту мәселелері, республиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру проблемаларының кең спектрі бойынша ғылыми мақалалар жариялайтын ғылыми журнал. Редакциялық алқа, рецензенттер және журнал авторлары ғылыми және жариялау этикасының жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады: журнал редакциясы мен авторларының өзара іс-қимылындағы ашықтық, журналға кіретін барлық мақалаларды тәуелсіз сарапшылардың немесе редакциялық алқа мүшелерінің міндетті түрде рецензиялауы, жарияланымдарға еркін қол жетімділік.

«Тұран» университетінің хабаршысы» журналы:

а) ғылыми-кәсіптік қоғамдастық ішінде белсенді және тиімді коммуникацияларды дамытуға, ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін ашық пікір алмасу және еркін пікір білдіру үшін алаң құруға бағытталған;

ә) ғылым мен практиканың жақындасуына, басқару қызметінде және әлеуметтік мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдануға мүмкіндіктер іздеуге ықпал етеді;

б) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық авторлардың нәтижелерін халықаралық кәсіби қоғамдастықта ілгерілетуге және таратуға ұмтылады.

Журнал ашық қол жетімді басылым болып табылады: барлық пайдаланушылар жарияланған материалдарды еркін әрі ақысыз оқи алады, жүктей алады, көшіре алады және оларға сілтеме жасай алады.

Ағымдағы шығарылым

№ 4 (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 

9-21 326
Аңдатпа

Еңбек нарығына, кез келген басқа нарық сияқты, елде қалыптасып жатқан экономикалық жағдай әсер етеді. Сонымен бірге оның жай-күйі мен оны сипаттайтын көрсеткіштер қоғамның жалпы әлеуметтікэкономикалық жағдайының айқын көрсеткіші болып қана қоймай, әлеуметтік шиеленістің күшеюіне байланысты әртүрлі мәселелердің туындауын, тереңдеуін және өсуін көрсетеді. Бұл жұмыс еңбек нарығын анықтау мен сипаттаудың әртүрлі тәсілдерін жинақтайды, еңбек нарығының ағымдағы жағдайына әсер ететін факторлардың тенденцияларына, ауқымдарына және динамикасына, оның халық арасында жұмыспен қамтуды бөлудегі ерекшеліктеріне және трансформация бағыттарына жан-жақты талдау жасайды. Зерттелетін аспектілер мен факторлар еңбек нарығындағы дәстүрлі қатынастарды айтарлықтай өзгертеді. Бұл салада болып жатқан өзгерістер еңбек жағдайына да, жұмыс процесінің өзіне де әсер етеді. Бұл кейбір мамандықтардың жойылып, жаңаларының пайда болуына алып келеді, бұл бір жағынан жұмыссыздық деңгейінің ауытқуын тудырса, екінші жағынан әлеуетті жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырады. Қазіргі жағдай еңбек нарығындағы қатынастарды бақылауға және реттеуге бағытталған әртүрлі экономикалық агенттердің үйлестірілген қызметін ұйымдастыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

22-34 265
Аңдатпа

Зерттеу мақаласында Қазақстанның астық саласының экспорттық әлеуетін бағалау қарастырылды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты болып табылатын өсімдік шаруашылығына баса назар аударылады. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің үлесі 61% -. құрады, оның ішінде жалпы көрсеткіштің 25% - ы дәнді дақылдарды өсіруге жұмсалды. Соңғы онжылдықта астықтың бұл мөлшері 20-30% аралығында өзгереді. Елдің агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды саласы ретінде астық шаруашылығының маңыздылығы барлық мал шаруашылығы өнімдерін шығарудағы үлеспен салыстыруға болады. Оның дамуы жалпы ел үшін шешуші әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді. Ауыл шаруашылығы саласының астық экспортының негізгі факторлары анықталды, әрине, Қазақстаннан экспорттың сыртқы сауда секторы үшін шешуші маңызы жоқ, алайда, ауылдық аумақтарды дамытудың маңызды факторы болып табылады. Қазіргі уақытта өсірілетін астықтың шамамен үштен бір бөлігі әлемдік нарыққа жіберіледі, бұл Қазақстанға халықаралық саудада және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруға, азық-түлік өнімдерін нетто-экспорттаушының өзіндік мәртебесін қамтамасыз етуге және саланың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігіне тікелей әсер етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда, оның ішінде жекелеген дәнді дақылдар бөлінісінде астық өндіру мен пайдалануға ретроспективті талдау жүргізілді. Қазақ астығын тұтынудағы ірі елдер бөлінісінде Қазақстаннан астық экспорты тенденциялары анықталды. Перспективалы нарықтардың нәтижелері және Қазақстаннан астық өткізу бағыттары ұсынылды.

35-48 163
Аңдатпа

Киноа – салыстырмалы түрде аз танымал, бірегей шөп тәрізді өсімдік, ол көптеген экономикалық мәселелерді шешуге көмектеседі, атап айтатын болсақ, елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығы өндірісінің форматын кеңейту, киноаны ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында пайдалану. Мақаланы жазу кезінде аналитикалық, статистикалық, монографиялық, позитивті және нормативтік зерттеу әдістері қолданылды. Авторлармен келесідей мақсатты анықталды: елімізде киноаны өсірудің маңыздылығын ашу, оның әртүрлі салаларда дамуының артықшылықтары мен пайдасын көрсету, сонымен қатар мақаланың негізгі идеясы - қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін киноа кластерін дамыту болып табылады. Ол ұзақ мерзімді болашақта да қызығушылық тудырады. Дәнді дақыл ретінде киноа күрделі агроэкологиялық жағдайларда өте оңай тамыр алады. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерден басқа құрғақ аймақтар, сондай-ақ сортаңдау аймақтар бар, сәйкесінше олар төмен ауыспалы егіс айналымын береді. Сондықтан авторлар аймақты дамыту және одан әр түрлі өнімдер шығару мақсатында Арал өңірінде Қазақстан жағынан киноа өсіру және өңдеу кластерін орналастыруды ұсынып отыр. Бұл ұсыныс ірі инновациялық жобаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерін шешуге көмектеседі. Мақалада ұсынылған кластер ғылыми, қаржы институттарымен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірлестігі болып табылады. Кластерді дамыту барлық ресурстарды неғұрлым толық пайдалануға, «жасыл экономиканың» мүмкіндіктерін ашуға, ресурстарды ұтымды пайдалануға, технологиялар трансфертіне және бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.

49-61 130
Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығы өндірісін қаржылық қолдау үшін ресурстарды шоғырландырудың әр түрлі тәсілдері қолданатыны атап өтілген. Тәжірибеде ауылдық несие серіктестері кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның несиелік жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мақалада несиелік серіктестіктер арқылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетудің мәселелері қарастырылып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендірудің жағдайы баяндалған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері арасындағы, атап айтқанда «Целиноградское» Несиелік серіктестік» ЖШС-нен алынған несиелер көлемімен «Ен-Дала» ЖШС-нің өзара байланысы көрсетілген. Экономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірудің өсуін қамтамасыз ету кәсіпорындарды несиелік қамтамасыз етумен байланысты. Қарастырылған серіктестіктің делдалдық қызметі бірнеше жылдық динамикада қатысушы саны, бағыттар бойынша берілген несиелердің көлемі, оларды қайтару көрсеткіштері негізінде талданып, оның қызметінің оң нәтижесі ретінде динамикада ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілетін несиелер көлемінің өсу тенденциясы анықталған. Ал, несиелік серіктестіктің қызметінің тиімділігі қатысушылардың алған несиелері арқылы өздерінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін жақсартуымен дәлелденген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді несиелік серіктестіктер арқылы несиелендіру механизмін әрі қарай дамыту, сол серіктестік мүшелерінің өндірістік және қаржылық қызметтерінің нәтижелері мен олардың көлемдерін есепке ала отырып іске асыруы, яғни несиелерді ең алдымен ойдағыдай іс-әрекет жүргізуші кәсіпорындар алуы тиіс.

62-74 208
Аңдатпа

Қаржы саласы, оның ішінде банк секторы дәстүрлі түрде өз клиенттері үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистерді енгізуде көшбасшы болып табылады. Цифрлық өнімдер мен шешімдер қаржылық қызметтерді тез және ыңғайлы алуға көмектеседі, ал қолжетімді және қолдануға оңай сервистер қазақстандық қаржы институттарының ажырамас бөлігіне айналады. Қазірдің өзінде банктік қызметтерді қашықтан және биометриялық технологияларды қолдана отырып алуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанда банктердің «гибридті» клиенттерінің саны өсуде. Қазақстандық банктер банктік шотты онлайн ашу және биометриялық технологияларды (саусақ іздері, дауыс және бетті тану) пайдалану бойынша жаңа шешімдерді енгізуде. Заңды тұлғалардың банктік шотты онлайн ашу және электрондық үкімет порталы арқылы оларды мемлекеттік тіркеу кезеңінде міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сервис іске қосылды, яғни жаңадан құрылатын заңды тұлға бір электрондық рәсім шеңберінде мемлекеттік тіркеуден өте алады, осындай сервисті ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің бірінде өз қалауы бойынша банктік шот аша алады. Осылайша, қаржылық қызметтердің жаңа цифрлық жүйесін қалыптастыру процесі белсенді жүріп жатыр. Қазақстанның банк жүйесін цифрландыру процесін зерттеудің ғылыми жаңалығы мынада: авторлар цифрландыру және жаңа ақпараттық өнімдерді қолдануда екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар ұсынады. Aтап айтқанда: шағын және орта бизнеспен айналысатын компаниялар мен кәсіпорындар үшін нақты цифрлық стратегияны әзірлеу, өйткені қазіргі уақытта олар кибер қауіптерге және жаңа (disruptive) технологиялардың тәуекелдеріне байланысты белгілі бір теріс сын-қатерлер. Цифрландыру процесін тұрақты дамыту үшін ұзақ мерзімді инновациялық даму институттарын құру және нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы екінші деңгейдегі қазақстандық банктерге Open API және Open Banking және т.б. сияқты жаңа ақпараттық өнімдерді енгізуді жалғастыруға бағытталған. Авторлар қазақстандық банк жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау негізінде ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты болып табылатын және оның нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығын көрсететін банктік шотты онлайн ашу бойынша жаңа шешімдерді белсенді түрде енгізуді ұсынады.

75-89 193
Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстандағы қаржылық бақылау жүйесіндегі мемлекеттік аудиттің рөлі мен маңыздылығын талқылайды. Мемлекеттік аудит – мемлекеттік қаржы ресурстарын басқарудағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етудің негізгі құралы, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтаудың маңызды элементі. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның қаржылық бақылау жүйесіндегі мемлекеттік аудиттің орнын, функциялары мен міндеттерін анықтау, сонымен қатар оның экономикалық қауіпсіздік пен мемлекеттік ресурстарды басқаруға тигізетін әсерін талдау. Зерттеудің негізгі бағыттарына мемлекеттік аудиттің құрылымы мен ұйымдастырылуын, оның негізгі функцияларын зерделеу, осы жүйенің өзекті мәселелерін және даму перспективаларын анықтау жатқызылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы Қазақстандағы мемлекеттік аудит туралы білімді жүйелеу мен оның елдің қаржы жүйесіне ықпалын кешенді талдау болып табылады. Тәжірибелік маңыздылығы мемлекеттік аудит жүйесі алдында тұрған нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар беру. Зерттеудің құндылығы мемлекеттік аудиттің функциялары мен міндеттерін терең зерделеумен және оның мемлекеттік ресурстарды басқару мен экономикалық қауіпсіздікке әсерін анықтаумен айқындалады.

90-101 154
Аңдатпа

Өңірдің имиджін мемлекеттік басқару аумақтардың стратегиялық дамуында шешуші рөл атқарады. Өңірдің имиджі көптеген факторлардың, соның ішінде экономикалық көрсеткіштердің, әлеуметтік жағдайлардың, экологиялық жағдайдың, мәдени мұраның және ақпараттық саясаттың әсерінен қалыптасады. Бұл мақалада зерттеу объектісі-Павлодар облысы, оның дамуын басқару құралы ретінде имиджді қалыптастыру тұрғысынан қарастырылады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін саяси ықпал ету факторлары мен ақпараттық қамтамасыз ету тетіктері талданады. Павлодар өңірі айтарлықтай табиғи ресурстарға және дамыған өнеркәсіптік, көліктік инфрақұрылымға ие, бұл экономикалық өсу үшін негіз жасайды. Бұл артықшылықтарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді стратегияларға бағытталған мақсатты имиджді басқару қажет. Жүргізілген социологиялық сауалнама аймақтың күшті және әлсіз жақтарын анықтады. Авторлар аймақтың имиджіне әртүрлі факторлар, соның ішінде табиғи ресурстар, экономикалық инфрақұрылымның дамуы, мәдени мұра және халықтың өмір сүру сапасы әсер ететінін анықтады. Өңірдің оң имиджін нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі маңызды рөл атқарады. Туристік және инвестициялық тартымдылықты дамытуға, қалалық ортаны жетілдіруге, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған кешенді стратегиялар өңірдің тұрақты, қолайлы имиджін қалыптастыруды және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясы жағдайында өңірдің имиджін арттыру мақсатында авторлар цифрлық интеграция, көп арналы, тұрақты позициялау, бренд-экожүйе, интерактивтілік сияқты заманауи модельдер мен тәсілдерді пайдалануды талап ететін өңірдің брендингі мен позициялануын оңтайландыруды ұсынады. Бұл тәсілдер брендингті жаңа цифрлық жағдайларға бейімдеуге және аймақтың ұлттық және халықаралық ареналарда болуын арттыруға көмектеседі.

102-115 122
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – өңірдегі аграрлық саясатты жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік беретін эконометрикалық модельдерді пайдалана отырып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығының тиімділігіне шаруашылықтың әртүрлі нысандарының әсерін анықтау. Зерттеу гипотезасы. Тауар өндірушілердің құрылымы Түркістан облысының ауыл шаруашылығының тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді деп болжануда. Атап айтқанда, ірі аграрлық кәсіпорындар өндіріс ауқымы мен жетілдірілген технологияларға қол жетімділіктің арқасында жоғары өнімділік пен экономикалық тиімділікті көрсетеді. Сонымен қатар, фермерлер мен шағын шаруашылықтар өндірістің әртүрлілігіне және аграрлық экономиканың тұрақтылығына маңызды үлес қоса алады, бірақ олардың тиімділігі қаржылық және техникалық ресурстарға жеткіліксіз қол жетімділікпен шектелуі мүмкін. Зерттеу барысында авторлар отандық және шетелдік зерттеушілердің әдеби шолу әдістерін, статистикалық әдісті, экономикалық-математикалық әдісті, модельдеуді және т.б. қолданды. Зерттеудің нәтижесі шағын және орта шаруашылықтарды олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолдау шараларын қоса алғанда, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ тауар өндірушілер арасындағы ресурстар мен технологияларға қолжетімділігін жақсарту үшін кооперацияны дамыту болып табылады.

116-128 338
Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстандағы шығармашылық экономика секторының даму алғышарттарын зерттеуге және әлеуетін анықтауға арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты – креативті индустриялардың тұрақты өсуіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, Қазақстанның «2021–2025 жылдарға арналған креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы» мен Британдық «Creative Industries Sector Deal» мемлекеттік бағдарламасының салыстырмалы талдауы арқылы. Зерттеуде мемлекеттік қолдау, инвестициялық белсенділік, инфрақұрылымдық жобалар мен кадрларды даярлау сияқты факторларды бағалаудың жүйелі әдеби шолуы, салыстырмалы және сындарлы талдау әдістері пайдаланылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Қазақстандағы креативті сектордың өсуіне әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және институционалдық факторлардың жүйеленуі мен бағалануында. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді креативті секторды дамытуға бағытталған стратегияларды әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен байланысты, бұл оның экономикаға қосқан үлесін арттырып, Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері инновациялық экономика пәні бойынша жаңа бөлімді дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар креативті экономика саласындағы сарапшылар үшін белгілі бір құндылыққа ие.

129-143 133
Аңдатпа

Қала бренді ерекше туристердің назарын аударуға және жергілікті қоғамдастықпен тиімді байланыс ортануға ықпал етеді. Қала брендінің мақсаты қаланың танымалдылығын, туристер үшін қала тартымдылығын арттыру, инвестицияларды тарту, мәдени құндылықтарын және ұлттық сәйкестігін көрсететін қаланың толық келбетін жасау болып табылады. Мақалада Қазақстанның маңызды орталығының бірі, өзінің мәдени және тарихи маңыздылығымен әйгілі, Алматы қаласы брендінің қалыптасу және даму мәселелері қарастырылған. Алматының бай мұрасына және стратегиялық орналасуына қарамастан, тиімді брендін жасау үдерісінде түрлі қиындықтарға тап болады. Мақалада инфрақұрылымдық кемшіліктер, брендинг үдерсіне жергілікті халықтың жеткіліксіз бірігуі, сондай ақ аймақтың басқа қалалармен бәсекелестік, қала имиджына әсер ететін маңызды аспектілер қарастырылған. Сапалық және сандық талдау негізінде, жергілікті халықтан және туристерден сауаланама жүргізу арқылы брендті табысты жылжыту үшін негізгі кедергілер анықталған. Мақалада қоғамдастықтың қатысуы, инфрақұрылымды дамыту және қала имиджын жылжыту үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қоса айтқанда, қаланың брендинг стратегиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері Алматыны өмір сүру және инвестициялар үшін тартымды жер ретінде ойды жақсартуға ұмтылатын мемлекеттік, жергілікті билік органдарына және барлық қызығушылық білдірген органдарға пайдалы болады.

144-159 135
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы ет бағытындағы кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда олардың өндірісіне ендірілген инновациялық қызметтерге талдау жүргізілген. Кәсіпкерлік құрылымдардың болашаққа стратегиялық бәсекелік қабілеттігін арттыруда инновациялық қызметтерді ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық кооперация және технологиялық интеграциялық бірлесу негізінде жаңа инновациялық өнімдерді өндіру олардың өндіріс көлемін, сапасы мен тиімділігін арттырады. Инновациялық кәсіпкерлікке негізделген ЖШС «Oрдабасы құс» компаниясы жаңа идея мен мүмкіндіктерді үнемі іздестіруге негізделген, инновацияға бағытталған ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілін қолданған Қазақстандағы алғашқы инновациялық кәсіпорын екендігі анықталды. Бұл кәсіпкерлік құрылымда ондаған жаңа өндірістік, үрдістік, өнімдік және маркетингтік инновацияларды өз кәсіпорындарына енгізу негізінде жаңа өнімдерді шығару, өнімдердің ассортиментін кеңейту, өнім сапасын жақсарту, сату арнасын анықтау, өзіндік құнын төмендету есебінен өнім мен кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға қол жеткізді. Қазақстанның ет өндірісіндегі кәсіпкерлік құрылымдарының: ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, өндірістік кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар аралық кооперациялық байланыс негізінде инновациялық өндірістік бірлестіктер (кооперативтер) құру негізінде ет пен ет өнімдерін (өндіру-өңдеу-сату) қызметтерін бірлесе атқаруды авторлар ұсынады. ЖШС «Oрдабасы құс» құс компаниясы екі стратегиялық өсу жолын: 1) КСИӨ - «кері стратегиялық интеграциялық өндіріс» негізінде – асыл тұқымды күрке құсы жұмыртқаларын өндіруге бағыталған аналық күрке құс табынын бағатын «инновациялық өндіріс» құру; 2) АЖСИӨ - «алға жүруші стратегиялық тік интеграциялық өндіріс» негізінде – кеңейтілген қайта өндірісті қарқынды дамыту мақсатында аналық күрке құс табынының орнын басуға жас күрке балапанын өсіретін «инновациялық өндіріс» құру ұсынылады.

ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ 

160-171 132
Аңдатпа

Мақсаты: Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуының теориялық және тәжірибелік даму деңгейін анықтау. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы даму жағдайына талдау жасау. Мақаланы жазудағы басты мақсат 2017–2021 жылдар аралығындағы туризм саласының көрсеткіштеріне яғни туристік ағындарға, жалпы ішкі өнімдегі туризм индикаторының үлесіне, орналастыру, ойын-сауық және демалыс саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет белсенділігіне талдау жүргізу болып табылады. Әдісі: Библиографиялық әдістің көмегімен зерттеліп отырған мәселе шеңберінде жазылған шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріне шолу жасалынды. Салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық талдау әдістерінің көмегімен ішкі, келу және шығу туризм ағындарының; жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесінің; демалыс, ойын-сауық, және орналастыру салаларының ағымдағы көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Жалпылау әдісі арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі даму жағдайы сипатталды. Графикалық әдістің көмегімен талдау нәтижелері өңделді. Қорытынды: Дамыған елдердің туризм саласындағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, туризм саласындағы кәсіпкерлік қызмет елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөлге ие. Атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, қызмет көрсету секторларын дамытуға, жалпы ішкі өнімдегі қызметтің үлесінің артуы мен бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға ықпал етеді. Тұжырымдама: Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы жағдайына жасалған талдаудың нәтижелері саланың оң динамикалық дамуын көрсетіп отыр. Туристік ағындардың ішінде ішкі туризмнің даму белсенділігі байқалады. Туристік салада ұйымдастырылған кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде шағын және дара кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің үлес салмағы артқан. Бұл қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің ұйымдастырылуының басымдыққа ие екендігін көрсетуде.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 

172-185 152
Аңдатпа

Қазіргі уақытта электрондық коммерция әлемдік экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Цифрлық трансформацияны белсенді жүргізіп жатқан Қазақстан жағдайында электрондық коммерция экономикалық өсуді ынталандыруда және тауарлар мен қызметтердің халық үшін қолжетімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Елеулі әлеуетке қарамастан, Қазақстанда электрондық коммерцияның дамуы бірқатар қиындықтар мен шектеулерге тап болады. Жұмыста электронды коммерция және адам ресурстарын басқару бойынша отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттеріне шолу ұсынылды. Электрондық коммерцияның даму ерекшеліктері мен бағыттары зерделенді, бүкіл әлемде және Қазақстанда электрондық коммерцияның даму тенденциялары зерттелді, онлайн режимінде отандық көшбасшының мысалын пайдалана отырып, жағдайы мен мәселелеріне талдау жасалды. Онлайн сауда бойынша көш бастап тұрған Kaspi.kz дүкенінің жағдайы, осал тұстары жайында талдау жасалып, ұсыныстар берілді. Электронды коммерция қызметкерлері арасында сараптамалық сауалнама жүргізіліп, нәтижелеріне талдау жасалынды. Талдау нәтижесінде Қазақстандағы электрондық коммерцияны дамытудағы мәселелерді шешу бойынша және әрі дамыту үшін ұсыныстар берілді.

186-199 171
Аңдатпа

Мақала Қазақстанның жастар көші-қонының экономикалық салдарын талдауға арналған. Жастардың көші-қонының экономикаға әсері – бұл елден жас және білімді азаматтардың кетуінің салдарынан пайда болатын экономикалық және әлеуметтік өзгерістер. Бұл зерттеудің мақсаты - Қазақстаннан жастардың көшіқонының нақты экономикалық салдарын сандық бағалау және талдау. Зерттеу арқылы еңбек нарығындағы өзгерістер, жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) әсері және демографиялық тенденциялардың өзгеруі сияқты факторларды зерттеп, көші-қонның ұзақ мерзімді экономикалық шығындары мен пайдасын жан-жақты шолу жасау. Сонымен қатар, миграцияның еңбек нарығындағы білікті кадрлар тапшылығына, инновациялық белсенділікке, ғылыми-технологиялық прогреске, шетелдік инвестициялардың ағынына және ішкі нарықтағы бәсекелестікке қалай әсер ететінін анықтау. Қойылған міндеттерді шешу үшін жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер, соның ішінде салыстырмалы талдау, сипаттамалық статистика, трендтерді талдау, эконометрикалық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нысаны: жас және білімді адамдардың Қазақстаннан кетуі. Зерттеу пәні: көші-қон ағынының Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына әсері. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Қазақстанда адами капиталдың кету деңгейін төмендетуге және нығайтуға бағытталған нақты шаралар мен ұсынымдарды ұсынуда жатыр. Бұл шараларға Еңбек және өмір сүру жағдайларын жақсарту, білім беру жүйесін дамыту, қолайлы әлеуметтік-саяси ахуал құру және инновациялық бастамаларды қолдау кіреді. Ұсынылған ұсыныстарды іске асыру елдің тұрақты дамуына және оның әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

200-212 120
Аңдатпа

Қазақстанның транзиттік-көлік саласының өсіп келе жатқан маңызы сауданы кеңейту, экономикалық байланыстарды нығайту, инвестицияларды, энергетикалық ынтымақтастықты және өңіраралық туризмді дамыту үшін катализатор болып табылады. Бұл зерттеуде Қазақстанның соңғы онжылдықтағы көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі ғылыми зерттеулердің мақсаттары, негізгі бағыттары мен негізгі идеяла ры қарастырылады. Зерттеу транзит пен көлік дамуының экономикалық, энергетикалық және туристік салдарын жан-жақты талдауға бағытталған. Ғылыми және практикалық маңыздылығы саясаткерлерді, мүдделі тараптар мен зерттеушілерді Қазақстанның экономикалық ландшафтын қалыптастырудағы тиімді транзиттік-көлік секторының аса маңызды рөлі туралы хабардар етуде жатыр. Зерттеу көлік пен логистикаға қатысты кеңірек білім саласын байыта отырып, болашақ саясат пен инфрақұрылымдық инвестицияларға құнды үлес қосады. Практикалық маңыздылығы тұрғысынан зерттеу Қазақстанның транзиттік-көлік инфрақұрылымының тиімділігін, орнықтылығы мен өміршеңдігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстарды ұсына отырып, сала саясаткерлері мен басшылары үшін басшылық ретінде қызмет етеді. Зерттеу нәтижелері елдің көлік секторының ұзақ мерзімді дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін стратегиялық шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

213-226 126
Аңдатпа

Мақалада халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселесі көрсетілген. Өмір сүру сапасын жақсарту және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағат тандыру баспананың қолжетімділігіне тығыз байланысты. Қалалық аумақтардың қарқынды дамуы, урбанизация және демографиялық өсу тұрғын үйге сұраныс пен құнын арттыруда, бұл халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қояды. Қазақстанның құрылыс секторы инвестиция үшін ең тартымды салалардың бірі болып қала береді. Қазіргі экономикалық жағдайда қаржылық жоспарлау мен болжау арасындағы байланыс әртүрлі салалардың, соның ішінде құрылыс индустриясының тұрақты дамуында шешуші рөл атқарады. Бұл мақалада қолжетімді баспана саласындағы шетелдік тәжірибеге талдау жасалып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру тетіктері, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігіне әсер ететін факторлар қарастырылған. Салыстырмалы және статистикалық талдауды пайдалана отырып, авторлар әртүрлі елдердегі тұрғын үйге қолжетімділік мәселесін шешудің негізгі тәсілдерін анықтайды және олардың тиімділігін бағалайды. Сонымен қатар, мақалада басқа елдердің мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының бағыттарын кеңейту, қосымша қаржыландыру құралдарын енгізу және тұрғын үйді қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу тәжірибесі қарастырылған. Мақалада қолданылған салыстырмалы талдау, статистикалық талдау, синтез және жалпылау әдістері шетелде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Мақаланы қорытындылай келе, авторлар Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қолжетімді бас панамен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдірудің және табысты шетелдік тәжірибені өз жағдайларына бейім деудің маңыздылығын атап көрсетеді.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 

227-241 139
Аңдатпа

Қазіргі серпінді дамып келе жатқан әлемде кәсіби саладағы «жұмсақ дағдылардың» (софт дағдылары) рөлі туралы мәселе ерекше өзекті болып табылады. Бұл зерттеуде жұмсақ дағдылар мен студенттердің кәсіби болашағына деген сенімі арасындағы байланысты талдауға назар аударылды. Зерттеудің мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие жұмсақ дағдыларды анықтау, сондай-ақ олардың студенттердің өз мамандығы бойынша жұмыс табу қабілетіне сенім деңгейіне әсерін бағалау. Осы мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 538 3 және 4 курс студенттеріне сауалнама жүргізілді. Деректерді талдау R-Studio бағдарламасында статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі болашақ мамандарды дайындаудың әртүрлі бағыттарын ескере отырып, жұмсақ дағдылардың жұмысқа орналасуға деген сеніміне әсерін зерттеудің кешенді тәсілінде жатыр. Алынған нәтижелердің білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін практикалық маңызы болуы мүмкін, еңбек нарығында сұранысқа ие «жұмсақ дағдыларды» дамытуға баса назар аударылады, бұл студенттердің өз бетінше жұмысқа дайындық деңгейін арттырады. Бұл зерттеу еңбек нарығында қандай жұмсақ дағдыларға сұраныс көп екенін, респонденттердің пікірлерін және олардың дамуы студенттердің табысты жұмысқа деген сеніміне қалай әсер ететінін анықтауға көмектеседі, бұл жұмсақ дағдылардың студенттердің мансаптық перспективаларына әсері туралы түсінікті кеңейтеді. Алынған нәтижелерді еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларын жетілдіруге пайдалануға болады. Сондай-ақ студенттерге табысты жұмыс табу және мансап құру үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу.

242-252 123
Аңдатпа

Адам ресурстарын басқару тәжірибесі ұйымдардың, соның ішінде университеттердің тиімділігін, ұйымдық мәдениетін және өнімділігін анықтау үшін өте маңызды. Жоғары білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, технологиялардың жылдам өсуін және оқытушылар мен қызметкерлердің жаңа және дамып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігіне байланысты адам ресурстарын басқарудың тиімді тәжірибесіне назар аудару маңызды. Бұл зерттеудің мақсаты өңірлік университетте адам ресурстарын басқару практикасы жүзеге асырылатын процестерді анықтау және талдау болып табылады. Осылайша, зерттеу адам ресурстарын басқару тәжірибесінің қазіргі жағдайын, университеттер контекстіндегі адам ресурстарын басқару стратегиясының процесін жақсартатын немесе шектейтін мәселелер мен жағдайларды анықтайды. Университетте адам ресурстарын басқару тәжірибелеріне терең талдау жүргізу үшін сапалы зерттеу әдісі қолданылды. Өзінің атқаратын рөлі мен адам ресурстарын басқару тәжірибесін іске асыру рәсімдерін ескере отырып іріктелген 11 қатысушымен сұхбат жүргізілді. Қол жеткізген сапалы деректер бағыт пен үлгілерді анықтау үшін деректер кодталған тақырыптық талдауды пайдалана отырып, NVivo бағдарламасы арқылы талданды. Нәтижелер университеттегі адам ресурстарын басқарудың тиімді тәжірибелерінің маңыздылығын, әсіресе олардың жұмысқа қанағаттанушылықты арттыруға, жұмсытан шығып кетуді азайтуға және ұйымның беделін жақсартуға әсерін растады. Осылайша, сапалы зерттеу нәтижелері ұйымның тиімділігін үшін адам ресурстарын басқару тәжірибесін енгізудің оң нәтижелерін көрсетті. Бұл зерттеу университеттердегі адам ресурстарын басқару бойынша әдебиеттерде зерттелмеген олқылықты толтырады.

Хабарландырулар

2025-01-20

Жарияланым құнының артуы // Повышение стоимости публикации // Increase in the cost of publication

Құрметті авторлар! "Тұран" университетінің хабаршысы" журналына қабылданатын мақалаларды қарауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындардың артуына байланысты редакциялық алқа 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап ғылыми мақалаларды жариялау құнын 45 000 тг (қырық бес мың теңге) мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

 

Уважаемые авторы! В связи с повышением расходов на рассмотрение и издание статей, принимаемых в журнал «Вестник университета «Туран», редколлегией принято решение с 1 января 2025 г. установить стоимость публикации научных статей в размере 45 000 тг. (сорок пять тысяч тенге).

 

Dear authors! Due to the increase in the cost of review and publication of articles accepted into the journal "Bulletin of "Turan" University, the editorial board decided to set the cost of publication of scientific articles in the amount of 45,000 tenge (fourty-five thousand tenge) from January 1, 2025.

Тағы хабарландырулар...