Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2019)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 

11-16 240
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан экономикасында шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы қарастырылады. Экономиканың дамуына шетелдік инвестициялардың ағыны маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларын тарту және оларды тиімді пайдалану қажетті объективті процесс. Белгілі болғандай, біздің еліміздің мемлекеттік инвестициялық саясатының негізгі міндеті инвестициялық жобаларды одан әрі жетілдіру және тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау арқылы капиталға инвестицияларды қаржыландырумен жеке отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін бюджеттен тыс көздерді кеңейту үшін қолайлы орта жасау болып табылады. Нарықтық қатынастарға бағдарланған экономикалық реформалардың негізгі бағыты экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік инвестициялық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады. Туындаған күрделі жағдайда экономиканың құрылымдық түрленуін реформалауды тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының негізінде және шектеулі ішкі қаржыландыру көздері контексінде қамтамасыз ету үшін республиканың экономикасына шетелдік капиталды тарту аса маңызды болып табылады. Мақалада Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемін болашақта арттыруға, аталған мәселелерді шешуге байланысты автормен ұсыныстар беріледі.
17-22 389
Аңдатпа
Мақалада авторлар шетелдік инвестициялардың маңыздылығын сипаттайды. Инвестициялар макро- және микродеңгейде де шешуші рөл атқарады. Іс жүзінде олар еліміздің болашағын анықтайды, жеке шаруашылық субъектісі және экономиканы дамытудағы локомотив болып табылады. Шетел инвестицияларын тарту және олардың дамуы экономиканың өнімділік әлеуетін арттыруға ықпал етеді, шекараға байланысты техникалық және басқару дағдыларын алудың маңызды құралы болып табылады. Кәсіпкерлік, инвестициялық қызмет және тұтастай экономиканың жағдайы негізінен мемлекеттік саясатқа байланысты. Жеке бизнес бизнесте жеткілікті жоғары пайда әкелмейтін салалар мен жобаларға инвестиция салуға мүдделі емес, ал қоғам және мемлекет үшін олар өте маңызды (көмір өнеркәсібі, темір жол көлігі, жолдар, ауыл шаруашылығы және т.б.). Нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шешпейді. Мұның бәріне мемлекет тарапынан қамқорлық жасау керек. Мемлекеттің айрықша құзыры - елдегі тиісті заң мен тәртіпті және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұл, өз кезегінде, инвестициялық қызметті дамыту үшін негіз болып табылады. Осылайша, егер мемлекет бұл үшін тиісті жағдайлар жасамаса, онда инвестициялар салынбайды, кез келген мемлекеттің экономикасы қалыпты түрде дами алмайды.
23-29 368
Аңдатпа
Мақалада ғылыми жұмыстарды зерттеу негізінде бәсекеге қабілеттілік ұлттық және халықаралық экономиканың дамуына ықпал ететіні анықталды. Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бәсекеге қабілеттілік жаһандық көрсеткішіндегі орны көрсетілген. Бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру және инновациялық бағдарланған экономиканың деңгейіне жету үшін инновациялық құрамды нығайту маңызды екеніне қорытынды жасалынған. Сондай-ақ, елдердің экономикаларын дамытуға және жаһандану проблемаларына қарсы тұруға мүмкіндік беретін инновациялық қызметті жүзеге асыруда ынтымақтастықты дамыту маңызды деп атап өтілді. Қазақстан мен Ресейдің пилоттық жобаларының негізгі бағыттары келтірілген. Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында инновациялық қызметтің және өнеркәсіптік құрылымның талдауы жүргізілді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өндіруші және өңдеуші салаларының жұмыс істеу жүйесінде өндірістің көлемі мен құрылымы көрсетілген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының номиналды және нақты ЖІӨ салыстырмалы динамикасы көрсетілген. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері ұсынылған. Талдау барысында екі елдің инновациялық қызметін жүзеге асырудағы негізгі мәселелер анықталды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық ынтымақтастық шеңберінде инновациялық қызметті жүзеге асырудың проблемалық-мақсаттық аспектілері әзірленген. Инновациялық үрдістің қатысушы-субъектілерінің артықшылықтары ұсынылды.
30-35 519
Аңдатпа
Мақалада кәсіпкерлікті дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының мәселесі қамтылған. Тәуелсіздік жылдарында қазақ мемлекеттілігі шағын және орта бизнес секторын дамытуда белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың кәсіпкерлікті алға жылжытуды және экономикалық қызметті жандандыруды көрсететін халықаралық институттардың рейтингісінде оң бағасын және жүзеге асырылатын іс-әрекеттің табыстылығын сөзсіз көрсетеді. Мақалада республика экономикасына мемлекеттің қатысу үлесін азайту, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға көшіру бойынша дәйекті қадамдарды жүзеге асыру, «Yellow Pages Rule» қағидаттарын іске асыру бойынша республика жүргізіп отырған жүйелі саясаты көрсетілген. Шағын және орта бизнестің белгілі бір бәсекелестік артықшылықтары, сондай-ақ осы субъектілердің тұтастай алғанда мемлекеттік экономиканың үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, атап айтқанда: кәсіпкерлік субъектілерінің осы түрлерінің бейімделу қасиеттері, бизнесті бастау және іске асыру үшін шағын ресурстық мүмкіндіктер, жоғары қарқындылық мүмкіндігі, берілген аумақ үшін тән тұтынушылық сұранысты толық қанағаттандыру, қысқа уақыт ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу - салалық және өңірлік монополияны еңсеруі және т.б. көрсетілген.
36-40 205
Аңдатпа
Мақалада 2018 ж. 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында цифрлық экономиканың ғылыми-теориялық мазмұны және практикалық маңызы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, орын алуы мүмкін салдарлары және оларды шешу жолдары қаралды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара әсеріне сілтеме жасай отырып, терең экономикалық, саяси және рухани жаңғыруды көздейтін ғылыми негіздеуге талпыныс жасалды. Индустрияландыру кезеңдеріне қысқаша шолу жасалды, соның ішінде индустрия 4.0 деп атау алған төртінші өнеркәсіптік революция мәселелеріне баса назар аударылды. Осыған орай, цифрлық технологияға негізделген цифрлық экономиканың қолданыстағы бағыттарына талдау жасалынды, ал оның киберфизикалық жүйесін басшылыққа ала отырып, Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді шешудің жолдары пысықталды. Мақалада АӨК-де еңбек өнімділігін арттыру, ауылшаруашылығы шикізатын терең өңдеу үшін «ақылды технологияларды» ендіру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мақсатында блокчейн сияқты цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығы көрініс тапты. Цифрлық экономиканы іске асырудың кепілі болып табылатын кадрларды дайындау туралы автордың көзқарасы назар аударуға тұрарлық.
41-46 333
Аңдатпа
Нарықта бәсеке күшейген сайын кәсіпкерлік қызметті тиімді дамыту мәселесі тұтынушылармен қарым-қатынас мәселесімен байланысты, сондықтан зерттеу жұмыстары клиенттерді тарту және ұстап қалуға байланысты басқару құралдарын қарастыруға бағытталуы тиіс. Мақалада тұтынушылық сегменттермен кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары, кәсіпорынның клиентке бағдарлану қызметін бағалау критерийлері мен негізгі көрсеткіштері, клиенттік әлеуетті ескере отырып, кәсіпорын қызметіне клиенттік бағдарлану стратегиясын енгізудің әлеуметтік-экономикалық орындылығы айқындалған. Клиентке бағдарлану негізінде кәсіпорынның стратегиялық басқару процесінде пайда болатын қатынастарға талдау жүргізілді. Клиентке бағдарланған тәсіл тұрғысынан ұйымның дамуының басқару стратегиялары бизнес ортада кәсіпорынның жоғары деңгейлі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде қарастырылады. Интеллектуалды әлеуеттің рөлін жоғарылатуда ұйым қызметінің менеджерлік және маркетингтік аспектілерінде өзгерістер болып жатыр. Ұйымға клиенттік бағдарлануды енгізу бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарлату факторы, сонымен бірге еңбек өнімділігін клиенттік база көлемін ұлғайту арқылы коммерциялық ұйымдардың негізгі мақсаты өндіріс көлемін және пайданы ұлғайтуға ықпал жасайды. Авторлармен клиенттік бағдарлану стратегиясында Customer Relationship Management (CRM), SMM (Social Media Marketing) технологиясы, ұялы телефон арқылы сауда-саттықты дамыту (m-commerce), интернет жүйесі арқылы сауда жасауда заманауи интерактивті технологияларды қолдану артықшылықтарының маңыздылығы ерекше аталып өткен. Сонымен бірге, бизнесте CRM-бағдарламалардың кеңінен пайдалануына кедергі келтіретін факторлар анықталды.
47-53 614
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі - елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономикалық тұрғыдан күшті мемлекетті қалыптастыратын шарттардың бірі. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Заңға сәйкес ұлттық қауiпсiздiктiң алты түрлерiнiң бiрi экономикалық қауiпсiздiк болып табылады, бұл өз кезегінде экономиканың, оның ішінде АӨК қауіпсіздігін қарастыратын азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады, онда мемлекет тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуін қанағаттандыру үшін халықты жеткілікті сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне физикалық және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алады. Азық-түлік қауіпсіздігінің индексі (The Global Food Security Index) - бұл жаһандық зерттеу және азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан әлем елдерінің рейтингісіне сүйенеді. Американдық трансұлттық Dupon компаниясының қолдауымен The Economist Intelligence Unit (британдық Economist журналының аналитикалық бөлімшесі) британдық зерттеу компаниясымен шығарылған. Зерттеу 2012 ж. бері өткізіліп келеді және қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы бойынша көрсеткіштің ең ауқымды жиынтығы болып табылады.
54-62 537
Аңдатпа
Мақала жаһандық бизнес-трендтерге және еңбек экономикасындағы өзгерістерге, атап айтқанда, қазіргі заманғы жаһандық экономиканың сұранысы жағдайында болашақ кәсіптер мен дағдыларын зерттеуге арналған. Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы, салыстырмалы-жүйелік талдау, статистикалық топтастыру және сараптамалық бағалау әдістерін қолдануға және себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға негізделген. Мақала 2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтитын кешенді, өзекті зерттеуді қарастырады. Осы мақалада ұсынылған зерттеудің негізгі әдіснамасы салыстырмалы талдау, салыстырмалы-жүйелік талдау, себептері мен салдарларын талдау, статистикалық топтастыру және сараптамалық бағалау әдістерін жүргізуге негізделген. Зерттеу нәтижелерінде жаһандану мен өзгерістердің әсері тұрғысынан жаһандық бизнес үрдістері сипатталады. Атап айтқанда, еңбек экономикасы саласындағы өзгерістерге ерекше назар аударылады. Ағымдағы талдау, сондай-ақ алдағы үш жылда қазіргі жаһандық экономикалық кеңістікке қажетті жұмыс орындары мен дағдыларға болжам жасалынды. Зерттеу нәтижелері жаһандану мен қазіргі экономикалық өзгерістердің әсері тұрғысынан жаһандық бизнес үрдістерін көрсетеді. Атап айтқанда, еңбек экономикасындағы өзгерістерге және жұмыспен қамту саласындағы қазіргі заманғы үрдістерге, жаңа пайда болған кәсіптерге, жалдау процедурасындағы өзгерістерге назар аударылды. Бизнестің жаһандық үрдістерін зерттеу негізінде қазіргі заманғы жаһандық экономикалық кеңістікте қажетті дағдылар талданды. Сонымен қатар, 2018-2020 жж. арналған одан арғы ұсынымдарын ұсынуымен болашақ кадрлық стратегия әзірленді.
63-68 656
Аңдатпа
Экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, әлеуметтік жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды. Мақалада экологиялық менеджмент түсінігі, экологиялық менеджменттің жүйелері және оның мақсаттары келтірілген. Экологиялық менеджмент жүйесінде қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына да көңіл бөлінген. Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары мен міндеттері мақаланың негізгі мазмұнын ашып көрсетеді. Экологиялық менеджмент жүйесінің енгізуден кәсіпорындар үшін артықшылықтар анықталған. Бүкіл дүниежүзіндегі кәсiпорындарда экологиялық тәуекелдер мен мүмкiндiктердi жүйелi түрде және тиiмдi басқару үшiн экологиялық менеджмент жүйелерiн енгізу тәсілдері келтірілген. Экологиялық мониторинг жүргізу өте маңызды болып табылады. Экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан, тәуелсіз аудиторлық компаниялар арқылы тексеріс жүргізу. Мақалада оның маңызды жақтары, экологиялық саясат негіздері, оның ішінде кəсіпорынның өнімдері мен қызметтерінің қоршаған ортаға әсерінің сипаты мен шкаласы қарастырылды. Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында компанияның жыл сайынғы қоршаған ортаны қорғау шаралары, ресурс үнемдейтін технологиялары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін процестері анықталды. Сондықтан, мақалада экологиялық менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде кәсіпорынның экологиялық ортасына жағымды әсер ететін факторлар талданды және бағаланады.
69-73 307
Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі - ауылдық аумақтарды орнықты дамыту бағыттарын қалыптастыру мәселесі көтерілген. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, инвестициялық тартымдылықты жоғарылату жолымен ауыл аймақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері қарастырылған. Қазақстанның ауылдық жерлерін орнықты дамыту мәселесін, оған әсер етуші факторларын зерттеу нәтижесінде, ауылдық өңірлерді дамытуда шетелдің озық тәжірибесін қолдану қажеттілігі анықталған. Еуропалық Одаққа мүше елдердің, Финляндия, Швеция, Дания мемлекеттерінің өңірлерді дамыту тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан аймақтық саясатқа салыстырмалы талдау жүргізілген. Ауылдық инфрақұрылымды тұрақты дамыту мәселелерін шешу мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды қайта құру мен жөндеуді көздейтін ауылдық елді мекендерді дамытудың жаңа бағытының жүзеге асырылуы қарастырылған. Дамыған елдердің тәжірибесі шектеулі бюджеттік қаражат жағдайында, аймақтық саяси мақсаттарға қол жеткізу, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы мәселелерін шешу, бюджетке жүктемені азайту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейту және жеке сектордың инвестициялық басқару мен жобаларды басқару тәжірибесін неғұрлым белсенді пайдалану қажет екенін көрсетті. Авторлар ауыл аумақтарын орнықты дамыту үшін ең озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, ауылдық жерлерге инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет деп қорытынды жасады.
74-78 970
Аңдатпа
Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасында майлы дақылдардың егістік жерлерінің едәуір ұлғаюы байқалады, мысалы егістік және зығырды өсіру алаңы екі есе өсті. Қазақстан үшін зығырды өсіру агробизнестің маңызды құрамдастарының бірі болып тұр. Мақалада зығырдың адам өміріндегі маңыздылығы, зығырдың экспорты көрсетілген, сонымен қатар авторлар зығырдың әлемдік ауқымда және Қазақстан Республикасындағы өндіріс көлемін бақылап, қарастырып кеткен. Зығырдың өндірісі мен шығарылуының табиғи артықшылықтары мен ерекшеліктері Қостанай облысында, Солтүстік және Батыс Қазақстанда орналасқан. Мақалада соңғы жылдар бойынша егістік алаңы туралы статистикалық мәліметтер көрсетілген. Зығыр - экологиялық таза дақыл, бұл химиялық қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қажет етпейтінін атап өту керек. Зығыр егісі топырақты радионуклидтерден және ауыр металдардан босатып, аурулар мен зиянкестермен аз зақымдайды. Зығырдың егіс айналымы - жинап алған кейіннен кез келген басқа дақылдарды себуге мүмкіндік беретін сирек дақыл және агротехниканың қарапайым талаптарын ұстанса, жоғары экономикалық әсерге қол жеткізуге болады. Зығыр биологиялық қасиеттерінің, жоғары рентабельділігінің арқасында жетекші орынға ие болды. Зығырдан жасалған өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны өндірудің көлемін ұлғайту, шығындарды азайту және өнімділікті арттыру қажет. Зығыр өзінің талғамаушылық күйіне қарамастан, оны өсіру үшін ерекше талаптары бар. Авторлар Қазақстандағы зығыр нарығын дамытудың негізгі мәселелерін атап өтті, сондай-ақ осы қазақстандық нарықтың дамуына қатысты ұсыныстар жасалынды.
79-82 230
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының әуежайларының мәселелері қарастырылған. Әуежайлардың жай-күйі, жұмыс тиімділігі және экономикалық маңызы талданды. Әуежайдың өзінің тиімділігін арттыру қажеттілігі анықталды және негізделген, бұл туризмді дамытуға және ел экономикасының дамуына әкеледі. Қызметтердің сапасына және әуежайдың жақсы ойластырылған инфрақұрылымының болуына байланысты мемлекеттің имиджін арттыруға ықпал етеді. Халықаралық жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін елдің азаматтық авиациясының әуе кемелері паркін жаңартуға ғана емес, авиакомпаниялар мен әуежай қызметкерлерінің жұмысын оңайлату үшін пайдаланылатын озық ақпараттық технологияларды қолдануға да бағытталуы тиіс. Қазақстандағы ең ірі әуежай Алматы қаласының әуежайы болып табылады, ол елде ішкі және халықаралық жолаушылар және жүктерді әуе тасымалдау бойынша бірінші орын алады. Әуежайдың қазіргі заманғы аэронавигациялық жабдықтармен жабдықталған ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ-2) бар. Ұзындығы 4,5 километр және ені 60 метр ұшу-қону жолағы ең жоғары ұшу массасы бойынша да, ұшу қарқындылығы бойынша да шектеусіз әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті.
83-86 2621
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының қаржы нарығының қазіргі жағдайы мен дамуының мәні, проблемалары мен болашағы, осы нарықтың жұмыс істеу проблемалары, сондай-ақ оны қалпына келтірудің және табысты дамытудың негізгі жолдары қарастырылады. Елдегі макро- және мезодеңгейінде, әлеуметтік-экономикалық табыстары мен тиімділігіне жалпы, жаһандық көбею үрдісіне әсер ету жағдайында талдауға факторлық көзқарас, осы нарықтың жетілуін және даму тиімділігін бағалау қарастырылды. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі жалпы, бірыңғай қаржы нарығын одан әрі дамытудың алғышарттарын жасады. Қаржылық қызметтер нарығын ырықтандыру және осы нарықтағы бәсекелестікті одан әрі күшейту сапасының артуына және көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге әкелуі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы нарығы күрделі сыртқы экономикалық жағдайға қарамастан ішкі ерекшеліктер мен даму құрылымына сәйкес келмейді, әсіресе жалпы экономикалық кеңістік - ЕАЭО-де (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) қарқындап, нәтижеге қол жеткізіп, біртіндеп тұрақтандырылып келеді. Осыған орай, оның басты міндеті - елдегі тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, ұйымдар мен халықтың уақытша бос қаражатын тікелей және жанама инвестицияларға айналдыру үрдісін жандандыру.
87-92 953
Аңдатпа
Күннен күнге блокчейн жобаларына қызығушылық артып келеді. Бизнес-қоғамдастық цифрлық ақшаларды белсенді түрде инвестициялауда және ICO-ны қаражат тарту көзі ретінде қарастыра отырып, старпап жобаларын көбейтуде. Блокчейн технологиялары қаржы нарығының барлық салаларына тереңінен енуде. Дүниежүзіндегі қор биржалары шығындарды азайту, тиімділікті арттыру, тәуекелдерді төмендету және қауіпсіздікті жақсарту үшін оның артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруда. Блокчейнның әртүрлі қиындық дәрежесіне ие түрлері бар, сол себепті түрлі құралдарға енгізілген есептеу алгоритмдері де ерекшеленеді. Бірақ, жалпы қағида мәмілелерді тексеру қабілетіне ие орталықсыздандырылған машиналар тобына негізделеді. Әлемдік қор нарығында, Nasdaq әлемдік жетекші биржаларды блокчейнды мойындатудың қозғалысын басқаруда. Клиринг және есеп айырысу жүйесі және есеп-айырысу тізілімі ортылығының бөлімдер жүйесін (CHESS) алмастыру мақсатында Австралия қор нарығы әлемдік қор нарығында блокчейн технологияларын енгізуде қысқа тізілімді толықтырды. Қазақстан Республикасының қаржы саласында блокчейн технологияларын пайдалану «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде басым бағыт болып табылады. Біздің ойымызша, Қор нарығында блокчейн технологияларын кеңінен енгізу үшін масштабталумен, жалпы стандарттармен, нормативтік реттеулермен және заңнамалық базамен байланысты мәселелерді шешу қажет.
93-96 293
Аңдатпа
Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінің ағымдағы жағдайын қарастырды. Қолданылып жүрген заңдардан бастап кәсіпорындардың ішкі саясатына дейін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері ашылды. Қабылданған заңнамалық актілер және ішкі бухгалтерлік құжаттар кесте түрінде келтірілді, сондай-ақ кәсіпорындардың оларды қолдану аясы қарастырылды. Авторлар түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бухгалтерлік есебін реттеудегі рөлін егжей-тегжейлі сипаттады: Қазақстан Республикасының Парламенті, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Аудиторлар палаталары, ҚР Кәсіби бухгалтерлер институты. Мақалада әртүрлі елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесіне қысқаша шолу жасалды, бухгалтерлік жүйелердің 4 әлемдік үлгісі және Қазақстан Республикасымен салыстырмалы талдауы келтірілген. Бұдан басқа, «ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңнамасының баптарына шолу жасалды. Авторлар Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына алдағы өзгерістерге сипаттама беріп, 2019 ж. енгізілген су жаңа бухгалтерлік есептер көрсетілді.
97-103 212
Аңдатпа
Күшті экономикалық негізді құру және әлеуметтік дамудың тұрақты саяси жағдайлары ел бюджетінің жай-күйіне, оны қалыптастыру және таратуға тікелей байланысты. Республикадағы соңғы жиырма бес жыл ішінде нарықтық реформаларды жүргізу барысында бюджетті нығайту, бюджет саясатының ашықтығын арттыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Салықтарды жалтарудың ең кең таралған әдістерінің қатарында, кәсіпорынның иелігінде қалған табыстың есебінен қаржыландыруға жататын шығыстарды негізсіз көрсете отырып, өндіріс құнын жоғарылатады, еңбек шығындарының нормадан асып кетуі, стандартталған құннан асатын жалақы мөлшерін жасыру үшін қызметкерлер санының жасанды түрде жалғануы (жалған келісімшарт бойынша жалақысы бар қызметкерлер есебінен); кассалық аппараттарды пайдаланбау және т.б. Талдау барысында салық төлеуден жалтару әдістерінің арасында сату көлемін төмендету басымдылығы, заңсыз «қолма-қол ақшамен» және валютаны сыртқа заңсыз жолмен шығару анықталған. Субъективті және объективті себептерге қатар өмір сүру деңгейінің төмендеуі, қаржы-экономиканың маңызды секторларының жай-күйінің одан әрі нашарлауы, салық заңнамасын жетілмегендігі және т.б. жатады. Сондықтан да, салықтық құқық саласындағы құқық бұзушылықтардың мониторингі, фискалдық органдардың тексеру нәтижелерін талдау және бағалау өзекті мәселе болып табылады.
104-108 306
Аңдатпа
Өндіруші кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы транзиттік болып табылады, сондықтан жеткізушілермен және сатып алушылармен тиімді келісімшарттарды қамтамасыз ететін, сұранысты зерделейтін және қажеттілік бойынша өнім шығаруды ұйымдастыратын менеджмент пен маркетингтік қызметтер жөнделген жағдайда оның қаржылық жағдайына теріс әсер етпейді. Жанама салық төмен сатып алушыға қарағанда жоғары табысты сатып алушылар сатып алған бағаларының мазмұнына қатысты үлкен ауқымда төленеді, сонымен бірге бай азаматтар мемлекет тарапынан төленетін қосымша қымбат қызметтерді сатып ала алады, сондықтан жанама салықтар, прогрессивті салықтардан басқа, бюджет арқылы қайта бөлінеді, әлеуметтік әділеттілікті теңестіру үшін негіз болып табылады. Қосылған құн салығы инфляциялық процестердің алғашқы себебі болып табылмайды, тек оны тудыратын факторлардың себептік мәнін көрсетеді. Осылайша, өзіндік құнның артуы көтерме бағаның өсуіне әкеп соғады, ал ҚҚС (бұл ретте оның мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады) бағасын ұлғайтса да, шығындардың өсу деңгейін көрсетеді. Қосылған құн салығы, акциздер және жаңадан шығарылған сату салығы өркениетті нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында ешқашан есепке алынбаған және кез-келген басқа салықтарға жатпайтын табыстың бір бөлігін ұстап қалудың қажетті құралы болып табылады, себебі қымбат емес тауарларға, эксклюзивті жұмыстар мен қызметтерге есепке алынбаған қаражат жұмсалады.
109-114 371
Аңдатпа
Қазіргі жағдайда сақтандыру компаниялары заңды тұлғалар мен халықты қорғауда инвестицалық мекемелердің рөлін атқарады. Сақтандырушылардан түсетін сақтандыру төлемдері, ұзақ уақыт мерзімге сақтандыру ұйымдарының резервтеріне шоғырландырылғандықтан инвестицалық процестер маңызды рөл атқарады. Сақтандырушылардың инвестицалық активтеріндегі сақтандыру резервтерінің тиімді орналасуы ұлттық экономиканы дамытуда күшті қаржылық қолдау болып табылады. Инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып одан пайда табу, сақтандыру компанияларының көбінесе қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді болуы. Бұл жағдайда сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіне қатысты қатаң мемлекеттік реттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар аса маңызды болып есептелетіні, сақтандыру компанияларының инвестициялық үкіметтік нормативтік талдауы. Бұл мақалада қаржылық талдау негізінде сақтандыру компаниялары сақтандыру резервтері инвестициялаудың негізгі принциптері, сақтандыру компанияларының институционалдық инвестор ретіндегі мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі мемлекеттік реттеу және практикалық аспектілері зерттеледі, олардың инвестициялық қызметтегі негізгі инвестициялық құралдары анықталып, даму бағыттары көрсетілді. Сақтандыру компанияларын мемлекеттік реттеу, инвестициялық қызмет негізінде инвестициялық әлеуетін арттыру бағыттары айқындалады, сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жетілдіру, инвестициялық ресурстарды тарту шаралары қабылданып, инвестициялық ресурстарды экономикаға, қарқынды экономикалық өсуге үлес қосуына ықпал етеді.
115-118 327
Аңдатпа
Мақалада өнімнің сапасын арттыру - бәсекелестік күрес, өнімге сұранысты арттыру және пайда сомасын арттыру нысандарының бірі болғандықтан, дайын өнім мен өндірістегі ақау аудитінің өнім сапасын анықтау үшін негіз ретінде маңыздылығы атап көрсетіледі. Целлюлоза-қағаз кәсіпорындарында дайын өнімге аудит жүргізу тәртібі қарастырылды. Ұйымның техникалық бақылау бөлімінің және зертханаларының аудитімен бірге жүзеге асырылатын дайын өнімнің сапасын және ақаудан болған шығынды аудиторлық тексеру ерекшелігі ашылды. Мұнда технологиялық құжаттама сапасының нормативтері, өндірістік учаскелер бойынша сапа карталары, сынақ актілері, ақауды есепке алу карточкалары, техникалық бақылау бөлімдерінің ақпараты, жоспарлы-экономикалық, бухгалтерлік есеп материалдары қолданып, өзара бір-бірімен салыстырады. Барлық түпкілікті жарамсыз деп танылған өнімнің құнынан және оны түзету жөніндегі шығыстардан құралған ақаудан болған шығындарды тексерумен өзара байланысты жүргізілетін дайын өнімді сапа тұрғысынан тексеру ережесі анықталды. Тексеру нәтижелеріне негізделе отырып, аудитор өндірістік-шаруашылық қызмет шеңберінде есеп және бақылау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне баға бере алады, түгендеу жүргізудің дұрыстығын, сапа жүйесінің жай-күйін тексере алады, дайын өнімнің шығару, қабылдау және сақтау процестерін бақылау бойынша ұсынымдар әзірлей алады.

2 ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕEHT 

119-125 280
Аңдатпа
Жаһандану жағдайындағы халықаралық туризм заманауи халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және оның қазіргі кезеңінде жаһандық құбылыс болып табылады. Халықаралық туризм нарығында жұмыс істейтін кез-келген ел басқа аумақтармен, өңірлермен, елдермен бәсекелестік қарым-қатынастың күрделі жүйесіне енеді және халықаралық туризм нарығында әр мемлекеттің ролі мен орны туристік саясаттың қаншалықты тиімді ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына байланысты. Халықаралық туристік брендті оң қабылдауды қалыптастыру мәселесі трансформация және интеграция үдерісінде тұрған Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Қазақстан үшін тиімді халықаралық туристік бренд құру еліміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың құралы және туристік бизнестің табысын арттыру, елдің бюджетін толықтыру және халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды факторы болып табылады. Мақалада брендингтің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын тұжырымдамаларды анықтауға арналған тәсілдер жиынтығы, аумақтың бренд құрамдарын қалыптастыру туралы ғылыми әдебиеттердегі көзқарастар қарастырылған, сондай-ақ еліміздің халықаралық туристік брендін қалыптастыру үдерісінің үлгісі ұсынылған.
126-133 329
Аңдатпа
Мақалада автор ғылыми-әдістемелік зерттеу деңгейде Алматы облысындағы көшпелі туризмнің жағдайы мен сапа деңгейін бағалау мәселелері көтерілді. Көшпелі туризмді дамыту үшін туристік өнімдер мен қызметтердің сапасын арттырудың негізгі факторы ретінде өңірдегі туристік бизнесті дамытудың сапалы үрдісі анықталды, «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы» туристік кластерінің рөлі зерттелді. Алайда, табиғи ресурстардың бірегейлігі мен алуан түрлілігіне ие өңірдің туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз және қолжетімділік, қызмет көрсету деңгейі және туристік қызметтердің бағасы жағынан шетелдік әріптестермен бәсекеге түсе алмайды. Туристік өңірлердің даму деңгейі және туристерге арнайы қызметтер мен жайлылықтың жеткіліксіз болуынан жалпы туристік ұсынымдар деңгейі төмен болып қалуда. Бүгінгі таңда туризм Алматы облысындағы дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Өңірдегі туризмді дамыту үшін тұрақты негізде арнайы мастер-жоспарлар әзірленді және енгізілді. Экономикалық факторлар туристік кластердің дамуына тікелей әсер етеді. Олардың туристік кластерге әсері негізінен көшпелі туризмінен түскен кірістің өсуі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, сондай-ақ халықтың материалдық деңгейін және өмір сүру сапасын арттыруға оң әсерін тигізуіне байланысты. Жалпы алғанда, саяси және экономикалық факторлардың үйлесуі туристік кластердің дамуына, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім беру мен инновациялық қызметтің ілеспе салаларын дамытуға синергетикалық әсер етеді.

3 ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 

134-137 240
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы жаңа экономиканың қалыптасу процессінің ерекшеліктері қарастырылған. Автор жаңа экономиканың ерекшелік келбетін ашуға, Қазақстандағы жаңа экономиканың қалыптасуына кедергі келтіріп отырған факторларды айқындауға тырысқан, Қазақстандағы жаңа экономиканың қалыптасу процессіне мемлекеттік саясатты белсендіру бағытын ұсынған. Жаңа экономиканың нәтижелі даму моделін жасау проблемасы және келешекте индустриялы экономикадан жаңа экономикаға өту мәселесі қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында төтенше маңызды. Дамудың негізгі мақсаты, жаңа экономиканың қалыптасу процессіне мемлекеттің және көптеген кемелденген қаржы институттарының қатысуы болып табылады. Экономикалық дағдарыс жағдайында, ұлттық экономиканы түгелімен бәсекелік артықшылыққа жеткізу мақсатында, Қазақстандағы жаңа экономиканың дамуын макросаясаттық ұстамды және макросаясаттық сценарийді жан-жақты деңгейде ойластыру қажет. Дағдарыстан шығу процессіндегі ең маңызды мәселе, Қазақстандағы жаңа экономиканың моделін жасау және оны одан әрі іске асырудың нәтижесінде, өндірістің технологиялық тәсілдерін қазіргі заманға сәйкес дамыту және өсіңкілік түрде дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту болып саналады.
138-142 342
Аңдатпа
Мақалада дүниежүзілік экономиканың тұрақты дамуының жаһандық тұжырымдамасын ескере отырып, Қазақстанның аймақтық экономикалық саясатының қалыптасу қажеттілігі қарастырылған. Осыған байланысты еліміздің аумақтық дамуына тәуелсіздік жылдарындағы негізгі бағдарламалық құжаттардың мазмұны мен олардың оң және қарама-қайшы аспектілері қарастырылған. Агломерацияның қалыптасуы мен дамуы, кейбір сарапшылардың айтуынша, оң және теріс салдарға ие. Көптеген авторлар назарын тек оң аспектілерге аударады. Оларға жақын аймақтардың, қалалардың, муниципалитеттердің экономикалық және еңбек әлеуетінің шоғырлануы агломерация алдында тұрған міндеттерді жедел шешуді қамтамасыз етеді, халықтың және капиталдың көші-қонын жеңілдетеді, интеграцияланған экономиканың жоғары деңгейін қалыптастыруға және қоғамдық өмірдің барлық салаларын интеграциялауға ықпал етеді. Бұл халықтың тұрмыс деңгейін теңестіруге әкеледі және агломерациялық жағымды әсерді қалыптастырады. Алайда, мұнда да экологиялық фактор есепке алынбайды, дегенмен, зерттеулер экологиялық ортада болған өзгерістер экономиканың бірқатар маңызды секторларына, әсіресе ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін көрсетеді және Үкімет көп ұзамай агро-саясатты қайта қарау қажеттілігіне тап болады.
143-147 289
Аңдатпа
Мақала экономиканы жаһандық трансформациялауда инновациялық кәсіпкерліктің рөліне арналған. Қазіргі жағдайда шағын бизнесті дамытудың негізгі үрдістері атап өтілді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мысалында инновациялық-бағытталған кәсіпкерлікті дамыту жолдары қарастырылады. Инновациялық кәсіпкерлік - экономикалық қызметтің ерекше түрі ретінде инновациялық процестің негізгі қозғаушы күші. Автор нарық пен инновациялық кәсіпкерліктің талдауларын жүргізеді. Инновациялық қызметтің негізгі реттеушісі болып табылатын мемлекеттің рөлі қарастырылады. Қазіргі уақытта нарықта тек күшті кәсіпорындар ғана аман қалатын үлкен бәсекелестік бар. Бұл инновациялық қызметті жүзеге асыратын бизнес осы күресте аман қалады. Инновациялар жаңа нарыққа шығуға көмектеседі, клиенттердің жаңа қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жоғары технологияларды дамыту және жаңа жоғары технологиялық өнімдерді шығару, коммерциялық ынталандыру шараларын қолдану әлемнің көптеген дамыған елдерінің тұрақты экономикалық өсуінің негізгі факторлары болып табылады. Инновациялардың қарқындылығы экономикалық даму деңгейін негізінен айқындайды. Экономиканың дамуына талдау қазіргі уақытта жоғары технологиялық тауарларды өндіруге бағытталған кәсіпорындар мен өндірістердің барынша тиімді екендігін көрсетеді. Мақалада экономиканың құрылымдық проблемалары тұрғысынан инновацияның негізгі компоненттері ашылып, инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдары қарастырылған.
148-154 256
Аңдатпа
Қазақстан экономикасының экспорттық-шикізаттық даму үлгісінен инновациялық үлгісіне өту қажеттігі күмән туғызбайды. Қазіргі таңда ел инновациялық даму жағынан әлемнің дамыған және бірқатар дамушы елдерінен айтарлықтай қалып отыр. Қазақстан Республикасы тек экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшу және тезірек алға жылжу шартында ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Мемлекет инновацияларды әзірлеуді және коммерцияландыруды ынталандыруға негізделген инновациялық дамудың тиімді стратегиясын қажет етеді. Қазақстанда инновациялық экономика кешенін қалыптастыру экономикалық, әлеуметтік және саяси міндет болып табылады. Экономиканың нақты секторында ғылыми зерттеулерді және зерттемелердің нәтижелерін тиімді қолдану арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жақсарту, экономикалық өсудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін жоғарлату, басқа да инновациялық басымдылықтарды жүзеге асыруға болады. Осы ретте қазақстандық кәсіпорындарында техникалық, өндірістік, ұйымдастырушылық, маркетингтік, қаржылық операциялар сәйкестігінің жиынтығы инновациялық үрдістерді басқаруды дамытуда үлкен мәнге ие. Мақалада Қазақстан Республикасында әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық дамыған елдермен салыстырғанда инновация дамуының статистикалық индикаторларына талдау жасалған. Жұмыстың нәтижелері ретінде инновациялық қызметті іске асыру бойынша кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне ықпал ететін басты факторлар анықталған.
155-161 2290
Аңдатпа
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуда елеулі проблемалар бар. Қолданыстағы мемлекеттік қолдау мен даму бағдарламаларына қарамастан, елдегі шағын және орта бизнес әлі де тиісті дамымаған жоқ. Көптеген жылдар бойы шағын және орта бизнестегі кедергілерді сәтті еңсеруге, оның өсу қарқынын бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін объективті және субъективті тәртіптегеі бірқатар кедергілер бар. Меншікті инвестицияларын және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуде көптеген субъектілер үшін ең күрделі мәселелердің бірі - жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы. Шағын бизнестің төмен салық салынуына байланысты банктер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені ұлғайту арқылы тәуекелдің құнын несиеге беруге мәжбүр етеді. Шағын кәсіпкерлердің салық төлеу мүмкіндіктерінің төмен болуына байланысты банктер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені ұлғайту арқылы тәуекелдің құнын несиеге аударуға мәжбүр. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін тағы бір фактор - елдегі шағын кәсіп субъектілерінің әкімшілік кедергілерді жоғарылатуына әкеліп соқтыратын заңнамадағы нормативтердің кемшіліктері немесе нақтылықтың болмауы. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған инфрақұрылымның жеткіліксіз үйлестірілуі нарыққа шығу кезінде кәсіпкер сыртқы және ішкі ортадағы барлық контрагенттермен қарым-қатынас орнату және қолдау қажеттілігіне байланысты үлкен шығыстарға әкеледі. Сыртқы ортада бұл мемлекеттік органдармен, қаржы және несиелік ұйымдармен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестермен қарым-қатынастар; ішкі - қызметтің түрін және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын таңдау; кадрларды іріктеу және басқару; серіктестер тобын іздеу және нарық туралы білу. Осы кедергілерді жою Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жылдам әрі тиімді дамуына кең жол ашады.
162-167 195
Аңдатпа
Мақалада авторлар «100 қадам» ұлт жоспары аясында елдің әлеуметтік-экономикалық өсу мәселелерін қарастырды. Елдің экономикалық өсу қарқындарының ағымдағы жағдайы және көршілес мемлекеттердің ағымдағы жағдайының Қазақстан Республикасының экономикасына әсері зерттелді. Ел экономикасын дамытудың негізгі құралдары аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары болып табылады. Зерттеуде салықтық (салықтық емес) және табыстар, шығыстар көлемі және ықтимал болатын тапшылық көлемі көрсетілген республикалық бюджетке түсетін басқа да кірістер көлемінің сценарийі ұсынылды. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға бағытталған республикалық бюджет шығындарының басым бағыттары анықталды. Мақалада облыстар бойынша республикалық бюджеттен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін күрделі шығындарды жүзеге асыруға бағытталған бюджет қаражатын бөлу туралы талдау жүргізілді. 2017-2019 жж. аралығында жалпы сипаттағы трансферттер көлемін, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мемлекеттік гранттарды кепілдендіру және ұсыну түрінде жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін қаражаттарды анықтағанда жергілікті бюджет шығындарының базасына қосымша енгізілген деректер келтірілген. Жұмыспен қамту орталығын, сондай-ақ 2017-2019 жж. өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі ұсынылды.
168-171 284
Аңдатпа
Кластерлік саясаттың басты міндеті - негізін өнеркәсіптік кәсіпорындар емес, инновациялық және білім орталықтары, университеттер мен инженерлік-техникалық ұйымдар құрайтын кластерлерді дамытудың перспективалық моделін таңдау және жаңа буын кластерлерін қалыптастыру. Осылайша, жаңа технологияларды құруға, өндірісті тереңдетіп технологиялық жаңғыртуға және индустрияны инновациялық дамытуға бағытталған жаңа буын кластерлерінің жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа өндірістік-технологиялық формация жағдайында жұмыс жасау үшін кадрларды даярлау бағдарланған ғылымның іргелі тәжірибесі, инновациялық индустрия, білім беруді дамыту секілді үш ұйыммен байланысты компоненттермен сипатталады. Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, өнеркәсіптік кластерлер қалыптастырылған өңірлер қарқынды дамып келеді. Кластерлер дифференциация мен ынтымақтастық симбиозын, өзара ықпалдасу мен бірігу арқылы аралық тізбекті көрсетеді. Кластерлік құрылымдардың тұрақтылығы серіктестер бір-біріне маңызды және алмастырылмайтын тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіреді. Кластерлік саясат өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Бұл саясаттың басты мақсаты - перспективалы ұлттық кластерді құрайтын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылым мен бизнестің, жеткізушінің, жабдықтаушының, арнаулы өндірістік және сервистік қызметтің, ғылыми-зерттеушілік және білім беру ұйымдарының бірлесуі есебінен жоғары қарқынды экономикалық өсуін, ұлттық экономиканың әртараптануын және жетілуін қамтамасыз ету.
172-176 276
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің коммерцияландыруындағы қиыншылықтар мен перспективалары қарастырылды. Авторлар ғылыми әзірлемелердің отандық нарығын зерттеді және коммерцияландырудың нәтижесіне әсер ететін негізгі факторларды анықтады. Зерттеу қазіргі таңда өте өзекті болып саналатын тақырыпты қозғады, себебі сәтті коммерцияландыру инновациялық қызмет пен жалпы экономиканың дамуына ықпал етеді. Сәтті коммерцияландыру жолынан өткен өнім өндіріс немесе компанияны бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етіп, кәсіпкерге де, өнімді тұтынушы халыққа да пайда әкеледі, осылайша халық өмірін жақсартуға, өмір үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Мақала енгізілімдерді тиімді коммерцияландыруға ықпал ететін факторларды анықтап, коммерцияландырудың қолданыстағы модельдеріне талдау жүргізілді және жобаларды басқару құралдары арқылы табысты коммерцияландыру үшін ұсынымдар берілді. Зерттеу барысында авторлар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың негізгі кедергілерін анықтап, коммерцияландырудың әр түрлі үлгілерін қарастырған. Зерттеуге сәйкес, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруда мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Зерттеу барысында авторлар инновацияларды коммерциялау процесін заңнамалық қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтады, бұл өз кезегінде ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға кедергі келтіреді. Авторлар оларды жергілікті нарық шарттарына сәйкес бейімдеуді ұсынды. Зерттеудің нәтижелері авторларға елдегі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру механизмін жетілдіру бойынша бірқатар шараларды дайындауға мүмкіндік берді.
177-181 261
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанда жоғары технологиялы жобалардың қиыншылықтары мен перспективалары қарастырылды. Авторлар жоғары технологиялы жобалардың отандық нарығын зерттеді және осындай жобалардың табыстылығы мен тиімділігіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтады. Авторлар қазіргі таңда өте өзекті тақырыпты қарастырды, жоғары технологиялық жобалар сәтті аяқталуы, жоба қатысушыларына ғана емес, сондай-ақ жалпы ел экономикасына да пайдасын тигізуі мүмкін. Озық жобалар сәтті іске асырылып, мемлекеттің инновациялық жүйесін дамытуға, отандық кәсіпорындар мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осылайша халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және қоғамға пайда әкелуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты жоғары технологиялық жобаларды басқарудың тиімділігін арттырушы факторларды анықтап, Қазақстанда озық жобаларды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Жұмыс барысында авторлар жобаның табыстылығының оң үрдісін қамтамасыз ететін негізгі факторларды анықтады. Отандық және израильдік жобаларды талдай келе, авторлар отандық жобалардың табыстылығы мен тиімділігіне баға берді. Зерттеудің нәтижелері жоғары технологиялық жобаларды басқару құралдарын жетілдіру бойынша бірқатар шараларды дайындауға мүмкіндік берді. Авторлар жоғары технологиялық жобаларды сәтті аяқтау динамикасына оң әсер ететін негізгі факторларды анықтады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, компаниядағы жобалық басқару мен компания тарапынан ұйымдастырушылық қолдауда жоспарлау үдерістерін уақтылы және толыққанды жүзеге асыру оң нәтиже береді және жоғары технологиялық жобалардың тиімділігін арттырады.
182-186 1110
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының «жасыл экономиканы» қалыптастыруға көшу қажеттілігі дәйекті айтылған. «Жасыл экономиканың» қағидаттарына көшу болашағы ең алдымен, біздің еліміздің табиғи ресурстарға және адам әлеуетіне бай екендігімен алдын-ала анықталған. Осы арқылы бүгінгі күні «жасыл экономикаға» көшудің мүмкіндіктері мен кемшіліктері айқындалған. «Қоңыр (шикізаттық үлгі) экономикадан» «жасыл» рельстерге көшу мәселелері қарастырылып, сонымен қатар Қазақстанның экономикасына «жасыл» қағидаларды енгізудің өзектілігі көрсетілген. Осы мақалада авторлар Қазақстан Республикасында «жасыл экономиканы» қалыптастыру мәселелеріне көзқарастар ұсынады. «Әлсіз ұлттық инновациялық жүйе» және «төмен экологиялық мәдениет» сияқты мәселелерге дәйекті талдау жүргізіліп, олардың арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ұсынған бірнеше статистикалық мәліметтері пайдаланылған, әлемнің жетекші елдерінің мәліметтері негізінде салыстырмалы талдау жүргізілген. Жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде авторлар мәселені шешу үшін қажетті шаралар тізбегін ұсынған. Сонымен бірге заңды және жеке тұлғаларға қатысты шаралар көрсетілген және экономикалық және әлеуметтік бағыттарға негізделген шаралар жиынтығы ұсынылған. Авторлармен жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы «жасыл экономиканы» одан әрі қалыптастырудың келешекті бағыттары анықталып, қарауға ұсынылады.
187-192 298
Аңдатпа
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені - республика экономикасының негізгі өндірістік салаларының бірі болып табылатындықтан, оны мемлекеттік реттеу бағыттары мақалада қарастырылады. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі бағыты. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларын орындауды іске асыру тиімді болып табылды. Мемлекет азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ел экономикасының аграрлық секторына мемлекеттің оң әсері болмаса қамтамасыз етілмейді. Осыған байланысты, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу - ауылшаруашылық өнімдерін шикізат және азық-түлікті сатуға және қайта өңдеуде, мемлекеттің өндіріске экономикалық, әкімшілдік басқаруы және заңдылықтары жүйесінің әсер етуі мақалада айтылады. Агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеудің міндеттері, агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеудің қажеттілігіне әсер ететін факторлар, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне теріс әсер ететін бірқатар факторлар ескеріледі. Қазақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі статистикалық деректер арқылы талданған. Ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан субсидиялау бағдарламалары несие алуға және мал шаруашылығын дамытуға қол жеткізуге бағытталғанын көруге болады. Осы ретте, мемлекеттен айтарлықтай маңызды қолдау көрсетілсе де, азық-түлік саудасының тепе-теңдігі теріс болып қалуда, өйткені, ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі нақты өсуі, ауыл шаруашылық өндірісінің экономика саласындағы үлесін едәуір арттыра алмайтындығын көрсетеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік реттеу бағыттары ұсынылған.
193-200 514
Аңдатпа
Мақалада ұлттық экономиканы трансформациялаудың жалпы жүйесіндегі өзекті мәселе - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы қайта құру қарастырылады. Соңғы 15-18 жылда (2000-2018 жж.) ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісіне талдау жүргізілді, одан азық-түліктің көптеген түрлері бойынша отандық өндіріс есебінен елдің ұтымды (медициналық) тамақтану нормалары немесе азық-түлік қауіпсіздігі бойынша азық-түлікпен қамтамасыз ететін деңгейге - 80-85% қол жеткізілмегені байқалады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің даму тенденциялары, Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің импорттық жеткізілімдерінің географиясы қарастырылды. Сыртқы сауда айналымына баға берілді. Саланы азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемаларын табысты шешу, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, мал шаруашылығы фермаларын, қайта өңдеу кәсіпорындарын және басқа да құрылымдарды салу үшін елдің агроөнеркәсіптік өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттырудың экономикалық негізі болып табылатын тиісті инвестициялардың қажеттілігі көрсетілген. Авторлар аграрлық сектордың маңызды проблемасы мемлекеттік қолдау деңгейі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан ЕАЭО және ДСҰ жағдайында әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялады, демек, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі дамыған мемлекеттерден төмен болмауы тиіс. Қазақстанда 2000-2018 жж. агроқұрылымдар саны мен көлемінің өзгеру динамикасы ұсынылған. Авторлар Қазақстанның аграрлық саясатындағы басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылық кооперациясы болып табылатынын атап өтті. Республикада жарамды жерлерді тиімді пайдалану және жер қатынастарын дамыту мақсатында шаралар ұсынылды.
201-204 359
Аңдатпа
Су ресурстарын тиімді басқару ұлттық су (су шаруашылық) саясатының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол тұрақты су пайдалану моделіне өту кезеңінде дұрыс басқару жүйесін құру үшін маңызды міндет болып отыр. Сонымен қатар су шаруашылығын басқару мемлекеттік арнайы ұйымдасқан, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жүйесіне арнайы іс-шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сенімді гидрогеологиялық ақпаратты алу арнайы су шаруашылығындағы есептеулер мен тепе-теңдікті жүзеге асыруға, су қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігін, тұтынушыларды сумен қамтамасыз етудегі тәуекелдің алдын алу үшін қолданылады. Экономика салаларында өзен ағынын пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қолда бар су ресурстары қызығушылық тудырады. Олардың шамасы су ресурстарының әртүрлілігі және ағынның міндетті шығындары бойынша анықталады. Су ресурстары су қоймаларының су аз жылдары, көп су жылдарының ағысын қайта бөлуді, қайтарымды суларды, басқа бассейндерден ағысты қайта шығаруды, жер асты және басқа да көздерді пайдалануды ескере отырып белгіленген. Еліміздің суармалы жерлер мен суару жүйесін қолданылуына терең зерттеу жүргізу, нарықтық механизм жағдайында суды пайдаланудың тиімді басқару жүйесін дайындау және суармалы жерлерде су ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізгі бағыттары Қазақстанның АӨК-нің негізгі саласының құрамдас бөліктерінің (су және ауыл шаруашылығы), барлық су және жерді пайдаланудағы субъектілердің мүдделерін үйлестіруін қамтамасыз етеді. Суармалы жерлерді пайдаланудағы қалпына келтіру және қайта құру қарқыны мен көлемі, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасы мемлекеттің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде, экономикалық және материалдық көрсеткіштерді есепке ала отырып енгізілген.
205-209 223
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы еңбек өнімділігіне экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын анықтау үшін оны арттыруды ынталандыратын факторлар тұрғысынан талдау жасалынған. Еңбек өнімділігіне қатысты негізгі теориялық аспектілер қорытылып, еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар, сондай-ақ оның көрініс нысандарына талдау жасалынды. Тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуінің негізгі себептері талданып, тау-кен өндірісі саласы мен үй қызметшілерді жалдайтын және жеке тұтыну үшін тауарлар өндіретін үй шаруашылықтарының қызметінің еңбек өнімділігіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Адам капиталы сияқты ұзақ мерзімді перспективада еңбек өнімділігіне тигізетін жоғары деңгейдегі факторлардың әсері көрсетілген. Еңбекақы төлеудің түрлі жүйелері және олардың еңбек өнімділігі мен оны жақсарту үшін қызметкерлерді ынталандыруға әсері қарастырылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінде еңбек өнімділігін арттыру құралдарының төмендігі байқалады деген тұжырым жасалып, мәселені шешу үшін тиімді еңбекақы жүйелерін қолданумен бірге адам капиталының және техникалық инновациялардың мониторингін енгізу ұсынылады. Қазақстан экономикасының еңбек өнімділігі мәселесі елеулі өзектілікке ие болды, себебі өнімділікті арттыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрақты экономикалық өсу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты болып табылады.
210-214 307
Аңдатпа
Мақалада аймақтың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізі ретінде маркетингтік талдауды қолданудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері қарастырылған. «Аймақтың бәсекеге қабілеттілігі» мен «аймақтық маркетинг» түсініктерінің мәні мен мазмұнына қатысты әртүрлі көзқарастар қарастырылып, аталған маркетингтің түріне байланысты ерекшіліктерді анықтауға, сондай-ақ маркетингтік талдау процесі мен бәсекеге қабілеттілік арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік берді. Маркетингтік қызмет бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін негізгі құрал ретінде қарастырылады. Авторлармен аймақтың бәсекеге қабілеттілігін бағалау процесінің алгоритмі ұсынылған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен оны талдаудың негізгі құраушыларының арасындағы байланыс: оған жетудің мақсаттары мен оны қамтамасыз ететін факторларға, арттыратын құралдарға, талдаудың негізгі және қосымша көрсеткіштеріне, қамтамасыз етудің нәтижелеріне негізделуі қажет. Сол себепті де аймақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлар анықталды. Олар географиялық параметрлер мен сол аймақта орналасқан тауар өндірушілердің кәсіпкерлерлік қызметті жүзеге асырудың ішкі және сыртқы шарттарына байланысты болып келеді. Сондай-ақ, авторлармен экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да даму көрсеткіштері бойынша зерттелетін аймақтардың идентификациясын жасаудың қажеттілігі негізделген. Нақты зерттелетін аймаққа байланысты ерекше маркетингтік көрсеткіштер бөліп қарастырылған. Аймақтың абсолютті және салыстырмалы бәсекелік артықшылығының құрылымдық деңгейі анықталып, маркетинг негізінде аймақтың бәсекеге қабілеттілігін талдауға ұмтылудағы соңғы нәтиже - имиджі арттыруға негізделген.
215-220 350
Аңдатпа
Қалыптасқан жергілікті салық жүйелерінің трансферттік баға белгілеу процестерін бақылау әрекеттері экономиканың жаһандану кезеңінің талаптарымен қарама-қайшы келіп отыруы қазіргі уақыттағы ең күрделі сұрақтардың қатарына жатады. Халықаралық іскерлік операцияларда транферттік баға қолдануы егемен елдердің мемлекеттік кіріс табыстарына нұқсан келтіруі мүмкін жағдайлар, сөз жоқ, дұрыс шешім қабылдауды талап етеді. Трансферттік баға белгілеудің салықтық мониторингі мәселесі бойынша мақала талданады, оның барысында мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерінің пропорционалды қиыстыру негізінде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін ұлғайтуға арналған салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жолдарын қарастырады. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы 2008 жылғы 5-ші шілдедегі № 67-IV Заңына шолу, халықаралық іскерлік операцияларды салықтық бақылаудың бұл тәсілі мониторингтің әдеттегі салықтық бақылаудан тыс арнайы әдістер қолдануды талап ететін ерекше түрі екендігі туралы тұжырымға келуге мүмкіндік береді. Заңның негізгі мақсаты халықаралық іскерлік операциялармен байланысқан халықаралық келісімдер кезінде мемлекеттік кіріс ысырабына тосқауыл болғанымен, оның құқықтық реттеу механизмдерінде орын алған кемшіліктер жоқ емес. Эмпирикалық зерттеу әдісін пайдалану арқасында автор халықаралық тәжірибиені ескере отырып, Қазақстандағы трансферттік баға белгілеудегі салықтық бақылау ісіне салыстырмалы талдау жасады. Талдау нәтижесінде трансферттік баға белгілеу саласында қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілер теория және практика жүзінде сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы кәсіпкерлікке шектеу кемшіліктері бар екендігі туралы қорытындыға келді. Автор салық органдары мен бақылау астындағы субъектілер арасындағы мүдде қақтығысына алып келуіне ықпал ететін кемшіліктерді түзету жолында бірқатар ұсыныстар енгізді.
221-226 288
Аңдатпа
Мақалада қаралған тақырып сақтандыру компанияларындағы бухгалтерлік есептеуді IFRS-17 сәйкестендіре отырып жетілдіру. Сақтандыру шарттарын есепке алу бойынша жаңа стандарт сақтандыру шарттарын есепке алудың халықаралық тәртібіне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Ол сақтандыру шарттарын тану, бағалау, ұсыну және ашып көрсету қағидаларын белгілейді және IFRS-4 «сақтандыру шарттарын» алмастырады. Қазіргі сақтандыру компанияларының есептеулері МСФО (IFRS-4) негізделгендіктен, инвесторлардың сақтандыру компанияларын салыстыруына қиындық туғызады. IFRS-4 ағымдағы есептеу моделі негізінде барлық сақтандыру шарттарының дәйекті есебін талап етеді. Ағымдағы есептеу үлгісі мен жүйелілік талдау жүргізу арқылы сақтандыру компанияларының кірістілігін оңайырақ салыстыруға мүмкіндік береді. Іскерліктің рентабельділігі туралы ақпараттың ашықтығын арттыру пайдаланушыларға сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Андеррайтингтік қызметтің нәтижелерін және қаржы нәтижелерін жеке таныстыру табыс пен шығындардың көздеріне қатысты ашықтықты қамтамасыз етеді. Есеп беру деректерінің жоғары жолы бірігу және сатып алу саласындағы белсенділікті көтереді, инвестициялық капиталға бәсекелестік деңгейін арттырады және инвесторлардың сеніміне кіре алады. Көптеген сақтандыру компанияларының қиналатына келісімшарттарының белгіленген уақытының ұзақтығы және көптеген компаниялар әлі де пайдаланатын жүйелердің ескіргені болып табылады.
227-232 530
Аңдатпа
Электрондық сауда бұл негізінен тауарлар мен қызметтерді интернетте, сондай-ақ бірқатар басқа ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мен технологиялардың көмегімен материалдық өнім немесе қызмет көрсету түрінде жаһандық тарату құралы болып табылады. Мақалада Қазақстанда электрондық сауда жүйесін қалыптастыру мен дамытудың алғышарттары қарастырылған. Әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде Қазақстанда электрондық сауда жүйесін қалыптастыру мен даму жолдары көрсетілген. Қазақстандағы электрондық сауданың қазіргі таңдағы даму жағдайы мен преспективті бағыттары талданады. Елдегі электрондық сауданы нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу бағыттары ашылып көрсетілген. Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, ақпараттық қоғамды қалыптастыру және заманауи интернет-технологияларды қолдану арқылы Қазақстанда электрондық сауданы дамытудың негізгі бағыттары анықталған. Қазақстанда электрондық сауданы дамытудың саяси және құқықтық алғышарттары ұлттық және халықаралық стратегиялық бағыттарды қалыптастырады, ал әлеуметтік-экономикалық алғышарттар ұлттық экономиканың жалпы даму жағдайымен және қоғамның электрондық сауданы қабылдауға дайындығы және оған белсенді қатысуымен сипатталады. Зерттеуді түйіндей келе, авторлар мақалада электрондық сауданы интенсивті дамыту алғышарты ретінде компьютерлік сауаттылық, төлем жүйесі және электрондық төлемдерді дамыту, жалпы елдің қаржылық секторын дамытуда тиімді шара болып табылады деген қорытынды жасайды.
233-239 458
Аңдатпа
Бұл мақала ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға арналған. Негізгі назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді зерттеуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықты бұзу - мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлығы және бюрократия. Электрондық үкіметтің қызметі және Қазақстанда цифрлы технологияларды енгізу айқындылықты тудырып, жеке байланысын жою негізінде парақорлықты ынталандырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша мамандардың ғылыми жұмыстары зерттелді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау және шет елдерде электронды үкіметті дамыту тәжірибесі ұсынылған. Эстонияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте артықшылықтарға ие мемлекет ретінде айқындалады. Талдау көрсеткендей, соңғы ақпараттық технологияларды пайдалану Эстония үкіметіне азаматтардың салық төлеу, сот архивтері, денсаулық сақтау көрсеткіштері және т.б. туралы мәліметтер базасын құруға мүмкіндік берді. Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазақстандық үлгісінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлінді. Мемлекеттік қызметтердің түрлері мысалында электрондық үкімет қызметінің оң факторлары талданады. Ең жиі қолданылатын қызметтер электрондық үкімет порталында бағаланады және анықталады. Қиындықтарды зерттеу жүргізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қамтамасыз етуде электрондық үкіметті ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.
240-245 274
Аңдатпа
Мақала сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және республиканың экономикалық қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін шешуші мәнге ие. Ұлттық мүдделерді қорғауға кепілдік беретін мемлекеттік институттардың тиімді дамуы қажет. Экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы әдеби шолу жүргізілді. Соңғы бес жылда Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері анықталды. Талдау көрсеткендей, экономикалық өсу негізінен тау-кен саласына бағытталады. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік қамсыздандыруға және мақсатты көмекке жұмсалған шығыстары талданды. Жан басына шаққандағы орташа табысы бағаланып, бірте-бірте өсіп келеді. Төмен жылдық инфляция халықтың тұтынушылық сұранысын ынталандырады. Сонымен қатар, Ресей рублі бойынша амортизациялық, әлемдік экономика мен тәуекел белгісіздік ұлттық экономиканың ұлттық қауіпсіздікке қатер болып табылады. Жұмыста мемлекеттік органдардың функцияларының қайталануы, шикізат мамандануы, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сияқты проблемалар анықталды. Ұсынымдар экономикалық секторларды технологиялық жабдықтауды жақсарту, импортқа тәуелділікті төмендету және т.б. талаптары бар. Қазақстанның қоғамды қорғау және мемлекеттік қауіпсіздікке ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіруге баса назар аудару қажет.

4. ОБРАЗОВАНИЕ И ОБУЧЕНИЕ: МЕТОДОЛОГИЯ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 

246-252 294
Аңдатпа
Мақалада ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнмәтінінде оны басқарудың қаржылық аспектілерін өзектендіру қажеттілігіне байланысты мәселелерге назар аударылды. Автор ЖОО-ның экономикалық қызметінің ерекшеліктерін қарастырады, сонымен қатар ЖОО-ның дербестігін арттыру жағдайында «ЖОО қаржылары» ұғымына тоқтайды, онда тек академиялық еркіндік ғана емес, сонымен қатар ЖОО-ның экономикалық дербестігі күшейтіледі. Әлемде бар жоғары оқу орындарын қаржыландырудың бес негізгі көзі атап өтілді: мемлекеттік қаржыландыру, студенттердің оқуы үшін ақы төлеуден түскен қаражат және студенттердің білім алуына байланысты басқа да төлемдер, қайырымдылық көмек көрсету, тауарлар мен қызметтерге арналған университеттерге жеке жарналар және коммерциялық ЖОО үшін күрделі салымдар. Қазақстан, Ресей және шет елдердің жоғары оқу орындарын мемлекеттік қаржыландырудың салыстырмалы талдауы келтірілген. Автор әлемдік тәжірибеде таралған білім беру шығындарын қаржыландыру үлгілерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, меншік нысанына байланысты жоғары оқу орындарын қаржыландырудың аса маңызды тәсілдерін зерттейді. Мақалада ЖОО басқарудың қаржылық тетігінің құрылымы ұсынылған, қаржылық әдістер, қаржылық тетіктер, қаржылық құралдар, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және т.б. сияқты негізгі элементтері қарастырылған. Жоғары оқу орнын басқарудың қаржылық тетігін құрудың маңызды шарты ЖОО мүдделерінің теңгерімі мен сыртқы стейхолдерлердің болуы және сыртқы ортамен ЖОО-ның қаржылық қарым-қатынасының нәтижелері болып табылады.
253-260 233
Аңдатпа
Отандық нарықта білім беру қызметтерінің жағдайы күрделене түсуде. Бір жағынан, білім беру нарығында мемлекеттік жоғары оқу орындарының беделінен жоғарыламасада коммерциялық жоғары оқу орындарының көптігі бар; екінші жағынан, экономикадағы қаржыландырудың теңгерімсіздігі білікті кадрлардың экономиканың ақылы секторларына күрт көшуіне алып келді, үшінші жағынан, Қазақстан Болон декларациясына қол қойғандықтан, отандық білім беру қызметтері нарығындағы білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына мүлдем жаңа талаптар қояды. Ұлттық экономиканың өзі өзгеріп, оқу бағдарламаларын жаңа қажеттіліктерге бейімдеуге мәжбүр етеді. Күрделі бәсекелестік ортада өмір сүру үшін университеттерге шығармашылық ойлау қабілеті бар және өздерінің білімдерін бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мәселелерді шешу қабілеттілігі бар жоғары білікті мамандар қажет. Дамып келе жатқан нарықта университеттің бәсекеге қабілеттілігі қазіргі заманғы және жаңа білімді қалыптастыруға негізделген тұрақты және үздіксіз инновациялық үдерістердің дайындығымен анықталады. Білімнің қасиеті - тасымалдаушыдан бөлінбеу - тұрақты бәсекелестік артықшылығын тудырады, оның қалыптасуы мен сақталуы университетті стратегиялық басқарудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Білімнің бәсекеге қабілеттілікке әсер етуінің маңыздылығын түсінуге деген көзқарасты әзірлеу - университеттің қызметіндегі білімді басқаруда жаңа бағытты қалыптастыру үшін негіз болып табылады.


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)