№ 3 (2018)
1 ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 
9-15 721
Аңдатпа
Бүгінгі таңда инновация саласы кез-келген ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыратын сала болып табылады. Жалпы, Қазақстан жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті жоғары деңгейге ие. Дегенмен, инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлардың ішіндегі ең әлсіз тұсы болып қалады. Қазақстандағы экономикалық дамудың инновациялық моделін қалыптастыру және енгізу елдегі инновацияларды мақсатты түрде дамыту үшін осы үдерістің тұрақты мониторингін және талдауын талап етеді. Мақала ұлттық инновациялық жүйенің жұмысының әлсіз тұстары мен проблемаларын талдау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруге арналған. Жұмыста ауқымды статистикалық деректер негізінде инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері талданады: меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың инновациялық қызметі; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша инновациялық өнімдердің көлемі мен құрылымы; индустриядағы технологиялық инновацияларға арналған шығындар деңгейі және олардың құрылымы. Инновациялық қызметті неғұрлым толық бағалау үшін өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесі, индустриялық өндірістің инновациялық өнімі көлеміндегі технологиялық инновациялар шығындарының үлесі сияқты қосымша көрсеткіштер ұсынылады. Сондай-ақ, экономиканың инновациялық дамуының кейбір мәселелері суреттелді: өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің жоғары көлемінің жеткіліксіздігі, білім беру мен ғылымға инвестиция өсуінің жоқтығы, өңдеуші өнеркәсібі салалары, қызмет саласында құрылымдық өзгерістердің бәрмәнді емес сипаты, институционалдық ортаның тұрақсыздығы және басқалары.
16-21 279
Аңдатпа
Мақалада елімізде дара кәсіпкерліктің маңызы мен қажеттілігі, оны ұйымдастыру жағдайлары жан-жақты қарастырылған. Дара кәсіпкерлік - кәсіпкерлік субъектісі ретінде ең кеңінен тараған және қолайлы нысан. Әсіресе, өз ісін жаңадан бастаған шағын бизнес өкілдері дара кәсіпкерлік нысанын таңдайды. Мақалада дара кәсіпкерліктің келесідей бірқатар артықшылықтарын бөліп көрсеткен: бизнесті ұйымдастырудың едәуір қарапайым және арзан тәсілі; басқарудың демократиялығы, нарыққа тез бейімделуі, икемділігі, кәсіпорынның меншік иесіне табыстың толықтай тиесілі болуы, еңбекке деген мотивация мен стимулдың жоғары болуы т.с.с. Дара кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан жүзеге асырылады және бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым әдісі болып табылады. Мақалада дара кәсіпкерлікке тән белгілер ретінде мынадай сипаттамаларды анықтаған: бастамашылық қызметті білдіреді; табыс табуға бағытталған; кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген; азаматтардың өз атынан, тәуекелге баруымен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мақалада дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері ашып көрсетілген. Атап айтқанда дара кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі, қолданылатын салықтық жеңілдіктер, яғни арнаулы салық режимін таңдай отырып патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыра алатындығы айтылған. Мақалада бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолдану мүмкіншілігі қарастырылған. Жүргізілген зерттеулер бойынша дара кәсіпкерліктің күшті және әлсіз тұстары жүйеленіп, сәйкес тұжырымдар жасалған.
22-27 224
Аңдатпа
Қaзіргі әлeмдік экономикaның дaмуы интeрнaционaлизaция жәнe ырықтaндыру процeстeрінің aйтaрлықтaй жылдaмдығымeн сипaттaлaды. Хaлықaрaлық экономикaлық қaтынaстaр мeн ұлттық экономикaның aшықтық, жaриялылық дәрeжeсі aртып кeлeді. Бұл әр түрлі мeмлeкeттің ішкі нaрығынa сырттaн инвeсторлaрдың кіруінe, кeдeргілeрдің aзaюынa aлып кeлeді. Сол үшін бaрлық мeмлeкeттeрдің aлдынa қойғaн мaңызды тaпсырмaсы отaндық кәсіпорындaр мeн өндірістeрдің шeтeлдік әріптeстeрінeн озып, ішкі жәнe сыртқы рыноктa позициялaрын күшeйту мүмкіндіктeрін іздeу болып тaбылaды. Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді теңестіретін үздіксіз оң өзгерістердің динамикалық үрдісін көздейтін тұрақты даму парадигмасы аумақтық бөлшектердің, соның ішінде Қазақстан өңірлерінде мәселелерді шешу жолдарын қалыптастырудың негізіне айналуы тиіс. Аталмыш аспект бүгінгі таңда ерекше көкейкесті, өйткені қазір экономикалық реформалардың орталығы өңірлерге беріледі және олардың елдің экономикалық саясатын жүзеге асырудағы рөлін арттырады. Дағдарысқа қарсы тұру жағдайында өңірдің экономикалық көрсеткіштерді жақсарту негізінде ғана тұрақты болып санала алмайды.
28-32 399
Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік жаңғырту саясатының басымдықтары қаралады. Сол басымдықтардың ішінде автор халықты жұмыспен қамту саласы мен денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жаңғырту саясатының нәтижелеріне тоқталып өткен. Мемлекеттің әлеуметтік жаңғырту саясатының басты бағыты халықты жұмыспен қамту мәселелерімен байланысты. Жұмыспен қамту саясаты өз кезегінде келесі бағыттарды қамтиды: аймақтардағы халықтың жұмысбастылығын арттыру, оларды оңтайлы орналастыру мен жұмыспен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру; ауыл халқының жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсарту үшін ауылды жерлерде кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетіп, жағдай жасау; еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру үшін Қазақстанның дамуы төмен аймақтарынан әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары басқа елді мекеніне көшуге қолдау көрсету және т.б. Сондай-ақ, аталмыш мақалада денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері, сол салада жүргізілген мемлекеттік саясаттың оң нәтижелері мен проблемалары қаралған. Салада жүргізілген реформалардың оң нәтижелері ретінде Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, мемлекеттік және жеке меншік ауруханалардың, әртүрлі деңгейдегі амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объектілердің салынуы, медициналық кластердің құрылуы, саланы қаржыландыру көлемінің артуы, еліміздің оқшау жатқан аудандарын медициналық қызметпен қамтамасыз ететін транспорттық медицина енгізілуі сияқты жетістіктер атап көрсетілген. Сондай-ақ, мақалада денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінің жеткілікті деңгейде дамымауы, әлемдік стандарттармен салыстырғанда саланы қаржыландыру деңгейінің төмендігі сияқты өзекті мәселелер де қаралған.
33-37 257
Аңдатпа
Мақалада күллі әлемде танымал болған «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес негізгі тәсілдер зерттеліп, әлеуметтік кәсіпкерлік ұстанымдары анықталды. Сондай-ақ, авторлар «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымымен халықтың қаншалықты таныс екенін анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізді. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің даму тенденциялары қарастырылады: қазіргі жағдайы және оны дамыту мәселелері. Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда дамудың қазіргі кезеңінде шамамен 150 әлеуметтік кәсіпкерлік бар шамамен 500-ге жуық, бірақ бейресми мәліметтер бойынша олардың саны 500-ге жуық. Демек, осындай кәсіпкерлікпен айналысатын көптеген адамдар бар, бірақ олар бұл жаңа бағыт екенін түсінбейді. Негізінен әлеуметтік кәсіпкерлік Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында белсенді дамып келеді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпорындар үшін ең маңызды бағыттар болып келесілер табылады: халықтың осал топтары үшін жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны қорғау, білім беру қызметтері және денсаулық сақтау қызметтері. Бірақ, оң нәтижелерге қарамастан, мұндай қызмет түрлеріне кедергі бар: заңның осал тұстары, мемлекеттік құрылымдар мен бюрократияның жаңсақтығы, тендерлер туралы аз ақпараттардың аз болуы және оның жабық болуы, демеушілерді тарту қиындықтары, осы сала бойынша нақты деректерді білетін адамдарды іздеу.
38-43 225
Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерліктегі бизнес-жобалары зерттелді және оларға салыстырмалы талдау жүргізілді. Мақаланың мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлікте бизнес-жобаны әзірлеу және негізгі көрсеткіштерді есептеу болып табылады. Бұл жобаны іске асыру өндіріс объектісін салу үшін қаржы ресурстарын тартуды және киім өндірісін ұйымдастыруды көздейді. Әлеуметтік кәсіпкерліктің бизнес-жоспарын құру өз ерекшеліктеріне ие. Әлеуметтік кәсіпкерліктің бизнес-жоспарын жазудың ерекшеліктерін түсіну үшін терминдерді анықтау қажет. Мақалада 5 жылға есептелген бизнес жоба жасалды. Дисконттау ставкасы капиталдың орташа өлшенген құны бойынша есептеледі (WACC). Мақалада жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жоспар ұсынылған. Кәсіпкерлікті дамыту стратегиясын сақтау үшін тактикалық жоспар ұсынылады: тауарлардың сапасын жақсарту үшін ішкі әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалану; қалалық және аймақтағы клиенттік базаны кеңейту; кəсіпорын тарапынан сату өкілдерін қолдау; клиенттерге нақты кері байланыс ұйымдастыру; барлық жарнамалық құралдармен кәсіпорын тауарларын жылжыту.
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың дамуы: жағдайы, мәселелері мен шешу жолдары
44-50 1734
Аңдатпа
Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жай-күйі жүйенің болашақтағы жетілдіру бағыттарын талдау және анықтау қажеттілігін куәландырады. Осыған байланысты мақаланың мақсаты халықты әлеуметтік қорғау жүйесін зерттеу, оның дамуындағы негізгі тенденцияларға негізделген жай-күйді талдау және себептерін анықтау, өзекті және перманентті әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құруда және дамытуда туындайтын мәселелерге шолу, нарық жағдайы мен әлемдік даму тенденциясын ескере отырып, жетілдіру жүйесінің бағыттарын анықтау. Мақалада Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы үлкен эмпирикалық материал негізінде талданған, осы саладағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалған. Зерттеу барысында отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, ресми статистика деректеріндегі материалдар пайдаланылған. ҚР-ның 1996-2016 жж. кезеңдегі халықтың әл-ауқаты мен жай-күйі, еңбек нарығын сипаттайтын нақты қажетті көрсеткіштер талданып берілген. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша экономиканың қазіргі даму кезеңінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері анықталған, жұмыспен қамту саласындағы экономикалық мәселелерге талдау жасалған. Алынған қорытынды негізінде халықтың әл-ауқатына еңбек нарығының ішкі жағдайы ғана емес, сонымен қатар жаһандық экономикадағы жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, әлемдік экономиканың жағдайы, халықтың жаппай қартаю тенденциясының күшеюі сияқты сыртқы факторлар әсер ететінін көрсетті. Қорытындыда жүргізілген әлеуметтік саясат негізінде облыстағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдірудің басты бағыттары анықталған.
51-58 222
Аңдатпа
Мақалада ауылшаруашылық өнімді шығаруда тауарөндірушілерін мемлекеттік қолдау шараларын қолдау бойынша мәселе, өзектілік, теориялық-әдіснамалық тәсілдері қарастырылған. Ауылшаруашылық өндіруде инвестициялау қызметін белсендету АӨК кәсіпорындарын жаңғыртуға және техникалық қайта жабдықтауға мүмкіндік беріп, дүниежүзілік нарыққа бәсекелестікке қабілетті өнімді шығару арқылы отындық ауылшаруашылығын әлемдік кеңеістікке жағдай жасайды, нәтижесінде өндіру күштері көбейіп, ауыл тұрғындырын жұмыспен қамту деңгейі көтеріледі. Қазақстанның агроөнеркәсіптік өндіруін дамыту үшін инвестициялау рерустары тапшылығын жою мақсатында бүкіл ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерінің жұмылдыруы қажет. Мақалада экономиканың аргарлық секторын инвестициялаудың мемлекеттік қолдаудың талдауы жасалған (жалпы қаржыландыру көлеміндегі инвестициялардың (2011-2015 жж. жалпы қаржыландыру көлеміндегі инвестициялардың үлестік салмағы), Қазақстанның 2017-2021 жж. Агроөнеркәсіптік өндіруін дамытуына инвестицияларды талап ету қажеттілігінің болжамдық көлемі көрсетілген. Мақалада кәсіпорындарды өздігінен қаржыландыру үшін жағдай жасау арқылы агроөнеркәсіптік өндіруге инвестициялар ағымын толықтыру мүмкіндіктері қарастырылған; маңызды мемлекеттік мақсатталған бағдарламаларын бюджеттен қаржыландыру; субсидиялау механизмдерін трансформациялау есебінен инвестициялау шығындарын субсидиялауға арналған қаражат көлемі есептелді. Агралық секторға мемлекеттік инвестициялармен қатар шаруашылықтардың өзіндік инвестициялау қаражаттар үлесінің өсуі байқалады.
59-63 275
Аңдатпа
Қазіргі кезде аграрлық сектордағы дағдарыс өндіріс үдерістерін механизациялауға қатты әсер етуде. Мемлекет бүкіл ауылшаруашылығына жеткілікті көлемде қаржылық көмекті көрсете алмайтын жағдайда аграрлық өнеркәсіптік кешенді техникамен қамтамасыз етуді тұрақтандыру және одан әрі дамытудың маңызды мәселелерінің бірі бір мезетте ауылдық өнімнің уақтылы өндірушісі бола алатын, ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуде және өсіруде ауылдықтардың сенімді серіктесі бола алатын өндірістік-техникалық қызмет көрсету арқылы маркетингтік қызметтің дамуы болып табылады. Аграрлық сектордағы өзгерістер мен реформаларды іске асыру әдістерінің және нарықтық экономиканың даму бағыттарының жеткіліксіз негіздемесі бастапқы кезеңде отандық ауылшаруашылық өндірісін жүйелік дағдарысқа әкеп соқты. Бұл мақалада ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін Қазақстан Республикасының аграрлық саласындағы кәсіпкерлік ұйымдардың техникалық қамтамасыздандыру мәселелері зерттелген. Олар барлық өздерінің пайдасының үштен бір бөлігін және түгелдей амортизациялық ұстанымдарды негізгі капиталды толықтыруға жұмсаса да, техникалық жабдықталу деңгейлері төмендей береді. Сондықтан, ауылдықтарды техникамен қамтамасыз ету мәселесін шешудің бір жолы жаңа техниканы алу көмегіне негізделген өзара қатынас факторларының іс әрекеті арқылы ауылға қажетті техниканы сатып алудың жеңілдетілген жолына бағытталған жүйе құру болып табылады. Ол жүйе мемлекеттік қолдау шығындарының үлесін, ауылдық техниканы сатып алуға жұмсалатын компенсациялық төлемнің үлесін және техниканың ауылға қажетті түрлері бойынша компенсациялық төлемнің үлесін есепке алады.
64-68 265
Аңдатпа
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастарда экономиканың аграрлық секторының дамуы икемді экономикалық саясат жүргізуді талап етеді. Ал аймақтағы суармалы егіншілік пен суды тиімді пайдалануды кейінге қалдырмай оңтайлы шешімін табу керек. Осы мәселелерді шешуде экономикалық тетіктер маңызды рөл атқарады. Ғылыми негізделген, аталған мәселелерді шешу өзекті болып отыр, себебі болып жатқан ұйымдық-басқарушылық және құқықтық өзгерістерді анық жүргізуге суды және жерді пайдалануды, жаңартуды көздейтін алуан түрлілігі, шаруашылық жүргізу мен меншікті біршарушылықты нысандары. Бұл мәселелер суармалы жерлер мен су ресурстарының ауқымы мен тиімділігін пайдалануда әсер ететіні сөзсіз. Тұтастай алғанда, су шаруашылығы жүйесін басқару қағидалары мен елдің су шаруашылығы негіздерін барлық деңгейлерде қайта қарауды талап етеді. Бұл қиын және өте маңызды міндет су шаруашылығы өндірісі ерекшеліктерін ескере отырып, шешілуге тиіс. Сондықтан бұл мақала жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мәселелерін ашады және суармалы егін шаруашылығы аумағында табиғи-өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігін зерттеуге арналған. Суармалы егін шаруашылығының тұрақты мемлекеттік қолдау жүйесі мен ауылдық жерлерде әлеуметтік бағдарланған саясатты жүзеге асыруға баса назар аудару керек.
69-76 215
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы экономикалық дамудың негізі, ішкі және сыртқы саясатты жүргізу құралы болып табылатын күшті электр энергетикалық кешенге ие. Елдің әлемдік энергетикалық нарықтардағы рөлі негізінен оның геосаяси әсерін анықтайды. Өз кезегінде, энергетика секторы ұлттық экономиканың барлық салаларының өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының субъектілерін біріктіруге ықпал етеді, көбінде еліміздің негізгі қаржылық - экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады. Экономиканың энергетикалық секторының табиғи энергетикалық ресурстары, өндірістік, ғылыми-техникалық және кадр әлеуеті Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы болып табылады. Оның тиімді пайдалануы халықтың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін ел экономикасын орнықты даму жолына тарту үшін қажетті алғышарттар жасайды. Мақалада жүйелі көзқарас және экономикалық және қаржылық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, математикалық статистика әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелер баяндалған. Зерттеу объектісі қызметінің жан-жақты талдауына негізделген жоғарыдағы нәтижелер, сайып келгенде, энергетика саласындағы өндірістің көлемі мен қызметтерді іске асыруды арттыратын, ұсынылған инвестициялық жобаны іске асыру арқылы зерттеу нысанының қызметін жетілдіру қажеттілігін экономикалық негізделуін дәлелді қолдайды. Орындалған зерттеу жұмысының логикалық қорытындысы жобаны іске асыру нәтижесінде нақты анықталған макро деңгейдің оң факторлары болып табылады, жекелей алғанда: Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның болашақ клиенттерін НЭС желілеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік аймақтарын біріктіру және Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін арттыру қажеттілігі; назарға қосымша электр желілік құрылысты ескере отырып, Қытай Халық Республикасына келешекте қуат беру мүмкіндігі.
77-82 306
Аңдатпа
Еліміздің тоқыма өндірісін дамытудың тиімділігі оның шитті мақтаны өндірумен айналысатын шаруашылық субъектілер үшін де, мақта өңдеу кәсіпорындары үшін де аса пайдалы екендігімен айқындалады. Себебі, тоқыма өндірісі жүйесінде шитті мақтаны өндірушілер өз өнімін уақытылы және толық мөлшерде өткізуге, ал өңдеу кәсіпорындары өндірістік қуатын толық іске қосуға мүмкіндік алады. Демек, қазіргі дамыған нарықтық қатынастар кезеңінде отандық тоқыма кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық әлеуетін шектейтін елеулі тосқауылдар нәтижесі осындай көлемдегі ауқымды міндеттердің шешімін қамтамасыз ете алмауда. Бұл әрине, республиканың Оңтүстік Қазақстан облысындағы қаржылық дәрменсіз тоқыма кәсіпорындарын экономикалық тұрғыдан жетілдіру процестерін тежейді. Сондықтан бұл мақалада өндірістің жұмысынан жақсы экономикалық нәтиже алу үшін оның ауқымын кеңейтіп, кәсіпорындардың мақта-тоқыма саласына мамандануын тереңдету, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру, ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруге инвестиция тартудың басым бағыттарын анықтау мәселелері зерттеледі. Өйткені тоқыма өндірісін дамыту жекелеген компаниялар мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Отандық экономиканың тоқыма өнімдерінің импортына тәуелділігін жою шартымен «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағын іске асыру ондағы өнім сапасы мен түрлерін жақсарту есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кәсіпорындардың технологиялық артта қалу мәселесін түпкілікті шешуге, өндіріс шығындарын азайтуға, әлемдік экономикаға ену процесін жылдамдатуға елеулі мүмкіндік береді.
83-90 328
Аңдатпа
Бұл мақала электрондық сауданың жаһандық бизнес-платформасы, клиенттің адалдығын ынталандыру және бизнестен кірісті ұлғайту аясында тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ету мақсатында бейімделген маркетингтік стратегияны пайдалануға арналған. Интернетті дамыту сандық технологияның қазіргі дәуірінде электронды сауданың бизнесін айтарлықтай кеңейтті. Қазіргі уақытта электрондық сауда күнделікті бизнес-стратегияда, сондай-ақ жаһандық стратегияда маңызды құрал ретінде бизнестің ажырамас платформасына айналды. Сандық инновациялар елдердің тұрақты өркендеуіне бағытталған. Жаһандану үрдісі телекоммуникация мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында нығайып келеді, бұл көптеген компаниялар үшін электрондық сауданың жаһандық платформасында үлкен мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі уақытта тұтынушылар күнделікті өмірде ноутбук, планшет немесе ұялы телефонды қолдана ақпараттық және маркетингтік кампаниялардың шектен тыстығын сезінеді, ақырында алынған ақпарат сатып алушылардың мінез-құлқына әсер етеді. Интернет алаңында жиналған массивті деректер соңғы жылдары айтарлықтай өсті және белгілі бір маркетингтік стратегияларды құру, таңдау, бейімдеу және пайдалану мақсатында маркетологтерге құнды ақпарат береді. Демек, маркетологтар нақты маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету және электрондық сауда платформасы арқылы сұраныс пен ұсынысқа жауап реакциясының жылдамдауын дамыту мақсатында тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарына бейімделе, массивті деректермен жұмыс жасаудағы олардың тәжірибесіне негізделе өздерінің сандық маркетингтік стратегияларын жақсартулары керек.
91-94 371
Аңдатпа
Қазіргі жағдайда ұйым бюджеті тиімді жоспарлау элементі ғана емес, сонымен қатар қаржылық және экономикалық процестерді үйлестіру тәсілі болып табылады. Осыған байланысты салық салуды оңтайландырудың бюджеттік жүйеде қолданылуы шаруашылық жүргізуші субъектілерге салықтық ағындарды басқаруға құзіретті құқықтық және экономикалық құрылымды құруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында қолданыстағы салық заңнамасының шамадан тыс күрделілігіне байланысты проблемаларды анықтау. Осыған байланысты салық кодексін жеңілдету туралы мәселе бар. Жүргізілген зерттеулердің мақсатына қол жеткізу салық заңнамасының механизмі жұмыс істеуінің қолданыстағы ғылыми және қолданбалы мәселелерін, сондай-ақ оның элементтерін экономикалық субъектінің ішкі және сыртқы ортадағы өзара әрекеттесуін зерттеу арқылы қол жеткізіледі. Мақалада Салық кодексінің 20 жылдан астам көлеміне салыстырмалы талдау жүргізіледі, атап айтқанда, сөздер, беттер мен мақалалар саны. Талдау нәтижелері бойынша салық заңнамасын кодификациялау 2001 жылдан бастап ҚР Салық кодексінің көлемі 3 еседен астамға өскендігі анықталды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігінің төмендеуі байқалады, содан кейін 2016 жылы жұмыс істейтін субъектілер саны 104 мыңға немесе 8%-ға азайды. Бұл, жүктеменің өсуіне әкеп соқты. Жаңа Салық кодексін әзірлеу - бұл өте қиын процесс және көптеген факторларды ескеруді талап етеді, бірақ, ең алдымен, адал салық төлеушілердің мүдделерін ескеруі тиіс. Маңызды басымдықтар: идеологияны өзгерту, ынталандыруды енгізу және әкімшіліктендіруді жеңілдету.
95-101 255
Аңдатпа
Зерттеу мақсаты - қор нарығындағы барлық қатынасушылардың қызметтерiн және олармен осы әрекетке байланысты қоғаммен өкiлеттiк берiлген ұйымдар тарапынан жүйеленген операцияларды тәртіпке келтіру. Қор нарығының даму деңгейiнде бағалы қағаздар нарығын реттеу үшiн мемлекеттiң ресурстары жеткiлiксiздігі айқындалады. Заманауи нарықтық экономикада қор нарығы үй шаруашылықтарының жинақтары мен қорланымдарын тартуға және инвестицияларға трансформациялауға бағытталған. Әр алуан халық топтарына есептелген табыстылығы әртүрлі қор нарығының құралдары болашақ инвесторлардың қаржы салуды таңдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сырттан қарызданудың баламасы - қаржы ресурстарын іштен қарызға алу. Қаржы ресурстарын іштен қарызға алу көздерінің бірі халықтың жинақ ақшалары болып табылады. Экономикалық өсудің факторы болу үшін жинақ ақшалар инвестицияларға өзгертілуі тиіс. Жинақ ақшалардың инвестицияларға өзгертілуі қор нарығының құралдарымен жүзеге асырылады. Халықтың жинақтаулары мен қорланымдарын қор нарығына тарту тек инвестициялық емес, сондай-ақ, әлеуметтік бағытталғандықты да көрсетеді. Үй шаруашылық мүшелері өз жинақтары мен қорланымдарын қор нарығының құралдарына сала отырып, қосымша табыс көзіне, меншік құқығына (акцияларға иелік еткен кезде), яғни меншік иесі (акционер) мәртебесіне ие болады. Осылайша, қоғамдық даму тұрғысынан қор нарығы қоғамның әлеуметтік базасын кеңейтеді, орта тапты қалыптастырады.
102-108 913
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан аймақтарының жергілікті бюджеттеріне салықтардың түсу сұрақтары қарастырылған. Ғылыми мақала тақырыбының маңыздылығы зор, өйткені салық органдарының жүргізіп отырған барлық іс-шаралар бюджетті салықтар мен міндетті төлемдермен толық және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған. Статистикалық мәліметтер негізінде ҚР бюджетіндегі салық түсімдерінің динамикасы талданған. ҚР аймақтарының бюджетін қалыптастырудағы жергілікті салықтардың ролі анықталған. Жеке тұлғалардың табыстары бойынша декларация тапсыру, жергілікті бюджет тапшылығы сұрақтары қарастырылған. Фискалдық федерализм теориясына ерекше көңіл бөлінген. Жергілікті бюджетті толтырудың халықаралық тәжірибесі көрсетілген. Ұлттық табысты бюджет арқылы бөлудің қазақстандық және түркия тәжірибесі қарастырылған. Ақтөбе облысы бюджетінің орындалуына талдау жүргізілген. Жүргізілген зерттеулер негізінде жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, республикалық бюджет арқылы қайта бөлу мәселелері анықталған. Автор аймақтың экономикалық өсу сапасы мен мүмкіндіктеріне салықтық түсімдер денгейі мен салық әлеуеті әсер етеді деп қорытынды жасаған. Автор барлық денгейдегі бюджеттерді қалыптастыруда бюджеттің табыс бөлімін ғылыми жобалау негізін, аймақтың экономикалық даму денгейі мен құрылымын ескере отырып, салық әлеуеті көрсеткіші негізінде жергілікті бюджеттің табыс бөлімін жобалау әдістемесін құруды ұсынған. Мақаланы дайындау барысында автор Қазақстан халқына арнаған мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген салық саясатын дамыту сұрақтарына көңіл бөлінген, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері пайдаланған.
Табыстылық пен тәуекел тұрғысынан ұтымды шартталған мінез-құлықтық тиімді қоржындар нәтижесін талдау
109-116 248
Аңдатпа
Мінез-құлықтық қоржын теориясы - бұл сынақ арқылы алынған мәліметтер негізінде тәуекел жағдайында шешім қабылдау кезіндегі ойыншылар мен инвесторлардың мінез-құлқын түсіндіре алатын ең үздік теория. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың көпшілігі мүмкіндігі жеткіліксіз тәуекелдің балама үлгісінде емес, нақты мүмкіндікті білген жағдайда ғана тәуекелді өз мойнына алады. Яғни, олар әрқашан белгілі ықтималдылық төмен болған жағдайда да ұтыстың белгісіз ықтималдылығынан гөрі жеңістің белгілі ықтималдылығын таңдайды, ал белгісіз ықтималдылық жеңістің кепілі болады. Басқаша айтқанда, тәуекелдің бұл таңдауында (мәселен, мөлшерлеме) адамдар тәуекелді қабылдауда мүмкіндік қиын немесе оны анықтау мүмкін емес жағдайдан гөрі «өздері білетін әзәзілді қалайды». Жаңа заманның жаһандық қаржылық дағдарысы жекелеген нарықтық құралдардың жеткіліксіздігін және оларды инвестициялық шешімдер үшін қолданудың шектеулігін көрсетті. Бұл инвесторлардың нақты тәуекелдерді бағалауға менсінбей қарауымен түсіндіріледі. Себебі олар көбінесе өздерінің жеке түйсігіне бағынады. Инвестициялық тәжірибеде еленбеген тәуекел - бұл неғұрлым кең тараған құбылыс, бірақ инвестор өзінің инвестициялық шешімдерін негіздеу үшін сенімді математикалық құралдарды қажет етеді.
2 ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕEHT 
117-121 360
Аңдатпа
Спорттық туризммен айналысқанда бастапқыдан спортшылардың жарақат алып қалу қаупі бар. Спорттық туризмдегі жарыстар мен жорықтардың ұйымдастырушылары, жетекшілер мен жаттықтырушылар спортшылардың өмірі мен денсаулығына жауапты. Сондықтан, турист-спортшыларға арналған сақтандыру шартын жасау - бұл бүкіл әлем бойынша стандартты талап. Алайда, қазіргі Қазақстандағы спорттық жорыққа қатысушыларды сақтандыру тәжірибесі жағымды мысалдарға қарағанда, көптеген мәселелер тудырады. Бұл әсіресе әлемнің таулы аймақтарында күрделі спорттық жорықтарға қатысты. Авторлар, сонымен қатар сақтандыру компанияларының қызметкерлері спорттық науқандарды күрделілігі бойынша нашар саралайды, сондықтан жорық қатысушыларының тәуекел деңгейін түсінбейді, мысалы бірінші немесе алтыншы санаттағы. Жеке таулы және шөлді аудандардағы күрделі жорықтардың қатысушылары үшін сақтандыру жағдайы болған жағдайда сақтандыру шартының толық орындалуын түсінбейді. Мақалада «Тұран» университетінің туризм ҒЗИ аға командасының қатысушылары Орталық Памирдегі күрделілігі бойынша алтыншы санаттағы күрделі жорықтардың біріндегі сақтандыру мәселерінің зерттеу нәтижелерін талдады. Бұл талдау команда қатысушыларының біреуінің жарақат алып қалып, оны емдеудің барлық технологиясы және алыс таулы аймақтан тікұшақпен эвакуациялау фактісіне негізделген. Авторлар әзірлеген ұсынымдар кешенді спорттық сапарларда сақтандыру өнімін пайдалану мәселелерін шешуге көмектеседі.
122-129 250
Аңдатпа
Қазақстанның альпинизм және туризм тарихында бірқатар «жыртылған парақтар» бар. Біздің ойымызша, Қазақстанның альпинизм және туризм тарихындағы «ақ дақтар» кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы туризм мен альпинизмнің тарихи өткеніне қатысты ешқандай терең зерттеулер болмағанымен түсіндіріледі. Қазақстанда биік таулы спорт 1930 ж. пайда болды, сондықтан Қазақстан альпинизмінің жетістіктерінің тарихи кезеңі осы кезеңнен бастап жүзеге асырылады. Алайда қазіргі зерттеушілер Қазақстандағы алғашқы альпинистер туралы революция алдындағы кезеңде, XX ғ. 20 жылдарында да көптеген бірегей материалдарды тапты. ХIХ ғ. аяғында Қазақстандағы алғашқы тауға шығушылар мен тау шыңынбағындырушылар жайлы А.Г. Лухтановтың бірқатар қызықты жарияланымдары бар. Өткен ғасырдың 20-30 жж. Солтүстік Тянь-Шаньның таулы асулары мен шыңдарын бағындыруға талпынған энтуазистер туралы ақпараттар өте жеткіліксіз және дерлік әртүрлі дереккөздерде бірін-бірі қайталайды. Тұлға, тауларды игерудегі қызметіне заң бойынша кеңестік Қазақстандағы бірінші тау туристі және альпинисті деп атауға болатын Григорий Иванович Белоглазов, тиісті бағасын ала алмағаны өкінішті. Сондықтан, осы басылымның мақсаты - жиналып, алғаш рет жарияланған материалдар негізінде кеңес кезеңінің 20-30 жж. қазақстандық тау бағындырушылардың арасында кім алғашқылардың бірі болғандығын көрсетуге тырысу.
130-135 261
Аңдатпа
Мақала туризм саласындағы және республиканың әлеуметтік-эконмикалық дамуының сапалы жаңа басқару әдістерін талдаудағы Қазақстанда қалыптасқан стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік реттеу арасындағы қайшылықты әділ шешуге арналған. Зерттеу мақсаты республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа сапалы басқару әдістеріне өту кезеңіндегі қазақстандық туризм индустриясының жаңа стратегиялық басым бағыттарын анықтау болып табылады. Соңғы онжылдықта туризм индустриясы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік басқару саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің күшеюімен бір мезгілде «байқап көру және қателер» әдісі арқылы дамыды. Қазақстан туризм индустриясының қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, қаңағаттанарлықсыз жағдайының себептері анықталған. Саланың қазіргі жағдайын өзгерту үшін жаңа басым бағыттарға көшу керектігі көрсетілді; зерттеу нәтижелері бұл басымдықтарды негіздеуге мүмкіндік берді. Осы зерттеудің даму басымдықтары туралы авторлық көзқарас қалыптастырылды: ауылдық туризм саласында орта кәсіпорындардың өндіру-өткізу тізбектеріндегі Қазақстанда аймақтық шағын кәсіпкерлік желілерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу.
136-140 323
Аңдатпа
Туризм үдерісі үш негізгі кезеңнен тұрады: белгіленген жерге бару, белгіленген жерде тұру және туристердің өз туған жеріне қайтып баруы. Осылайша, туризмнің үш кезеңінің екеуі туристік компонентті қамтиды. Туризм индустриясы дамуының және гүлденуінің маңызды компонеттерінің бірі - туристік қызмет көрсету. Шет елдік әдебиетте көлік жүйесі 5 «А» туризмнің (accessibility, attraction, accommodation, awareness, amenities) біреуіне жатады, бұл факторлар туризмнің табысты дамуына негізгі талаптарын ұсынады. Туристік дестинацияның қолжетімділігін қамтамасыз етпей тұтас алғанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру мүмкін емес. Бұл факт қарастырылып жатқан тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Туризмнің көлік инфрақұрылымы басқару саласының объектісі болып саналады. Бұл мақалада туризм көлік инфрақұрылым тұжырымдамасының мәні анықталды, оның ұғымының анықтамасы берілген, оны жіктеудің негізгі критерийлері, сондай-ақ туризм көлік инфрақұрылымдағы қазіргі жағдайды жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді. Автор сараптама әдісін қолдану арқылы Қазақстан Республикасының астанасында туризм көлік инфрақұрылымын талдауға тырысты. Туризм саласына барлығы 28 мамандар сауалнамаға қатысты. Осы сауалнаманың негізгі нәтижелері авторға туризм көлік инфрақұрылымындағы ахуалды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берді.
141-147 2982
Аңдатпа
Қазіргі әлемде туризм - ең елеулі экономикалық және әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың бірі, бұл көп ғасырлық тарихы бар қарқымды индустрияны және тұлға күшінің жаңаруы мен қалпына келтіруі байқалатын адам өмірінің аса бай рекреациялық саласын үйлесімді байланыстыратын ең ауқымды экономикалық және әлеуметтік-қоғамдық феномендердің бірі болып табылады. Мақала Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер туризмін зерттеуге арналған. Қоршаған ортаны және туризм құралдарын тану мақсатында өсіп келе жатқан ұрпақтың, ата-аналардың және педагогикалық қоғамдастықтың жаппай қозғалысы болып табылатын балалар-жасөспірімдер туризмінің жағдайы мен болашағын зерттеуінің нәтижесі келтірілген. Қазақстандағы туристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім берудің балалар мекемелерінің мемлекеттік желісі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында құрыла бастағаны анықталды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде туристік-өлкетану жұмысы қалыптасып, қызмет атқаруда. Оның дамуы туристік-өлкетану қоршаған ортаны танудың тиімді құралы ретінде қолданудың орындылығын дәлелдеді. Жұмыстың дамуы мен мазмұны қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталуы керек деп санаймыз. Туризмді және өлкетануды қалыптастыру және дамыту арқылы білім алушыларға психологиялық және моральдық, физикалық көмек көрсету, туристік ептілікті арттыруға атсалысу, сауықтыру еңбегін өздігінше ұйымдастырып, алынған дағдыларды өмір қиындықтарын жеңу үшін қажет.
148-152 681
Аңдатпа
Нарықтағы жағдайдың өзгеруіне орай ұрпақ теориясының негізінде әр ұрпаққа тән тәртіп сипаттамасы анықталған: «беби бум» ұрпағы 54 жастан жоғары, X ұрпағы - 35-54 жас аралығы, ерте және кеш Y «миллениалдар» ұрпағы - 18-34 жас, Z ұрпағы - 18 жастан кіші. Талдауда көрсетілгендей, тұтынушылардың мінез-құлықтық сипаттамалары мен мінез-құлық дәлдемелері бір-бірінен айрықша және өзіндік ерекшеліктері бар. «Беби бум» ұрпағының мінез-құлқын бағалау классикалық демалу, жағажай және мәдени-танымдық экскурсия турларды қалайтынын көрсетеді. Оларға визуалды аспектілер мен демалыстың ұжымдық формалары маңызды. Х ұрпағы ойын-сауық, жағажай және спорттық туризм түрлерін қалайды, оларға демалудың отбасылық түрлерін және танымал бағыттарға бару және жеңілдік алу маңызды. Y ұрпағы - «миллениалдар» Интернет-ресурстардың көмегімен өздері саяхаттарын таңдап, турларды рәсімдейді. Демалысты жайлы, ыңғайлы және тартымды етуге мүмкіндік беретін әртүрлі қосымшалардың болуы маңызды. Талдау туристік өнімдер мен экскурсиялардың түрлерін және формаларын дамыту үшін өз нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік береді. Туроператорлар мен турагенттер әр ұрпақтың қажеттіліктерін және уәждемелерін ескере отырып, қандай мінез-құлықтық ерекшеліктері бар екенін түсінеді. Ұрпақ теориясы туристік фирмалардың туризмді ұйымдастыру мен құрамдауда қажетті траекторияны көрсетеді.
153-158 747
Аңдатпа
Мақала әлемдік ғылыми қоғамдастықта танылған ғалым-тарихшылардың, филологтардың және мәдениеттанушылардың тарихи деректерін ұсынады, бұл ақпараттың қазіргі Қазақстанның тарихнамасын қалыптасуында білімнің сенімді көзі болып табылатынын куәландырады. Ішкі туризм халықтың символдық мұрасына негізделуі керек. Халықтың ауызекі аңыздары қазақ халқының өткен тарихының объективті көрінісін құру үшін сенімді ақпарат көзі бола алады. Кез-келген этнос тарихының тұжырымдамасында ұлттың, тайпаның, тіпті жеке адамның өмір тәжірибесі сақталып қалған, олардың құндылықтары мен мақсаттары, моральдық-этикалық нормалары көрініс тапқан. Осы тұрғыдан алғанда, жылнама, хроника, сондай-ақ ауызша қазақ тіліндегі хроникалар этникалық тарихтың сарқылмас қазынасы болып табылады. Қазақстанда өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап мифтік шығармалардың тарихнамасында осы күнге дейін бас кейіпкер болып табылатын қазақ батырларының өміріне, қызметіне және жауынгерлік ерлігіне үлкен қызығушылық тудыруда. Авторлар жазбаша және далалық ауызша ақпараттың негізінде ұмытылып бара жатқан қазақ халқының ұлы бабаларының есімдерін халықтың есінде қалдыруды, Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде көптеген киелі орындарды анықтауды ұсынды. Мұның бәрі қазақ халқының өткен тарихының толығырақ және объективті көрінісін қайта құруға, ең алдымен, өсіп келе жатқан ұрпақты қазақ батырларының өміріне, қызметіне және жауынгерлік ерліктеріне қоғамның қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, ал Қазақстан өңірлері қазақстандықтар үшін, сондай-ақ шет елдік туристер үшін тартымды туристік орындарға айналады.
3 ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 
159-164 302
Аңдатпа
Корпоративтік басқару мен технологиялық басқару тұжырымдамаларының қарқынды дамуы - соңғы жылдардың ерекше сипаты. Әсіресе, стратегиялық басқару мәселесіне басты назар аударылуда. Ірі және орташа компаниялардың қызметтеріне жүргізілген талдаулар стратегиялық менеджментсіз іс-әрекет жасау, тәуекел етуге бел буу екендігін көрсетті. Осы бағыттағы зерттеулер жаңа парадигмдерге, тұжырымдамалар мен құралдардың пайда болуына алып келеді. Дәл қазіргі мезгілде көптеген компаниялар өздерінің стратегиялық мақсаттарына жету үшін компанияны басқарудың нәтижелі тәсілдерін пайдалануға ұмтылуда. Мақалада белгілі бір ретпен жасалынған, іс жүзінде қолданыс тапқан, компания әрекеттерінің нәтижелілігін бағалайтын әртүрлі жүйелер, модельдер мен тәсілдер қарастырылады және олардың айырмашылықтары мен кемшіліктері атап көрсетіледі. Осы тұжырымдамалардың ішіндегі ең тиімді, жаңашыл моделі көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесі болып табылатындығы көрсетіледі. Бұл модельдің стратегиялық бақылау мен басқару жүйесін айқындайтыны және іс-әрекеттер мен стратегияның көрсеткіштердің толық жиынына көшетіні дәлелденіледі. Қазіргі кезеңде тиімді қаржылық басқару компанияда тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды алу үшін жеткіліксіз болады. Нақты стратегияның болуы, бизнес-процесстердің нақтылығы, мотивация жүйесінің тиімділігі, клиенттердің көңілінен шығу мәселелері компанияның нарықта алатын орнының тұрақты болуына және оның болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.
165-170 255
Аңдатпа
Экономикалық дамудың негізгі компоненттерінің бірі экономиканың нақты секторының өндірістік қызметі болып табылады. Қазіргі таңда инновациялық сипаттағы өндіріс белсенділігі экономика дамуының маңызды факторы болып есептеледі. Осы аталған мәселеде өндіріс деңгейі шешуші рөл атқарады. Әсіресе, дамыған елдер қоғамдастығының белді мүшесі ретінде әлемдік нарыққа отандық экономиканың интеграциялану қажеттілігі жағдайында оның маңыздылығы күшейе түсуде. Өндірістік саясат тек қана жалпы шаруашылық жағдай тудырып қана қоймай, арнайы мемлекеттік шешімдер мен шаралар арқылы кәсіпорындар мен топтарға, сонымен қатар сала және экономикалық өмірге әсер ететін шаралар жиынтығын білдіреді. Сол себепті, мақалада «өндірістік саясат» ұғымының теориялық аспектілері ашылып, оның субъекттері мен объекттері, түрлері және модельдері қарастырылған. Аталмыш салада шетелдік тәжірибе де зерттеліп, оның Қазақтанда жүзеге асырылу тиімділігі қарастырылды. Елдегі өнеркәсіптің инновациялық дамуына назар аударылған. Бұл мақалада құрылымдық саясаттың механизмдері мен құралдары зерделенген. Мақала авторлары белгілі бір кезеңдерде мемлекеттің тікелей реттеуінде болған өнеркәсіптік саясаттың даму заңдылықтарын көрсеткен. Қаржылық көрсеткіштерге бағдарланған өнеркәсіптің даму ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Өнеркәсіптік саясаттың сыныптамалық сипаттамалары мен заманауи модельдері қарастырылған. Европалық комиссия сыныптамасын ескере отырып өнеркәсіптік саясаттың негізгі мәселелері анықталған.
171-174 238
Аңдатпа
Мақалада авторлармен нақты аймақ мысалында аймақтық инновациялық жобаларды басқарудағы жобалық басқару құралдарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Аймақтардың дамуының қазіргі парадигмасы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, инфрақұрылымдық, инновациялық сияқты жобаларды іске асыруды көздейді. Аймақтық инновациялық жобаларды жүзеге асыру үлкен дәрежедегі тәуекел және белгісіздікпен байланысты. Инновациялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкер үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздестіреді, сыртқы ортаға бағдарланады және перспективалы идеяларды бағалайды. Сондықтан, инновациялық жобаларды тиімді және сауатты іске асыру үшін ерекше басқару технологиясы қажет. Жобаларды басқарудың заманауи технологиясы жобаларды басқаруға бағытталған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді, мүдделі тараптарды зерттеуді және өзгерістерді басқаруды қамтиды. Барлық осы функцияларды жобалық менеджментті пайдалану кезінде орындауға болады. Бұл үшін аймақта «Жобалық офис» құру және оны қазіргі өңірлік инновациялық инфрақұрылымға енгізу ұсынылып отыр. «Жобалық офис» жергілікті басқару органдарымен байланыса отырып, инновациялық процеске қатысушылардың бірігуі есебінен, жобаларды тиімді іске асыру процесін қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл аймақтағы жергілікті билікке қазіргі уақыттағы өңірлерді дамыту үшін ең басым жобаларға назар аударуға мүмкіндік береді. Жобалық менеджменттың дамуы, сайып келгенде аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағдай жасайды.
175-178 399
Аңдатпа
Мақалада инновациялық басқару құралдарының бірі - краудсорсинг қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі нарықтың ағымдағы жай-күйі мен компаниялардың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты. Бүгінгі таңда компанияның басым көпшілігі бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті және тұрақтылықты арттыру болып табылады. Краудсорсинг - жақсару ушін кілттердің бірі, қазіргі уақытта мемлекет, жеке меншік бизнес және жалпы қоғам алдында тұрған проблемалар мен міндеттерді шешу құралы ретінде белсенді түрде дамып келе жатыр. Краудсорсинг басқару құралы ретінде, негізгі жұмыс кең ауқымды адамдар жүзеге асыратын функционалдық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Краудсорсинг жобасы кейбір делегаттар кездейсоқ қатысушыларға - бір-біріне таныс емес адамдардан тұратын және өз кезегінде маңызды тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін технологияларды пайдалануды қамтиды. Белгілі сарапшылардың бағалауы бойынша, краудсорсинг технологиясы уақыт өте келе барлық бизнес салаларда қолданылатын болады, себебі мәселелер мен міндеттерді шешуде, сондай-ақ түрлі жобаларды дамытуда инновация мен экономикалық тиімділікті өзіне үйлестіреді. Мақалада инновациялық жобаларды іске асыру және дамыту тәсілі ретінде краудсорсинг технологиясының бірегей мүмкіндіктері ұсынылды, краудсурсингтің анықтамасы, пайдалану стратегиясының түрлері, жоба қатысушылары анықталды, жобаны кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылды, шетелдік және отандық краудсорсинг-жобаларының мысалдары келтірілген. Зерттеу нәтижесінде краудсорсинг құралдарын пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Мақалада осы әдісті жобаларға қолдану жөнінде ұсыныстар берілген.
179-183 215
Аңдатпа
Өндірістің постиндустриалдық технологиялық тәсілдің XXI ғ. бірінші жартысында қалыптасуы, ғаламдық инновациялық және технологиялық кеңістікті қалыптастыру аясында алтыншы технологиялық тәртіпте қалыптастыру және тарату Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және дамудың тауарлық бағдарын тоқтату негізінде елдің тұрақты динамикалық дамуына қол жеткізуге бағытталған қазіргі заманғы мемлекеттік экономикалық саясатты анықтады. Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық саясаттың негізгі бағыты өндіріс пен қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді құру болып табылады. Тауар позициясы - бұл өнімнің бәсекелестің ұқсас өнімімен салыстырғанда тұтынушының санасында алатын орны. Бұл тұтынушылар арасында қалыптасатын әсер мен сезімнің тұтас жиынтығынан тұратын күрделі процесс. Жайғастыру - бұл тұтынушының белгілі бір өнімді ең маңызды сипаттамаларына сәйкес анықтайтын тәсілі. Мақаланың мақсаты - қазақстандық нарықтағы инновациялық өнімдердің орналасу ерекшеліктерін анықтау. Қазақстандық ғалымдар үшін ғылыми зерттеулердің салыстырмалы жаңа саласы инновациялық өнімдерді сату болып табылады. Әлемдік тәжірибеде инновацияларды жайғастыру мен ілгерілетудің қолданыстағы технологияларын зерттеу, жоғары технологиялық нарықтарда тиімді маркетинг құралы ретінде өзінің жайғастыру стратегиясын әзірлеу үшін аса өзекті болып табылады.
184-189 254
Аңдатпа
Мақалада ауыл шаруашылығы дамуының мемлекеттік жоспарлау мәселелері қарастырылған. Нарық жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметі, жоспарлаудың рөлі мен орны өз қызметін басқаруда айтарлықтай өзгерді. Нарық шарттарының қызмет етуінің ерекшеліктеріне байланысты экономиканы басқару, жоспарлаудың орны мен рөлін қайта қарау қажеттілігі туындайды. Жоспарлау - бұл өзгермелі жағдайлардағы іс-әрекеттердің түрлі нұсқаларын мақсатты түрде салыстырмалы бағалау арқылы кәсіпорын қызметкерлерінің міндеттері, құралдары мен әрекеттері туралы шешімдерді дайындау процесі болып табылады. Кәсіпорын қызметі әрдайым ресурстарды пайдаланумен байланысты, сондықтан жоспар ол - жоспарлаудың объектісі ретінде кәсіпорын ресурстарын қолданудың белгілі бір жолы деп қарастыруға болады. Мақалада ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына талдау жасалған. Атап айтқанда, көрсеткіштерді айқындауға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші, екінші және үшінші деңгейлерінің құжаттары, индикаторлар көрсеткіштерінің қазіргі уақыттағы дамудың деңгейіне сәйкестігі қарастырылған. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына талдау жүргізілді. Өткізілген талдаудың нәтижелері бойынша мәселелер айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.
190-196 207
Аңдатпа
Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық төңкеріс, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық және әлемдік тұрақсызданудың жаңа қаупі сияқты ХХІ ғасырдың түйінді үнқатулары елді әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның ішінде елдің көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қойылатын жаңа талаптарды айқындап береді. Көлік инфрақұрылымы нарықтың немесе нарық шаруашылығы инфрақұрылымдарының элементі және құраушы бөлігі болып табылады, егер ол болмаса негізгі өндіріс және өндірістік емес салалардың бөлімдері мен салаларының ғана қызмет көрсетуі емес, сонымен қатар нарықтың сан қилы түрлерінің (тауарлық, шикізаттық, еңбек және басқалары) қызмет етуі мүмкін емес, өйткені әртүрлі нарықтарды құру және дамыту олардың даму деңгейімен және көліктің инфрақұрылымымен қамсыздандырылуымен тікелей байланысты. Логистикалық инфрақұрылым туралы айтқанымызда, ең алдымен жүкті ауыстырып тиейтін және қоймалық құрал-жабдықтардың көліктік құралдарын тиімді қолдану негізінде құрылған барлық бөлімдердегі кешендік инженерлік-экономикалық жүйе, сонымен қатар ол жүкті жөнелтушіден жүкті алушыға дейін жүкті жедел, сақтап жеткізудің максималды мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттар технологиясы еске түседі. Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттіліктерін негізге ала отырып, қозғалысты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа теміржол желілерін салуға және қолданыстағы желіні жаңғыртуға (жөндеуге) бағытталатын болады.
197-201 532
Аңдатпа
Мақалада ақпараттық технологиялардың трансформациясы мен цифрлық даму ұлттық стратегиясын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі туралы сұрақтар зерттелді. Цифрландырудағы Қазақстан мен Ресейдің орны анықталған 2017 ж. көптеп таралған халықаралық рейтингтер мен индекстер зерттелді. Кейбір индекстерде қазақстандық жайғасымның озғаны анықталса, ал кейбір рейтингтерде оның индекстелмегені байқалды. Цифрландыру бойынша «Цифрлық Қазақстан» және «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларына талдау жүргізілді. Бағдарламалардың мақсаттық көрсеткіштерінне салыстырмалы талдау жүргізіліп, халықтың цифрлық сауаттылығы бойынша көрсеткіште жалғыз толық ұқсастық табылды, сонымен қатар көрсеткішке қол жеткізу нәтижелерінің проценттік қатынасында едәуір айырмашылықтар анықталды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы экономиканың негізгі бағыттарындағы еңбек өндірісінің өсуіне бағытталған болса, «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» бағдарламасы отандық компаниялар мен өндірістің цифрлық экономика саласының халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық деңгейіне шығу үшін көзделген. Қазіргі кезде екі ел де мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін озық цифрлық технологиялырды енгізуді мақсат тұтуда. Қазақстан мен Ресей өзара цифрландыру облысында тәжірибе алмасу қажеттігі туралы авторлар кеңес берді.
4 БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 
202-207 594
Аңдатпа
Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасында жоғары білім, ішкі, сондай-ақ сыртқы факторлармен байланысты қалыптастыру және реформалау кезең-кезеңмен жүйелеу процесі арқылы жүріп жатыр. Ішкі себептер ұлттық білім берудің жұмыс істеуі мен дамуының нарықтық жағдайларына бейімделумен, ал сыртқы - халықаралық стандарттарға сәйкес әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуімен байланысты. Жоғарғы оқу орындарының жүйесін сипаттайтын көрсеткіштерді экономикалық және статистикалық талдау, мысалы, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны; Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны, жоғары оқу орындарының түлектерінің саны қазақстандық білімнің қазіргі жағдайы заманауи проблемаларға терең өзгерістер мен шешімдерді талап ететіндігін көрсетті. Олардың барлығы қаржыландырудың ұлғаюына, профессорлар-оқытушылар құрамның жалақысын көтеруге, профессорлар-оқытушылар құрамының имиджін арттыруға, университеттің интеллектуалды, инновациялық, экономикалық әлеуетін және басқа да мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану үшін қолайлы жағдай жасаумен байланысты. Жоғары білім беру жүйесін жетілдіру - интеллектуалды капиталдың дамуы, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаумен тікелей байланысты, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің үздік 30 еліне көшу жағдайында жеделдетілген әртараптандыру үшін жоғары оқу орындарының ғылыми қызметінің көрсеткіштерін жүзеге асыру және оның тиімді үлесі ел экономикасын дамыту жөніндегі іс-шаралар.
214-220 275
Аңдатпа
Мақалада отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің мәселелері қарастырылады. Отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болу себептері айқындалған және оны жоғарылатудың жолдары көрсетілген. Жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың объектілері мен субъектілерінің сипаттамасына ерекше назар аударылған. Мақалада Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы инновациялық қызмет туралы, оның қазіргі таңдағы жағдайы, ең басты өзекті мәселелері мен қазіргі таңдағы инновациялық қызметінің басты артықшылықтары мен ерекшеліктері сипатталған. Нарық сұранысы жылдан-жылға қарқынды дамып, оған деген талаптар артып отырғандықтан бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау еліміздің білім беру саласындағы басты міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының ЖОО-ның инновациялық қызметі қазіргі таңда ең бір өзекті қызметтердің бірі болып табылады. Еліміздің экономикасының дамуы мен әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мәселесі, еліміздегі мамандар дайындайтын ЖОО-ның қызметін жаң-жақты зерттеуді талап етеді. Бұл мақалада инновациялық қызмет қазіргі таңда қалай жүргізіліп жатқаны баяндалып, ЖОО-ларда білім берудің жаңа жүйесі енгізілді.
221-226 189
Аңдатпа
Білім беру жүйесінің негізгі сан көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын талдау - осы мақаланың мақсаты болып табылады. Мысалы, келесі көрсеткіштерге назар аударылған: жоо саны, студенттер саны, магистранттар саны, докторанттар саны, профессорлар-оқытушылар құрамының саны. Осы көрсеткіштердің динамикасы екі мерзімге бөлініп қарастырылады: 2011-ші ж. Болон жүйесіне көшуге дейін және көшуден кейін. жоо санын, студенттер және профессорлар-оқытушылар құрамының санын талдау 1991-2017 жж. аралығы бойынша жүргізілген. РhD докторанттар саны 2011 ж. және 2017 ж. аралығында қарастырылған. Талдау барысында қарастырылатын көрсеткіштердің өзгеру үрдістерінің ерекшелігін айқындайтын қорытындылар тұжырымдалған. Білім беру жүйесіндегі инновациялық түбегейлі өзгерістер бағаланатын көрсеткіштердің динамикасына бірталай әсер етуде. Әсіресе, докторанттар және магистранттар саны өзгеріске ұшырады, олардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Мақалада жоодан кейінгі білім алатындар санының өсу динамикасы жан-жақты зерттелуде. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан мемлекеттің инновациялық реформалары институттар, академиялар және университеттер санының өзгеруінде шешуші әсер етеді. Қазақстан Республикасындағы инновациялық түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде білім беру жүйесінің көрсеткіштерінің бағалануы тұжырымдалған.
227-232 223
Аңдатпа
Білім беру саласында туындап отырған қаржылық тапшылық жағдайында білім беру саласын қаржыландыру үрдістерін модернизациялау ерекшеліктеріне, соның ішінде мемлекет-жеке меншік әріптестігіне ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Сол себепті, бұл мәселелер ғылыми қоғам тұрғысынан зерттеуді және арнайы шешім табуды қажет етеді. Сәйкесінше, Еуропа елдерінің бұл саладағы тәжірибесін жете зерттеп, оны Қазақстан жағдайында қалай бейімдеуге болатынын тұжырымдап, пайдалану мәселесін ойластыру бірінші кезектегі мәселе қатарында. Зерттеу барысында мемлекет-жеке меншік әріптестігінің озық шетел тәжірибесі зерттеліп, білім беру саласын қаржыландыру мәселесі бойынша Францияның озық тәжірибесі талданды. Барлық еуропалық елдерде дерлік жоғары білім беру аясында әлеуметтік серіктестік орын алып, дуальдық оқыту негіздері қаланған. Оны, әсіресе, осы сфераны қаржыландыру мәселесінен айқын көруге болады. Еуропа мемлекеттері тек бастапқы білім беру мен жұмыссыздарды қайта оқытуды қаржыландырады. Ал, жоғары білім беру аясында «салық несиесі», «оқыту ваучерлері» секілді түрлі бағдарламалары қолданылады. Сонымен бірге, арнайы шәкірттік салықтың бар болуын атап өту керек. Қаражат министрліктерден қоғамдық қорларға, ұйымдарға аударылады. Сонымен бірге, қаржыландыратын тұлға, білім беретін тұлға және бітірушілерге біліктілілік беретін тұлғалар бір-бірінен бөлектенген. Бұл жоғары білім беру сапасын арттыруға септігін тигізетіні хақ. Яғни, әрбір студент, оқушы үшін бәсекелік күрес жүретінін көруге болады. Ал, бәсеке бар жерде білім беру қызметінің сапасы да артатыны сөзсіз.
233-239 227
Аңдатпа
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі» тарауына ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, білім беру саласындағы басымдықтарды айқындай отырып, жоғары оқу орындарының тек білім беру қызметімен ғана шектеліп қалмауына назар аударылды. Мақалада Қазақстан Республикасында Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу, олардың сандық сипаттамалары, салалық тақырыптық бағыттылығы және аймақтық құрылымы бойынша статистикалық мәліметтер жан-жақты талданылған. Философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін және біліктілікті беру арқылы мамандарды даярлауда жүйелік мәселелерді шешу қажеттілігі негізделген. Мысалы, философия докторы және бейіні бойынша докторларды даярлауды еліміздегі фундаментальдық және қолданбалы ғылымдардың дамуымен байланыстыру мәселесі. Докторанттар мен олардың жетекшілерін докторлық диссертация түріндегі біліктілік даярлау жұмыстарымен ғана шектемей, оларды жаңа білімге генерациялауға қалай жандандыру керек екендігіне көңіл аудару. Ғылым докторларын дайындау үдерісінің басты нәтижесі не? Докторанттар алған жаңа білімнің «өздерінде қалған зат» емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықтың иелігіне айналуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі жүйелі реформалардан өтті, ол еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әлемдік нарыққа шығуы және, тиісінше, адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігімен анықталды. Жиырма жылдан астам уақыттан бері жоғары білім берудің білім беру үлгісіне түбегейлі өзгерістер енгізілген және жаңа тұжырымдамалық тәсілдер («өмір бойы білім беру») қалыптастырылды.
240-245 359
Аңдатпа
Ұлыбритания ең ірі империя атағын жоғалта отырып, қазіргі әлемдік рейтингте үстем болып келе жатқан үлгі боларлық мемлекет болып табылады. Британ ұлтының бәсекеге қабілеттілігінде жоғары білім, әсіресе оның халықаралық өлшемі үлкен рөл атқарады. Жаңа нарықты игеру және отаршыл дәуірдегі халықаралық сауданы дамытуда тәжірибе жинақтап, британдық үкімет пен үкіметтік емес ұйымдар жоғары білім беру секторында тәжірибе мен дәстүрлерге сәтті ауысты. Шет елден келетін шет елдік студенттердің оқуға төлейтін төлемін есепке алмағанда, жыл сайын шетелде жұмыс істейтін кампустер, франшиза жайлы келісім шарттар, қос дипломдық бағдарламалар, консалтингтік қызметтер, баспа іс-шаралары, білім беру мақсаттары үшін құрал-жабдықтарды жеткізу, шетелдік студенттерге әртүрлі қызметтер ұсыну арқылы жыл сайын миллиардтаған фунт стерлинг табады. Ұлыбританияның жоғары оқу орындары 1999 ж. жарияланған Prime Minister Initiatives (премьер-министрдің бастамалары) арқасында интернационалдандыру саласындағы «академиялық капитализм» стратегиясын әзірлеуге серпін алды. Бұл бастамалар бастапқыда солтүстік америкалық, ал қазір азиялық университеттерден қысым көрген британ білім беру брендін және бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған. Мақалада Ұлыбританиядағы жоғары білім берудегі интернационализация стратегиясының ерекшеліктері ұлттық және институционалдық деңгейде қарастырылады, ол жоғары білім саласындағы халықаралық басқару парадигмасын құрайды.
246-251 208
Аңдатпа
Бүгінді таңда жоғары оқу орындарының орны, олардың сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделуімен анықталады. Сонымен қатар белсенді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен де белгіленеді. Бұған дәлел ретінде соңғы 10 жылдарда инновациялық дамуды және жоғары оқу орындардың әлеуетін басқару тақырыптарына арналған басқару әдебиеттерін қарастыруға болады. Осы орайда «әлеует», «кәсіпкерлік әлеует» түсінігін зерттеу маңызды. Бұл олардың сипаттамаларын «ЖОО-ның кәсіпкерлік әлеуеті» түсінігіне қатысты жинақтауға мүмкіндік берді. Жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің кәсіпкерлік әлеуеті оны инновациялық экономиканы біріктіру үшін пайдаланылатын ЖОО-ның қолда бар кәсіпкерлік ресурстары мен мүмкіндіктерінің шектеулі үйлесімділігінің негізінде құрастырылады деген пайым айтылды. Осы мақалада біз шет елдік авторлардың жарияланған еңбектеріне қысқаша шолу жасаймыз. Жалпы алғанда, ЖОО-ның кәсіпкерлік әлеуетінің бағалануы стратегиялық талдау жасау мен басқарудың қажетті кезеңі болып табылады. ЖОО-ның нарықтық мүмкіндіктерін дамыту проблемасына жаңа әдіс-тәсіл табуға, олардың оңтайлы түрде қалыптастырылған құрылымның басқаруы ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін оның стратегиялық әлеуеті болып табылатындығын дәлелдеуге мүмкіндік бере отырып, бұл көрсеткішті анықтау ЖОО-ны басқаруға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етеді. Ғалымдардың жариялымдарын талдай отырып, «университеттің кәсіпкерлік әлеуеті» түсінігі бойынша консенсунс жоқ екендігіне көз жеткіздік. Кәсіпкерлік әлеуетті бағалау бойынша әдістердің ішінде индикаторлар негізіндегі бағалау ең кең таралған әдісі болып анықталды. Сөздің түйініне келсек, университеттер өздерінің әлеуетін белгілі бір компоненттерге көңіл бөлу арқылы әр түрлі жолмен дамытуларына болатыны анықталды.
5 ПАМЯТИ УЧЕНИКА И ДРУГА 
ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)
ISSN 2959-1236 (Online)