Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

«Тұран» университетінің хабаршысы» – қазіргі заманғы экономикалық проблемалар, білім беру саласын, туризмді дамыту мәселелері, республиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру проблемаларының кең спектрі бойынша ғылыми мақалалар жариялайтын ғылыми журнал. Редакциялық алқа, рецензенттер және журнал авторлары ғылыми және жариялау этикасының жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады: журнал редакциясы мен авторларының өзара іс-қимылындағы ашықтық, журналға кіретін барлық мақалаларды тәуелсіз сарапшылардың немесе редакциялық алқа мүшелерінің міндетті түрде рецензиялауы, жарияланымдарға еркін қол жетімділік.

«Тұран» университетінің хабаршысы» журналы:

а) ғылыми-кәсіптік қоғамдастық ішінде белсенді және тиімді коммуникацияларды дамытуға, ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін ашық пікір алмасу және еркін пікір білдіру үшін алаң құруға бағытталған;

ә) ғылым мен практиканың жақындасуына, басқару қызметінде және әлеуметтік мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдануға мүмкіндіктер іздеуге ықпал етеді;

б) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық авторлардың нәтижелерін халықаралық кәсіби қоғамдастықта ілгерілетуге және таратуға ұмтылады.

Журнал ашық қол жетімді басылым болып табылады: барлық пайдаланушылар жарияланған материалдарды еркін әрі ақысыз оқи алады, жүктей алады, көшіре алады және оларға сілтеме жасай алады.

Ағымдағы шығарылым

№ 1 (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА

9-24 278
Аңдатпа

Соңғы онжылдықтарда көптеген елдер планетаның экожүйесін бір уақытта сақтауға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді басқарудың жаңа тұжырымдамаларын қалыптастыр уға кірісті, нәтижесінде айналмалы экономика (circular economy) моделі жасалды. Айналмалы модельге көшу стратегиялары Еуропалық Одақта, Қытайда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда мемлекеттік деңгейде қабылданды. Зерттеудің мақсаты айналмалы экономика қағидаттарының дамуына әсер ететін проблемалар мен факторларды ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділік деңгейін арттыру мақсатында айналмалы бизнес-модельдің тетігін қалыптастыру болып табылады. Кешенді экологиялық-экономикалық критерийлер бойынша кәсіпорынның бизнес-моделін трансформациялаудың неғұрлым орынды әдісін анықтау және кәсіпорынның айналмалы моделін дамытудың кешенді тетігін қалыптастыру тез арада шешуді талап ететін маңызды ғылыми-практикалық міндет болып табылады. Жүргізілген зерттеудің құндылығы болып ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының айналмалы модельге көшу тетіктерін әзірлеу және оның құндылық ағындарын ескере отырып, қозғалыстың бүкіл тізбегі шеңберінде оңтайлы айналмалы модельді қалыптастыру болып табылады. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы болып айналмалы экономика қағидаттарын ескере отырып, Қазақстандағы тұйық циклді экономиканы дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеутін республикалық және өңірлік билік органдары, сондай-ақ тұрақты даму мәселелері мен өндіріс қалдықтарын басқару проблемаларымен айналысатын агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялар саналады.

25-41 234
Аңдатпа

Қоршаған ортаға қамқорлық жасау тренді күннен күнге танымал болып келеді. Ғаламшар туралы мазасыздануымыз (қобалжуымыз, ойларымыз) көзқарасымызды өзгертуімізге (қайта қарауымызға) әкеледі. Тұтынушылардың өнімді саналы түрде тұтынулары жайындағы сұраныстарына жауап беру үшін бизнестің өз стратегиясын қайта қарауына тура келеді. Осы мақаладағы зерттеудің мақсаты – жасыл маркетингтің негізгі ұғымын, принциптерін, жүзеге асыру құралдарын және оны пайдалану талаптарын зерделеу. Зерттеу барысында авторлар келесі әдістерді қолданды: салыстырмалы талдау, қайталама деректерді талдау, сараптамалық сауалнамалар, жалпылау және топтастыру. Авторлар жасыл маркетинг құралдары мен пайдалану әдістеріне баса назар аударады. Фирманың барынша ашық және медиа кеңістікте белсенді болуы үшін цифрландыру жағдайында аталмыш құралдардың тиімділігін бағалау мақсатында негізгі көрсеткіштерді, сондай-ақ жарияландыру әдістерін ерекше бөліп көрсетеді. Авторлар өнімнің эко тазалығы жөнінде тұтынушыларды адастыру (шатастыру) мақсатында жалған эко таңбаларды қолдану, гринвошингті болдырмау үшін эко бренд туралы заңды қатаңдардыру мәселелеріне баса назар аударады. Қазақстан Республикасының эко тазалық, тұрақты дамуға басқан негізгі қадамдарын ерекше атап өтеді. Авторлар, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде бизнестің экологиялық таза түріне көшуінің әсері  зор екенін атап өтеді. Зерттеуге маңызды қосымша Жасыл қаржыландыруға қатысушылар үшін «инвестициялық төлқұжат» құру және енгізу бойынша ұсыныс болып табылады, бұл ашықтықты арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және инвесторлардың сенімін арттыруға көмектеседі, экологиялық таза жобаларға капитал салымдарын тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

42-54 220
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері қарастырылып, қызмет алушыларға қызмет көрсетуге және тұтынушыға бағдарланған ортаны құруға баса назар аударылады. Ол процестерді автоматтандыру, ақпараттық технологияларды интеграциялау және белсенді басқаруға көшу саласындағы жетістіктерді ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің ағымдағы жағдайын зерттейді. Мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген фокус-топтардың деректерін пайдалана отырып, зерттеу азаматтар мен мемлекеттік органдардың алдында тұрған қиындықтарды анықтау кезінде ағымдағы реформалардың тиімділігін бағалайды. Маңызды тақырып – мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және ашықтығын арттырудағы цифрлық технологиялардың трансформациялық рөлі. Мақалада инновациялық құралдар қызмет көрсетуді қалай оңтайландыратыны, бюрократиялық кедергілерді азайтатыны және азаматтардың қанағаттануын арттыратыны туралы айтылады. Сонымен қатар, ол цифрлық теңсіздік маңызды кедергі екенін мойындайды және адамдардың әртүрлі топтары үшін технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді ынталандырады. Авторлар нормативтік-құқықтық базан ы жетілдіру және азаматтармен белсенді араласуды ынталандыру арқылы мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуды жақтайды. Олар жаңа технологияларға үнемі бейімделу қажеттілігін және жүйелік тиім сіздіктерді жою үшін кері байланысқа негізделген тәсілдердің маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу азаматтардың сенімін арттыру және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу кезінде Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету экожүйесін ілгерілетудің жол картасын ұсына отырып, модернизацияны инклюзиямен теңестіру бойынша тиімді идеяларды ұсынады.

55-70 168
Аңдатпа

Бұл мақалада экономикалық дамуды басқару контексінде шешім қабылдауды қолдау жүйелерін (ШҚҚЖ) әзірлеудің инновациялық әдістері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында мемлекеттік даму бағдарламаларын басқару тиімділігін арттыру және бюджет ресурстарын оңтайландыру қажеттілігімен негізделген. Авторлар ШҚҚЖ әзірлеу кезінде қолданылатын заманауи әдістемелер мен құралдарды зерттейді, олардың экономика саласында қолданылуына ерекше назар аударады. Мемлекеттік басқару үшін интеграцияланған шешімдер құру және экономикалық процестерді жанжақты талдауға ықпал ететін негізгі әдістеме ретінде жүйелік тәсілдің рөлі қарастырылады. Бұл мақаланың басты мақсаты мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды басқару тиімділігін арттыру үшін ШҚҚЖ әзірлеудің жаңа тәсілдерін талдау және ұсыну болып табылады. Осы жүйелердің экономикалық аспектілері мен принциптері, сондай-ақ оларды мемлекеттік басқаруда жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар қарастырылады. Қаржылық көрсеткіштерді болжау, бюджет шығыстарын оңтайландыру және экономикалық тәуекелдерді басқару сияқты экономикалық міндеттерді шешу үшін ШҚҚЖ құрумен байланысты қиындықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Жұмыста зияткерлік ШҚҚЖ-ны экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын басқару процестеріне интеграциялаудың маңыздылығы талқыланады. Экономикалық талдау үшін ШҚҚЖ әзірлеу кезінде қолданылатын нақты құралдар қарастырылып, олардың экономикалық шешімдер қабылдау процестерін жақсартудағы рөлі түсіндіріледі. Нәтижелер: 1. ШҚҚЖ-ға жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауды интеграциялаудың инновациялық моделі ұсынылды. 2. Экономикалық болжамдар дәлдігін арттыру және мемлекеттік ресурстарды бөлу тиімділігін жоғарылату әдістері анықталды. 3. Мемлекеттік басқарудағы ШҚҚЖ архитектурасының жаңа моделі әзірленді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы экономикалық дамуды мемлекеттік басқару практикасына инновациялық ШҚҚЖ енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуден тұрады. Ұсынылған тәсілдер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, экономикалық болжау сапасын жақсартуға және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау процестерін жеделдетуге бағытталған. Ұсынылған талдау мен тұжырымдар экономистерге, мемлекеттік басқару мамандарына, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерге, зерттеушілерге және экономикалық міндеттерді шешу және мемлекеттік басқару процестерін оңтайландыру үшін ШҚҚЖ құрудың заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытатын студенттерге пайдалы болады. Қолдану аясы: мемлекеттік экономикалық басқару, стратегиялық жоспарлау, бюджеттік ресурстарды оңтайландыру. Жаңалығы: экономикалық міндеттерді шешуге арналған ШҚҚЖ құрудың кешенді тәсілі ұсынылды, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауды интеграциялаудың жаңа әдістері әзірленді.Түйінді сөздер: шешім қабылдауды қолдау жүйелері, экономикалық басқару, жасанды интеллект, үлкен деректер, мемлекеттік бағдарламалар.

71-83 166
Аңдатпа

Қазіргі заманғы менеджерлердің көшбасшылық құзыреттерінің маңызы барған сайын артып келеді. Экон омикалық және әлеуметтік салалардағы отыз жылдан астам өтпелі кезеңнен кейін қазақстандық менеджерлердің көшбасшылық дағдылары мен стильдері жергілікті және халықаралық зерттеушілер үшін әлі күнге дейін үзік-үзік зерттелген тақырып болып қалып отыр. Алғашқы көшбасшылық құзыреттер модельдерінің пайда болғанына 50 жыл өткенімен, зерттеушілер олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қызу талқылап, ұйымдар мен менеджерлерге барынша тиімді пайда келтіретін жаңа үлгі құрастыруды жалғастыруда. Бұл мақалада қазақстандық әйелдер мен ерлер менеджерлерінің құзыреттері М. Чиксентмихайидың еңбектеріне негізделген ағындық көшбасшылық моделінде қарастырылады. Сандық зерттеу әдісіне жергілікті менеджерлерді виртуалды симуляцияға (N=508; 51% әйелдер, 49% ерлер) қатыстыру арқылы кешенді түрде құзыреттерді бағалауға бағытталды. Нәтижелер қазақстандық әйелдер мен ерлердің ағындық көшбасшылықты дерлік бірдей деңгейде қолданатынын көрсетті: 29 құзыреттің арасынан тек 8-інде ғана гендерлік айырмашылық байқалды. Зерттеу қорытындысы бойынша, әйелдер коммуникация, өкілеттіктерді табыстау, кері байланыс ұсыну, мүдделі тараптарды басқару және стратегиялық ойлау салаларында біршама жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен бірге ерлер белсенді тыңдау, басымдықтарды анықтау және уақытты басқару бойынша жоғарырақ бағаланды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы екі аспектіде көрінеді: біріншіден, ол Қазақстандағы көшбасшылық пен гендер тақырыбына арналған ауқымды зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналады; екінші жағынан, алынған деректер ағындық көшбасшылық тұжырымдамасын гендерлік ерек шеліктер тұрғысынан жаңа біліммен толықтырады. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы – менедж ерлерге ұйымдардағы адамдар мен процестерді басқару әлеуетін талдап, оны жетілдіруге мүмкіндік беруінде.

84-101 155
Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) қалыптасуы мен дамуына, оның институционалдық механизмдері мен инфрақұрылымды тұрақты дамытуға әсерін зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – МЖӘ қалыптасу кезеңдерін, құқықтық базасын және негізгі жобаларды талдау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау. Жұмыста МЖӘ-нің құқықтық және экономикалық аспектілері, жеке инвестицияларды тартуға және инфрақұрылымдық жобалардың сапасын арттыруға әсері қарастырылады. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы Қазақстандағы МЖӘ дамуының үрдістері мен мәселелерін анықтау, сондай-ақ оны іске асыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуден тұрады. Мақалада МЖӘ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, энергия үнемдеу технологияларын енгізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қалай ықпал ететіні көрсетілген. Зерттеудің өзектілігі инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік бюджеттік шығындарды азайтуға бағытталған қолданбалы міндеттерді шешумен байланысты. Ұсынылған ұсыныстар мемлекеттік органдар мен жеке инвесторлар үшін инфрақұрылымдық жо баларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында пайдалы болуы мүмкін. Алынған нәтижелер МЖӘ механизмдерін оңтайландыру үшін практикалық маңызға ие, бұл Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, қосымша инвестициялар тартуға және инфрақұрылым сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

102-114 161
Аңдатпа

Өсіп келе жатқан жаһандану жағдайында, әсіресе географиялық ерекшеліктеріне байланысты теңізге шығу мүмкіндігі жоқ, ал геосаяси елдер шикізат қосымшасы болып қала беретін елдер үшін интеграциялық үдерістердің маңыздылығын түсіну пайда болады. Орталық Азия (ОА) елдері – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан халықаралық аренада тәуелсіз ойыншы болу перспективалары бар аймақ ретінде қабылдануда. Ғылыми зерттеудің мақсаты – стратегиялық басымдықтарды анықтау және геосаясат контекстінде аймақтың күшті жақтарын, сондай-ақ экономикалық әлеуетін кешенді талдауды қамтамасыз ету. Осындай тарихи тәжірибелерге қарамастан, тәуелсіздіктің отыз жылы ОА елдерінің экономикалық жағдайына әртүрлі әсер етті. Халық саны, өмір сүру деңгейі, институционалдық жүйелер және экономикалық құрылым контекстіндегі елдер арасындағы айырмашылықтарды зерттеу әлсіз жақтарды анықтау және ықтимал қауіптерді азайту мақсатында аймақтың толық бейнесін береді. Стратегиялық талдау халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының статистикалық деректерімен, сондай-ақ SCOPUS және Web of Science деректер базасында индекстелген журналдарда жарияланған ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен расталады. Орталық Азия елдерінің экономикасына әсер ететін негізгі факторларды зерттеу өсіп келе жатқан аймақтық ынтымақтастық пен экономикалық және стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Нәтижелер Орталық Азия аймағында тұрақты дамуды қалыптастыру бойынша зерттеулерге құнды үлес қосуда.

115-135 134
Аңдатпа

Қазіргі уақытта коммерциялық банктерде адам ресурстарын басқарудың түбегейлі жаңа тәсілдерін жетілдіру және іске асыру қажеттілігі туындап отыр, өйткені қаржы жүйесі кез келген елдің дамуының негізгі және маңызды салаларына жатады. Мақаланың өзектілігі Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру үшін кадрлық менеджментті (КМ) дамыту қажеттілігіне негізделген. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі банктерінің және оның кадрларының қызметі қарастырылған, нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды дамыту және талдау, еңбек жағдайларын ынталандыру және жақсарту арқылы банктердің жұмысын жақсарту тәсілдері ұсынылған. КМ философиясында қызметкерлер ұйымның активтері, еркін нарықтық қатынастар жағдайында қорғалуы және көбейтілуі қажет ең құнды капитал болып табылады. Бұл басқару құрылымына да, ұйымның еңбек және КМ саясатына да ерекше талаптар қояды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 21 коммерциялық банк жұмыс істейді. Олар ел экономикасының тіршілігінің негізін құрайды. Оларсыз қазіргі қоғам өмір сүре алмайды, өйткені банктер халықтың барлық төлемдерін жүзеге асырады, кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті қызметін қалыптастырады, депозиттерде ақша қаражатын сақтайды, несиелердің қажетті көлемін бөледі, түрлі қаржылық және басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Банктік персонал ел экономикасының барлық салаларын дамытуға ықпал етеді, жеке және заңды тұлғаларды олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті ақшамен қамтамасыз етеді. Бұл мақалада банктер қызметі өз пайдасын алу үшін жасалған заңды тұлғалар ретінде қарастырылады. Статистика бойынша Қазақстан банктерінде жоғары өтімділік пен еңбек өнімділігіне қол жеткізе отырып, жеткілікті капиталды, активтердің сапалы құрамын құру арқылы банктердің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ететін білікті қызметкерлердің көп саны жұмыс істейді. Осы мәселелердің барлығын оның басшылығымен жақсы дайындалған, кәсіби кадрлар шеше алады.

136-149 150
Аңдатпа

Кәсіпкерліктің ұлттық экономикадағы маңызы мен рөлі талас тудырмайды. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басымдыққа ие екендігі белгілі. Себебі, ең алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болып табылады. Бірақ қазіргі кезге дейін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалғанымен көзделген нақты нәтижелерге қол жеткізілмеді. Бұл жағдай осы бағытта зерттеулер жүргізудің қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу жұмысының мақсаты шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму жағдайын, мемлекеттік қолдау жүйесінің ықпалын бағалау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі құралдары қолданылып келеді. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылды. Бірақ нақты нәтижелері төмен. Осы бағытта сыни талдау, жүйелеу, бағалау бойынша ізденістер жасалды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бойынша қабылданып, іске асырылған бағдарламалар оның қарқынды дамуына, көрсеткіштерінің жақсаруына айтарлықтай оң әсер ете алмаған. Тіпті кейбір бағдарламалар жүзеге асыру кезеңі аяқталмастан, тоқ татылған немесе күшін жойған. Мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту бойынша бастамалары соңына дейін жеткізілмеген, сәйкесінше нақты нәтижелер болмаған. Осы мәселеге қатысты авторлық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалған. Мұның барлығы ғылыми және практикалық маңызы жоғары екендігін көрсетеді. Зерттеу жұмысының құндылығы, ең алдымен, елімізде кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды жүйелеу, нәтижелерін бағалау және оны жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен тұжырымдар жасаумен сипатталады. Зерттеу нәтижелері шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына, қызмет тиімділігін жоғарылатуға оң әсер етеді. Сондықтан тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызы да жоғары.

150-167 172
Аңдатпа

Орталық Азияның көптеген елдері экономикаларын модернизациялауға және энергия көздерін әртарап тандыруға ұмтылатындықтан, шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ) секторындағы экологиялық инновац ияларды зерттеу тұрақты даму перспективаларын анықтаудың маңызды аспектісі болып табылады. Климаттың өзгеруі және табиғи ресурстардың сарқылу қаупі сияқты экологиялық мәселелер бизнес секторынан жаңа стандарттарға бейімделуді және экологиялық жауапкершілікте инновацияны ынталандыруды талап етеді. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстанның шағын және орта бизнес секторларындағы экоинновациялардың динамикасын анықтау, сондай-ақ осы инновациялардың қоршаған орта үшін де, жалпы қоғам үшін де практикалық маңыздылығын бағалау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін құрылымдық сауалнаманы пайдалана отырып, кәсіпкерлер мен бизнес-менеджерлер арасында сауалнама жүргізуді, сондай-ақ статистикалық ақпаратты талдауды қамтитын әдістердің комбинациясы қолданылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындары энергияны үнемдеуге және экологиялық тиімді технологияларды пайдалануға бағытталған стратегияларды белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын көрсетеді, бұл энергия үнемдеудің жоғары деңгейіне әкеледі. Бұл тенденция ШОБ-тің экономикадағы өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді, бұл жалпы қосылған құнның және олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің өсуінен көрінеді. 2000 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның артуы Қазақстандағы экологиялық мәселелердің маңыздылығы туралы хабардарлықтың артқанын және тұрақты даму стратегияларының нығаюын көрсетеді. Осылайша, ШОБ субъектілері қоршаған ортаға әсерін азайтуға белсенді қатысады және жасыл инновацияларды тұрақты экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде қарастырады. Зерттеу нәтижелері Орталық Азия елдерінде экологиялық тұрақтылық және шағын және орта бизнесті дамыту саласында негізделген шешімдер қабылдау үшін құнды негіз болып табылады.

168-180 186
Аңдатпа

Әлем бойынша агроазық-түлік секторындағы проблемаларды реттеу, аштық пен дұрыс тамақтанбау мәселесін шешу, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтау және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ықпал ету секілді бірқатар шаралардың нәтижелі болуында ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан ары қарай – АШК) маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы АШК-нің қазіргі даму жағдайына кешенді талдау жасау арқылы негізгі проблемаларын анықтау және реттеу тетіктерін ұсыну. Мақалада Республика өңірлеріндегі АШК-нің саны, мүшелерінің құрамы және олардың динамикалық өзгерістері, ондағы жұмыспен қамтылған қызметкерлер санына талдау жасалды. АШК-нің даму жағдайын сапалық тұрғыда зерделеу мақсатында ауыл тұрғындарының оған бірігу уәждемесі мен белсенділігін анықтауға негізделген сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде АШК-нің дамуын тежейтін бірқатар проблемалар анықталды, олар: АШК-ін қолдау бағдарламалары аясында көрсетілген шарттардың жиі өзгеруі, АШК-і мүшелері арасындағы табысты бөлу кезіндегі мәселелер, өзара сенімсіздік, шаруа немесе фермер қожалықтарының, үй шаруашылықтарының АШК-не бірігуге ынтасының болмауы, аграрлық білім, кеңес беру қызметтеріне қолжетімділіктің болмауы, өнімді өткізу кезінде өңдеушілер мен шағын фермерлер арасындағы тиімді интеграцияның болмауы, кооператив басшылары мен мамандарының кәсіби даярлықтарының жеткіліксіздігі және т.б. Зерттеуді қорытындылай келе, елімізде мамандандырылған АШК-ін, оның ішінде: техникалық қамтамасыз ету, қайта өңдеу, маркетинг, жеткізу, қызмет көрсету секілді бағыттарын дамыту, АШК-ін сақтандыру және салық жеңілдіктерін жасау, кооператив басшылары мен мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, шаруашылықтың басқа нысандарымен салыстырғанда АШК-не субсидиялау шарттары бойынша басымдылық беру қажет екендігі көрсетілді.

181-190 138
Аңдатпа

Қазақстандағы робототехника саласының дамуы елдің индустриалды модернизациясы мен экономикалық өсуінің маңызды факторы болып табылады. Алайда, Қазақстан роботтарды енгізу, автоматика тығыздығы және робототехниканың отандық өндірісін енгізу бойынша әлемдік көшбасшылардан артта қалып отыр. Бұл зерттеу жаһандық эталондармен салыстыра отырып, Қазақстандағы робототехниканы дамытудың қиындықтарын, трендтерін және шешімдерін қарастырады. Робот тығыздығының, ҒЗТКЖ инвестициясының, AI қабылдаудың, жұмыс күшін ауыстырудың және STEM білімінің өнеркәсіптік өнімділікке әсерін бағалау үшін регрессиялық талдау жүргізілді. Нәтижесінде роботтардың тығыздығы мен AI инвестициялары өнімділікті айтарлықтай арттыратынын көрсетті, бірақ Қазақстанның STEM жұмыс күші төмен және саясаттың әлсіз ынталандыруы автоматтандырудың өсуін шектейтіні анықталды. Сонымен қатар, автоматтандыруға байланысты жұмыс күшін ауыстыру жұмыс күшінің біліктілігін арттырудың кешенді бағдарламаларын қажет ететін қауіп бар екенін растады. Негізгі ұсынымдар робототехникаға бағытталған ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруды ЖІӨ-нің кем дегенде 1%-ына дейін ұлғайту, автоматтандыруға арналған инвестицияларға салықтық жеңілдіктер беру, STEM-білім беруді күшейту және робототехника саясатын әлемдік озық тәжірибелерге сәйкестендіруді қамтиды. Қазақстан сондай-ақ шетелдік робототехника фирмаларын тартуы, AI және робототехниканың құқықтық негіздерін құруы және жергілікті робототехника өндірісінің экожүйесін дамытуы керек. Болашақ зерттеулер автоматтандырудың еңбек нарығының ұзақ мерзімді әсерін, робототехника инвестицияларының шығын-пайдасын талдауын, AI басқаратын өнеркәсіптік автоматтандыруды және инфрақұрылымдық қиындықтарды зерттеуі керек. Стратегиялық саясатты жүзеге асыру арқылы Қазақстан робототехниканы енгізуді жеделдете алады, өнеркәсіп өнімділігін арттырып, жаһандық жоғары технологиялық экономикаға ықпалдаса алады.

ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

191-210 162
Аңдатпа

Медициналық туризм – заманауи әлеуметтік-экономикалық үрдістерді бейнелейтін және әлемдік экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мақалада Түркия мен Қазақстандағы медициналық туризмнің салыстырмалы талдауы жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстанда осы саланы дамыту үшін бейімдеуге болатын Түркияның табысты тәжірибесі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі Қазақстан экономикасын әртараптандыру қажеттілігімен және елдің медициналық туризм нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен байланысты. Соңғы онжылдықта Түркия мемлекеттік қолдау, тиімді маркетинг, бәсекеге қабілетті баға саясаты және медициналық қызметтердің халықаралық сапа стандарттарын белсенді енгізу арқылы осы салада көшбасшылардың біріне айналды. Зерттеудің мақсаты – Түркия мен Қазақстандағы медициналық туризмді салыстырмалы талдау негізінде Қазақстан Республикасында осы саланың әлеуетін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу мынадай аспектілерді қамтиды: дамыған елдердегі медициналық туризмнің қазіргі жағдайын талдау, медициналық қызметтердің сапасын салыстырмалы бағалау, мемлекеттік қолдау деңгейін және маркетингтік стратегияларды зерттеу. Талдау нәтижелері Қазақстандағы медициналық туризмді дамытуға ықпал ететін күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық ерекшеліктер мен елдердің заманауи экономикалық даму тенденцияларын ескере отырып, Түркияның табысты тәжірибесін бейімдеу бойынша ұсынымдар берілген. Бұл зерттеу практикалық маңызға ие, өйткені ол Қазақстандағы медициналық туризмді дамыту стратегиясын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық өсімінің қозғаушы күші бола алады және пандемиядан кейінгі кезеңде туризм индустриясын қалпына келтіру жағдайында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

211-224 179
Аңдатпа

Туристік индустрияның қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылатын экологиялық туризм Қазақстан Республикасының өңірлік дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық даму арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету арқылы тұрақты аймақтық өсуді қамтамасыз ету үшін экологиялық туризмнің әлеуеті қарастырылады. Таулар, шөлдер, ормандар мен көлдерді қоса алғанда, кең және алуан түрлі табиғи ландшафттарының арқасында Қазақстан экотуризмнің жетекші бағытына айналуға барлық мүмкіндіктерге ие. Алайда, экотуризмді тиімді дамыту мұқият жоспарлауды, саяси қолдауды және жергілікті қауымдастықтың белсенді қатысуы қажет етеді. Бұл зерттеуде Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі экологиялық туризмнің ағымдағы жай-күйі талданады, табысты бастамалар, сондай-ақ дамымаған аудандардың алдында тұрған проблемалар баяндалады. Мақалада экологиялық туризмнің жұмыс орындарын құруға, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, мәдени және табиғи мұраны сақтауға қалай ықпал ететіні қарастырылады. Зерттеу экологиялық туризмнің аймақтық дамудағы рөлін арттырудың бірнеше негізгі факторларын анықтады, соның ішінде туристік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті экологиялық таза өнімдерді ілгерілету, кадрлар даярлау және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату. Сонымен қатар, зерттеу қоршаған ортаның нашарлауы, инвестициялардың жетіспеушілігі және жергілікті қауымдастықтар мен туристердің экотуризмнің маңыздылығы туралы шектеулі хабардарлығы сияқты тұрақты туризм мәселелерін шешуге бағытталған.

225-238 120
Аңдатпа

Мақала қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға қатысты әдістемелік және практикалық ұсыныстарды әзірлеуге арналған. Бұл ұсыныстар әлсіз тұстарды анықтауға және дамудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеуде бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың әдістемелік тәсілдерін қолдану жолдарына тоқталып, негізгі көрсеткіштер есептелді және қонақ үйлердің нарықтағы бәсекелік позициялары анықталды. Зерттеу әдістемесі бірнеше сатыдан тұрады. Тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу және онлайн пікірлерді талдау клиенттердің таңдауын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілікті объективті бағалау үшін қонақ үй инфрақұрылымы мен баға саясаты сияқты көрсеткіштер зерттеледі. Мұндай екіжақты тәсіл кешенді бағалауға негіз болады. Зерттеу нәтижелері қызмет көрсету, инфрақұрылым немесе баға белгілеу саласындағы кемшіліктерді анықтаудың және оларды түзетуге арналғанмақсатты стратегиялар әзірлеудің маңыздылығын көрсетеді. Осы білімнің көмегімен қонақ үйлер дамыту жоспарларын жетілдіріп, нарықтағы позицияларын нығайтып, тұтынушылардың әр түрлісұраныстарына бейімделе алады. Сондай-ақ тұрақты бағалау нарықтағы өзгермелі жағдайларға бейімделудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Жалпы алғанда, мақалада қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және арттыру үшін практикалық бағыт-бағдарламалар беріледі.Ол қонақ үй менеджерлері мен маркетологтары үшін құнды ақпарат көзі ретінде қызмет етедіжәне стратегиялық шешімдер қабылдауға және қонақ үй бизнесінде ұзақ мерзімді табысқа жетуге көмектеседі. Бұл қысқа әрі маңыздыталдау қонақ үй секторындағы бәсекеге қабілеттілікті тереңірек түсінуге ықпал етедтін болады.

239-250 125
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты аймақтардағы халықаралық туризмнің даму тенденциялары мен әсер етуші факторларын анықтау мақсатында корреляциялық-регрессиялық талдау жасау негізінде тәуелді айным алылардың басқа айнымалылармен байланысын анықталды, негізгі капиталға салынған инвестиция қайтарымы есептеліп, корреляциялық-регрессиялық талдау жасау нәтижелері арқылы қорытынды тұжырымдар жасалды. Зерттеу барысында әлемдік туризм көшбасшысы БҰҰ туризмге мамандандырылған мекемесі UN Tourism ақпараттарына және туризм саласына қарқынды дамуына қызығушылық танытып отырған әлем ғалымдарының зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. Туризмнің мультипликативті және синергетикалық әсері, елдің экономикалық дамуына қол жеткізу, сондай-ақ ішкі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы өңірлердегі халықаралық туризмнің даму тенденциялары мен әсер ету факторларын анықтауда мақаланың өзектілігін ашады. Мақаланы талдауда зерттеу әдістерін қолдану арқылы корреляциялық-регрессиялық талдау,  динамикалық модельді құру нәтижелеріне қол жеткізуде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша көрсеткіштер үшін корреляциялық матрица қолданылды, корреляциялық және регрессиялық тал дауды пайдалана отырып, тәуелді айнымалылармен тығыз статистикалық маңызды байланысы бар факторлар анықталды. Мақаламызды қорытындылай отырып, авторлар келесідей тұжырымдама жасайды. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша нәтижелік сипаттама мен факторлық сипаттамалар арасында бір мезгілде тығыз байланысының бар болуы, алынған регрессия теңдеуі тұтастай және регрессия коэффициенттері сәйкес маңыздылық деңгейлерінде статистикалық маңызды және сенімді екендігіне қол жеткіздік. Салынған инвестиция қайтарымына байланысты және көп сызықты регрессия теңдеуінің алынған параметрлерін талдау негізінде авторлар келесідей тұжырымдайды, яғни жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1 мың теңгеге өскен кезде туристерді орналастырудағы нөмірлердің санының өсуі және орналастыру орындарындағы нөмірлер саны 1 бірлікке ұлғайған кезде туристерді орналастыру орындарымен байланысты көрсетілген қызметтер санының артуына әкелетінін пайымдайды. 

251-263 174
Аңдатпа

Қонақ үй бизнесін дамыту, қонақ үй қызметтерінің сапасына қойылған жоғары талаптар, қонақ үй қызметтерін тұтынушылардың жетекші рөлі, инновациялық процестердің орасан зор әсері – қонақ үй кәсі порындарының сапасын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға және сапаны басқару механизмін үнемі жетілдіруге мәжбүр етеді. Қазіргі әлемде сапа мәселесіне, таза техникалық көзқарас әлеуметтік-экономикалық тәсілге жол берді, соған сәйкес сапаны қамтамасыз етудің тиімді құралы маркетингтік тәсіл болып табылады. Қазақстандық қонақ үй бизнесі, қонақ үй өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты, барған сайын баға мен сапаға қатысты тұтынушылардың шағымдарымен кездесуге мәжбүр. Бәсекеге қабілеттілік пен өнімнің жоғары сапасы маркетингтің барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі, бұл жобалаудан бастап қонақ үй қызметін нарыққа шығаруға дейінгі кезеңдерді қамтиды, соның ішінде сапа менеджменті әдістері де бар. Қонақ үй қызметінің пайдалы қасиеттерінің кешені, қызмет көрсету бойынша нормативтік-технологиялық сипаттамалар, қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы, орнатылған талаптарға сәйкес, ұлттық дәстүрлермен де, әлемдік стандарттармен де салыстыруға болатын деңгейде – бұл қонақ үй өнімінің қызмет сапасы. Қазіргі әлемде сапа мәселесіне қатысты техникалық тәсіл әлеуметтік-экономикалық тәсілге жол берді, оның аясында сапаны қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде маркетингтік парадигманың қолданылуы болып табылады. Мемлекеттік-нормативтік құқықтық критерийлер, қонақ үй қызметінің объективті сипаттамалары, олар тұтынылған кезде көрініс табады, тұтынушылардың талаптары мен қажеттіліктеріне сай болуы керек, яғни оның пайдалы қасиеттері ретінде қарастырылады. Осыдан келіп шығатын қорытынды, сапа ұғымы, нормативтік-құқықтық базаға негізделе отырып, ең алдымен, экономикалық құрамдастықты қамтиды. Адамдардың күнделікті қажеттіліктеріне жауап ретінде қызметтерді өндіру басталғаннан бастап, сапа мәселесі экономикалық категория ретінде қоғамдық өндірістің дамуымен бірге пайда болды. Қазіргі таңда сапаны арттыру бағдарламасы қызмет көрсету саласында маңызды элемент болып табылады.

264-278 119
Аңдатпа

Ел үшін маңызды бағыт туристік дестинацияны әлемдік аренада жылжыту болып табылады, мұндағы мақсат – тартымдылықты, қолжетімділікті, ашықтықты, қауіпсіздікті арттыру және шетелдік қонақтар мен ішкі туристер үшін қолайлы жағдайлар жасау. Келешектегі қадамдардың бірі кәсіпорындарға қонақүй қызметтерінің сапа саясаты саласында салауатты бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қонақ үйлерді сертификаттауға назар аудару болып табылады. Зерттеудің мақсаты – қонақтардың қонақ үйлердегі қызметтердің алынған сапасына қанағаттануын, олардың күтілетін сапаға сәйкестігін диагностикалау және оның елдегі қонақ үйлердегі деңгейін арттыру үшін практикалық ұсыныстарды ұсыну, қонақүй кәсіпо рындарын сертификаттау арқылы кәсіпорындардың тұрақтылығын (ESG) арттыру арқылы қонақж айлылықтың тартымдылығын арттыру. Қазақстанда қонақжайлылықтың ерекшелігі республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) үшін де, шағын орта бизнес (ШОБ) үшін де шығындар мен қажеттіліктің болмауына байланысты жеткілікті зерттелмеген, тартымсыз болып табылады, алайда, әсіресе қазіргі заманғы қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа тиімді шешімдерді іздеу талап етіледі, ал  шағын орта бизнес (ШОБ) айтарлықтай өзгеруде. Бұл зерттеу сертификаттаудың практикалық маңыздылығын, оның құндылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік беретін идеяны іздеуге негізделді, оған зерттеу әдістері кірді: әдеби шолу, статистикалық әдіс, қонақтар арасында сауалнама, олардың нақты пікірлеріне негізделген, барлығы 111 респондент қатысты. Талдау нәтижелерін пайдалана отырып, тұрақтылық, ресурстарды сақтау және экология қағидаттарының сақталуын ескеруге мүмкіндік беретін, индустрияда ашықтықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын практикалық ұсыныстар тұжырымдалды.

279-289 130
Аңдатпа

Қазіргі кездегі бәсекелестік жағдайында нарықта сәттілік пен тиімділіктің, тіпті өмір сүрудің өз қажетілігінің басты шарты ретінде инновациялық қызметті атауға болады. Туристік бағыттардың тартымдылығы үлкен мөлшерде туризмнің инновациялық даму деңгейімен анықталады, ол қазіргі тұтынушы талаптарына сәйкес келіп, туристерге қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетіп, тездетеді және олардың адалдығын арттырады. Қазақстан туризм саласының инновациялық дамуы жеткілікті зерттелмегені және оның сапалы бағалануының болмауы осы зерттеу тақырыбының таңдалуына әкелді. Мақаланың мақсаты – Қазақстандық сала мамандарының сараптамалық пікіріне негізделе отырып, туризм саласындағы инновациялық дамудың резервтерін анықтау. Мақаланың теориялық-әдістемелік негізін туризмтану, инновация теориялары және экономикалық даму қағидаттары құрайды. Теориялық және ақпараттық база ретінде сала инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Зерттеу жалпылама ғылыми таным әдістеріне негізделіп, жүйелік тәсілді қолдана отырып, талдау және синтез әдістері, абстрактілі-логикалық, монографиялық, салыстыру және жалпылама әдістер, сондай-ақ графикалық әдістер қолданылды. Мақалада ел ірі қалаларындағы туризмнің инновациялық дамуының деңгейін сапалы бағалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік сауалнама нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің ғылыми маңызы – туризм саласындағы инновациялар туралы теориялық түсініктерді одан әрі дамытуда жатыр. Зерттеудің практикалық маңызы – еліміз бен оның аймақтарының туризм саласын дамыту бағдарламаларында қолдануға болатын туристік инновациялардың ары қарайғы даму бағыттарын анықтауға негізделеді.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ

290-303 158
Аңдатпа

Осы зерттеу аясында өңірлік дамуды бағалау жүргізілді. Ол үшін өңірлердің дамуындағы теңгерімсіздікті анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды. Кө пөлшемді салыстырмалы талдау негізінде аймақтарды сандық тұрғыдан дамытудың интеграцияланған көрсеткіштері алынды. Көпөлшемді салыстырмалы талдау әдістемесі үш топқа біріктірілген он көрсеткішті талдауға негізделген. Бұл көрсеткіштер топтары кез-келген аймақтың дамуының үш маңызды сипаттамасын білдіреді: аймақтың дамуының қаржылық-экономикалық шарттары; бизнесті дамыту көрсеткіштері; қоғам дамуының әлеуметтік құрамдас бөлігі (өңірдегі халықтың өмір сүру деңгейі). Зерттеу нәтижелері Қазақ стандағы өңірлік дамудың елеулі теңгерімсіздігін көрсетеді, сондай-ақ өңірлер бойынша дамудың жет кіліксіздігі байқалатын нақты салалар көрінеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мемлекеттік деңгейде де, жергілікті деңгейде де басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін алынған тұжырымдарды қол дануда көрінеді. Әсіресе, бұл шешімдер Қазақстандағы өңірлердің дамуындағы диспропорцияларды жоюға немесе қысқартуға бағытталған жағдайда ерекше маңызға ие.

304-314 139
Аңдатпа

Жастар кәсіпкерлігі – болашағы зор сала, қазіргі заманғы кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Оның өзектілігі бірнеше себептермен айқындалады, олар заманауи еңбек нарығында жастардың рөлін арттыруға, жаңаша көзқарастар мен цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Біріншіден, жастар кәсіпкерлігінің маңыздылығы жұмыс орындарын құруда көрінеді. Екіншіден, жастардың инновациялық шешімдерді, соның ішінде цифрлық технологияларды енгізу қабілеті оларға кәсіпкерлік саласында жетістікке жетуіне жол ашады. Халықаралық мысалдар негізінде  жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдаудың дәйекті түрде инновациялық бизнес-идеялары бар дарынды және өршіл жастарға өз ісін ашуға мүмкіндіктер туғызатынын көрсетеді. Жастар кәсіпкерлігін дамыту арқылы жұмыспен қамтуды басқару – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар, жастар кәсіпкерлігін дамыту студенттер үшін бөлек, ал ұзақ уақыт бойы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған түлектер үшін бөлек қарастырылады. Тағылымдамалар, сонымен қатар, әлеуметтік таптар негізінде қарастырылады, волонтерлік бағдарламалардың одан әрі жұмысқа орналасуына маңызы мен әсері жеке зерттеледі. Жастардың инновациялық және жаңа идеяларға толы болуымен қатар, оларды қолдау арқылы елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Жастар кәсіпкерлігін дамытудағы басты құралдардың бірі – жүйелі мемлекеттік қолдау. Мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерге жеңілдіктер, гранттар және субсидиялар беру, салықтық жеңілдіктер жасау, арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру – бұл бағытта қолданылатын негізгі шаралар. Мұндай қолдау жастарға өз бизнесін бастауға, дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты жастарды тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізудің негізгі басымдықтарын зерттеу болып табылады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту, әсіресе Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігінің қазіргі жағдайын ескере отырып, жастарды жұмыспен қамтуды арттырудың өмірлік маңызды стратегиясы ретінде анықталған. Зерттеуде талдаудың статистикалық құралы ретінде деректердің графикалық көрінісі қолданылады.

315-328 134
Аңдатпа

Қазіргі экономика жағдайында еңбек нарығы қоғамның тұрақты дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде еңбек нарығы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өзара әрекеттесуін көрсетеді, жалдау шарттарын, жалақы деңгейін анықтайды және сайып келгенде халықтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Зерттеу тәсілдері жұмыс күші саласында болып жатқан процестерді анықтайтын факторларды зерттеуге және осы саланың трансформация ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Мақалада цифрлық экономикаға көшу жағдайында жұмыс күші саласының трансформациясының негізгі элементтерін анықтау бойынша шетелдік және отандық авторлардың көзқарастары ұсынылған; екіншіден, Қазақстан Республикасының экономикасын цифрландыру жолындағы жұмыс күші саласының ерекшеліктері көрсетілген; үшіншіден, жұмыс күші мен еңбек нарығының факторларын жинақтау және жүйелеу қарастырылған. Өзектілігі қазіргі уақытта шаруашылық жүргізу жағдайында еңбек нарығы жүйесінің маңызды өзгерістерге ұшырауына байланысты, бұл өзгерістер қазіргі ҚР экономикасы үшін объективті маңызы бар бірқатар факторларға негізделген. Осы орайда, жүйенің детерминанттары тек экономиканы цифрландырумен шектелмей, көптеген басқа да жүйелі факторларға тәуелді. Бұл ғылыми пікірталастың және осы мәселені қарастырудың маңыздылығын анықтайды.

329-341 132
Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жай-күйі мен ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Авторлар агро кәсіпкерліктің негізгі секторларын, соның ішінде фермерлік шаруашылықтарды, агрохолдингтерді және ауылшаруашылық кооперативтерін талдап, олардың ел экономикасындағы рөліне назар аударады. Зерттеу сектордың күшті және әлсіз жақтарын, оның мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтауға мүмкіндік беретін SWOT және PEST талдау әдістерін қолданды. Климаттық, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ауыл шаруашылығының дамуына әсеріне назар аударылды. Жұмыста аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың, инфрақұрылымды жаңғыртудың және инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы атап көрсетілген. Мақалада Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы заманауи трендтер, соның ішінде фермерлік шаруашылықтар санының өсуі және шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы сипатталған. Бұл ретте механикаландырудың жеткіліксіздігі, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектелуі және ресурстарды басқарудағы қиындықтар сияқты проблемалар атап өтіледі. Авторлар тәуекелдерді субсидиялау және сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен логистиканы жетілдіру қажеттігін атап көрсетеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы аграрлық сектордың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Ұсыныстардың қатарында цифрлық технологияларды енгізу, кооперативтік модельдерді дамыту және жастарды Агро кәсіпкерлікке қатысуға ынталандыру шаралары бар. Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар аграрлық кәсіпкерліктің тұрақты дамуы және оны халықаралық нарықтарға интеграциялау үшін жағдай жасауға бағытталған.

342-355 124
Аңдатпа

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамытудың қолданыстағы стратегиялары мен бағдарламаларын одан әрі жетілдіру үшін 2030 жылға дейінгі кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тұрақты дамуының жаһандық тұжырымдамасына бейімделудің ықтимал жолдарын іздеу қажет. Зерттеудің мақсаты 2030 Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) тұжырымдамасын ескере отырып, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы ұлттық басымдықтарды анықтау болып табылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ТДМ 2030 ұлттық жағдайларға бейімделуімен және агроазық-түлік секторында, оларға қол жеткізу тетігін, қалыптастырумен анықталады. Зерттеуде, аграрлық азық-түлік секторының 12 мақсатпен өзара байланысы жүйелендірілді және тұрақты дамудың, жаһандық мақсаттары шеңберінде, Қазақстан үшін 78 өзекті міндет (46%) айқындалды. Жұмыста пайдаланылған жүйелі тәсілдер, Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының тұрақты дамуының Ұлттық индикаторларын әзірлеу үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық көрсеткіштерді анықтауға және нақтылауға мүмкіндік берді. Қазақстанның агроазық-түлік секторының нысаналы міндеттеріне және олардың ТДМ 2030 индикаторларымен өзара байланысына арналған жүргізілген зерттеу оның тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастыру үшін негіз бола алады. Әзірленіп жатқан тәсіл мониторинг пен есептілік тетіктерін ғана емес, сондай-ақ тұрақты даму стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға бағытталған ынталандырушы шаралардың кең спектрін де көздеуге тиіс. Бұл стратегиялар агроазықтүлік саласын технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге, оның тұрақтылығын, тиімділігін және сыртқы сынқатерлер мен жаһандық күйзелістерге бейімделу қабілетін арттыруға арналған.

356-371 161
Аңдатпа

Цифрландыру жағдайында және қазақстандық тұтынушылардың цифрлық ортаға белсенді қатысуының өсуіне байланысты, цифрлық маркетинг құралдарының тұтынушылар мінез-құлқына әсерін зерттеу маңызды болып табылады. E-mail тарату, әлеуметтік желілер, адалдық бағдарламалары, мақсатты жарнама және жеңілдіктер арқылы брендтердің клиенттермен өзара әрекеттестігі маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттыру үшін егжей-тегжейлі талдауды қажет етеді. Бұл жұмыс цифрлық маркетингті қабылдау мен оның адалдыққа, қатысуға және қайталама сатып алуларға әсерін сандық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – цифрлық маркетингтің негізгі аспектілері мен Қазақстандағы тұтынушылар мінез-құлқы арасындағы өзара байланыстарды зерттеу. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жиілік талдау, Альфа Кронбах коэффициенті арқылы шкалалардың сенімділігін бағалау, эксплораторлық факторлық талдау (EFA), корреляциялық және регрессиялық талдау сияқты аналитикалық әдістер қолданылды. Зерттеуге арналған мәліметтер 54 сұрақтан тұратын сауалнама негізінде жиналып, e-mail маркетинг, әлеуметтік желілер, адалдық бағдарламалары, жеңілдіктер және мақсатты жарнаманың аспектілерін қамтыды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы цифрлық маркетингтің тиімділігін анықтайтын факторларды және олардың тұтынушылардың мінез-құлқына әсерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы – тұтынушылардың адалдығын нығайтуға және қайталама сатып алуларды арттыруға бағытталған, клиенттермен жеке өзара әрекеттесу страте гияларын құру бойынша брендтерге ұсыныстар беру. Зерттеудің құндылығы – мәліметтердің 87,53%-ын түсіндіретін негізгі факторларды бөліп көрсету, айнымалылар арасындағы күшті өзара байланыстарды анықтау және қайталама сатып алуларға әсер ететін предикторларды (R² = 0,886) анықтау үшін кешенді талдау әдісін қолдануда жатыр. Жұмыс қорытындылары Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімделген тиімді маркетингтік шешімдерді әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

372-387 123
Аңдатпа

Мақалада форенсик аудитіндегі инновациялық тәсілдер және олардың қаржылық алаяқтықты анықтауға және алдын алуға әсері қарастырылады. Үлкен деректерді талдау, Машиналық оқыту және блокчейн сияқты заманауи технологиялар қаржылық есептіліктегі ауытқуларды анықтауда жоғары дәлдік пен тиімділікті қамтамасыз ететін дәстүрлі аудит әдістерін өзгертеді. Алайда, осы технологияларды енгізу кезінде белгілі бір проблемалар туындайды, соның ішінде білікті персоналға деген қажеттілік, технологияның жоғары шығындары және жаңа әдістерді қолданыстағы процестерге біріктіру проблемалары. Зерттеудің мақсаты – форенсик аудитінде цифрлық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, олардың қаржылық бұрмалануларды анықтау процесіне әсерін бағалау, сондай-ақ осындай технологияларды қолданудың экономикалық әсерін ашу. Нақты жағдайларды талдауға және дәстүрлі және инновациялық тәсілдерді салыстырмалы талдауға негізделген әдістемені қолдануға сүйене отырып, мақалада аудит және тәуекелдерді басқару саласындағы тәжірибешілерге арналған ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері жаңа технологияларға бейімделудің маңыздылығын көрсетеді және қаржылық есептілікке сенімділікті арттыруға және корпоративтік басқаруды жақсартуға көмектесетін туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Мақала форенсик (сот) аудиті мен қаржылық алаяқтыққа қарсы күрестің қазіргі тенденцияларына қызығушылық танытатын аудиторлық фирмалар, компаниялар мен зерттеушілер үшін практикалық маңызы бар.

388-402 129
Аңдатпа

Қазақстанда мемлекеттік субсидиялау жүйесі бойынша проблемалар бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалып отырғанына қарамастан, мемлекеттік қолдаудың осы құралының отбасының әлеуметтік әл-ауқатына әсерін зерделеу ерекше қызығушылық тудырады. Бұл зерттеу әртүрлі субсидиялау бағдарламаларының тиімділігін олардың отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға әсерін талдау арқылы бағалауға арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында отбасын қолдау қажеттілігімен анықталады. Зерттеудің мақсаты тұрғын үй жағдайларын жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру және қазақстандық отбасының кедейлік деңгейін төмендету жолдарын анықтау үшін Қазақстанда қолданылатын түрлі субсидиялау бағдарламаларын жан-жақты зерделеу болып табылады. Субсидиялау бағдарламаларының тиімділігін талдаудың кешенді тәсілі олардың әртүрлі әлеуметтік мәртебесі бар отбасыларға әсерін неғұрлым егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауға мүмкіндік берді. Талдау нәтижелері субсидиялау бағдарламалары кедейлікті азайту және тұрғын үй жағдайын жақсарту арқылы отбасылық өмір сапасын айтарлықтай жақсартуға көмектесетінін көрсетті.  Алайда, елде қолданыстағы субсидиялау бағдарламаларын іске асырудың тиімсіздігі отбасыларға, әсіресе мұқтаж жандарға әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бірқатар кедергілер тудыратыны анықталды. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы субсидиялар отбасылардың әлеуметтік әлауқатын нығайтуға және әртүрлі әлеуметтік мәртебесі бар отбасылар үшін субсидиялаудың қолжетімділігі мен тиімділігінің критерийлерін әзірлеуге ықпал ететін нақты тетіктерді анықтау болып табылады. Жүргізілген зерттеудің құндылығы мынада: алынған нәтижелер елдегі отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін тиімдірек және атаулы субсидиялау бағдарламаларын әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.

403-417 175
Аңдатпа

Қаржылық инклюзия – бұл халықтың осал топтары мен ауылдық шалғай аймақтарды қоса алғанда, қоғамның барлық топтары үшін қаржылық қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдама. Бұл процесс кедейлікті азайту, өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы ұйымдарының клиенттердің әртүрлі санаттарына қаржылық қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейту бөлігіндегі айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан сақталады. Бұл процесте цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады, соның арқасында қаржылық қызметтерге қол жетімділік жан-жақты және ыңғайлы болды. Мақалада қаржылық инклюзияның негізгі аспектілері, қаржылық инклюзия деңгейін бағалаудың әдіснамалық негіздері қарастырылады, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде қаржылық өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігіне талдау жүргізіледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты аумақтық бірліктердің қаржылық инклюзия деңгейіндегі айырмашылықтарды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі қаржылық қолжетімділік деңгейін сандық бағалау болып табылады. Әдістеме-зерттеуде Қазақстан Ұлттық Банкінің, Ұлттық статистика бюросының деректері пайдаланылды. Статистикалық талдау әдістері, өлшенген мәндер мен деректерді қалыпқа келтіру тәсілін қоса алғанда, көрсеткіштердің сандық талдауы, сондай-ақ қаржылық қызметтердің географиялық қолжетімділігін картографиялық талдау (жылу карталары) қолданылды. Алынған нәтижелер өңірлердегі қаржы өнімдерінің қолжетімділігіне әсер ететін факторларды анықтауға және аумақтық диспропорцияларды төмендету бойынша ұсынымдар ұсынуға мүмкіндік береді.

418-431 175
Аңдатпа

Өңірлердің инвестициялық даму деңгейлеріндегі теңсіздік пен диспропорцияны ғылыми зерттеу Қазақстанның экономикалық ғылымында ерекше орын алады. Инвестициялық қызметті жандандыру, инвестициялар тарту проблемасын шешпей , әрбір өңірде де, тұтастай алғанда ел бойынша да экономикалық өсуді және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүмкін емес. Ғылыми зерттеу гипотезасы Қазақстанның өңірлері арасында объективті және субъективті факторлардың ықпалына байланысты инвестициялық даму деңгейі бойынша елеулі айырмашылықтар байқалады деген болжамнан туындайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты-өңіраралық айырмашылықтардың қалыптасуына әсер ететін факторларды негіздеу, өңірлердің инвестициялық даму деңгейлері арасындағы диспропорцияның тереңдігін анықтау және сараланған аймақтық инвестициялық саясатты жүргізу қажеттілігін негіздеу. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері негізінде өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялар серпінін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер талданды және өңіраралық айырмашылықтардың тереңдігін анықтау үшін қажетті көрсеткіштер есептелді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік және жергілікті басқару органдары өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу, әрбір өңірдің үлесін ескере отырып, экономикалық өсу қарқынын болжау кезінде пайдалана алады.

432-447 131
Аңдатпа

Мақалада Алматы қаласының жылу энергетикасы саласындағы тарифтік реттеудің негізгі аспектілері қарастырылды. 2015–2024 жж. аралығындағы деректер негізінде тарифтерге әсер ететін негізгі факторлар – жалақы шығындары, энергия тұтыну, инфрақұрылымға инвестициялар және экологиялық талаптар жанжақты талданды. Зерттеу барысында корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері қолданылып, тарифтік саясатты жетілдірудің ғылыми негізделген бағыттары айқындалды. Авторлар тарифтік реттеу тиімділігін арттыру үшін шығындарды оңтайландыру, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты ұсыныстар жасайды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарды қорғау, тарифтердің әділдігін қамтамасыз ету және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу бойынша шаралар ұсынылады. Зерттеу нәтижелері жылу энергетикасы саласындағы тарифтік саясаттың тиімділігін арттыруға, табиғи монополияларды реттеудің оңтайлы механизмдерін әзірлеуге және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте энергия тиімділігін арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Ұсынылған әдістемелік тәсілдер мен аналитикалық қорытындылар энергетика секторындағы саясатты жетілдіру бойынша ғылыми және практикалық негіз қалыптастырады. Алынған нәтижелер тарифтік реттеуді жетілдіру және жылу энергетикасы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында маңызды ғылыми үлес болып табылады.

ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛУ

Хабарландырулар

2025-03-26

Мақалаларды қабылдау мерзімітуралы хабарландыру // Объявление о сроках приема статей // Announcement of the deadline for accepting articles

Құрметті авторлар, қараудағы мақалалар саны көптігіне байланысты «Тұран» университетінің хабаршысы» журналының редакциясы мақалаларды кезекті қабылдау тек 2025 жылғы 1–15 сәуір аралығында жүзеге асырылатынын хабарлайды. Осы мерзім аяқталғаннан соң журналдың сайтына келіп түскен мақалалар қабылданбайды.

 

Уважаемые авторы, в связи с большим количеством статей, находящихся на рассмотрении, редакция журнала «Вестник университета «Туран» сообщает, что очередной прием статей будет осуществляться только в период с 1-го по 15-ое апреля 2025 г. По окончании данного срока поступающие на сайт журнала статьи будут отклонены.

 

Dear authors, due to the large number of articles under consideration, the editorial board of the journal "Bulletin of Turan University" informs that the next acceptance of articles will be carried out only in the period from the 1st to the 15th of April 2025. After the end of this period, the articles received on the website of the journal will be rejected.

Тағы хабарландырулар...