Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2020)

ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 

9-14 299
Аңдатпа
Қытайда 2020 ж. басталған санитарлық дағдарыс бұрын-соңды болмаған карантиндік шараларды тудырып, кәсіпорындардың тоқтауына, соңғы 28 жылдан бергі ең күрделі ұлттық экономиканың уақытша құлдыруына әкелді. Әлемдік экономика жаһандану, өндірістік тізбектердің қатаң байлану жағдайында домино әсерінің қатты ауытқуын бастан кешуде. Індет 2020 ж. бірінші тоқсанында Қытай экономикасын тоқтатты, бұл өз кезегінде мұнайға деген сұраныстың азаюына, басқа елдерге көптеген өндіріс жеткізілім тізбектерінің төмендеуіне, тіпті толық тоқтатуына себеп болды. Сондай-ақ, көптеген елдерде өнім шығару төмендеп, бірқатар өндіріс орындары өз жұмысын тоқтатты. 2020-2021 жж. орын алатын экономикалық дағдарысты пандемия салдарынан жағдайлық дағдарыс, ілеспе тактикалық мұнай және циклдік экономикалық дағдарысы қамтиды, бұл «үшеуі біреуінде» қамтылған дағдарысқа пандемия түрткі болғанын атап өткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, бұған дейін екі жыл бұрын әлемде орын алатын экономикалық дағдарыстың барлық белгілері байқалды. Санитарлық дағдарыс экономикалық дағдарыстың жасырын симптомдарын ашты. Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар пакеті әзірленді. Пандемия ұлттық экономиканың күшті және әлсіз тұстарын анықтады. Тұтастай алғанда, күйзелістер мен шоктарға төзімді экономика құрылды, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, құрылыс секторы, байланыс ерекше беріктігін көрсетті. Дағдарыс ұлттық экономикаға қойылатын басты талаптардың бірі оның тұрақтылығы мен қауіпсіз өзін-өзі қамтамасыз етуі болып табылатынын көрсетті.
15-22 350
Аңдатпа
Мақала Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың өзекті мәселелеріне арналған. Атап айтқанда, аталған зерттеуде екі ірі держава ретінде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық нарықтарға ықпал ету проблемалары зерттелген. Бұл мағынада бұл сауда соғысы халықаралық сауда мен халықаралық нарықтың қызметіне айтарлықтай ықпал етеді. Бастапқыда «сауда соғысы» тұжырымдамасы деп халықаралық саудаға тартылған қатысушы елдер бір уақытта өз экспортын кеңейте отырып тарифтер, квоталар мен басқа да импорттық шектеулер енгізу арқылы бәсекеге қабілетті тауарларды енгізуді қысқартуға тырысады. Бұл сондай-ақ импортталатын тауарларға айтарлықтай проблема және импорт пен экспорт арасында теңсіздік тудыратын протекционизмнің бір түрі болып табылады. Бұл зерттеуде экономикалық әдіснамалар және талдамалық құралдар негізінде екі ел үшін де артықшылықтар мен кемшіліктер анықталды. Осы мақаланың негізгі зерттеу әдіснамасы Қытайдағы және АҚШ-тағы макроэкономикалық дамудың тиісті модельдеріне, саяси айырмашылықтар мен әлеуметтік мәселелерге салыстырмалы талдау жүргізуге негізделген. Жүйелік талдау, себеп-салдар байланысын модельдеу және сараптамалық бағалау қолданылды. Бұл елдердің арасындағы ағымдағы макроэкономикалық қарым-қатынастарды жақсарту жолдары туралы ықтимал шешімдер мен ұсынымдар қарастырылды.
23-28 471
Аңдатпа
Қазақстанның Жібек жолының тарихи бағыты бойында негізгі орналасуын ескере отырып, «Бір белдеу - бір жол» бастамасы мен Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы Қазақстан - Қытай ынтымақтастығын зерделеудің қажеттілігі бар. Қытай мен Қазақстан Республикасы арасындағы белгіленген келісім аясында Жібек жолының экономикалық белдеуі және «Нұрлы жол» стратегиялық түйістігінің төрт басым бағыттары анықталды: екі жақты сауданы дамыту; инфрақұрылымды жедел кеңейту және жаңғырту; өндірістік қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту; қаржы саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету. Мақалада авторлар БББЖ-мен елдік бастамалардың ықпалдасу мүмкіндіктері мен тәуекелдеріне талдау жасап, баға берді, «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасымен ұштасудың негізгі бағыттарын анықтау мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына егжей-тегжейлі шолу беріледі. Қазақстанның Қытай бастамашылығымен ұлттық бағдарламасын ықпалдастыру аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы ағымдағы және болашақ бірлескен жобалар қаралды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасы өзінің көптеген бағыттарында «Бір белдеу - бір жол» бастамасы бойынша Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
29-35 225
Аңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде ЕАЭО мүше-елдерінің бірлескен интеграциялық саясатын дамыту бойынша негізгі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Бәсекелестік деңгейі жоғары тауарлар бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі ахуалына талдау жүргізілді, сондай-ақ тауар нарығында бәсекелестік деңгейі жоғары ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша келісілген экспорттық саясат тетігі әзірленіп, ұсынымдар беріледі. Мақалада авторлар экспорттық ағындарды оңтайландыру үшін негізгі тауарлық позицияларының сыныптауышына сәйкес ЕАЭО мүше елдердің экспорттық әлеуетіне өзіндік бағалау жүргізді. ЕАЭО құрылғанына 5 жыл болса да, интеграцияға қатысушылар арасында шешімге келу үшін жеткілікті ұзақ уақытты талап етуші бірқатар күрделі мәселелер бар. Одаққа қатысушы елдер арасындағы негізгі қайшылықтар саяси құрамдастың бір бөлігіне айналған экономикалық мақсаттылыққа байланысты қалыптасуда. Авторлардың пікірінше, интеграциялық үдерістердің ғылыми негіздемесі өзара сауда мен экономикалық ынтымақтастықтың өзге де салаларындағы кедергілерді алып тастауға ынталандырады, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығын технологиялық жаңғыртуға әкеледі, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кірістілігін арттырады, ауылдың әлеуметтік саласының дамуына қуатты серпін береді және одақтың барлық қатысушыларына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
36-40 435
Аңдатпа
Мақалада қазіргі кездегі стратегиялық менеджментті дамытудың заманауи тұжырымдамалық бағыттары қарастырылған, олар ұйымдық-стратегиялық көзқарастармен, ұйымдарды стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік құралдарымен жетілдірумен сипатталады. Стратегиялық менеджменттің мақсаты проблемаларды шешу және ішкі резервтер арқылы ұйымның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын табу болып табылады. Стратегиялық басқарудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері ашып көрсетіледі. Кәсіпорынды стратегиялық басқару құралдарының болуы ұйымды пайда алуды және тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс, осыған байланысты кәсіпорынды осындай басқарудың мәнін түсіну және пайда болған проблемаларды уақтылы диагностикалауға және оларды шешу бағыттарын әзірлеуге көмектесетін әзірленген құралдарды білу қажет. Стратегиялық басқару - бұл ұйымның негізі ретінде адами әлеуетке сүйенетін, өндірістік қызметті тұтынушылардың сұраныстарына бағыттайтын, айналаның тарапынан шақыруға жауап беретін және бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұйымда икемді әрекет ететін және уақтылы өзгерістер жүргізетін басқару, бұл жиынтығында ұйымға ұзақ мерзімді перспективада өмір сүруге мүмкіндік береді. Стратегиялық менеджменттің мақсаттары, міндеттері, кезеңдері айқындалды, стратегиялық менеджмент қағидаттарын бағыттың біртұтастығы, ғылыми негізділік, дамудың басым бағыттары, пайдалылық пен тиімділік, жеке мүдделерді орталықтандыру мен орталықсыздандыру, персоналды ынталандыру, корпоративті рух арасындағы оңтайлы пропорцияларға бағыну деп атайды.
41-45 307
Аңдатпа
Компаниялардың экономикалық әлеуеті мәселелерін қарау қажеттілігі 2020 жылы байқалып отырған құрылымдық, циклдік және оқиғалық сипатты қамтитын дағдарыстың ерекше түрімен түсіндіріледі. Құрылымдық дағдарыстың белгілері өмір сүру жағдайларының барлық аспектілерін - әлеуметтік, экономикалық, саяси, зияткерлік және т.б. жаңарту алда. Мемлекеттік экономикалық реттеу мәселелерін да қайта қарау тұр. Дағдарыстың циклдық сипаты мұнай бағасының төмендеуінен көрінеді, бұл Қазақстан экономикасының шикізаттық мемлекет ретінде нақты секторына теріс әсер етеді. Коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыстың орын алуы адам құрбандары мен өндірістің құлдырауы әкеледі. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының үкіметі кәсіпкерлік субъектілері мен халықты қолдау шараларын қабылдады - бұл салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген несиелер, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату және басқалар. Әрине, мемлекет қабылдайтын шаралар пандемиядан туындаған дағдарысты құбылыстарды тежеуге және бәсеңдетуге мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар, теріс макроэкономикалық факторлар экономиканың дамуының баяулауына және көптеген кәсіпорындардың қызметін ұзақ қалпына келтіруге әкелуі мүмкін. Бұл мақалада компаниялар қабылдауы мүмкін шараларға қысқаша шолу жасалды. Бұл шаралар COVID-19 байланысты теріс факторларды еңсеруге бағытталған. Қалыптасқан дағдарыс жағдайы компаниялардан экономикалық әлеуетті қолдау мақсатында белгілі бір іс-қимыл қабылдауды талап етеді: жеткізулер тізбегінің бұзылуына байланысты жеткізушілермен қарым-қатынасты қайта-қарау, олардың сыншылдығын ескере отырып, қорларды құруға басқаша көзқараспен қарау, басымдықтарды жарнама жағына жылжыта отырып шығындарды қысқарту және ең бастысы, адами ресурстарға ұқыпты қарау.
46-51 215
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылады, оның мақсаты 2050 жылға дейін осы сектордың үлесін ЖІӨ-дегі 50%-ға дейін жеткізу болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің динамикасына талдау жүргізілді, оның құрылымы талданды. Шағын бизнес субъектілерінің санындағы ең үлкен үлес салмағына жеке кәсіпкерлер ие. Шығарылған өнімнің жалпы көлемінде және ЖІӨ-де шағын кәсіпорындар ең көп үлес салмағына ие. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы қосылған құнының көлемі және оларда жұмыспен қамтылғандар саны Қазақстан өңірлері бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады. Кәсіпкерліктің күшті жақтары анықталды, салықтардың жоғары ставкалары, көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық, білікті емес кадрлар сияқты шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі кедергілер талданды. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жүйесінің жеткіліксіз нәтижелілігі, шағын кәсіпкерлікті бюджеттік қаржыландыру көлемі мен республиканың ЖІӨ-дегі оның үлес салмағы арасында корреляцияның жоқтығы туралы қорытынды жасалды; бюджеттік қаржыландырудың ұлғаюы шағын кәсіпорындардың жиынтық қаржылық нәтижесінің өсуіне әкелмейді. Мақалада шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүзеге асырылатын негізгі бағыттар келтірілген. Соңғы жылдары Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі байқалады және мақалада ШОК субъектілерінің құрылымы, жұмыспен қамтылғандар саны және шағын және орта бизнес кәсіпорындарында шығарылған өнім көлемі келтірілген.
52-55 283
Аңдатпа
Жаһандану кәсіпорындардың өсуі үшін жаңа тәсілдер мен ережелерді талап етеді. Халықаралық сауданы біз әдетте ірі әр танымал көп ұлтты корпорациялармен байланыстырамыз, бірақ бұл гипотеза ішінара шындыққа сәйкес келеді. Егер осы мәселені зерделеуге тереңірек қарайтын болсақ, біз әлемдік нарықтың басқа да маңызды көшбасшылары - «жасырын чемпиондар» бар екенін білеміз. Бұл фирмалардың жұмысын зерттеу табысы аз компанияларға өте маңызды сабақтарды игеруге мүмкіндік береді, бұл қазақстандық табыс стратегияларын зерттеушілер үшін өте маңызды. Бұл мақалада «жасырын чемпиондардың» болуы және жай ғана болуы ғана емес, табысты жұмыс істеу фактісі анықталды, бұл нарықтың белгілі бір позицияларында ұзақ уақыт болуымен дәлелденеді. Бұл компаниялар көпшілікке арналмаған, олар жарнамаға мұқтаж емес, менеджменттің қазіргі заманғы ережелерін ескермейді, бірақ нарықтың 70-80%-ға дейін үлкен үлесін алады. «Жасырын чемпиондар» жетік тәсілдерімен өнімнің сапасы, өндіріс, тұтынушыларға қызмет көрсету керекті деңгейде атқарылып жатқанын және оларды алыптарға айналдыратындығын дәлелдейді. Дағдарыстық экономика жағдайындағы «жасырын чемпиондар» тәсілі - басқа ірі компаниялардың болжай алмауына қарсы тұра білу. Герман Симонның «жасырын чемпиондар» термині қолданылды, олардың жұмысының негізгі қағидалары түсіндірілді, осындай компаниялардың көпшіліктің назарына көрінбейтіні атап өтілді, олардың кейбіреулері қызметкерлерінің баспасөзбен байланысына тыйым салады, дегенмен, бұл жағдайлар олардың қызметіне қызығушылық тудырады.
56-63 288
Аңдатпа
Мақалада денсаулық сақтау жүйесі (денсаулық әлеуеті), білім беру (біліктілік әлеуеті), экологиялық қауіпсіздік әсерімен қалыптасатын адами капитал қарастырылады. Республиканың қолайсыз экологиялық жай-күйі халықтың, оның ішінде балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіреді, сондықтан экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Қолайсыз экологиялық жағдай халық организмінің физикалық дамуына елеулі әсер етеді және денсаулық жағдайында қолайсыз факторлардың дамуына әкеледі, бұл адам капиталын қалыптастырудан көрінеді. Сондай-ақ, мақалада адами капиталдың сапасына антропогендік және экологиялық факторлардың әсерін бағалаудың әдіснамалық негіздері баяндалған. Аумақтардың экологиялық шиеленіс дәрежесіне диагностика жүргізуге, қоршаған орта жағдайының халық денсаулығына және жалпы адами капиталдың сапасына әсерін бағалауға мүмкіндік беретін талдамалы құралдар ұсынылған. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі зерттеуді және «экологиялық қауіпсіздік» ұғымының мазмұны мен мазмұнын ашуды талап етеді. Қазіргі уақытта, экономикалық немесе басқа ғылыми әдебиеттерде бұл ұғымның нақты анықтамасы жоқ. «Экологиялық қауіпсіздік» түсінігін түсіндірместен мәселені шешу тетігі туралы айту қиын. Экологиялық қауіпсіздік пәнаралық білімнің саласы ретінде қазіргі ғылымды жүйелі ұйымдастыруда белгілі бір деңгейге ие. «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында «экологиялық қауіпсіздік» ұғымы табиғи ортаны және адамның өмірлік мүдделерін шаруашылық және өзге де қызметтің, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарының ықтимал теріс әсерінен қорғаудың жай-күйі ретінде қарастырылады.
64-68 807
Аңдатпа
Соңғы жылдары корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) бағдарламаларын іске асыру үшін компаниялар бөлетін бағдарламалар саны мен қаржыландыру көлемінің күрт өсуі байқалды. Әлеуметтік есептерді жариялау және әдеп кодексін енгізу жалпыға ортақ тәжірибеге айналды. Әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастыру қоғамның, бизнестің және үкіметтің өзара іс-қимылының тиімді тетіктерін қалыптастыруды қамтиды, оның бірі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. Зерттеудің әртүрлі әдіснамалық тәсілдерін талдау негізінде бұл мақала бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасының мәнін ашады. Мақалада кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін айқындау - бұл әлеуметтік жауапкершілікті оның қызметінің негізгі қағидаты ретінде жариялайтын компания позициясын қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті зерттеу барысында компанияның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуінің негізгі формалары, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің компанияның нәтижелеріне тигізетін оң әсерін ашты. Оң әсер қазіргі заманғы барлық талаптарға сәйкес келетін сапалы өнімді шығаруға ынталандыруға негізделген. Зерттеудің әдіснамалық негіздерін жасау барысында автор белгілі ғалымдардың жарияланымдарына сүйеніп, мақалада әртүрлі ғалымдардың кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін зерттеуге арналған тұжырымдамалық тәсілдерінің талдауының нәтижелері келтірілген.
69-73 405
Аңдатпа
Әрбір мемлекет өзінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік үдерістерді, сондай-ақ қоғамдық іс-әрекеттерді сыртқы орта жағдайларына сәйкес жетілдіре отырып, өзінің жеке жоспарлау әдістерін қолданады. Халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту әлеуметтік жоспарлаудың басты мақсаттарының бірі болып саналады. Әлеуметтік жоспарлаудың мәні «өмір сүру жағдайы», «өмір сүру деңгейі», «өмір сапасы» сияқты ұғымдар арқылы ашылады. Стратегиялық жоспарлау үрдісінде қалыптасатын әлеуметтік саясаттың мақсаты халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады. Өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлаудың басты міндеті халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу, ал болашақта оны жақсарту болып табылады. Қазақстан Республикасында өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру үшін экономиканы дамыту және халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру жөніндегі болжамдар, кешенді бағдарламалар әзірленеді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту және экономиканы дамыту үшін «БЖК», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаларды іске асыру үшін әрбір өңірдің мұқтаждығын ескере отырып, республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Соңғы уақытта көп балалы аналарға үлкен қаражат бөлінуде. Оларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз моделі жоқ. Бірақ ұлттық экономиканың өсуімен өзгеретін ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеу қажет. Жұмыспен қамтуды және еңбекке ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі саясатты қайта қарау, халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін және оның әл-ауқатын қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу қажет.
74-79 9807
Аңдатпа
Еңбек көші-қоны сыртқы және ішкі ағымдардан қалыптасады. Қазақстан Республикасы үшін сыртқы көші-қон ТМД және алыс шетелдерден көші-қон болып табылады. Ішкі көші-қон Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы еңбек қозғалысымен сипатталады. Еңбек көші-қонының бұл екі түрі өзара тығыз байланысты. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі көші-қонның сипаты мен дәрежесі әр түрлі. Халықтың көші-қоны қоныс аударуымен бірге көші-қон үдерісі деп аталады. Қазіргі уақытта көші-қон процесінің теориясы талап етілген. Бастапқы кезең - адамдардың өңірлік ұтқырлығын қалыптастыру, аралық кезең - ұтқырлық, соңғы кезең - ұласуы, яғни көшіп-қонушылардың бейімделуі. Елдегі қазіргі көші-қон процестерінің серпінін әлеуметтік-экономикалық факторлар анықтайды. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық трансформациясы көші-қон процестерінің елеулі өзгерістеріне әкелді. Көші-қон үдерістері мен олардың салдары - елдің даму перспективаларын бағалау үшін өте маңызды факторлар. Мақалада көші-қон коэффиценттері негізінде Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері талданды және ішкі көші-қонның ақпараттық, инфрақұрылымдық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да жағдайларын жеңілдету жеке еңбек ресурстарын қайта бөлу есебінен еңбек және демографиялық базаны құрады деген болжам жасалды.
80-87 415
Аңдатпа
Мақалада экономиканың агроөнеркәсіптік секторын мемлекеттік реттеу бойынша шетелдік тәжірибе және өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың ықтимал жолдары қарастырылады. Мемлекеттік реттеу шаралары отандық азық-түлік тауарларын өндірушілердің, қайта өңдеушілердің және тұтынушылардың мүдделеріне сай келуге тиіс. Мемлекеттік басқарудың міндеті азық-түлік нарығының жұмыс істеуі мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерінің оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Анықталған проблемаларды шешу үшін реттеудің ұйымдық және экономикалық әдістеріне бөлуге болатын реттеу әдістерінің жеткілікті кең арсеналы бар. Өндірушілерді жан-жақты қолдау жолымен экономиканың агроөнеркәсіптік секторын мемлекеттік реттеу дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де аграрлық саясаттың басым бағыты болып табылады. Шет елдерден айырмашылығы, Қазақстанда мемлекет баға диспаритетін және нарықтағы баға жағдайын реттеуге белсенді қатыспайды. Қазақстанның бірнеше өзге жағдайларда тұрғанына қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі одан әрі пайдалану үшін, әсіресе Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және одан әрі орнықты дамыту, сондай-ақ азық-түлік нарығындағы баға белгілеу процестеріне мемлекеттік араласу мақсатында өндірушілерді қолдау үшін өте пайдалы. Шетелдік тәжірибе негізінде тиімді аграрлық саясатты әзірлеу және жеткілікті қаржыландыру кезінде ауыл шаруашылығын қолдаудың барлық пысықталған шараларын толық ауқымда іске асыру агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жақсы ынталандыруға айналуы тиіс.
88-93 325
Аңдатпа
Бұл мақалада ауыл шаруашылық саласындағы шаруашылық жүргізудің шағын нысаны болып табылатын жұртшылық шаруашылығының шетелдердегі баламалы нұсқаларының қалыптасқан анықтамалық атаулары кеңінен зерттелінген. Баламалы нұсқаларына анықтама беріліп, еліміздегі жұртшылық шаруашылық ұғымымен ерекшеліктері мен ұқсастықтары кеңінен сипатталған. Сондай-ақ, бірқатар шетелдік ғалымдардың шаруашылық жүргізудің шағын нысаны жұртшылық шаруашылығын сипаттаған сан түрлі ой пайымдауларын жаза отырып, анықтамалық атауларға түсінік берген маңызды мағлұматы ұсынылған. Анықтамалық атаулардың алуандығы жергілікті ұлттық ерекшеліктермен байланысты екендігімен түсіндірілген. Батыс әдебиеттерінде жеке қосалқы шаруашылық ұғымының мән-мағынасы жанұялық немесе жартылай фермерлік шаруашылық түсініктерімен сай келетіндігін айта отырып, бұл терминнің Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің бір нысанымен сай келмей, екі түрлі, яғни фермерлік шаруашылық және жұртшылық шаруашылығы нысандары сай келетіндігімен, сондай-ақ олардың әртүрлі инфрақұрылымы мен статистикасының жүргізілетіндігі айтылған. Шетелдердегі мысал ретінде АҚШ пен Канада елдеріндегі жұртшылық шаруашылығы баламалары, олардың даму жағдайы зерттелді, осы елдердегі қолданыстағы шаралар қарастырылды, ортақ ұқсастықтары табылды, соның негізінде қолдау шараларының сызбанұсқасы құрылып ұсынылған.
94-100 309
Аңдатпа
Мұнай бағасы барлық елдің инфляциясы мен нақты валюта бағамына әсер етуші маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мұнай бағасындағы ауытқулар инфляция және нақты валюта бағамына мұнайға деген сұраныс және ұсыныс секілді факторлар арқылы әсер етеді. Мұнай бағасының арзандауы нақты валюта бағамының төмендеуіне себеп болса, инфляция динамикасына жанамалы түрде әсер етеді. Мұнай бағасы артар болса, нақты айырбас бағамы көтеріледі және елге импорттық тауарлар арзан бағада келуіне жол ашылады. Мұның басты себебі алтернативті энергия көздерін қолдану аясының кеңейгені және мұнай өндірудің жаңа тәсілі немесе сланцты мұнай қорларының игерілуі нәтижесінде әлемдік мұнай нарығының артуы. Ал, 2017 жылы болса мұнай бағасы болса қайта жанданып 54 АҚШ долларына дейін өсті, бұның басты себебі ОПЕК-ке мүше елдер және мүше емес мұнай өндіруші елдер арасында жасалған келісім-шарт болды. Осы келісім-шарт мұнай бағасына оң әсерін тигізді және инвесторларды аталған салаға ақша құюға деген сенімділігін оятты. Бұл мақалада мұнай бағасының инфляция және нақты валюта бағамына әсері Грэйнджер себеп салдар тесті және Векторлық авто регрессия (VAR) әдістері көмегімен талданды. Greater Reason-Tests арқылы инфляция нақты валюта бағамындағы өзгерістердің себебі екені анықталды. VAR талдауы болса инфляциямен нақты валюта бағамы арасында теріс байланыс бар екендігін және бұл әсердің ұзақтығы 4 периодқа созылатындығын көрсетті.
101-105 331
Аңдатпа
Мақалада «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) ірі мұнай-газ компаниясының қызметкерлерін оқыту және дамыту жүйесі қарастырылған. Қызметкерлерді оқыту қызметкерлердің біліктілігінің өндірістік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жаңа техника мен технологияларды игеру, ұлттық кадр резервін және жас мамандарды мақсатты даярлау жоспарында персоналды даярлау мен қайта даярлаудың пайдаланылатын тәсілдері қазіргі заманғы кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өз қызметкерлерін даярлау, білікті және құзыретті персоналды тарту және сақтау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі мамандандырылған сектордың ұзақ мерзімді бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Компания қызметкерлерін өнеркәсіптік және техникалық құзыреттілік саласында кәсіби оқыту, халықаралық сертификатталған бағдарламаларға, сондай-ақ тағылымдамалар бағдарламаларына қатысу және оқыту мен дамытудың қазіргі заманғы әдістері қарастырылды. ҚПО Б.В. оқыту орталығы базасында дуалды білім беру жүйесі, студенттік және жастар тәжірибесі бағдарламасы қарастырылды. Қызметкерлердің жекелеген санаттары бойынша білім алушылар санының динамикасын сипаттайтын статистикалық деректер, бір қызметкерге есептелген оқу уақытының шығындары келтіріледі. ҚПО Б.В. персоналды оқыту және дамыту саласындағы тәжірибесі Қазақстанның мұнай-газ саласының басқа кәсіпорындары үшін үлгі бола алады.
106-111 982
Аңдатпа
Қазіргі уақытта минералды-шикізат кешені Қазақстан экономикасының нақты секторы болып табылады және алдағы уақытта да үстем болып қала береді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, атап айтқанда, өндірілетін минералды-шикізатты пайдаланудың толықтығы мен кешенділігін арттыру және өнеркәсіптік өндірістің барлық сатыларында минералдық шикізатты өндіру көлемі тұрақты болғанда, тіпті біршама қысқарған кезде де инновациялық ресурс үнемдейтін және экологиялық теңдестірілген технологияларды енгізу есебінен тау-кен металлургиялық кешенінде (ТМК) экономикалық өсудің пайдаланылмаған үлкен резервтері бар. Қазақстандағы ТМК-ның негізгі көшбасшылары ретінде қорғасын-мырыш және мыс өнеркәсібінің жай-күйі мен дамуын бағалауға ерекше назар аударылды. ТМК-ның негізгі шаруашылық субъектілері - тау-кен кәсіпорындарының, байыту фабрикаларының, металургиялық зауыттардың даму міндеттері мен сипаттамалары ұсынылған. Аталған кәсіпорындардың инновациялық дамытуда мемлекеттік қолдаудың рөлі мен нәтижелері көрсетілген. ТМК-ның дамуына тау-кен және металлургия өнімдерінің әлемдік нарығында бәсекелестік айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен, Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорындары өнеркәсіптік өндірістің оң серпінін сақтап қалуда. Цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану өндірістік процестердің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. ТМК-да мемлекеттік қолдау шараларын дамыту ұсынылады. Прогрессивті техникалық-технологиялық шешімдерге сұранысты қалыптастыру, жеке ҒЗТКЖ-ны дамыту, озық әлемдік практика трансфері, энергия тиімділік пен экологиялылықтың өсу сияқты мәселелерді шешу ресурстық базаны әзірлеу тиімділігін едәуір ұлғайтуға және елдің инновациялық әлеуетін ашуға қабілетті. Сонымен қатар, ресурстық салалар басқа экономикалық секторлар үшін ғылымды қажетсінетін технологияларды жеткізуші бола алады.
112-116 285
Аңдатпа
Мақалада қалпына келетін энергия көздері саласындағы еңбек нарығының жағдайы қарастырылды. Жұмыспен қамту және оның даму перспективалары әрбір ЖЭК секторында мемлекеттер бойынша талданды. Ірі су энергиясын қоса есептегенде, ЖЭК секторындағы жұмыспен қамтуының өсу динамикасы көрсетілді. Энергетикалық сектор экономиканың динамикасына және тұрақтылығына тұтастай әсер етеді, жұмыс орындарын құрудан бастап және ресурс тиімділігі мен қоршаған ортаға дейін оның барлық салаларын қозғайды. ЖЭК енгізуді жеделдету экономикалық өсуіне түрткі болады, жаңа жұмыс орындарды құруға мүмкіндік береді, адамдардың әл-ауқатын арттырады және ұзақ мерзімді перспективада климаттың сақталуына өз үлесін қосады. 2030 ж. қарай ЖЭК үлесін екі еселену тікелей және жанама жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жаңартылатын энергетика саласында жұмыс орындарының саны барлық технологиялық салаларда артады, ал жұмыс орындарының көп шоғырлануы бүгінде ең көп жұмыспен қамтылған салаларда, атап айтқанда биоинженерия, гидроэнергетика және күн энергетикасында сақталады. ЖЭК өндірістік тізбегі бойынша көптеген жұмыстар отын жеткізу, өсімдік өндірісі мен жабдықтары арқылы қамтамасыз етіледі. ЖЭК әрі қарай дамуының арқасында пайда болған жаңа жұмыс орындар қазба энергиясы саласында жұмыс орындарының қысқаруын өтейді және орнын толтырады.
117-121 470
Аңдатпа
Тоқыма индустриясы өзінің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына байланысты Қазақстан Республикасында экономиканың басым саласы болып табылады. Бүкіл әлемде кластер осы саланы табысты дамыту үшін оңтайлы модель және қажетті шарт деп танылды. 2005 жылы Қазақстанда тоқыма және жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық маңыздылығын арттыру мақсатында мақта-тоқыма кластері құрылды. Бұл мақала қазақстандық тоқыма кластерінің дамуын зерттеуге арналған. Автор осы кластердің жұмыс істеуіне төрт критерийі бойынша талдау жасады: «кластер ені», «кластер тереңдігі», «кластер құру контексті» және «кластер жетілуі». Бірінші кезекте оның жұмыс істеуіне тартылған салалар мен кәсіпорындардың шектелген тік және көлденең диапазонымен байланысты кластердің жұмыс істеу тиімділігінің жеткіліксіздігі негізделген. Оның дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалар анықталып, талданды: жалпы экономикалық, ұйымдастырушылық, кадрлық және нарықтық. Кластердің тиімді дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалар оның элементтерінің салааралық және ішкі салалық өзара іс-қимыл проблемасы, кластер кәсіпорындарының әлсіз интеграциялануы, кластер шеңберінде бірыңғай технологиялық тізбектің болмауы болып табылады. Бұл проблемалардың болуы кластерлік тәсілдің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мақала авторы осы кластерді басқаруға оның қатысушыларының қызығушылығын арттыру және тоқыма кластері шеңберінде бірыңғай технологиялық тізбекті құру негізінде оны жандандыру мақсатында жаңа ұйымдық-экономикалық тәсілдің қажеттілігін негіздейді.
122-130 238
Аңдатпа
Отандық қаптама саласы қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Қазақстан полимерлер, қатпакартон, шыны ыдыстар және басқа да қаптамалық өнімдер өндірісі төмендеуде. Бүгінгі таңда ішкі қаптама нарығы өз өнімдерін кеңейту керек, бұл қаптама саласын жетекші әлемдік өндірістер деңгейіне жеткізе алады. Қаптау өнімнің шығынын азайтуға, оның сапасына кепілдік беруге, сақтау мерзімін ұлғайтуға, тапсырыс берушіге жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өнімнің қаптамасы барлық өндіріс салалары үшін «өндіріс - сақтау - тасымалдау - өткізу» тізбегінде маңызды рөл атқарады. Нарық жағдайы қаптама мен қаптама материалдарының бәсекеге қабілеттілігін күрт арттыру қажеттілігін туындатады. Қаптама өнімдері бойынша логистикалық қызмет жүйесін құру мәселесін айта келе, логикалық қызмет қалыптасатын, оның жұмысының нәтижелілігіне баға берілетін негізгі принциптерді, тәсілдер мен көрсеткіштерді анықтау маңызды. Логистикалық қызмет жүйесін құрудың негізгі қағидаты қарастырылатын кәсіпорынның қазіргі заманғы сатысында, атап айтқанда, қатпакартонды өндіру бойынша кәсіпорындар жүйесі өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Өнімнің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде (маркетингтік тұжырымдамаға сәйкес) логистикалық қызмет белгілі бір рөл ойнайды. Кәсіпорынмен қабылданған қорларды ұсыну жағдайы (олардың қолжетімділігі) және тапсырыстарды орындау мерзімі орын алған нарықтық мүмкіндіктер мен бәсекелестік жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.
131-135 309
Аңдатпа
Мақалада балық шаруашылығы салаларының өндіріс тиімділігі, балық саласының алдында тұрған міндеттер, елдің балық ресурстары келтірілген. Авторлармен балық шаруашылығы мен балық аулауды дамытуды реттеу мәселелері қарастырылған. Жалпы алғанда осы саланың дамуы үшін Қазақстанда қолайлы жағдайлар бар. Мақалада осы екі саланың сипаттамалары мен ерекшеліктері берілген. Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну өте төмен деңгейде. Елдің ішкі нарығындағы импорттық өнім үлесінің өсуі жергілікті балық өндірісіне кері әсер етеді. Тауарлы балық шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шегінде балық шаруашылықтарының техникасы мен жабдықтарын сатып алуға инвестициялық салымдар кезінде шығындарды субсидиялау қарастырылған. АӨК мемлекеттік бағдарламмаларын өңдеу шегінде балықты орналастыру материалына шығындарды субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша ұсыныстар жасалды. Мақалада нақты шаруашылықтар аясында өндіріс көлемдері мен оларды өткізілуі қарастырылған. Субсидиялауға баға беріліп, мемлекеттік қолдауды ескере отырып, өндірістің рентабельділігі берліген. Тауарлық балық шаруашылығының бағыттары ұсынылған және олардың сипаттамасы берілген: көл тауарлы - ең перспективалы, қысқа мерзім ішінде және аз шығынмен тауарлық балық өндірісін күрт ұлғайтуға мүмкіндік береді; тоған және өнеркәсіптік, оларды тиімді және ғылыми негізделген технологияларды енгізу жолымен дамыту қажет; өнеркәсіптік балық өсіру; бассейндік технологиялар. Балық шаруашылығын дамыту үшін ұсыныстар әзірленді.
136-140 1465
Аңдатпа
Краудфандинг - бұл көптеген адамдарға тиесілі шағын ақша қаражатын қаржыландыру үшін пайдалану мүмкіндігі бар бизнесті қаржыландыру әдісі. Краудфандинг нарығын капиталдандыру үнемі өсіп келеді. Краундфандингтің маңызды артықшылығы әрбір қатысушының өз қалауына сәйкес қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Криптовалюта принципі қазіргі қаржы нарығында көбірек орын алады. Криптовалюта пайдалану банктік және инвестициялық қызметке, оның ішінде жобаларды қаржыландыруға үлкен әсер етеді. Бұл механизмнің негізі дәстүрлі ақша салымдарын ауыстыратын критовалюта шығару болып табылады. Критовалюта сатып алу демеушілерге компанияны ортақ иеленуін қамтамасыз етеді, онда акциялар токенмен алмастырылады. Бұл әдіс сыйақы негізінде және акционарландыру негізінде краудфандингті біріктіреді. Қазақстан Республикасында краудфадингті дамытудың объективті алғышарттары бар және бір жағынан, нарықтық механизмдер арқылы стартаптарды қаржыландыру мүмкіндігінің жетіспеушілігімен, екінші жағынан, жоғары табысқа әлеуеті бар инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысуға ниет білдірген донорлардың шектеулі инвестициялық мүмкіндіктерімен байланысты. «Start-time» және «Bari birge» секілді алаңдардың қызметі фаундерлер және демеушілер тарапынан краудфандингке деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетуде.
141-148 220
Аңдатпа
Халықаралық рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша Қазақстанның елдік рейтингі (және қор нарығының рейтингі) шекара (frontier) нарықтарының тобына енгізілді. Мақалада әлемдік талдау компаниялары мен елдік тәуекелді зерттеу әдістемелеріне мониторинг жүргізілді. Дамушы нарық мәртебесін алу үшін (Emerging Market) қазақстандық қор нарығына одан әрі даму баламаларын іздеу қажет. Олардың арасында дамушы нарықтарға жататын Мәскеу қор биржасымен біріктіру бөлінді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2019 ж. қазанында Жалпы биржалық кеңістікті қалыптастыру тұжырымдамасын бекітті. Қазақстанның бірінші кезектегі өзекті міндеті - макроэкономикалық тәуекелдерді талдау және болжау болып табылатыны анықталды. Мақалада Қазақстанның макроэкономикалық тәуекелдерін талдау және болжау жүргізілді, Мәскеу биржасымен біріктіру нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ биржалық сауда-саттық көлемінің серпіні мен құрылымына талдау жасалды. Жұмыста жалпы биржалық кеңістік жағдайында Қазақстан Республикасында капитал нарығын жандандыру үшін макроэкономикалық көрсеткіштерді жаңғырту және тұрақтандыру бағытын жалғастыра отырып, тиімді және түсінікті жағдайлар жасау арқылы жеке және басқа да инвесторларды қаржыландыруды тарту қажет екендігі анықталды. Осы міндеттерді одан әрі дәйекті шешу Қазақстанға Emerging Market мәртебесін алуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанға инвесторлардың неғұрлым кең тобын тартуға мүмкіндік береді, елге капиталдың ағынын арттырады.
149-153 605
Аңдатпа
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағалары жылдан жылға көтеріліп жатыр, сондай-ақ еліміздің әртүрлі аймақтарында да тұтыну тауарларының бағалық алшақтықтары орын алды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру ортасына ықпал жасайды. Зерттеуде «Ресей Федерациясының аймақтарының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды қысқарту» атты бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға стратегиялық даму жоспарының мақсаттылығы мен жүргізілуіне талдау жасалды. Сондай-ақ Қазақстанның тұтыну нарықтарында тұрақты бағаларға қол жеткізу, баға құрылымдау жолдары мен шаралары берілді. Еліміздің тұтыну нарықтарындағы бәсекелес орта мен баға құрылымдау мәселелері бойынша әдістемелер жасалды. Біз нарықтарда бәсекені көбейтіп бағаның тұрақталуына назар аударуымыз қажет. Мақалада тұтыну тауар бағаларының тұрақсыздығын қалай шешуге болатындығы туралы ұсыныстар берілген. Авторлар тарапынан тұтынушы нарықтарда тауар бағаларының есебін жүргізуші және орталық мониторинг жүйеге мәлімет жинақтаушы экономист-инспекторларды тағайындау ұсынылады. Олар арқылы күнделікті бағалар бойынша мониторинг жүргізіледі, жөнсіз баға көтерілуінің себептерін анықтап, бақылау жүргізеді, нарықтағы ұсыныс-сұраныс жағдайларын зерделейді, бәсеке тетіктерін ынталандыру қызметтерін жүргізеді. Осылардың нәтижесінде аймақтық мониторинг орталықтарында баға өсу себептері жинақталады, бағаны тұрақтандыру және бағаны реттеу құралдары әзірленеді. Мұнда тұтыну нарықтарын реттеуде әкімшілік әдістерді қолдану емес, нарық механизмдерін жандандыру үшін жанама әдістерді қолдану ұсынылуда.
154-159 331
Аңдатпа
Қазіргі таңда экономиканың басты мақсаттарының бірі кәсіпорындарға түсетін салық деңгейін анықтау, корпоративтік табыс салығының кәсіпорын жағдайына әсерін анықтап, оған терең талдау жасау арқылы қажетті шараларды қолдану болып табылады. Мақалада кәсіпорын табысына салық салуды тиімді реттеуді ынталандыру әдістерін жетілдіру жолдары қарастырылған. Кәсіпорын қызметін салықтық реттеу әдістерінің жүзеге асырылуын корпоративтік табыс салығын реформалаудың негізгі мақсаты - есептеу рәсімін оңайлату және төмен салық ставкалары кезінде салық жеңілдіктерін оңтайландыру. Шағын және орта бизнес үшін корпоративтік табыс салығын алдын ала төлеу талабы алынып тасталады. Қазақстандағы кәсіпорындардағы салықтық ынталандыру әдістерінің жүзеге асырылуын жетілдіру мақсатында ынталандыруды жақсартуға мүмкіндік беретін кәсіпорындарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, шағын және орта бизнес нысандарына салық ауыртпалығын азайтудың тиімділігі - кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің өз табыстарын жасыруын азайтады, салық төлеуден жалтарушылықты жояды, кәсіпкерлік белсенділіктің арттырылуына кәсіпорындардың көптеген бизнес-құралдарының босатылып шығарылуынан отандық өндірісті қосымша инвестициялауға бағыттайды. Салық салудың ынталандыру механизмі кәсіпорындарды табыс табуға белсендіріп, өндірістің қарқынды дамуы мен бюджетке салықтардың толық көлемде, әрі уақытылы түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, көлеңкелі бизнестің жойылуына әсер етіп, жалпы экономиканың дамуына оң ықпалын тигізеді.
160-165 406
Аңдатпа
Ұйымдардың қаржылық есептілігін тексеру кәсіпкерлік қызмет екенің білдіре отырып аудит Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен реттеледі. Шағын бизнесте аудит жүргізу осы нарықтағы компаниялардың аудитінің қаржылық есебінде келтірілген ақпараттың дәлдігін анықтауды және шынайылықты орнатуды көздейді. Бұл мақала шағын кәсіпкерлік субъектілерінде аудит жүргізу әдістемесін және оны дамыту мәселелерін зерттеуге арналған. Бұл ғылыми жұмыста халықаралық стандарттарға сәйкес аудиттің негізгі ережелері, сипаттамалары және шағын кәсіпорындарда тексерулер жүргізу бойынша ұсыныстар берілген. Мақалада көрсетілген ақпаратты жинау процесінің қадамдары аудиторлардың ақпараттық қажеттіліктерінің маңызды деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Аудит мақсатының негізін анықтай отырып, клиенттің және оның бухгалтерлік есебінің нормативтік базасы туралы ақпаратты жүйелеу арқылы, авторлар аудиторлық жұмыс жоспарын құруды ұсынды. Бұл мақалада шағын кәсіпкерлікте тексерулер жүргізудің құрылымдық әдістемесінің элементтері және олардың анықтайтын түсіндірмелер толық көрсетілген. Сондай-ақ, аудиторларға назар аударуға кеңес беретін аудиторлық тәуекелдің жоғары өсу факторлары анықталған. Қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлікте аудит жүргізу туралы ұсыныстар берілген. Сондай-ақ, қазақстандық аудиторлық тәжірибеге шағын кәсіпкерлік субъектілерінде аудиттің дамуына ықпал ететін және оны іске асыратын қолайлы шаралар ұсынылып отыр.
166-171 320
Аңдатпа
Экономиканы реттеудің қазіргі заманғы жағдайында ақша-несие, бюджет-салық құралдарын пайдаланудың маңызы зор. Мақалада олардың республика экономикасына кешенді әсері туралы айтылады. Статистикалық материалдарды талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін бюджет-салық құралдарын пайдалану механизмінде белгілі бір кемшіліктер анықталды. Мақала бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, қаржы ресурстарының балансына негізделген республиканың қаржы ресурстарын қалыптастыру және басқару жөніндегі ұсыныстарды негіздейді. Бұл бюджет-салық саясаты мен ақша-кредит саясатының арасындағы байланысты қамтамасыз етеді және соның негізінде табиғи-құнды пропорциялардың заңдылықтары мен үрдістерін талдауға мүмкіндік береді. Бұл ҚР Үкіметінің 2020-2022 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатын әзірлеу, екінші деңгейдегі банктер үшін қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға және олардың валюта нарығына қатысуына шектеу қою. Сонымен бір мезгілде республикада кредит берудің базалық ставкасын төмендетуді қайта қараған жөн. Шығыстардың қалыптасқан құрылымы экономиканы дамытуға, сондай-ақ сұраныс көлемін кеңейтуге бағытталмаған. Осыған байланысты бюджет тапшылығы одан әрі төмендетумен және қызмет көрсетуге және қарыздарды өтеуге арналған шығындарды азайтумен шығыстардың басымдықтарын қайта қарастыру қажет. Осы ұсыныстардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың салықтық базасын ұлғайтуға, сонымен қатар бюджет-салықтық және несиелік ресурстардың республика экономикасына әсерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
172-176 278
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметінің қазіргі заманғы тенденциялары қарастырылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелерімен зейнетақы секторының ұзақ мерзімді сипаты бар инвестициялық ресурстарының және зейнетақы жинақтарының тұрақты өсіп келе жатқан көлемінің ерекше маңыздылығы расталады. Ұтымды және ғылыми негізделген реттеу кезінде зейнетақы қорының инвестициялық тетігі ұлттық экономиканың өсуі мен дамуының драйвері бола алады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің Қазақстанды дамытудың көптеген макроэкономикалық параметрлеріне және мемлекеттік реттеу жүйесіне тікелей тәуелділігін атап өту қажет. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттерін қатаңдату бір жағынан, тәуекелдік қаржы құралдарының оның инвестициялық портфелінде азаюына ықпал етті, бірақ екінші жағынан, экономиканың нақты секторы субъектілерінің оның ұзақ мерзімді ресурстарына қол жеткізуін шектеуге әкеп соқты. Зейнетақы активтерін мұндай салым, әсіресе ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстардың жетіспеуі жағдайында отандық экономикаға пайда әкелмейді. Жүргізілген талдау мен модельдеу негізінде авторлар зейнетақы секторының экономика субъектілерін қаржыландыруға қатысуының негізгі үрдістерін, сондай-ақ зейнетақы активтерін салымдардың БЖЗҚ инвестициялық кіріс мөлшеріне әсерін анықтады.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 

177-182 345
Аңдатпа
Мақалада Дүниежүзілік экономикалық форум мен McKinsey ғаламдық институтының зерттеулері негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды сандық түрлендіруге арналған жобаларды басқарудың қазіргі тенденциялары мен ерекшеліктеріне шолу жасалынды. Жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып жобаларды іске асыру кезінде жобалық басқару әдістерін - «waterfall» және «agile» үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді. Жобаларды іске асырудағы маңызды мәселе - зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі жобаға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы, өйткені бағдарламалық өнімдер жетілдіріліп, мәліметтер базасы кеңейген сайын құндылығы артады. Сандық түрлендірудің жобалық менеджерлері мен басшылары қазіргі жағдайдағы жобаны басқарудың жаңа ерекшеліктерін, өзгеріп жатқан шындыққа сәйкес және жаңа технологияларға бейімделу әдістерін игеруде. ДЭФ сарапшыларының тұжырымдары төртінші өнеркәсіптік революция инновацияларын енгізу бойынша жобаларды басқарудағы халықаралық және ұлттық тәжірибені салыстыру тұрғысынан қызығушылық тудырады. Деректерге негізделген бизнес модельдер кәсіпорынның сандық түрлендірілуінің бастапқы нүктесі болып табылады. Нақты уақыт режимінде әр түрлі ақпаратты басқару және клиенттерге зияткерлік сервистік ұсыныстар ұсыну, салаға қарамай қалыптасқан бизнес-модельдерге мүлдем жаңа әсер етуі мүмкін. Қорытындыда Қазақстанда жасанды интеллект негізінде пилоттық жобаны жүзеге асырудың қысқаша сипаттамасы ұсынылды және технологияларды енгізуді кеңейтудің негізгі проблемалары атап өтілді. Жобаларды масштабтаудың күрделілігі инвестициялардың қайтарымы жобаның алдындағы кезеңдегі белгісіздік, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу мен масштабтау құнын бағалаудағы қиындықтарға байланысты.
183-188 255
Аңдатпа
Мақалада экономиканың цифрлық қайта құру жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық басымдықтарын таңдау мәселелері қарастырылды. Экономикалық өсудің жаңа циклы немесе төртінші өнеркәсіптік революция тұтынушылық сұраныстың өзгеруіне немесе жаңа технологиялық өнімге сұраныс тудыратын икемді өндіріс жүйесін құруды талап етеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның және McKinsey ғаламдық институтының зерттеулеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды цифрландырудың қазіргі тенденцияларына шолу жасалып, қазіргі инвестициялық басымдықтар туралы қорытынды жасалды. Қазіргі кезеңдегі кәсіпорындардың инвестициялық шешімдерін сәтті қабылдауының негізгі факторларының бірі, жаңа өндірістік қуаттарды құруға салынған инвестициялармен жаңа цифрлық технологияларды қолдану жылдамдығымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Өзгерістерді сандық және сапалық аспектілері бойынша жіктеуге болады. Өлшенетін сандық артықшылықтар шығындарды үнемдеу және қосымша кіріс арқылы өлшенетін артықшылықтарды қамтиды. Сапалы артықшылықтарды өндірісті жоспарлау мен бақылауды жақсарту, ресурстарды тиімді және экологиялық таза пайдалану, өндіріс икемділігі мен тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Кәсіпорындарды сандық түрлендіруден алынған шығындарды үнемдеудің және пайданың әсері, компанияның капиталдандыру және оның нарықтық құнына тікелей әсер етеді. Инвестиция қайтарымының белгісіздігін ескере отырып, автор компаниялардың болашақ кірістерін секьюриттеу және цифрлық платформада электронды қаржы құралдары түріндегі квази-ақша айналымын негізге ала отырып, кәсіпорындарды цифрландыру жобаларына инвестиция тартуды ұсынады. Қарастырылған инвестициялық құрылымын инвестициялардың дамуын және кәсіпорындардың қаржылық ағымын бақылау үшін пайдалануға болады.
189-193 664
Аңдатпа
Мақалада «жобаларды басқару» терминін анықтаудағы әртүрлі тәсілдер, сонымен қатар ғылымды жобаларды басқару ретінде пайда болуы туралы айтылады. Жобаны басқару практикалық қызмет ретінде және ғылыми пән ретінде ерекшеленуі керек. Жобалық менеджмент практикалық қызмет ретінде ежелгі уақытта, адамзат алғашқы ірі жобаларды жүзеге асыру қажеттілігіне тап болған кезде пайда болды. Жобалық менеджменттің ғылыми және теориялық пән ретінде қалыптасуы XX ғ. ортасы мен екінші жартысында орын алды. Жобаларды басқару пәнін құруда маңызды рөлді жобаларды басқарудың кәсіби қауымдастықтары атқарды. Мақалада ғаламдық ауқымда білімнің осы саласына ғылыми шолу жасалынды, сондай-ақ көрші елдер мен Қазақстанның тәжірибесі қарастырылды. Қазақстандағы жобалардың сапасын басқарудың әлсіз жақтарына талдау жасалды, республикада ғылыми білімнің осы саласын дамыту қажеттілігін көрсететін себептер келтірілген. Жұмыста АҚШ-тағы Жобаларды басқару институтының деректері негізінде жобаларды басқарудың тиімділігі көрсетілген статистика келтірілген. Жобаның сәттілігін зерттеу нәтижелеріне, жобаның сапаны басқару құрылымына, осы тұжырымдаманы түсіндіру тәсілдеріне негізделген тиімділіктің төмендеуінің немесе жобалардың сәтсіздігінің себептеріне талдау жүргізілді. Жалпы сапаны басқарудың әдістері мен кезеңдері сипатталған, олардың жобаны іске асырудағы әсері, әр әдіс аясында ұсыныстар жасалады. Жұмыстың тиімділігі мен сапасын олардың күшті және әлсіз жақтарын көрсете отырып өлшеу әдістері ұсынылған. Сапа менеджменті жүйесіне қойылатын халықаралық талаптарды ескере отырып, қызметкерлердің құзыреттілігі, оқыту және біліктілігін арттыру, жобалық топ мүшелері мен жоғары басшылықтың жобаны басқару үдерісіне жаппай тартылу мәселелері қаралды.
194-198 360
Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының аумағындағы жекелеген аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың заманауи тетіктерін сипаттауға арналды және қазіргі тұжырымдаманы, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің ерекшеліктерін көрсетеді. Зерттелетін объектінің рөлі де бөлек сипатталды. Мысал ретінде, Алматы қаласының қазіргі бәсекелестік жағдайы республикалық деңгейде талданды, негізгі зерттеу критерийлері бойынша аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері келтірілді. Негізгі күшті жақтардан басқа, қаланың стратегиялық дамуына теріс әсер ететін қауіптер сипатталды. «Алматы стратегиясы-2050» құжатына талдау жасау арқылы облыстың жетекші позициясын сақтау, әлемдік рейтингтегі қаланың орнын жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлар қарастырылды. Зерттеудің жеке блогы ретінде жекелеген салаларда даму стратегиясын іске асыруда қолданылатын қазіргі заманғы тетіктер сипатталды. Олардың ішіндегі ең көп тарағандары: преференциялық басқару, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, мамандандырылған бағдарламалар, желілік құрылымдар, аймақтық даму қорлары, ірі, орта және шағын бизнестің интеграция нысандары, жобаларды іске асыру, мемлекеттік органдардың тік және көлденең өзара іс-қимылының тетіктері. Аймақтық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру тетіктерін басқарудың жалпы алгоритмі анықталды, Алматы қ. қазіргі бәсекелестік жағдайына қатысты қорытындылар жасалды.
199-205 316
Аңдатпа
Әлемдік тәжірибе дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде шағын кәсіпкерлік ұлттық экономиканың дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге және жұмыспен қамтылғандар санының артуына айтарлықтай әсер ететіндігін айқын дәлелдейді. Шағын кәсіпкерлік ел экономикасының қалпына келуіне қолайлы жағдай туғызады: бәсекелестік дамиды, тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасы өседі, жаңа жұмыс орындары пайда болады, құрылымдық түзету жүргізіледі, экономиканың инновациялық секторы қалыптасады, адамдардың шығармашылық қабілеттері тиімдірек пайдаланылады және т.б. Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат жоғары технологиялық өндірістер құруға бағытталған, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта буынды қалыптастыруға негіз болады. Осы мақсатқа жету үшін, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі ретінде кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешу болып отыр. Мемлекет, шағын кәсіпкерліктің өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретін құқықтық және экономикалық ахуал құруы керек. Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды бағыты - өндірістің әр түрлі салаларына және қоғамды басқару саласына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнімдердің түрлерін енгізуге негізделген инновация және бұл бағытта Қазақстан қазірдің өзінде нәтижелерге қол жеткізді. Шағын кәсіпкерлік объективті түрде жергілікті, аймақтық, ұлттық масштабтағы экономиканың арнайы секторы ретінде дамуы үшін оны мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шаралары ұсынылған. Мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаты - нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірі ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету. Осы стратегияны іске асыру аясында мемлекеттік қолдау заңнамалық деңгейде бекітілген.
206-211 273
Аңдатпа
Жаһандану жағдайында көші-қон сұрақтары айрықша өзекті болып отыр және посткеңестік кеңістіктегі елдер бүкіл әлем сияқты, көші-қонды зерттеуде тысқары қалмайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің еңбекке қабілетті тұрғындарының механикалық қозғалысы көптеген факторларға негізделеді, бірақ олардың негізгілері экономикалық сипатта және елдердегі, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дифференциациямен, өмір сүру деңгейінің төмендігімен, еңбек нарығындағы жағымсыз жағдайлармен және т.б. байланысты. Қабылдаушы және донор елдер жалақылары арасындағы айырмашылық, жұмыссыздықтың өңірлік деңгейінің жоғарылауы эмиграцияның ықтималдығын арттырады. Мақалада «еңбек көші-қоны» ұғымы нақтыланып, ТМД елдерінің соңғы жылдардағы еңбекке қабілетті тұрғындарының сыртқы көші-қон үдерістерінің көрсеткіштері талданады. Ресей Федерациясына және Қазақстанға еңбек көші-қонының мәселесі, сондай-ақ ТМД-дан басқа елдерге көшіп қону ағындарының сипаттамасы қарастырылады. Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығының 46-шы есебінің деректері негізінде достастық елдерінің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары келтірілген, олардың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі көші-қонның рөлі анықталған. ТМД елдерінен көші-қон үрдістері талданып, оның ерекшеліктері мен дамудың маңызды заңдылықтары анықталды. ТМД елдеріндегі еңбек мигранттарының қозғалысын зерттеу кезінде талдау әдістері, статистикалық және графикалық әдістер қолданылды.
212-216 319
Аңдатпа
Қалалық жолаушылар көлігі әртүрлі өзара байланысты көптеген элементтерден тұрады. Элементтердің бірін өзгерту бірнеше мүмкін болатын нәтижеге әкеледі. Қалалардың көлік проблемалары муниципалдық билік алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың жолаушыларды тасымалдау көліктік қызмет көрсету нарығына шығуымен технологиялық процестің нормативтері мен параметрлерінің сақталуын бақылау нашарлады, бұл жолаушыларды тасымалдау жағдайларының нашарлауына әкеп соғады. Нұр-Сұлтан қаласының өндірістік және шалғай аудандарының шашыраңқылығы және олардың бір-бірінен едәуір алыстығы бір жолаушының жол жүру қашықтығының үлкен себебі болып табылады. Барлық жолаушылар тасымалы бір мемлекеттік автопаркпен және жеке заңды тұлғалар болып табылатын 7 автопаркпен жүзеге асырылады. Мақалада Нұр-Сұлтан қалалық жолаушылар көлігіндегі басқару объектісі, сондай-ақ қалалық жолаушылар көлігі жүйесінің субъектілері, олардың мүдделері мен мақсаттары қарастырылған. Қалалық жолаушылар көлігін басқару моделі қарастырылды. Бұл мақала қалалық қоғамдық көліктің ұйымдық құрылымы мен қалалық көліктің тұтас жүйелері арасындағы өзара байланыстарға арналған, ұйымдық құрылымның сипаттамасы мен типизациясына арналған. Соңында зерттеудің негізгі бағытына байланысты қысқаша талқылау - ұйымдық құрылым мен көлік жүйелері арасындағы қатынастарды қарастырған.
217-222 275
Аңдатпа
Мақалада ел экономикасының аграрлық секторындағы мәселелер, олардың пайда болу себептері қарастырылған. Көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізгеннен кейін осы мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып, ерекшеленеді. Біздің экономикамыздың барлық салаларында, оның ішінде ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру экономикалық тиімділікті арттыруда айрықша маңызды, өйткені ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқаты, сондай-ақ Қазақстан халқының әл-ауқаты да осыған байланысты. Қазақстанда агроөндіріс кластерлерінің қалыптасуы мен дамуы жекелеген аймақтардың бәсекелік артықшылықтарын толығырақ сезінеді. Агрокластерлердің экономикалық тиімділігін арттыру өңірлер үшін жаңа міндеттер туғызады, бұл бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін таңдаумен және аймақтың экономикасының бәсекеге қабілетті моделімен тығыз байланысты, бұл аймақтың қолда бар әлеуеті мен мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің республиканың аграрлық ғылымы агроөнеркәсіптік кешенде белсенді инновациялық саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті, жеткілікті әлеуетке ие. Осыған байланысты, саланың ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік инновациялық бағдарлама қабылдау қажет. Аграрлық ғылымының түпкі мақсаты - ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру. Сондықтан агроөндірісті зерттеу экономикалық сектор үшін ерекше маңызды мәселе деп санауға болады.
223-228 198
Аңдатпа
Сүт нарығындағы ахуал жаһанданудың ұдайы өсіп келе жатқан қысымымен, бәсекелестіктің артуымен, тауар ұсынысының әртүрлілігі мен кең ассортиментін енгізумен, бұқаралық ақпарат құралдары әсерінің күшейтумен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен немесе ақпарат пен білімнің еркін алмасуын қолдайтын жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады. Еліміздегі сүт өнімдерін тұтыну Еуропалық Одаққа мүше елдерімен және жалпы әлеммен салыстырғанда өте төмен, ал мұндай жағдай осы саладағы бизнеске теріс әсер етеді. Сондықтан, сүт өнімдерін тұтынуды қолдау мақсатында сүт өнімдерін сатып алу кезінде тұтынушыларды ынталандыратын және тұтынуға әсер ететін факторларды, сондай-ақ тұтынушылардың оларды сатып алуына кедергі келтіретін факторларын зерттеу, олармен күресу және мүмкін болса оларды жою маңызды. Бұл мақаланың мақсаты - сүтті тұтыну мен сатып алуға жекелеген психологиялық және жеке тұлғалық факторлардың әсерін талдау. Маркетингтік стратегияны әзірлеуде, анықталған және тексерілген олардың өзара байланысын маркетинг менеджерлері сегменттеу критерийі ретінде іс жүзінде қолдануға болады. Сауалнама Шығыс Қазақстан облысының аумағында құрылымдалған сауалнаманы қолдану арқылы жүргізілді. Деректерді жинау тікелей сауалнама, Survio-онлайн сауалнамасы, бейресми талқылау және сақталған жазбаларды қолдану әдістерімен жүргізілді.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 

229-234 247
Аңдатпа
Мақалада жүйелі тәсіл негізінде жоғары білімнің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту үдерісі қарастырылған. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың негізгі проблемалары, принциптері мен міндеттері анықталды. Жоғары білім берудің инновациялық инфрақұрылымы деп функционалдық ішкі жүйелерді құрайтын барлық оқу, әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу элементтерінің жиынтығы түсініледі. Бұл кіші жүйелер инновациялық өнімдерді құруды, инновациялық қызметтің нақты нәтижелерін алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономика мен қоғамның тұрақты даму жағдайларына кепілдік беруге арналған. Жаңа білім құру және оларды практикада қолдану қабілеті бүгінде елдің жаһандық экономикада тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты болып табылады. Жоғары білім берудің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту осы процеске өнеркәсіптік кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын енгізуді көздейді. Білім беру, инновациялық және ғылыми-зерттеу үдерістерін интеграциялау ерекшеліктері «үштік спираль» теориясының ережелерімен түсіндіріледі, оған сәйкес инновациялық даму жүйесінде жаңа білім жасауға жауапты институттар басым жағдайға ие. Бүгінгі күні инновациялық инфрақұрылым әрбір ЖОО-да қалыптасқан. Алайда оны пайдаланудың тиімділігі әзірге жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.

ПАМЯТИ УЧЕНОГО И ПЕДАГОГА 



ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)