№ 2 (2018)
ЭКОНОМИКА: ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 
9-13 323
Аңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы стратегиялық жоспарлау мәселелері талқыланды, нарықтық экономика жағдайында өндірістің стратегиялық жоспарлауына қатысты ілімдік аспектілер бойынша жинақталған материалды толықтай жиынтықтау жүзеге асырылған. Мақалада жоспар жасау кезеңдері, сонымен қатар стратегиялық жоспарлау қағидалары негізделген. Жоспарлау қағидалары объективті ғылыми категориялар ретінде сәйкес модельдерді құруда негізгі базис болып табылады. Кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу және өркендету бойынша жұмыс жасау кешенінің келесі кезеңдері ұсынылды: саладағы инвестициялық тартымдылықты талдау; саланың дамуының сценарийлік болжамын әзірлеу; ішкі және сыртқы нарықтардағы сұраныстар мен ұсыныстардың өзгеру болжамын жасау, сондай-ақ салада (бизнес беріктігі) бәсекелестік позицияларды талдауды жүзеге асыру; стратегиялық альтернативті қаржы бағалауы; болашақ кәсіпорынның формасын қалыптастыру; стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді құру, стратегияны енгізу бойынша жұмыстар кешенін жасау. Ұсынылған модельдердің бірде-біреуінде ұсынылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жеткілікті назар аударылмайды. Қолайлы жағдайлар өздігінен туындамайды, бірақ көбінесе жаңа нарық сегменттерін анықтау және қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану бойынша фирманың шығармашылық күштеріне байланысты болады. Компанияның бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі инновацияларды енгізу және жаңа мәселелерді шешу үшін оның қабілеттілігін дамыту арқылы жақсартылуы мүмкін.
14-18 227
Аңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы стратегиялық жоспарлау мәселелері талқыланды. Стратегиялық басқаруды және жоспарлауды кеңейту көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың мүмкіншілігін ұлғайтады, олар экономиканың ұзақ мерзімді экономикалық өсуі мен ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі қағидалық шарты болып табылады. Қоғамда әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару, олардың жүйесі мен динамикасын реттеуде, сондай-ақ, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде жоспарлау маңызды орын алады. Стратегиялық жоспарлаудың маңызды аспектілері атап көрсетілді. Жүйені жоспарлаудың ұйымдық формаларын анықтайтын кезеңдер: бюджеттік-қаржылық жоспарлау; ұзақ мерзімді экстраполярлық жоспарлау; стратегиялық жоспарлау қарастырылды. Интернационализация, жаһандану, ақпараттандыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және бүгінгі таңда стратегиялық басқаруға жоғары талаптар қоятын сыртқы факторлар анықталды. Мақалада стратегиялық басқарудың негізгі мәселелері айқындалды, стартегия компанияның және оның сырқы ортасын талдаудан басталып, басқарудың түрлі деңгейлерінің мақсаттары, міндеттері мен стратегиясы айқындалады, ұйымдастыру, мотивация, басқару және бақылау жүйесі жоспарлануда. Нәтижесінде стратегиялық басқарудың иерархиялық және кезеңдік жоспары жасалады. Сондықтан қазіргі американдық стратегиялық миссияның басты бағыты «бақыланатын механизм» немесе тіпті «жоспарлы басқару механизмі» болып аталуы мүмкін.
19-25 261
Аңдатпа
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдар ішінде шағын және орта бизнестің дамуының көрсеткіштері, оның ел экономикасына үлесі аса үлкен, маңызды болған емес екендігі мақалада айқындалды. Бұл жақсы экономикалық инфрақұрылым мен кәсіпкерлік қызметтің шекті шарттарын құрудағы кемшіліктерге байланысты болды. Мақалада осы жағдайға байланысты, республикада ЖІӨ-де шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайтудың қысқа және орта мерзімді кешенді серпінділігі анықталды. Атап айтқанда, қысқа мерзімді шаралар шеңберінде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік корпорацияларды сатып алулардағы ШОБ квотасының ұлғаюы, ШОБ-қа меншік құқығын беру мәселелерін шешу, өнеркәсіптік кооперациясың белсенді дамыту, экспорт пен инновацияларға бағдарлану, жеңілдікті несиелендіру жолдары қарастырылған. Орта мерзімді шараларға шағын бизнес ісіне байланысты америкалық Администрация мысалы бойынша шағын және орта бизнестің мемлекеттік қамтамасыздығының философия мен принциптерінің өзгеруі, ШОБ дамытуына ынталандыруды іске асыратын мақсатты бағдарламар жатады. Батыста шағын бизнестің жылдам дамытуы ұлттық билік органдарының шағын бизнеске аса назар аударуына және оларға федералдық деңгейде қолдауына байланысты деген қорытынды шығарылды. Тіпті бұрынғы дамушы елдер шағын, орта бизнестің дамытуына байланысты үлкен экономикалық серпіліс алды. Бұл елдердегі шағын бизнес қазіргі уақытта экономиканың тұрақты дамуының негізі болатын орта классын құрайды.
26-29 216
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жүйесінің жаңғыруы қарастырылған. Қазақстан өнеркәсібі көптеген сегменттерде қорлардың тозуының айтарлықтай жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл проблеманы бизнес-қоғамдастық пен мемлекет мойындайды және оны тиімді шешу үшін шаралар әзірленуде. Қазақстан өнеркәсібінің тиімді жаңғыруы мемлекетке арқа сүйейтін салалар мен бағыттар бойынша әртараптандырылған жалпыұлттық өнеркәсіптік саясат аясында жүзеге асады. Өнеркәсіптік саясат болатын өзгерістерге жауап бере алатын құрал болуы тиіс. Оның ең маңызды ерекшеліктері - ұлттық жағдайдың ерекшелігін ескере отырып, экономикалық тәжірибеде әлемдік тәжірибенің ең үздік үлгілерін қолдануы мен бейімдеуі болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіндегі оң динамикалық көрсеткіштер талданған. Соңғы жылдары Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі мұнай өнеркәсібінен кейін, үкімет ерекше назар аударатын жетекші салалардың бірі болды. Бүгінде республика металлургия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстандық кәсіпорындар мелаллургиялық өнімдермен өздерінің нарығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, әртүрлі түсті металдарды шетелдерге экспорттайды. Қазақстан Республикасындағы машина жасау кәсіпорындарының орналасуы өндірістің техникалық және экономикалық ерекшеліктеріне, оның ішінде, өндірілетін өнімнің құрылымдық күрделілігі, мамандану мен кооперациялау деңгейінің кең дамуына тікелей байланысты екенін атап өтуге болады. Технологиялық процестің ерекшелігі бойынша көптеген машина жасау салалары білікті қызметкерлері бар, жоғары техникалық мәдениет салаларына бейім аймақтарға тартылады.
30-34 291
Аңдатпа
Қазақстан экономикасының тұрақты экономикалық өсуі өнеркәсіп, ғылыми-технологиялық сала, банк секторы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Шаруашылық құрылымдардың экономикасын кешенді басқару көшбасшылықтың жаһандық сын-тегеуріндеріне, жаһандық дағдарыс жағдайында тиімді басқаруға бағытталған. Негізгі сын-тегеуріндердің бірі ғалымдар мен жетекші ғылыми-зерттеу институттарының зерттеу тақырыбына айналатын технологиялық өсу болып табылады. Өндіріс тізбегі бойынша байланысты құрылымдық бөлімшелер мен жеке компаниялар сандық экономика элементтерімен бизнес-процесстерді ұйымдастыру міндеттерін шешеді. Ақпараттық технологиялар іргелес салалар мен ғылыми-зерттеу ортаны технологиялық интеграция жолы арқылы шикізат/өнімді қайта өңдеудің тереңдетілу үдерісін едәуір жеңілдетеді. Ұлттық экономика үшін сандандыру ірі салаларды жаңғыртуға, технологиялық интеграцияның басқару тетіктерін дамытуға байланысты. Өнеркәсіптік кәсіпорындар деңгейінде инновациялық және технологиялық дамуға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және еңбек өнімділігіне сүйенетін аналитикалық құралдарды қолдану арқылы дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірленуде. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық өсудің маңызды шарты - өнеркәсіптік және ғылыми капиталдың технологиялық интеграция механизмдерін пайдалану. Қазақстан экономикасының қазіргі индустриалды-инновациялық дамуын талдау ауысуға барлық алғышарттардың қалыптасқанын көрсетеді.
35-39 269
Аңдатпа
Қаржылық және инвестициялық стратегияны, қаржы ресурстарын тарту, жинақтау және тарату стратегиясын іске асыру, мақсатты іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды көздейді. Инвестициялық шешімдерді қабылдау үдерісі кәсіпорынның, сондай-ақ инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалау қатысты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Инвестициялық мүмкіндіктердің дұрыс тұжырымдалған міндеттері басты мақсат, нәтижелерге бағдарлау, өлшенетіндігі, анықтығы, дәлдігі, өзара байланысы және икемділігі секілді талаптарға сәйкес болуы тиіс. Осының бәрі түсінікті айқын етеді, операциялық бақылау және басқару шешімдерінің тиімділігін кейінгі бағалауға нақты негіз құрайды. Инвестициялық мүмкіндіктерді қалыптастыру кезінде кәсіпорын әр түрлі мақсаттарды бір біртекті сипаттамаларға сәйкес біріктіре алады: қаржылық және инвестициялық мүмкіндіктердің тиімділігін арттыру, экономикалық өсу қарқыны, өндірістік және экономикалық әлеуетті реттеу, сапаны жақсарту, «инновациялық белсенділік» тобы. Инвестициялық мүмкіндіктердің ажырамас бөлігі - бұл қажетті және жеткілікті көлемде инвестициялық мүмкіндіктерді қаржыландыруды қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану стратегиясы. Инвестициялық ресурстардың жалпы сомасына қажеттілікті болжау инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын анықтау болып табылады. Осы ресурстарды қалыптастыру мүмкіндігін зерделеу барысында ықтимал көздердің алуан түрлілігі қарастырылады.
40-44 277
Аңдатпа
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі, тұрақты саяси жағдай инвестициялық ахуалды бағалауға негіз болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығындағы құрылымда жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, инвестицияларды тарту, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Бұл біздің болашақта дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуімізге тікелей жол ашады. Қазақстан Республикасы шетел инвестицияларының ағымын кеңейтуге көңіл бөлуде, бірақ инвестицияға бәсекелестік күресінің жоғары болуының салдарынан, инвесторлар өздерінің қаражаттарын қайда бағыттауын анықтау үшін, әрбір елдерді тереңдей зерттеуде және инвестиция қабылдаушы елдерге қатаң талаптарды қоя отырып, тәуекел деңгейін минимумға дейін жеткізуге тырысады. Инвестициялық ахуалды қазіргі таңда дұрыс бағалау, мемлекет экономикасының тұрақты даму шартында ішкі және сыртқы ресурстарды тартып, оны тиімді қолдануда атқаратын рөлі өте зор. Сонымен қатар, халықаралық аренада инвестициялық белсенділігімізді көрсетпек.
45-49 203
Аңдатпа
Мақалада инвестициялық орта әлеуеті ерекше реттеуші объектісі ретінде қарастырылған. Экономикалық жүйенің тұрақты дамуының маңызды факторы тиімді инвестициялық модель болып табылады. Бұл модель ауқымды болған сайын, экономиканың инвестициялық ресурстағы сұранысын қамтуды және өз бағыттары бойынша құрылымды болған сайын маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкіндігі жоғары. Осының бәрін ескере отырып, дамып келе жатқан қоғамдағы іскерлік белсенділікті жоғарылатуға, екінші жағынан оның модернизациясының маңызды құрамдас бөліктерін, әсіресе инновациялықты интенсивтілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Жалпы инвестициялық модель экономикалық құрылымдары дамыған бәсекеге қабілетті экономикаға жол болып табылады. Осыған орай макро-, салалық және аймақтық деңгейде Қазақстан экономикасының инвестициялық әлеуетін қалыптастыру және қолданумен байланысты мәселелер кешенін бөліп көрсетілген. Ол инвестициялық әлеуетті құрылымдау үрдісін бөлуге және оны реттеу тетігінің маңызды компоненттерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада Қазақстан экономикасы инвестициялық әлеуетінің қазіргі жағдайы баяндалған. Автор көптеген нақты мәліметтерді қолдана отырып, оның ұйымдастырушылық-экономикалық параметрлерін зерттеген. Бұл жерде инвестициялық аядағы құрылымдық өзгерістерге, оның инвестициялық негіздерін жаңартуға маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті инвестициялық ресурстарды қалыптастыратын инвестициялық ағымдардағы сәйкес өзгерістерге көңіл бөлінген.
50-55 272
Аңдатпа
Мақалада Павлодар облысының ерекше қорғалатын табиғи аумағы мысалында Қазақстан Республикасындағы рекреациялық саланы дамыту бойынша жүзеге асырылатын инвестициялық саясаты қарастырылған. Авторлармен рекреациялық аумақты дамытудағы инвестициялау мәселесі анықталған және қоғам, мемлекет, инвесторлар мен рекреациялық қызметтерді тұтынушылары бойынша мүдделер арақатынасы негізінде оларды шешудің мүмкін жолдары ұсынылған. Авторлардың пікірінше, рекреациялық кешеннің әлеуеті жартылай қолданылады және экономика мен жалпы қоғам үшін аз қайтарымды. Аумақтың кешенді дамуы қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін жұмылдырумен қатар, мемлекеттің қатысуымен және бақылауымен жүзеге асырылуы қажет. Қарастырылып отырған зерттеу мақсаты аумақтың табиғи шамасын сақтаудың міндетті шартында рекреацияны дамытудағы инвестициялауды жандандыруды қамтамасыз ету жолдарын анықтау болып табылады. Зерттеу объектісі Павлодар облысының ерекше қорғалатын табиғи аумағы мысалында Қазақстан Республикасындағы рекреациялық саласындағы инвестициялық қызмет болып табылады. Зерттеу мәні инвестициялық қызметті жандандыру негізінде рекреациялық аймақты дамытудың мүмкіндіктері болып табылады. Мақалада инвестициялық белсенділікті арттыру негізінде рекреациялық аумақтарды дамыту мүмкіндіктері зерттелді.
56-62 232
Аңдатпа
Мақала үлескерлік экономиканың қазіргі жағдайында электрондық сауданың негізгі тұжырымдамалары мен ерекшеліктеріне арналған. Интернетті дамыту сандық технологияның қазіргі дәуірінде электронды сауданың бизнесін айтарлықтай кеңейтті. Бүгінгі таңда ірі бірлестіктер өздерінің кәсіпорындарын е-сауда тұрғысынан және осы өзгермелі әлемге бейімделу мүмкіндіктерінен қарастырады. Электрондық сауда бизнестің ажырамас платформасына айналды. Бүгінгі таңда технологиялардың ұжымдық конвергенциясы «үлескерлік экономика» немесе «бүгінгі таңдағы экономика», Omni-каналмен интеграциясы, контент-маркетинг, әлеуметтік CRM және басқалар секілді жаңа тенденциялардың пайда болуы әлемдегі маркетингтік тәжірибеге айтарлықтай әсерін тигізді. Сондай-ақ, бұл сандық маркетинг пен дәстүрлі маркетингтің конвергенциясына әкелді. Жаһандану үрдісі телекоммуникация мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында нығайып келеді, бұл көптеген компаниялар үшін электрондық сауданың жаһандық платформасында үлкен мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі уақытта тұтынушылар күнделікті өмірде ноутбук, планшет немесе ұялы телефонды қолдана ақпараттық және маркетингтік кампаниялардың шамадан тыстығын сезінеді, ақырында алынған ақпарат сатып алушылардың мінез-құлқына әсер етеді. Мақала электрондық сауданың негізгі тұжырымдамалары мен ерекшеліктеріне, соның ішінде электрондық сауда негіздеріне, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ электрондық саудадағы тұтынушылардың мінез-құлқына арналған. Бұдан басқа, мақалада 2015-2016 жж. «бизнес-сатып алушы» электрондық сауда моделінің жаһандық талдауы көрсетілген.
63-67 242
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының ең ірі және күрделі экономикалық қалыптасуы болып табылады. АӨК - бұл қазіргі заманғы техника, жабдықтар, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық өнімдерін, тамақ өнеркәсібін, тиісті салаларды және қызмет салаларын өндіруді, жинауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және сатуды қамтитын салалардың жиынтығы. Оның қызметінің тиімділігі негізінен тұтыну нарығын дамытуға, қоғамның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, тұтастай егеменді мемлекет құруына байланысты. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы - азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі. Бұл көрсеткіш азық-түлік тауарларын ең төменгі тұтыну қоржынында белгіленген мөлшерде ағымдағы бағалар мен кірістер деңгейінде сатып алатын халық ретінде қарастырылады. Отандық азық-түлік нарығының қажеттілігін талдай отырып, оның жетілдіруді қалыптастырудың маңызды аспектісі ғылыми негізделген стандарттарға сәйкес тұтынуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың талдауы бірқатар өнімдер үшін орташа жан басына шаққандағы тұтыну деңгейінің ең төменгі стандарттарға сәйкес келетінін, бірақ медициналық нормалардан айтарлықтай ерекшеленетіндігі туралы қорытындыға келді. Осылайша, ең маңызды азық-түлікті тұтыну медициналық нормаларға ғана жетіп қана қоймай, 1990 ж. оларды тұтыну нормаларына жақындады. Бірқатар негізгі өнімдер үшін оларды тұтынудың орташа деңгейі медициналық нормаларға жетпейді.
68-73 217
Аңдатпа
Бұл мақалада дақылдың егін жинау және соның салдары ретінде шағын, сақтау орындарына өндіру орындарынан тасымалдау проблемасы туындады, сондай-ақ экспорттық бағытта, оның ішінде тағайындалған пунктіне дейін одан әрі жеткізу кезінде астықты кешіктірілген өңдеу қолданыстағы мәселені сипаттайды. Аграрлық секторда осы мәселелердің себептері анықталды: әлсіз жақтары климаттық жағдайларына тәуелді экспорттың жоғары капитал қарқындылығы, ұзақ өтелу мерзімі, оның ішінде ендірілетін ғылыми-зерттеу жобаларының төмен деңгейі, дамымаған сауда болып табылады. Осы факторлардың барлығы астық өнімдерін өндіру үшін қолданылады. Автор ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытудың тетігін құруды, сондай-ақ ұтымды жеткізу тізбегін қалыптастыру жолымен ел өңірлерінің экспорттық әлеуетін іске асыру жолымен, еліміздің өңірлерінде тиісті өндірістік қуаттар мен инфрақұрылымдармен астық логистикалық орталықтарын құру және ұтымды орналастыру туралы шешім қабылдаудың негіздемесін әзірлеуді ұсынады. Ұсынылған идеяларды, ұсыныстар мен ғылыми көзқарастарды іске асыру Қазақстан нарығында астықты бөлу шығындарын оңтайландыру арқылы экспорттық нарықта астық тауар айналымының тәуелсіз ұйымдастырылған арнасын құруға мүмкіндік береді. Бұл астық өндірісін өндіруде тауар өндірушілердің қызығушылығын арттыруға, оның сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
74-79 257
Аңдатпа
Аграрлық нарық басқа нарықтарға қарағанда неғұрлым күрделі, себебі аграрлық азық-түлік тауарларының еркін қозғалысын ғана емес, сондай-ақ, технология, еңбек құралдары және басқалардың да еркін қозғалысына жағымды жағдай қалыптастыруды білдіреді. ЕЭО - өзара сауда-саттықта кедергілер жойылатын және біріздендірілетін интеграция нысаны. Мұндай жағдайда маркетинг заманауи аграрлық нарық, шаруашылық етудің экономикалық механизмі және біріктірілген өзара қарым-қатынастың жаңа талаптарына сәйкес келетін маңызды элементі болып табылады, аталған жағдайда меншік нысанына қарамастан АӨК кәсіпорындарындағы маркетингтің өндірістік-өткізушілік рөлі тұтынушылармен анықталады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, дағдарыстан шығу мәселелерінің күрделілігі, жаңа жағдайда шаруашылық ету тәжірибесінің болмауы ғана емес, сондай-ақ аграрлық салада қайта құруды қалыптастыратын тұжырымдамалық негіздің әлсіз болуы. Осы уақытқа дейін агромаркетингтің көп деңгейлі жүйесін құру және дамытуда пысықталған тәсілдер, АӨК кәсіпорындарында маркетинг қызметін рационалды жоспарлау бойынша әдістемелік әзірлемелер, жүзеге асырылатын маркетинг стратегиялардың экономикалық тиімділігін бағалайтын әдістемелер және басқалар жоқ. Аграрлық ішкі кешені жүйесінің күрделілігі, серпінділігі және көпфункционалдығы, агронарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету процесіндегі шешілмеген аспектілердің болуы зерттеудің өзектілігін сипаттайды және оның қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша бағыттарды әзірлеудің қажеттілігін негіздейді. Сәйкесінше, агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты және тиімді қызмет ету мәселелерін шешуде және мемлекетаралық интеграция жағдайында азық-түлік нарығын дамытуда жүйелі кешенді маркетингтік тәсілді талап етеді.
80-85 334
Аңдатпа
Мақалада Алматы қ. тұтынушыларының ет және ет өнімдеріне сұранысы мен талғамдарына талдау жасалынды. Республикада ет өндіру ауылшаруашылығының негізгі және басымды бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстанда ет және ет өнімдерін өндіру мен тұтыну халықтың тамақтану ерекшеліктеріне және өмір сүру сапасына байланысты болады. Қазіргі кезде нарықты отандық ет өнімдерімен қанықтыру, сапаны жақсарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ассортиментті кеңейту мәселелері үлкен маңызға ие болуда. Бұл үшін мал басының тұрақты өсуі, оның өнімділігінің және ет өндіру көлемінің артуы сияқты алғышарттар бар. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетті мүмкіндіктері берілген өнім бойынша азық-түліктік қауіпсіздікті және халықтың ішкі төлемқабіліттілігі бар сұранысты толығымен қанағаттандыруға жағдай жасайды. Қазақстанның ет өңдеуші кәсіпорындары қатаң бәсекелестік жағдайда қызмет етеді, әсіресе шетел өндірушілер тарапынан ерекше байқалады. Ет өнімдері нарығындағы бәсекелестіктің күшею жағдайында, бәсекелестік позицияны сақтап қалу үшін отандық компаниялар мен фирмалардың күштері мен ұмтылыстарын маркетингтік зерттеу жүргізу көмегімен мобилизациялау қажет. Талдаудың негізігі әдісі ретінде сауалнама таңдалды. Сауалнама нәтижелері берілді және тиісті қорытындылар жасалды. Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігін кешенді зерттеу мақсатында, халықтың ақшалай және тұтыну шығындарына, сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы ет және ет өнімдерін тұтыну динамикасына талдау жүргізілген.
86-91 371
Аңдатпа
Мақала сүт өнімдерін өндіру бойынша компанияның имиджін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Danone Berkut» ЖШС маркетингтік қызметін жетілдіруге арналған. Авторлар кәсіпорындағы маркетинг бөлімінің жұмысын тиімділендіру жолдары мен компанияның маркетингтік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұсынады. Маркетинг бөлімінің жаңа ұйымдық құрылымы ұсынылған, онда штатқа үш мамандар қызметі енгізілген: маркетингтік зерттеулер бойынша, интернет маркетинг, веб-дизайнер. Тұтынушылардың сұранысын сатып алушыларға сұрақ жауап алуды ұйымдастыру және зерттеу нәтижелерін өңдеуге арналған арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы зерттеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу ұсынылады. Компанияның өндімдерін жылжыту үшін нақты жарнамалық науқан жасалған. Жарнамалық науқан төмен шығынды, көп қаражатты қажет етпейді деп күтіледі, сонымен қатар «Danone Berkut» ЖШС өнімдеріне әлеуетті тұтынушылардың назарын аударады және оларды өткізуге ынталандырады. Сонымен қатар, «Danone Berkut» жаңа өнімінің - қымыздың тауарлық сызғышын енгізуді ұсыну өте қажет шара, ол алдын ала мәліметтер бойынша тұтынушылардың сұранысын арттырады және компанияның өнімдерінің сатылу көлемін арттырады. Сонымен қатар, «Danone Berkut» ЖШС сайтына «онлайн сатылым/ өнімді жеткізу» қосымша парақшасын қосып жаңғырту ұсынысы қызығушылық тудырды. Тұтынушылар онлайн-тапсырыстарды жасай алады, ал компания клиенттерге өнімдерді тегін жеткізеді.
92-96 347
Аңдатпа
Жұмыстың мақсаты Алматы қ. инновациялық даму деңгейін бағалау және оны арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мақалада «инновация» ұғымы нақтыланады, инновациялық дамуының соңғы 5 жылдық көрсеткіштері талданады, бар проблемалар анықталады және осы проблемаларды шешу үшін ұсынымдар беріледі. Зерттеу нәтижелері Алматы қ. әкімдігі инновациялық саясатты жетілдіру үшін қолданылуы мүмкін. Мақалада Алматы қ. инновациялық дамуының инновациялық өнім көлемінің өсу әркелкілігі, кәсіпорындардың инновацияларды енгізуге енжарлығы, инновацияларды қаржыландыру басымы мемлекеттік бюджеттен, қаланың экономикасының инновациялық секторларында кадрлардың тапшылығы және т.б. секілді проблемалары анықталған. Алматы қ. инновациялық құрамдасын жақсарту бойынша шаралар ұсынылды: жеке кәсіпорындар үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау арқылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру көлемін ұлғайту; АҚШ тәжірибесі бойынша қалалық бюджет қаражатынан патенттерді сатып алып оларды кәсіпкерлерге ақысыз негізде беру; банктер беретін қаржы ресурстарын мақсатты бөлуді енгізіп, оларды басым салаларында шоғырландыру; ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін және ғылыми қызметтің беделін көтеру және т.б.
97-103 220
Аңдатпа
Қатаң бәсекелестік күрес және жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында байланыс қызметтерін ұсынатын кәсіпорындардың басты міндеті абоненттердің адалдық деңгейін қалыптастыру болып табылады, оның мақсаты компанияның бәсекеге қабілеттілігін және әлеуетті анықтау негізінде оның дамуының тұрақтылығын арттыру болады. Сонымен қатар, тұтынушылардың компанияға адалдық дәрежесіне оның табысы тікелей байланысты, ал ол өз кезегінде компанияның болашақта дамуын қалыптастырады. Алматы қ. бойынша таңдау - «жұмыршақ қар» арқылы сұрақ жүргізілді, жалпы таңдау 160 сауалнамаға жауап берушіні құрады. Ол арқылы Алматы қ. бойынша ұялы байланыс қызметтерінің барлық көрсеткіштерінен ең бірінші маңыздысы - ұялы байланыстың сапасы, ары қарай қызметтің құны мен тарифтердің тартымдылығы болып табылады, ал маңыздылығы төмен көрсеткіштер - қызмет көрсету аумағы, байланыстың үзіліссіздігі, естілуі мен сервис. Сауалнамаға жауап берушілер бір компаниядан екіншіге ауысып кету ұсынылған ұялы байланыстың сапасына қанағаттанбау және қызмет пакеті немесе қызмет құнының жоғары болуы себебіне байланысты екенін атап өтті. Осының негізінде ішкіфирмалық басқару тиімділігін арттыру мақсатымен ұсыныстар құрастырылды, компаниядағы үздік клиенттік тәжірибені қалыптастыру есебінен абоненттердің адалдылығын жоғарғы деңгейге жеткізу болды.
104-108 868
Аңдатпа
Қызмет ету саласы экономиканың қарқында дамып жатқан саласына жатады. Дамыған елдерде қызмет ету саласының ЖІӨ-і жобалап 70% құраса, ал әлем бойынша 60% құрайды. Бұл жерде, қызмет ету саласының құрылымы мен құрамы ілгері дамып жатқандығын атап өткен жөн. Осымен қатар, трансформация жайлы мәліметтер әртүрлі факторларға, соның ішінде:саяси өзгерістер, экономикалық өсу және елдің әл-ауқаты, елдің әлеуметтік-демографиялық өсуінің көрсеткіші, ғылыми-техникалық прогресс және де басқа факторларға тәуелді. Үлкен пайызы өнеркәсіптен құралатын Азербайджаннан басқа, ТМД елдерінде қызмет ету саласы ЖІӨ - басты бөлігін құрайды. Қазақстанда қызмет көрсету саласы 50%-дан астамды құрайды, бұл ЖІӨ құрамында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының үлесінен айтарлықтай асып түседі. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы және өмір сүру деңгейінің көтерілуі қызмет-көрсету саласында талғамның артуына, сонымен қатар бәсекелестіктің артуына әсер етеді. Өнімнің бағасы мен сапасы бәсекелестік нарығына әсер ететін басты факторлар болып табылады. Әртүрлі өнеркәсіппен ұсынылған қызмет көрсету салаларын қолдану бәсекелестігінің коэффициентін есептеу мүмкіндігі, сонымен қатар клиентке болжалына ойдағыдай қызмет көрсетпеу сұрақтары өзекті болып табылады. Осыған байланысты, мақалада қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін есептеудің авторлық формуласы ұсынылған.
109-113 279
Аңдатпа
Бұл мақалада еңбек ресурстары талдауының негізгі бағыттары, атап айтқанда қызметкерлер ағымы қарастырылды. Жұмыс күшінің талдауы кәсіпорынның персоналын басқару қызметі мен даму стратегиясының арасындағы сәйкестігіне көз жеткізуге, сондай-ақ, осы қызметті анықтайтын әлеуметтік-еңбек қатынастарының тәртібі мен ережелері, әдістемелері арасындағы сәйкестігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Талдаудың нәтижелері негізінде стандарттардың орнатуының, өзгеруінің, жетілдірудің бағыттары анықталуы мүмкін. Еңбек көрсеткіштерінің жалпы талдауы, атап айтқанда еңбек күшін талдау, жұмыс күшінің сапалық құрамын жақсартуға, кадрлік орын ауыстыруға, ең перспективті қызметкерлердің жылжуына және шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Қызметкерлер ағымы кетіп қалған қызметкерлер мен кәсіпорынға келген жұмысшылар арасындағы айырмашылық болып табылады. Қызметкерлер ағымы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің екеуіне де үлкен шығын алып келуі мүмкін. Қызметкерлер ағымының шығындары өсіп жатқан әлеуметтік қауіпсіздік шығындарын, жұмыссыздық жәрдемақысын, демалыс жәрдемақыларын, жабдықтардың босқа тұруын, персоналды іріктеу мен қабылдау шығындарын қамтиды. Қызметкерлер ағымының жоғары көрсеткіштері бизнесті тұрақсыздандыруы мен өнім шығару мен қызмет көрсетуді бос орындардың болуына, жаңа қызметкерлердің тәжірибесі болмауына, жалпы қанағатсыздыққа қарамастан тиісті дәрежеде ұстауға тырысатындардың ынтасының азаюына алып келуі мүмкін. Осылайша, қызметкерлер ағымының немесе жоғалтулар талдауы адам ресурстарын жоспарлауының құрамдас бөлігі ретінде жұмыстан кеткен қызметкерлердің өтілі жайлы толық мәліметті қауіпті аймақтарды анықтау немесе болжам жасау базасын кеңейту үшін қажет етеді.
114-118 268
Аңдатпа
Мақалада халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуінің маңызды факторларының дамуы қарастырылған. Жұмыссыздық экономикалық және психологиялық қиындықтарды тудыратын құбылыс ретінде қоғамда шиеленісті жағдай туғызады. Жұмыссыздық қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі қатер төндіреді. Бұл құбылыстың болуы қандай да бір дәрежеде қоғамның әлеуметтік даму деңгейінің көрсеткіші болып саналады және оған қарсы күрес әдістері үнемі жетілдірілуде. Еңбек нарығында өсіп келе жатқан шиеленіс республикадағы жұмыс істейтіндердің санының абсолютті төмендеуі, әкімшілік демалыстағы қызметкерлердің үлесінің артуы, жұмыс уақытының аптасына орта есеппен төрт жұмыс күніне дейін азаюы, сондай-ақ жарты күндік жұмыста істейтін қызметкерлер үлесінің ұлғаюы болып табылады. Халықтың жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық және еңбек ресурстарының ұтқырлығы мәселелері әрдайым Қазақстан Республикасының тиісті ведомстволары, ұйымдары мен кәсіпорындарының ғылыми, қоғамдық, саяси және экономикалық қызметінің назарында болады. Олар дағдарыстан кейінгі жаһандық экономиканың қалпына келуінің қазіргі кезеңінде өзекті болып келеді.
119-125 419
Аңдатпа
Еңбек нарығы нарықтың басқа түрлеріне қарағанда тауардың спецификалық нақты түрімен айналысқандықтан, қызмет ету ерекшелігімен, белгісіздіктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Сол себептен еңбек нарығының қызмет етуін, қалыптасу процессін зерттеу және оны реттеудің жеткілікті жүйесін өңдеу жақын арада шешімін табуды талап ететін, Қазақстан үшін ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Шет елдік және отандық экономикалық әдебиеттерде бір-бірімен бәсекелес, еңбек нарығының әр түрлі теориялары қалыптасты. Дегенмен олар жалпы бірдей, мағыналары ұқсас болып келеді, себебі еңбек саласындағы нарық тетіктерінің жетекші рөлін тануға негізделген. Олардың ішінде бірін бірі толықтырып тұратын теорияның екі классын бөліп көрсетуге болады: классикалық және түбегейлі. Қазіргі заманғы Қазақстан үшін «еңбек нарығы» ұғымы әлі экономикалық теорияда қалыптаспаған оған қатысты ортақ пікірге келмеген, түрлі жолдармен, өте күрделі және көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық санат болып табылады. Дегенмен, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, еңбек нарығын және оның субъектілері арасындағы қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастырады. Бірқатар қасиеттерге тән спецификалық нақты өнімнің (жұмыс күші) еңбек нарығында болуы, оның қызмет етуін ерекшелендіреді. Еңбек нарығының функцияларын анықтаудағы қалыптасатын түрлі көзқарастар қоғамның дамуындағы белгілі бір нақты кезеңдегі өзіндік еңбектің жетекші рөлдік қызметтерінің ерекшеліктерімен анықталады.
126-131 380
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы гендерлік қарым-қатынастар дамуының әлеуметтік, экономикалық және институционалдық аспектілері қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегия нәтижесінің мазмұнын анықтау және елдегі гендерлік теңдік проблемаларын теңестіру, яғни мақала авторларымен жүргізілген осы зерттеу мақсаты болашақта шешілуі мүмкін. Мақалада Қазақстан Республикасында гендерлік қарым-қатынастар дамуын қамтамасыз ету жүйесін анықталды, қоғамдық-саяси өмірде, экономикада, білімде, отбасыда гендерлік теңдікке жету анықталды, гендерлік теңдік мәселесі бойынша халықтың әлеуметтік сауалнамасына талдау жасалынды, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік проблемаларын теңестірілді. Мақсаттың кеудемсоқтылығы, міндеттердің ауқымдылығы аралас стратегия мен әдістердің үйлесуі сияқты кешенді амалды қажет етті. Гендерлік теңгерімге қол жеткізу тең құқықтық қорғалуды, билік органдарындағы жыныстардың пропорционалды көрінісін, отбасындағы жүктемені тең бөлуді, барлық салаларда тең мүмкіндіктерді білдіреді. Авторлармен мақалада гендерлік теңдік мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсетілген, яғни гендерлік теңдік мәселесі теңестірілген және оларды шешудің мүмкінді жолдары ұсынылған. 2006-2016 жж. кезеңіндегі Гендерлік теңдік стратегиясының Қазақстандағы жүзеге асыру нәтижелері қарастырылған.
132-139 678
Аңдатпа
Қазіргі таңда республиканың мемлекеттік қаржысының қызмет етуі күрделі экономикалық шарттарда жүзеге асырылады. Ұйымдардың іскерлік белсенділігі, шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің төлемқабілеттілік сұранысының төмендеуі салықтық түсімдердің азаюына әкеледі. Жаһанданудың дамуы отандық экономика мен мемлекеттік қаржыға кері әсерін тигізеді. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі жөніндегі мәселелерді шешу үшін мемлекет ішкі экономика өсімін ынталандыру мен қамтамасыз етуге қажетті жағымды баға конъюнктурасындағы бюджетке түсетін экспорттық түсімдерді кеңінен қолдануы тиіс. Мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің атқарылуы жөніндегі мәселелер қарастырылған. Мемлекеттік қаржы саясаты тиімділігінің жеткіліксіз деңгейін сипаттайтын негізгі мәселелер анықталды. Олардың қатарында - бюджеттің горизонталды және вертикалды теңгерімсіздігі, жергілікті бюджет табыстарының мемлекеттік бюджет трансферттеріне тәуелділігі, қаржылық тәртіптегі бұзушылық фактілерін анықтайтын бюджет жүйесі деңгейлері арасында табыстарды бөлу механизмінің тиімсіздігі. Авторлармен мемлекеттік бюджет табыстары мен шығыстарының динамикасы мен құрылымына кешенді талдау жүргізілді, алдыңғы кезеңдегі бюджеттің атқарылуын салыстырмалы талдау негізінде бюджет параметрлерін орындауды айқындайтын трендтер анықталды. Бюджетаралық қатынастардағы мәселелер жеке қарастырылып, оларды басқару әдістері мен нысандарын сапалы түрде қайта қарастыру қажеттілігіне назар аударылды. Авторлар жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерін зерттейді. Олардың табыстарының құрылымын талдау негізінде, салық түсімдерінің кемуіне әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Авторлар позициясы бюджеттердің кіріс базасын қалыптастыруда жергілікті биліктегілердің мүмкіншіліктерін күшейту қажеттілігіне, табыс көздерін кеңейтуге негізделеді. Аталған мәселелерді шешу мақсатында, жергілікті бюджеттер табыстарын бекіту мен бюджет құралдары бойынша шығыстардың тиімділігін және мемлекеттік қаржылық басқарудың сапасын арттыруға байланысты ұсыныстар енгізілді.
140-146 711
Аңдатпа
Мақалада кез келген экономика секторы үшін маңызды екі сектордың өзара әрекеттесуі қарастырылып жатыр, олардың қызметінің табысына тек субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі ғана емес, сонымен қатар барлық экономиканың ілгерімелі дамуы да тәуелді. Автор экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде тек маңыздылығын жоғалтқан емес, сонымен қатар девальвация және инфляция, жаһандық және интеграциялық үдерістер, сыртқы күйзелістер және геосаяси тәуекелдер секілді қазіргі заманның осындай үрдістеріне байланысты бірқатар факторлардың жағымсыз әсерімен шиеленіскен мәселелерге талдау жасады. Авторлық идеялар банктік және экономиканың нақты секторларының жүйелік өзара әрекеттесу тұжырымдамасында көрініс табады, өзара әрекеттесу субъектілерінің әлеуетіне, мемлекеттің ынталандыру және реттеуші шараларының жүйелі үйлесімдігіне сүйене, сондай-ақ экономиканың барлық деңгейлеріндегі экономикалық циклдың негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның негізінде мемлекеттің басқару және реттеу тұрғысынан өзара әрекеттесу субъектілерінің және мемлекеттің күш-жігерлерін шоғырландыру идеясы жатыр. Осыған байланысты, рецессияның кезекті толқынына дейін өзінің жеке өзара әрекеттесуін дағдарыс жылдарында да жалғастыра алатын тұрақты формалды емес институттарды қалыптастыруды үлгеру үшін мемлекеттің ынталандырушы шараларының барлық спектрін кешенді пайдалану арқылы экономикалық дамудың қолайлы жылдарында контрциклды резервті қалыптастыру ұстанымынан контрциклдық принципті жүзеге асыру векторын өзгерту ұсынылады.
147-153 220
Аңдатпа
Баршамызға мәлім, қаржылық ресурстарды шоғырландыру үдерісінің тиімділігі нарықтың сұранысына сай келетін трансформацияланған инвестициялаудың тартымды құралдарына тәуелді. Нарық экономикасы бәсекеге қабілетті банктік құрылымдар, қор нарығы және ресурстарды бөлудің басқа да институттары нысанындағы дамыған қаржылық делдалдық жүйесіне бағытталған. Мұның жоқтығы қаржы нарығының негізгі сегменттерінің арасында, әсіресе ең маңыздысы қаржы нарығы мен экономиканың нақты секторы арасындағы капиталдың ағынына тежеуші болады, мұндай ақша капиталының қайта бөлінуі тек қана қаржы тетіктерінің болуымен және тиесілі қаржы құралдарын рационалды пайдалану кезінде ғана мүмкін болады. Қазіргі жағдайда нақты қаржы құралдар экономиканың кейбір салаларын аса сұранысқа ие қажетті ресурстармен дер кезінде және үзіліссіз қамтамасыз етуде нәтижелі тәсіл болып табылады. Айта кету қажет, қаржы құралдар нарығын трансформациялау тек қана ішкі модификация мен ішкі үдерістерді қамтып қанай коймай, сыртқы интеграциялық қайта құрылымдарға да таратылады. Бұд жерде жаһандану негіз болып табылады. Ішкі нарықта өтімділігі жоғары құралдардың тапшылығы жағдайында елден капиталдың шығарылу проблемасы пайда болады. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығының жеткілікті дамымағандығы қаржы нарығындағы жағдайды одан әрі нашарлатады, осы проблемалардың аясында ақша капиталын қайта бөлудің үдерісін қамтамасыз ету сияқты өзінің негізгі қызметін орындамайды.
154-159 310
Аңдатпа
Бұл мақалада негізгі үрдістер қалыптастыру және Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын анықтайды және жариялайды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді дамыту тұтас елдің табысты дамуына әсер етеді, себебі билік вертикалінің бұл деңгейі тікелей жергілікті халықтың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде тұрғындармен тікелей өзара әрекеттеседі, бұл билік пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және тұтастай алғанда жергілікті биліктің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы, біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, оның қаржы-экономикалық негізі дәйекті түрде дамып келеді. Сонымен қатар, осы үдерістің алдын алу үшін шешілмейтін мәселелер әлі де бар. Жергілікті қауымдастықтың өмірлік белсенділігі мәселелерімен байланысты шешімдерді қабылдау процесіне халықтың тартылуының төмен деңгейі тек қана ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз деңгейімен ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуге қатысты ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығы жағдайымен түсіндіріледі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру және жетілдіру жолдарын табу үшін жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін отандық және шетелдік заңнамалық базаға талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалық аспектілері анықталды және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасалды.
160-165 283
Аңдатпа
Халықаралық қаржы нарықтарына қолжетімділіктің шектеулі болуына және банктердің меншікті активтерінің жетіспеушілігінің күшеюіне байланысты, жеке банктердің бірігу құбылысы өзекті болып, қаржы секторында қосымша қауіпсіздік қорын құруға бағытталған болады. Әлемнің, соның ішінде Қазақстанның да, дәстүрлі банк секторы өзінің дағдарыс құбылыстарымен толықтай күресуге қабілетсіз екенін көрсетеді. Осыған байланысты жаңа әлемдік талаптарды ескере отырып, банк жүйесінің жаңа үлгілері мен нысандарын құру және дамыту қажет. Нақты өндірістік үрдіспен және нақты активтермен қамтамасыз етілген тиімді қаржы жүйесін құру қажеттілігі туындады. Мұнда өндіріс процесіне тікелей қатысы бар және бар тәуекелдерді жергіліктендіруге мүмкіндік беретін исламдық қаржы құралдары ерекше рөл атқарады. Мақала Қазақстандағы исламдық қаржыландыру мәселелеріне арналып, оны әртараптандыруға және одан әрі экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында елдің экономикасына қор құюдың баламалы көздерінің бірі ретінде қарастырылады. Қазақстан туралы әртүрлі дереккөздерден алынған зерттеулер мен мәліметтерге негізделіп, Қазақстан экономикасы үшін исламдық қаржы мүмкіндіктері талданды. Осылайша, мақаланың авторлары исламдық қаржыландыруды және қаржыландыру көздерін әртараптандырудың арқасында Қазақстандағы инвесторлық базаны ұлғайтудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті, өйткені исламдық қаржыландыру құралдары әртүрлілігімен және серпімділігімен ерекшеленеді.
166-170 866
Аңдатпа
Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорынның жұмысын, техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді, оның көмегімен өнімдерді дайындау және жекелеген жұмыстар жүзеге асырылады. Шаруашылық үдеріс кезінде ұзақ мерзімді активтердің тұрақты пайдаланылуына байланысты құны өзгереді, бұл өндіріс шығындарына, қаржылық пайдаға және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Мүдделі тұлғалар ұзақ мерзімді материалдық активтерді инвестициялауда және әлеуетті экономикалық пайдаларды бағалау туралы тиісті шешім қабылдауда ұзақ мерзімді материалдық активтермен операциялар бойынша активтердің жай-күйі, күрделі салымдарды қаржыландыру көздері, шығындар және қаржылық нәтижелер туралы ақпараттың үлкен маңызы бар. Дегенмен, ағымдағы бухгалтерлік көрсеткіштер жүйесі дәлелді басқарушылық шешімдері қабылдау үшін қажетті ұзақ мерзімді материалдық активтер туралы көлем мен түрінде ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Ұзақ мерзімді материалдық активтердің бухгалтерлік есеп жүйесін қазіргі заманғы нарықтық экономика шарттарына және халықаралық деңгейде бухгалтерлік есепті үйлестіру талаптарына сәйкес келтіруі, ұзақ мерзімді материалдық активтерді есепке алудың теориялық және практикалық аспектілерінің жеткіліксіз дамуы зерттелетін мәселенің өзектілігін көрсетеді. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың жіктелуін талдау негізінде автор кәсіпорын активтерінің жіктелуін әзірледі. Жіктеуішті агрегацияның әр түрлі деңгейлерінде қолдану ұсынылды.
171-176 379
Аңдатпа
Қазіргі заманғы банктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты міндеттерінің бірі банк менеджменті мен маркетингін дамыту болып табылады. Бұл банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынастар векторын соңғы рөлін күшейту бағытына өзгертеді. Қазіргі уақытта ең маңыздысы банк маркетингін басқару әдісі болып табылады. Олар банк нарығын және оның жеке сегменттерін толығырақ сараптауға, сондай-ақ жаңа банк өнімдерін ұсынуға және енгізуге мүмкіндік береді. Банк маркетингінің кешені, әсіресе, бөлшек сауда нарығында кредиттік институттардың пайда болу стратегиясын әзірлеу қазіргі тұтынушының қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Енді маркетинг - компанияны барлық басқа адамдардан ерекшеленетін шығармашылық көрініс ретінде қарастырылады, себебі ең тиімдісі - компанияның ішкі ортасының және сыртқы жағдайларының барлық жағдайларын ескере отырып, тікелей дамыған. Қазіргі уақытта қазақстандық нарықтардағы маркетингтік тұжырымдамалардың дамуы тұтынушылық бағдарға қарай сату үрдісінен көшу үдерісі ретінде анықталуы мүмкін. Қазақстандық компаниялар жүргізген маркетингтік қызметтің жұмысын талдауда сатуға ынталандыруға қолдау көрсету маркетингтің маңызды аспектілері болып саналатындығын, ал тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеуге көп уақыт жұмсалатындығын көрсетті.
177-181 378
Аңдатпа
Мақалада кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесі қарастырылған. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық талдаудың арнайы әдістерін қолдануға болады. Уақыт бойынша (көлдеңен) талдау әдісі есеп берудегі әрбір ұстанған жолды алдыңғы кезеңмен салыстыру болып табылады және ол қаржылық есеп берудің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы динамикасын бағалауға мүмкіндік береді. Құрылымдық (тігінен) талдау әдісі дегеніміз есеп берудің әрбір ұстанған жолының жалпы нәтижеге ықпалын айқындай отырып, қорытынды көрсеткіштердің құрылымын анықтау және оның өзі активтердің құрылымдық өзгерістерін, сондай-ақ оларды жабудың көздерін бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың экономикалық оқылуы бойынша қорытындылар алдын ала жасалады, ол жинақтық сипаттамаға ие және одан әріде өтімділік, төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылықты талдау кезеңдерінде растау мен нақтылауды талап етеді. Баланс өтімділігі онда көрсетілген активтердің өтімділігі бойынша анықталады. Активтің өтімділігі деп оның ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі түсініледі. Өтімділік дәрежесі активтің ақша қаражатына айналуының жүзеге асуы мүмкін болатын уақыт кезеңінің ұзақтығымен анықталады. Егер өтімділік коэффициенттерінің нақты мәні теориялық рұқсат етілген деңгейлерінен аз болса, онда фирма төлемге қабілетсіз ретінде бағаланады және онымен мәмілелер айрықша әуекелділікпен жасалуы мүмкін.
182-188 401
Аңдатпа
Қазіргі жағдайда еліміздің экономикасының басым секторларының бірі - ауыл шаруашылығының рөлін арттыру және ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне кредит берудің қолжетімділігін арттыру, кредиттік жағдайларды жақсарту, агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелейтін ақша институттарының тиімділігін арттыру және олардың нысандарын дамыту есебінен проблемаларды шешу қажеттілігі өсуде. Қазақстанда субсидиялау және несиелендіру арқылы мемлекет аграрлық секторды қолдауға үлкен көңіл бөледі. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің рөлін атап көрсетпей болмайды. Холдингте азық-түлік қауіпсіздігі, несиелендіру, ауылшаруашылық кәсіпорындарын сақтандыру, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын дамыту және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды. Бірақ қазіргі уақытта өндірісте өндірілген өнімдер шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес; кəсіпорындардың еңбек өнімділігі мен материалдық-техникалық базасының деңгейі заманауи талаптарға сəйкес келмейді, бұл кредиттеуді мемлекеттік қолдауды жақсартуды, несие нарығының инфрақұрылымын дамытуды жəне кредиттік жағдайларды жақсартуды талап етеді. Зерттеудің мақсаты ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың рөлі мен маңыздылығын және мемлекеттік банктердің, коммерциялық банктердің және «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қатысуын анықтау болды.
189-193 704
Аңдатпа
Мақалада қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың әртүрлі әдістерінің қолайлылығы қарастырылады. Клиенттің несие төлеу қабілеттілігін зерттеу несие тәуекелін төмендету және несие саясатын сәтті жүзеге асырудың маңызды әдістерінің бірі болып табылады, себебі несие өтінімін қарастыру сатысында да негізсіз тәуекелді болдырмайды. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі көптеген факторларға байланысты, олардың әрқайсысын бағалау және есептеу оңай емес. Тәжірибеде талданған несие төлеу көрсеткіштерінің басым бөлігі өткен кезеңдегі немесе бір есеп беру күніндегі деректерге негізделген, сонымен бірге олардың барлығы инфляцияның бұрмаланған әсеріне ұшыраған. Күрделілік қарыз алушының беделі секілді белгілі факторларды анықтау және сандық бағалау болып саналады. Сонымен қатар, осы мәселені шешетін көптеген әдістер мен тәсілдер бар, олар бір-бірін жоққа шығармайды, керісінше, кешенде толықтырып тұрады және қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігіне шындыққа сәйкес бағалау жасайды. Ресейлік банктерге клиенттердің несие төлеу қабілеттілігін бағалау тәжірибесінде ғаламдық өзгерістер қажет екені анық. Қазақстандық банктерде осы жүйені қайта қарастыру қажет. Қазіргі уақытта қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың кешенді тәсілі орынды болып табылады. Сондықтан, банктердің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың бірыңғай әдіснамасына көшу Ресей, сондай-ақ қазақстандық банктер үшін осы сегментті мақсатты қаржыландыру маңызды болып табылады.
2 ТУРИЗМ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕEHT 
194-198 225
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының аумағының көп бөлігі табиғи ресурстардан тұрады, оларды белсенді туристік саяхаттарды дамыту арқылы экономикалық мақсатта қолдануға болады, бірақ Қазақстанның туристік фирмалары туризмде білікті нұсқаушылардың жетіспеуі салдарынан өздерінің жұмысында мұндай саяхаттың аз мөлшерін пайдаланады. Қазақстан дамуының кеңестік кезеңінде мектеп желілері, республикалық деңгейден қалалық және облыстық туристік клубтарға дейін туризм нұсқаушыларының оқыту курстары әзірленіп, тиімді жүзеге асты. Бұл жүйені қаржыландыруды Қазтурсовет жүзеге асырған. Қазіргі уақытта осындай орталықтандырылған қаржыландыру жоқ, сондықтан туризм нұсқаушыларын оқытудың баламалы жүйесін іздеу өте өзекті мәселе болып табылады. «Тұран» университеті кеңестік тәжірибені ескергенде, 1992ж. бастап көптеген жылдар бойы туризм нұсқаушыларын дайындауда тәжірибе жинап келеді. 2012ж. университет мақсат қойды - «Туризм» мамандығы бойынша оқу жоспарының аясында университет студенттері арасынан туризм нұсқаушыларын оқытудың альтернативті жүйесін құру. Осы мақсатқа жету үшін төрт міндет жүзеге асырылды: туризм нұсқаушыларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды реттейтін Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттарын талдау; нұсқаушыларды дайындау үшін қажетті оқу құралын жасау; курсанттарды оқыту үшін білікті нұсқаушылар құрамын таңдау; оқып шыққан мамандардың мемлекеттік деңгейде аттестаттау және тіркеу тәртібін анықтау.
199-203 715
Аңдатпа
Қазіргі заманда қонақ үй бизнесінің саласын сапалы және сандық дамыту қажеттілігі Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Кез-келген қонақ үй кәсіпорны оның өндірістік, коммерциялық, делдалдық және басқа да шаруашылық әрекетпен байланысты қауіп-қатерлерін басынан кешіреді. Қауіп-қатер факторы қонақ үй кәсіпорындарының басшыларын қаржылық және материалдық қорларды үнемдеуге, жаңа жобалардың нәтижелігін есептеуге мәжбүрлейді. Ол қорлардың дұрыс қолданылуымен салыстыру бойынша қорларды жоғалту және кіріс алмау қаупін анықтайды. Сондықтан қауіп-қатерлердің әсерімен қонақ үй кәсіпорны өзінің қорғаныс механизмдерін үнемі жетілдіруге мәжбүр. Қонақ үй кәсіпорнының қызметіндегі қауіп-қатерлер - ол басқару шешімін қабылдау, орындамау немесе қабылдау кезінде қателер жасалған жағдайындағы шығындар мен залалдарға ұшырауы. Сонымен қатар, форс-мажор жағдайларын немесе белгісіз күштегі жағдайларды есепке алу керек, өйткені олар қауіп-қатер түрлерінен ауыр және ғаламдық зардаптарымен ерекшеленеді. Мақалада автор қонақ үй бизнесіндегі қауіп-қатерлердің түрлерін атап өтті. Қауіп-қатерлердің негізгі түрлері, олардың жағымсыз зардаптары қарастырылған. Қазақстанның қонақ үй бизнесінің кәсіпорнындағы қауіп-қатерлердің талдауы келтірілген. Оларды азайтуға мүмкін жолдары анықталған. Қонақ үй бизнесінің қауіп-қатер факторын шектеу және бейтараптау бойынша ұсыныстар әзірленді.
3 ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНБЕСІ 
204-209 276
Аңдатпа
Шағын және орта бизнес әлем елдері экономикасының маңызды құрамдасы болып табылады. Дамыған елдерде оған өндірілетін ЖІӨ біршама үлесі тиесілі. Шағын және орта бизнес өкілдері материалдық әл-ауқаттың жоғары деңгейіндегі орта тапқа жатады. Нәтижесінде аталған елдерде әлеуметтік тұрақтылықтың негізі жасалады. Шағын және орта бизнестің Қазақстандағы даму жағдайы қанағаттанарлықсыз болып отыр. Ел үкіметі оның дамуы үшін пәрменді шаралар қабылдаса да шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі өте төмен. Қазақстанның шағын және орта бизнесі елдің ЖІӨ сәйкес сапалы үлесті қамтамасыз ете алмай отыр әрі ауқымды сапалы жетістіктері де жоқ. Шағын және орта бизнес жоғары технологиялы тауарлар мен қызметті аз өндіреді. Осыған байланысты елдегі шағын және орта бизнестің дамуының әлсіз деңгейінің себептерін анықтау қажет. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жолында тұрған кедергілерді айқындап алған жөн. Бұл үшін шағын және орта бизнестің жедел және тиімді дамуын айқындайтын барлық факторларды жан жақты зерттеу маңызды болып табылады. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуының тиімді тетіктерін жасау үшін өзекті шешімдерді табу - осы мақаланың ғылыми-практикалық мәнін айқындайды. Шағын және орта бизнес экономиканың маңызды бөлігін құрайды, бұл жалпы ішкі өнімнің өндірісін ұлғайтуға және сол арқылы елдердің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.
210-214 373
Аңдатпа
Аутсорсингті қолдану көптеген жылдар бойы бизнестегі жаһандық үрдістердің бірі болып табылады. Аутсорсинг бірнеше жыл бойы бизнестегі ғаламдық үрдіс болып табылады. Бұл бизнес-операцияларды жақсартудағы, бизнес-процесстерді оңтайландырудағы құрал, яғни, өндірістің тиімділігін көтеретін өнімді әдіс деп айтуға да болады. Сонымен қатар, қәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктерін іздестіру жағдайында аутсорсингке көбірек назар аударылады, ол кейде өндірістің тиімділігін арттыру әдісі ғана емес, сонымен қатар дағдарысты басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Аутсорсинг қазіргі заманауи әлемде - бизнесті жүргізудің қызықты әрі интенсивті дамып келе жатқан әдістердің бірі болып табылады. Сондықтан, аутсориснгті кәсіпорында тиімді қолданудан бұрын оның мәні мен мағынасын түсіну қажет. Cоңғы кездері экономикалық ортада «аутсорсинг» деген ұғым кеңінен айтылып жатыр. Тәжірибе жүзінде аутсорсинг көптеген түрлі қызмет түрімен айналысатын шетелдік кәсіпорындарда ендіріліп отыр. Сонымен қатар, аутсорсинг туралы мәселелер түрлі кәсіпорындардың түрлі семинарлары мен презентацияларында айтылып келеді. Көптеген ғалымдар аутсорсингтің мән мағынасын тереңінен зерттеу жүргізуде. Қазіргі таңда аутсорсинг белсенді түрде дамып келе жатыр. Мақалада аутсорсингтің мәні мен экономикалық маңыздылығы, ресейлік және батыс елдері ғалымдарының аутсорсинг бойынша пайымдары теориялық тұрғыдан ашылды. Мақалада зерттеуші ғалымдардың 1985 жылдан 2014 жыл аралығындағы теориялық материалдары, анықтамалары және ұғымдары, сондай-ақ тәсілдері қолданылған.
215-218 204
Аңдатпа
Нарықты экономиканың инновациялық бағытта болуы қазақстандық кәсіпорындарға бір жағынан нарықтық ортаның өзгеруіне жедел жауап қайтару, екінші жағынан бәсекелестік саясатты және кәсіпкерлікті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру мәселесі туындап тұр. Стратегиялық менеджмент жүйесі қазіргі заманғы кәсіпорындарды басқару тиімділігін арттыруға шақыратын ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Түрлі салалардың заманауи кәсіпорындары қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық ортасының күрделілігі, белгісіздігі және динамикалығы жағдайында жұмыс істейді. Кәсіпорынды басқаруды қатаң, инерциялық ұйымдастыру нарық талаптарының өзгеруіне дереу жауап беруге мүмкіндік бермейді. Бірақ ең бастысы бәсекелестікті күшейтуде ғана емес, сонымен қатар жаңа нысандарға ие болуда. Бәсекеге қабілетті шайқаста жеңіске жетудің негізгі шарты - өнімдер мен қызметтердің, технологиялардың, басқарудың әр түрлі инновацияларын ұзақ мерзімді болжау және дәйекті іске асыру мүмкіндігі. Осы ортада аман қалу және дамыту үшін кәсіпорындар стратегиялық басқару құралдарын қолдану керек. Компанияға стратегияны таңдау - бұл өте қиын міндет, алайда стратегияны іске асыру шығындарын азайтатын, компанияның жұмысына тиімді әсер ететін стратегияның нәтижелерін бағалау құралдарын табу қиынырақ болады. Кәсіпорындардың стратегиялық басқаруы сыртқы ортаны және оның өзгерісін ескерместен мүмкін емес, сондықтан да кəсіпорындар нарықтардың жай-күйін болжап қана қоймай, сонымен бірге аймақтың əлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын ескеріп, оны «құруға» және жүзеге асыруға əсер етеді.
219-224 229
Аңдатпа
Ұсынылған мақалада бюджеттік қарым-қатынас сұрақтары бюджетаралық қарым-қатынастарды орталықсыздандырудың контексінде қарастырылған, яғни осының нәтижесінде аймақтық (жергілікті бюджеттер), жалпы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жүзеге асырылады. Бюджетаралық қарым-қатынастар жергілікті бюджеттердің өндірістік емес төлемдерін бюджеттік әкімшіліктендіру негізінде қарастырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің құрылымы анықталып, сызба түрінде көрсетілген. Жергілікті бюджеттердің мәнін анықтаудың негізгі аспектілері мен тәсілдері біріктірілген: экономикалық категориясы, қаржылық жоспары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басқару әдістері мен негізгі компонентері. Бюджеттік процесстің фукнциялары мен өкілеттіліктерін жергілікті бюджетке табыстау сұрақтарын орталықсыздандыру аспектілері қарастырылған, яғни бұл төменгі жергілікті билік органдарын нығайтып, ауылдық округтердің әкімдерінің өкілеттерін кеңейтіп, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне құқық беруіне ықпал етті. Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру құралы ретінде қызмет ететін, бюджеттік қаражаттар мен көрсеткіштерді шығындау нәтижесін анықтайтын нәтижеге бағытталған қолданыстағы бюджеттеудің мағынасы ұсынылған. Нәтижесінде мемлекеттік саясаттың мақсаты орындалады, атап айтқанда, көрсетілетін қызметті алушылар сапаға қол жеткізді.
225-230 825
Аңдатпа
Қазақстанда аграрлық ғылым саласында маңызды мәселелер бар. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы ғылымын қаржыландырудың төмен деңгейі байқалады, ғалымдар контингентінің қартаюы, жұмысқа ынталандыру денгейі төмен болғандықтан жас ғалымдар ағымының төмендеуі және т.б орын алуда. Бұл мақалада аграрлық ғылымның даму жолдары және, тиісінше, ғылыми жетістіктерден тез және тиімді нәтиже алу қарастырылған. Ағымдағы жағдайды және қаржы ресурстарының жетіспеушілігін ескере отырып, ғылыми зерттеулердің деңгейін және сапасын арттыру қажет. Бұған ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарындағы күш-жігерді шоғырландыру және олардың практикалық қолдануына дейін ғылыми әзірлемелерді ілгерілетудің тиімді жүйесін құру арқылы қол жеткізуге болады. Мұндай жүйе Қазақ ұлттық аграрлық университетінің АгроХАБ сияқты ғылыми орталықтар негізінде ғылыми-өндірістік кластерлерді құру мүмкін. Мұндай құрылымдарда қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жаңалықтардың белгілі бір базасы бар. Мәселе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін осы ғылыми зерттеулерді енгізуді жеделдету болып табылады. Ғылыми-өндірістік кластерлердің жұмысының тиімділігі негізінен ғылыми өнімдердің қажеттіліктерін, яғни, тауар өндірушілерді қанағаттандыруға байланысты болады.
231-235 282
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының тұрғындарын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету - сүт кешенінің негізгі міндеті. Өнеркәсіпті дамытудың қазіргі әлеуеті мен тәжірибесі республика аумағында халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге экспортқа бағытталған өндірісті жүзеге асыруға да үлес қосады. Сүт және сүт өнімдерін өндіру мал шаруашылығы секторында екінші орын алады. Сүт өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму бағыттары, сүттің қайта өңдеу өнеркәсібі мен дайын өнімді сату бағыттарын зерттеу, сүт өнеркәсібі ұйымдарын басқарудың нарықтық жағдайларына бейімдеу және отандық және шетелдік нарықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды негіздеуге және дамытуға ықпал етеді. Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібіндегі импорт алмастыру мемлекет алдына қойылған басымды міндеттердің бірі болып табылады. Импорт алмастыру мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты мен экономикалық стратегиясының ерекше типі болып табылады, өйткені осы өнеркәсіптік саладағы импорт алмастыру импортталатын тауарларды ұлттық өндіріс тауарларымен алмастыру жолымен тұтынуға қажетті барлық тауарлармен, азық-түлік тауарларымен және ауылшаруашылық шикізатпен ел тұрғындарын қамтамасыз етуге және ішкі өндірушіні қорғауға бағытталған. Бұл мақалада Қазақстандағы сүт нарығының қазіргі жағдайы суреттелген, сары май өнімдерін талдауы, сондай-ақ сүт өнімдерінің импортын талдауы жүргізілген, сары майдың негізгі өндірушілері көрсетілген.
236-242 381
Аңдатпа
Мақалада Алматы облысында шөлейттену қаупіне ұшыраған жерлердің алдын ала тексеру қажеттілігін анықтау бойынша талдау жұмыстары келтірілген. Жерлердің шөлейттенуі - бұл климаттың өзгеруі немесе адам қызметі сияқты түрлі факторлардың нәтижесінде жердің тозуы, топырақтың пайдалы қасиеттерін жоғалтуы. Сондай-ақ орманды заңсыз кесу, мал азығына және отынға, орман және дала өрттеріне бұталар мен жартылай бұталарды тамырымен шабуы, елді мекендердің айналасындағы қоқыс тастайтын жерлердің қарастырылмағандығы, топырақ пен жер асты суларының улы заттармен ластануы, көліктің әсері жердің шөлейттенуіне әкеледі. Осы жұмыста жерлердің шөлейттену қаупінен сақтануда мүмкін алдын ала тексеру құралдары сипатталған. Зерттеудің әдістемесі эпистомология және дедукция қағидаларына негізделген. Мақалада Алматы облысында жерлердің шөлейттену қаупімен күресуде алдын ала тексеруді пайдаланғанда ескерілетін көрсеткіштер сипатталған. Зерттеу нәтижесі алдын ала тексерудің техникалық жабдықталу деңгейінің дамуы арқасында көптеген құралдардың, мысалы, орта ажыратымдылықты сканер спектрорадиометрдің (MODIS) бар болуы.
243-246 375
Аңдатпа
Осы мақалада аталған шетелдегі білім беру бағдарламалары біздің көптеген отандастарымыздың басқа елдерде қалып қоюының себебі болып табылады. Бұл қазақ «ақылының шетелге ағуы», халықаралық тұрғыдан бәсекелестік жағдайда біздің елге екі есе кері әсерін тигізуде. Өйткені, біздің азаматтар өз ақыл, күшін жұмсай отырып, өзге елдің дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Бұл әсіресе, Еуропа елдерінде демографиялық өзгеріс (қарттардың санының артуы, жас-жеткіншектердің тым азайып кетуі) кезінде оларға өте тиімді болып отыр. Осы мәселені талқылаудың мақсаты - қазіргі жастарымызға олардың ақыл, интелектінің ғана емес, сондай-ақ патриоттық сезімінің біздің елімізге, біздің экономикамызға және біздің болашағымыз үшін қандай маңызды екенін жеткізу еді. Мақалада осы проблемалардың себептері егжей-тегжелі талқыланып, оның шешу жолдары ұсынылды. Күнделікті өмірде секілді, мемлекет экономикасының дамуында да барлығы өзара тығыз байланыста болып табылады. Ең бастысы - елімізде экономикалық, социологиялық жағдай көтерілсе өз азаматтарымыз өзге елді таңдамай, елде қала береді. Оған дәлел жақын шетелден келген азаматтар (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, т.б.).
247-251 265
Аңдатпа
Қазіргі таңда Қазақстан осал адамдарға, жастарға, жасы келген жұмыскерлерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөліп, еңбекпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жақсартуға мән беруде. Мемлекет ел азаматтарымен конкурстық негізде, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес ақысыз жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді. Алайда грант және мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған ЖОО бітірушілерінің жұмыспен қамтылу динамикасы мен үлесі анық емес және олардың жұмыспен қамтылуына әсер ететін негізгі факторлар анықталмаған. Осыған байланысты мақаланың мақсаты мемлекеттік қаражат есебінен оқып жатқан университеттің түлектерін жұмыспен қамтудың негізгі факторларын зерттеу болып табылады. Зерттеуде қолданылатын әдіснамалар эконометриялық модельдің Logit-моделінің құрылысына негізделген, бұл регрессиялық талдаудың қарапайым әдістерін қолданбайтын модельдердің классына жатады. Бұл жерде аналитикалық құрал ретінде бинарлық ауыспалылық қолданылады. Авторлар дамудың қазіргі заманғы кезеңде, Казпотрбсоюз Қарағанды экономикалық университетінің және түлектерді еңбекпен қамтамасыз ету ЖОО-лық тетіктері мысалында еңбек және білім беру қызметтері нарығы субъектілерінің өзара байланысу аспектілерін қарастырған, түлектердің жұмыспен қамтылуына әсер тигізетін мәселелері және негізгі ауыспалы белгілері айқындалған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жұмыспен қамтылудың негізгі сыртқы және ішкі күрделі мәселелері анықталған, ал зерттеудің алынған нәтижелері Қазақстанның жоғары оқу орындарының түлектерін еңбекпен қамту мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар тізімін құрастыруға мүмкіндік берді.
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ: ӘДІСТЕМЕ, ТЕОРИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ 
252-257 418
Аңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарының PR қызметін қалыптастырудың теориялық негіздері, жоғары білім беруде нарықтық қызмет көрсетудің ерекшелігі қарастырылады. ЖОО-ның мақсатты аудитория үшін бәсекелестігі нашарлаған жағдайда, бұл мәселелерді талдаудың маңызы артуда. ЖОО-ның маркетингтік жұмысындағы PR компоненті - бұл білім беру нарығында жоғары білім беру қызметтерін насихаттауда, университеттің оң және тартымды имиджін қалыптастыруда, жоғары оқу орнын таңдауға шешім қабылдауда негізгі басымдығы бар. PR рөлі осы аспектімен шектелмейді. PR мақсатты аудиториямен ғана емес, ақпаратты-ғылыми ортада тиімді байланысты орнықтыру арқылы университетке жаһандық әсер ететін стратегиялық ұстанымның қол жетерлік мүмкіндігін арттырмақ. Мақалада қарастырылған PR-қызметтінің теориялық негіздері жоо-ның осы бағытта тиімді жұмыс істеуіне тетік болып табылады. Бұл ретте, жоғары білім берудің білім беру қызметтері нарығының ерекшеліктері PR-қызметінің бағытына, сондай-ақ белгілі бір PR құралдарын қолдану үрдісінде акцент жасауға әсер етеді. Мақалада автордың тұрғысынан жоғары оқу орындарының мақсатты аудиториясының ерекшеліктері және олардың ЖОО-ның PR-қызметіне әсер ету сипаты көрсетілген. Бұл бағытта ЖОО-дағы PR-қызметінің жоғары деңгейін интернет кеңістігіне, әлеуметтік желілерге көшіруге байланысты, онда ұрпақтың қажетті ақпаратты жинамақ мүддесі әр деңгейде, әр қарқында үдей түспек.
5 НАУЧНАЯ ЖИЗНЬ 
258-260 183
Аңдатпа
Мақалада ұлы неміс философы, экономист және публицист Карл Маркстың мерейтойына арналған «Карл Маркс: 200 жылдан кейін» атты тақырыпты дөңгелек үстелдің нәтижелері қарастырылды. Неміс ғалымының мерейтойы бүкіл әлемде үлкен жаңғырық пен қызығушылық туғызды. Карл Маркс дүниеге келген Трир (Германия) қаласында оның туғанына 200 жыл толуына орай үлкен мерейтойлық бағдарлама өткізілді. Трир орналасқан Рейнланд-Пфальц федералдық жері және қала әкімшілігі идеяларының әсерімен XIX және XX жүз жылдықтың саясатында заманалық оқиғалар орын алған Маркстың отанында осы көрнекті ойшылдың өмірі мен қызметі туралы ауқымды көрмені дайындады. К. Маркстың еңбектері әлемдік мәдениеттің ажырамас әрі маңызды бөлігіне айналды, сондықтан оның экономикалық, философиялық және саяси мұраларын зерттемей, шынайы экономистке немесе саясаттанушыға болу мүмкін емес. Бұны АҚШ-та жақсы түсінеді: Open Syllabus Explorer порталының мәліметтері бойынша, Маркс пен Энгельстің «Манифесті» АҚШ университеттерінің оқытушыларының оқу жоспарына кіретін кітаптар тізімінде 4-ші орын алады. Ал Нью-Джерси, Нью-Гемпшир, Вашингтон және Мичиганды қоса алғанда алты штатта ол бірінші орында. АҚШ Конгрессінің Кітапханасына сәйкес, басқалармен салыстырғанда Маркске көптеген ғылыми еңбектер арналған. Дөңгелек үстелде қазақстандық ғалымдар (саяси экономистер, философтар, әлеуметтанушылар, тарихшылар), бизнес өкілдері қатысты.
261-265 245
Аңдатпа
Мақала К. Маркс туғанына 200 жыл толуына арналған. К. Маркске саяси экономияның қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдеріндеге өндіріс пен алмасу заңдарын зерттейтін ғылым ретіндегі классикалық анықтамасы тиесілі. Ол әлеуметтік-экономикалық қалыптастырудың дамуын табиғи тарихи процесс ретінде қарастырды. Ол тауарға айналған еңбектің екі жақтылық сипатын ашқан. «Шеттету», «фетишизм», «түрлендірілген нысандар» санаттарының ерекшеліктері анықталды. К.Маркс әмбебап капиталдың ішкі құрылымын және оның қайшылықтарын, тауарды еңбек күшінің сипаты ретінде және еңбек қоры армиясының ерекшеліктерін, еңбектің капиталға ресми және нақты бағыныштығын зер салып талдаған. Ол қарапайым тауарлық және капиталистік өндірістің негізгі қарама-қайшылығын, өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы сәйкестік туралы заңның мәнін анық жазды. Капиталистік қоғам қозғалысының экономикалық заңын, атап айтқанда, артық құндылықты өндіру заңын, өндірістің органикалық құрылымының өсуін, тұтыну құралдарынан өндіріс құралдарының озық өсуінен табыстың орташа көрсеткішінің төмендеуін атап өтуде негізгі мән бар. Ол өндіріс дамуының белгілі ұдайы өсіп-өну сызбаларын және экономикалық циклдарының тамаша бейнесін, мысалы, 1815 жылдан бастап 1865 жылға дейін Англияның тоқыма өнеркәсібінде ұсынды. Карл Маркстың «Капитал» әдіснамасы өте күрделі болса да, кез келген қоғамның экономикалық құрылымын талдау үшін, әсіресе қарама-қайшылықтар, қақтығыстар мен антогонизм анық түрде орын алғанда қандай да бір қоғамның ерте кезеңдерін қарастырғанда қолданылады.
266-268 236
Аңдатпа
Көрнекті қазақ ғалымы, қоғам қайраткері, академик Т. Ә. Әшімбаевтың 100 жылдығына арналған бірқатар шаралар 2018 ж. көктемінде «Тұран» университетінде өтті. 2018ж. 18 сәуірде «Қазақстан экономикасын дамытудағы академик Т.Ә. Әшімбаев тұлғасының рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді, оның аясында қазақстандық экономикалық ғылымды дамытудағы Т.Ә. Әшімбаевтың ғылыми үлесіне талқылау жүргізді. «Тұран» университетінің магистранттары мен докторанттары баяндамалар жасады. Академик Т.Ә. Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Технологиялық жаңғыру жағдайындағы Қазақстан экономикасы» атты дөңгелек үстелі 2018 ж. 15 мамырында өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының жетекші ғалым-экономистері қатысты. Технологиялық жаңғыру жағдайында Қазақстанның экономикасын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды: қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер аясында технологиялық саясат; инновациялық кәсіпкерлік: венчурлік фирмаларды инкубациялау, технологиялар, қала технологиялары және технопарктердің трансфері; экономиканы сандандыру жағдайында жаңа технологияларды енгізу және өнеркәсіптік жаңғыру; жаңа технологияларға негізделген өңірлердің экономикалық даму стратегиясы
269-275 166
Аңдатпа
Академик Т. Әшімбаев өз шығармаларында экономикалық дамудың мақсаттық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру міндетін анықтап, оның тиімділігін арттырудың әдіснамасын дамытуға ерекше назар аударуды негіздеді. Оның шығармаларында өндірістік факторлардың қарқынды серпіні экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған және ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мақалада Т. Әшімбаевтың экономикалық жоспарлау мен басқару тетіктерін жетілдіру тақырыбы бойынша жоспарлы жұмыстарының 50 жылдығына арналған конференциясындағы баяндамасы арқылы, оның ғылыми әлеуетін көрсетуге тырыстық. Академик Т. Әшімбаевтың ойынша, олар әртүрлі бағыттарда жүргізілді, оның нәтижесінде жоспарлаудың құралдары мен экономикалық көрсеткіштерін дамытудың өзекті мәселелерін шешуге арналған кешенді тәсілдер әзірленді. Осы бағыттардың бірі өндірістің ауқымын, оның сандық және сапалық параметрлерін анықтауда, кəсіпорындардың экономикалық қызметінің тиімділігін бағалауда үлкен маңызы бар жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық көрсеткіштерімен жұмыс жасау болды. Т. Әшімбаевтың ойынша, жоспарлаудың қалыптасқан көрсеткіштер жүйесінің негізгі кемшілігі кәсіпорынның қызметін бағалау негізінен сандық тәртіп көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады, тәжірибеде көрсеткендей, олар өндіріс шығындарының әртүрлі деңгейінде және көбіне шаруашылық жүргізудің экстенсивтік әдісіне тән ресурстардың толық пайдаланылмағанда қол жеткізіледі. Т. Әшімбаевтың айтуынша, жоспарлы-мақсаттық көрсеткіштер «ресурстық» болуы керек, яғни, пайдаланылатын ресурстардың себеп-салдарлық байланыстарын есепке ала отырып құрылады.
ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)
ISSN 2959-1236 (Online)